Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет13/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Тарихи сана түрлері
Ғылыми тарихи сана деп- белгілі бір қоғамның пайда болу уақытынан осы күнге дейінгі дамуы жөніндегі жүйеленген объктивті білімді айтамыз.
Қарапайым тарихи сана дегеніміз тарихи процесс жөні-ндегі жүйесіз, үзік-үзік, дерек арқылы дәлелденбеген субъктивті тарихи білім. Ол көбіне жекеленген оқиғаны үстүртін танып, оның себеп-салдарлық байланыстарына мән бермейді.
Дидактикалық сана тархи процессті тану барысында оқиғаны ,құбылысты қарапайымдылығын немесе күрделілігін ескере отыра қарастыру.Яғни тарих пәнін игеру мақсатында берілген тапсырма оқушының жас ерекшеліктеріне,оның танымдық-психолгиялық деңгейіне байланысты болуы қажет.
Ғылыми-көпшілік тарихи санабілімді кейде делитанттық деп те атаймыз. Бұл ғылымның қарапайымдалған түрі.Көбіне арнаулы тарихи білімі жоқ, бірақ тарихты өте жақсы көретіндер айналысады.
Публицистикалық тарихи білімнің негізгі мақсаты мелекеттің не-месе саяси партяның саясатын насихаттау үшін тарихи процессті субъктивті түрде бұрмалап көрсету.
Тарихи сананың қалыптасуына көркем шығарма мен көркем өнердің де рөлі көп. Олар көркем образ арқылы өткен қоғамның әлеуметтік тәжрибесін,эстетикалық талғамын,этикалық құндылық-тарын бүгінгі ұрпаққа жеткізеді.

Тарихи білім деңгейлері

Әлбете алғашқы сапалы да саналы білім мектеп қа-бырғасында қаланады. Тарих пән ретінде бұрынғы Кеңес мемлекетінде 1923 жылдан бастап жүргізіле бастады Қазақстан тарихы тек 1989жылдан оқу бағдарламасына енді. Қазіргі орта мектептерде Тарих пәніне 450 сағат бөлінген. Мұнда оқушылар көне заманнан бастап бүгінге дейінгі тарихи процесстен жүйелі білім алады.


Тарихи білімнің екінші деңгейін жастар жоғарғы оқу орындары-нда алады.1989 жылы Министірліктің шешімімен Қазақстан тарихы 135 сағаттық бағдарлама бойынша жоғарғы мектептерде де оқытыла бастады.
2011жылға дейін Қазақстанда ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғалды. Ғылым кандидаты өз бетімен белгіглі бір әлі ашылмаған тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті. Ал енді ғылым докторы тарих ғы-лымының ең жоғарғы сатысында тұрды. Ғылым докторы ғылымның бүтін бір салсын игеріп,сол.салада айтулы жаңалықтар ашуы қажет.
2005 жылдан бастап бідің ел европалық стандартқа көшті. Жоғарғы оқу орындары үш деңгейлі мамандар дайындауды қолға алынды Алғашқы деңгейі-бакалавр академиялық атағын алу үшін студент жоғарғы оқу орнында төрт жыл оқиды.. Оның ерекшелiгi – студент өндірістік тәжірибеге бағдарланған,яғни,iргелi даярлануда таңдаған бағыты бойынша кең бiлiм ала алады. Бакалавриаттың негiзгi мақсаты:
1) жастардың бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру;
2) қоғамды бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету;
3) жоғары кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң келесi деңгейлерiнде бiлiмiн жалғастыруға қабілеттi, дамыған тұлғаны тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет