Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет67/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Тарихи-салыстыру әдісі.
Бір уақытта жер шарының әр түрлі аймақтарында болған тарихи үрдістерді салыстыра отыра баяндауды тарихи-салыстыру әдісі деп атайды. Мұндай әдісті XVIII ғасырда Европа ағартушылары пайдаланған. Француз ғалымы Ф.Вольтер алғаш рет әлем тарихы жөнінде еңбек жазғанда осы әдісті пайдаланды. Яғни, тарихи құбылыстардың айшықты белгілеріне қарай қатар қойып зерттеуді салыстыру әдісі деп атаймыз. Мысалы, көшпелі мал шаруашылығымен тек қана қазақ халқы айналысқан жоқ. Көшпелі халықтардың қатарына монғолдар, якуттар, солтүстіктегі бұғы өсіруші халықтар, түркмендер, қырғыздар, алыстағы арабтар, тіпті Еуропада осы күнге дейін көшіп жүрген цыган халқы да жатады. Бірақ әр халықтың көшпелі шаруашылығы басқа халықтарға қарағанда өзінің бір ерекше белгілерімен айшықталады. Чукча халқының чум деп аталатын баспанасымен қазақтың киіз үйін салыс-тыруға болмайды. Тіпті, монғолдың баспанасы қазақтың киіз үйіне ұқсамайды. Шаруашылығы да сол сияқты. Қазақтың көш-пелі мал шаруашылығы араб бедуиндерінің шаруашылығынан сыртқы белгілеріне қарай ұқсас болғанмен, ішкі мәні мүлдем бөлек.
Тарихи-салыстыру әдісінің логикалық негізі ұқсас белгілердің мәнін анықтау. Мұны ғылымда аналогия дейді. Аналогия – бұл жалпы ғылыми әдіс. Бұл әдіс бойынша құ-былыстың бір белгісінің ұқсастығына қарай қалған белгілерінің де ұқсас екендігі жөнінде қорытынды жасайды. Орыс тарихы-нан мысал келтірейік. Декабристердің көзқарасын зерттеген ғалым олардың Еуропа ағартушыларының көзқарастарына ұқ-сас екендігін анықтайды. Себебі, Батыс Еуропа ағартушылары-ның көзқарасы ерте буржуазиялық көзқарас деген қорытынды жасалған. Сондықтан да декабристердің де көзқарасы да ерте буржуазиялық.
Қорыта айтқанда, тарихи салыстырмалы әдістің таным мүмкіндігі өте кең. Біріншіден, кейбір зерттеу объектісі жөнінде белгілі бір мағлұмат болмаған жағдайда осы әдісті пайдаланып, процестің түйінін шешуге болады. Екіншіден, осы әдіс арқылы тарихшы өзі зерттеп отырған объектінің шеңберінен шығып, аналогия тәслі арқылы кең масштабты тарихи қорытынды жасай алады. Үшіншіден, бұл әдіс басқа да әдістердің басын қосып, шындыққа көз жеткізуге қадам жасау мүмкіндігін береді.
Ескере кететін бір жай, тарихи-салыстырмалы әдісті пайдаланғанда көптеген әдіснамалық талаптарды орындау қажет. Біріншіден, бір оқиғаны екінші бір оқиғамен салыстырғанда оның нақтылы фактілеріне назар аударған жөн. Өйткені кейбір фактілердің формасы ұқсас болғанмен, ішкі мазмұны басқаша болады. Мысалы, Сырым Датұлы мен Исатай Өтемісұлының қозғалыстары сыртқы белгілері жағынан өте ұқсас. Ал, осы белгілердің ішкі мәніне тоқталатын болсақ, олардың арасында айрықша айырмашылық бар екенін көреміз. Сырым Еділ өзенінен өтіп, қазақ жеріне басып кірген орыс отаршыларына қарсы күрессе, Исатай Еділ мен Жайық арасын басып алып, Жәңгір ханның «қуыршақ» өкіметі арқылы қазақ жерін тонаған орыс отаршыларына қарсы күресті. Сондықтан бұл екі қозғалыс та бірдей екен деп қорытынды жасауға болмайды. Бір типті, әр типті дамудың әр түрлі деңгейдегі объектілер мен құбылыстарды салыстыру мүмкіншілігі бар. Бірақ бір жағдайда салыстыру әдісі арқылы олардың ұқсастығын анықтаймыз. Ал, екінші жағдайда олардың айырмашылығын анықтаймыз. Әлбетте, бұл әдісті пайдаланғанда тарихилық принципін ұмытпауымыз қажет. Өйткені, әртүрлі тарихи кезеңдерде болған құбылыстардың ұқсастығы кейде зерттеушіні қателікке ұрындырады.
Тарихи-салыстыру талдауын басқа да әдістермен қатар жүргізу қажет. Сонда ғана зерттеу жұмысы өз мақсатына жете алады. Тарихи процестер мен құбылыстардың барлығын бірдей тек осы әдісті пайдалана отырып, шешуге болады деген де үлкен қателік. Бұл әдістің өзінің диапазоны бар. Әсіресе, егер біз қоғамдық тарихи даму процесін үлкен кеңістікте және кең хронологиялық шеңберде зерттейтін болсақ, бұл әдістің пайдасы шаш етектен.
Қорыта айтқанда, тарихи-салыстырмалы әдіс әрбір тарихшының зерттеу арсеналының төрінен орын алуы қажет. Бірақ мұны барлық жағдайда пайдалану мүмкіндігінің жоқ екендігін ескеру қажет. Тағы бір ескертер жәйт, бұл әдіс басқа да зерттеу тәслдерімен, амалдарымен, әдістерімен қатар пайдаланғанда ғана тарихшы өз мақсатына жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет