Тарих методологиясының өзі екі тармаққа бөлінеді, бірі оның теориялық жағын қарастырса ,екіншісі зерттеу әдістерін анықтай-ды. Өз кезегінде тарихнама да екі құрамдас бөліктерден тұрады .Бірі- жалпы бөлім деп аталып тарих ғылымының қалыптасу бе-лестерін, екіншісі проблеммалық деп аталып, нақтылы тарихи та-қырыптың зерттелу деңгейіне баға береді
Теориялық деректанудың да алдында екі мақсат бар. Бірі тарихи де-ректің мәнін,олардың түрлері мен функцияларын және талдау әдістерін зерттесе, екіншісі-әрбір нақтылы тақырыпты дерек қорларымен қамтамасыз етеді. Деректану ғылымы өздерінің жеке зерттеу әдістері бар бірнеше пәндердің басын біріктіреді
. Негізгі тарихи пәндерде өзінің критерилеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.Тарихи кезеңдерге байланысты; адамзат тарихы -алғашқы қауымдық құрылыс тарихы;ерте дүние тарихы;орта ғасырлар тарихы; жаңа заман тарихы;қазіргі заман тарихы болып бөлінеді. Алып жатқан территориясына байлан-ысты-Азия және Африка елдерінің тарихы,Европа және Аме-рика тарихы,Австралия және Океания тарихы деп аталатын тарих ғылымының салалары бар. Германия тарихы, Түркия та-рихы, Қытай тарихы деп зерттеп отырған объктісіне қарап аталады.Қоғамдық өмірдің сферасына байланысты саясат тарихы,мәдениет тарихы,эканомика тарихы сияқты салалар-ғада бөлінеді.Бұдан басқа оның тарихи уақиғаларға ар-налған бағыттары да бар .Мысалы,революция тарихы,соғыс тарихы,гендірлік саясат тарихы т. с. с.
Бекіту сұрақтары: 1.Тарих ғылымының зерттеу объекттісі қандай ? 2. Тарих ғылымының қандай түсініктері бар ? 3.Тарихи процесстердің әртүрлі концепцияларына сипаттама бер 4.Тарихи сананың қандай түрлері бар ? 5.Тарихи білімнің деңгейлерін ата. 6.Елімізде қандай тарихи зерттеу орталықтары бар ? 7.Тарихтың қоғамдық ғылымдар ортасындағы орыны ? 8.Тарих ғылымының түрлері мен салаларын қандай