Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет14/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Маги́стр ( лат. magister — оқытушы, мұғалім) — академиялық дәреже, квалификация ал кейбір елдерде ғылыми дәреже болып есептеледі,Бакалавриатта алған білімді тереңдету үшін жоғарғы оқу орнында қосымша екі жыл оқығаннан кейін студентке берілетін академиялық дәреже. Оның негiзгi мақсаттары: 
1) жоғары бiлiмдi және жоғары интеллектуалды жаңа ұрпақ тәрбиелеу; 
2) iргелi және қолданбалы ғылымды, жоғары кәсiби бiлiм беру мен мемлекеттiк басқару жүйесiн, мәдениеттi iшкi және сыртқы еңбек рыногында табысты бәсекелестiкке қабылеттi жоғары бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету; 
3) әлемдiк бiлiм беру және ғылыми-ақпараттық жүйеге ұласуға жету.
Қазір еліміздің орталық жоғарғы оқу орындарында философия докторы дәрежесін алу мақсатында дайындық басталды.Бакалавр магистр және философия докторы дипломдары Болон процессіне кірген елдердің барлығына бірдей ортақ.



Тарихи зерттеу орталықтары
Академиялық зерттеу мемлекет есебінен қаражы-ландыратын ғылыми -зерттеу инсти-туттарында жоспарлы түрде жүргізіледі. Тарих саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары негізі 1946 жылы қаланған Ұлттық мәдениет институты ССРО ғылымдар академиясының құрамында болды. Кейін бұл инсти-туттан бірнеше институт бөлініп шығып, отау құрды. Қазір тарихи зерттеулер мен Шоқан Уалиханов атындағы тарих жәнеэтно-логия институты, Әлкей Марғұлан атындағыАрхеология инсти-туты, Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институты және жақында құрылған Мемлекет тарихы институты айналысады. Бұлардың барлығы Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігіне қарасты.
Жоғарғы оқу орындарындағы тарих факультеттерімен кафедралар да тарихи зерттеулермен айналысады. Кеңес заманында Қазақ , Қарағанды университеттерімен Абай атындағы педагоги-калық институт тек тарихшы кадрлар ғана дайындап қоймай, сонымен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарымен де тиімді айналыс-ты. Бұл оқу орындарында Қазақстан тарихы бойынша жүргізілген зерттеулер ғылымның дамуына зор үлес қосты
Тәуелсіздік алған жылдары қазақ тарихы пән ретінде барлық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына енгізілгеннен кейін көп-теген кафедралар ашыла бастады. Әсіресе 2013 жылдың мауысым-ындағы ведомство аралық жиналыстан кейін барлық жоғарғы оқу орындарында қазақ тарихы кафедралары жұмыс істей бастады. Ка-федра оқытушылары барлығы бірдей дерлік ғылыми зерттеу жұм-ыстарымен айналысуда.
Еліміздегі мұрағат және мұражай мекемелері де өздерінің ережелеріне сәйкес тарихи зерттеулермен айналысуға міндетті. Соңғы жылдары аталған мекеменің қызметкерлері бүкіл дүниежүзі бойынша Қазақстан тарихына байланысты құжаттардың көшірмесін әкелуде. Оларды тек әкеліп қана қоймай зерттеу және жариялау ісімен де айналасуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет