Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет68/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85
Тарихи-типологиялық әдіс.
Тарихи зерттеулерде кейде тарихи-типологиялық әдіс те пайдаланылады. Өздеріңізге белгілі кез келген елдің тарихы бірнеше кезеңдерге, дәуірлерге, белестерге бөлінеді. Әрбір кезең өзіне дейінгі, өзінен кейінгі дәуірлерден кейбір ерекше белгілерге қарай бөлектенеді. Міне, осы белгілеріне қарай ұзын-сонар адамзат тарихы жіктеледі. Әрбір кезеңді талдау, оның ерекшеліктерін анықтау ғылымда топтау немесе типтеу деп аталады. Тип деген терминді мен кейде қалып деген терминмен салыстырамын. Өйткені, бір қалыпқа салынып тігілген етіктер бір-біріне өте ұқсас. Тарихи процесті типтеу дегеніміз тарихи танымның нақтылы түрі. Типтеу деген терминмен қатар ғылымда классификация деген де термин бар. Типтеу сол классификацияның бір түрі. Бірақ типтеу классификацияға қарағанда тарихи процестің мәніне тереңірек үңіледі. Тарихтан мысал келтірейік. Дәстүрлі қазақ қоғамында шаруалардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы мен егіншілік екені бәрімізге белгілі. Сондықтан да қазақ шаруашылығын екі ғана топқа немесе классификацияға бөлеміз. Бірақ малшылардың да, егіншілердің де шаруашылығы біркелкі емес. Бір топтың ішіндегі шаруалар байлық жағынан, еңбек құрал жабдықтарына қатынасы жағынан әр түрлі. Олардың ішінде ірілері, орташалары, қоңсылары, жалданбалылары тағы сол сияқты әр түрлі топтары бар. Бұларды талдап, жіктеп әр түрлі топқа жатқызу үшін типологиялық әдісті пайдалану керек. Яғни, әрбір топтың өзіне тән белгілері болады. Сол белгілерді анықтау типологиялық әдістің міндеті.

Тарихи-жүйелілік әдісі.
Соңғы кездері тарихшылардың пайдаланып жүрген әдісі. Бұл әдіс те жаратылыстану ғылымы-нан келген әдіс. Жүйелілік әдісінің объективті негі-зі болып қоғамдық өмірдің ішкі байланысы, тарихи процестің ерекше және жалпы белгілерінің бірлігі. Адамзат тарихында болып өткен құбылыстар бір жүйеге бағынады. Қоғамда болған құбылыстар ол жеке адамның немесе бір топ адамның мақсатты әрекеті. Әр елде, әр жерде, жер шарының әр өңірінде болған та-рихи оқиғалар біріне-бірі ұқсас. Бірақ олардың айырмашылық-тары да бар. Мысалы, ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ жерін-де орыс отаршыларына қарсы ұйымдасқан қарсылық дәл осы дәуірде Үндістан жерінде ағылшын отаршыларына қарсы бол-ған үнді халқының қозғалысына өте ұқсас. Бірақ әлбетте, оның ерекшеліктері де бар. Жалпы алғанда бұл сол кездегі отаршыл-дыққа қарсы күрес жүйесінің бір ғана үзігі. Яғни, адамзат тари-хы осындай ірілі-уақты үзіктердің жүйесі. Тарихи құбылысты жүйелі зерттеу барысында тарихшы әр түрлі тәсілдерді, амал-дарды, әдістерді пайдаланады. Сөйтіп, жүйе жасайтын (сис-темообразующий) белгілерін анықтайды. Осы бірімен бірі бай-ланысып жатқан белгілер арқылы оқиғаның, құбылыстың ішкі құрылымын анықтаймыз. Неғұрлым белгілері көп болса, солғұрлым зерттеу терең болады, мазмұнды болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет