Бақылау сұрақтары:
1)Қайта өрлеу дәуірінің әдебиетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары қандай болды?
2) Қайта өрлеу қозғалысы алғаш қайда пайда болды?
3) Қайта өрлеу ренессанстық мәдениеттің әдебиетке ықпалы қандай болды?
4) Қайта өрлеу терминінінң шығу төркіні.
5) Қайта өрлеу дәуірі қандай кезеңдерден өтті?
6) Ф. Петрарканың өмірі мен шығармашылығы жайлы баянда.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. История всемирной литературы в ІХ томах. М., 1983
2. Ғабитов Т.,Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. Оқулық. – Алматы: қаржы-Қаражат, 2003. – 408 б.
3. Ө.С.Төкенов Мәдениеттану (Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2006. – 260 б.)
4. История зарубежной литературы: Средние века. Возрождение. 4-е изд. М., «Высшая школа», 1987. с 7-181.
4-лекция. Қайта өрлеудің алғашқы кезеңіндегі әдебиет
Қамтылатын мәселелер:
1. Қайта өрлеудің алғашқы кезеңіндегі әдебиет.
Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы.
2. Француз гуманизмінің тамаша өкілі – Франсуа Рабле
өмірі мен шығармашылығы.
3. Италия әдебиетінің өкілі – Франческо Петрарканың шығармашылығы.
Француз әдебиетінің және француз Ренессансының ірі өкілі Франсуа Рабле 1494 жылы Шинон маңайындағы Туренде дәулетті адвокаттың отбасында дүниеге келді. Жас кезінде шіркеуде білім алған ол діни оқулармен қатар, антика әдебиетінің шығармаларын және құқықтық трактаттарды құмарта оқып, грек, латын тілдерін жетік меңгереді.Кейін Рабле шіркеуден кетіп, медицинамен айналысады да, 1532 жылы лиондық госпиталда дәрігерлік қызмет атқарады. Кейінірек париждік епископ Жанна де Беллемен бірге Римде болып, Римнің жәдігерліктерімен және шығыстық медицинамен шұғылданады, араб тілін меңгереді. Франсизко І-дің қарамағында екі жыл қызмет атқарған тұста Франсуа Рабле Францияның Оңтүстік аудандарын аралап, дәрігерлік тәжірибелер жүргізіп, Моньпелде медицина ғылымының докторы деген атақ алды. Рабле 1553 жылы Париж қаласында қайтыс болды.
Ф.Рабленің ғалым ретіндегі еңбектері оның дүниетанымының кеңдігін танытады. Біз оны антикалық медицина жайындағы "Афоризимов Гиппократа" және ежелгі құқықтық трактаттар мен археологиялық мәселелерді талдаған еңбектерінен танимыз.
Дегенмен Франсуа Раблеге әлемдік даңқ әкелген орта ғасырлық әдет ғұрыптардың жаңа гуманистік мәдениет жүйесіне қарама-қайшылығын астарлы ажуа мысқылмен суреттеген ұлы туындысы – «Гаргантюа мен Пантагрюэля» шығармасы. Шығарманың тууына негізгі себепкер болған оқиға 1532 жылы Лионда шыққан «Великие и неоценимые хроники о великом и огромном великане Гаргантюа»-деген анонимдік шығарма болды. Бұл шығарманың басты жетістігі орта ғасырлық рыцарларға деген өткір пародиясында еді. Бұл шығарма Раблені осы форманы пайдалана отырып, оған терең мазмұн беру керек деген ойға жетелейді. Орта ғасырдағы федолдардың топастық өмірі мен рыцарлардың ерсі қылықтарын әшкерелеуді мақсат еткен Рабле 1532 жылы осы шығарманың жалғасы іспеттес «Страшные и ужасающие деяние и подвиги преславного Пантагрюэля, короля дипсодов сына великого великана Гаргантюа»- деген кітабын шығарды. Бұл туындыны Рабле «Алькофрибас Назье»-деген бүркеншік атпен жариялайды.
Роман бес кітаптан тұрады. Алғашқысы жоғарыда атап кеткеніміздей, 1532 жылы, екінші кітабы 1534 жылы шығады. Екінші кітап та бүркеншік есіммен «Повесть о преужасной жизни великого Гаргантюа отца Пантагрюля»-деген атпен шығады. Үшінші кітап 1546 жылы «Третья книга героических деяний доброго Пантагрюэля»-деген атпен автордың өз атымен жарияланады. Екі жылдан соң 1546 жылы тағы да автор өз атымен «Четвертой книги геройческих деяний и речей Пантагрюэля»-деген төртінші кітабын жарияланады. Бесінші кітап тоғыз жылдан кейін Ф.Рабле қайтыс болғанан кейін 1564 жылы «Звонки остров» деген атпен шығады.
Шығарманың негізгі сюжеті француздың ауыз әдебиетіндегі алып корольдер туралы ертегілерге құрылған. Роман эпопеяның стилі әрқилы. Мұнда Рабле алып Гаргантюа туралы француздың халықтық шығармашылығымен қатар, Италияның бай гротескілі-сатиралық поэзиясын да шебер пайдаланады Фантастикалық әрі әжуа стилінде жазылған бұл еңбектің негізгі түпкі мәнінде феодалдық тар, тоғышарлық, топастық ұғым мен әдеттерге қарсы ой мен жаңа гуманистік идеяға жетелеу және адамның жан-жақты дамуы, жеке адам бойындағы үйлесімділіктің қажеттілігі қозғалады. Рабле бұл еңбегінде педагогикалық тұрғыдан ірі мәселелерді де қозғайды. Мысалы Гаргантюаның тәрбиесі мен білім алуына байланысты мәселелерге тоқталсақ, оның алғашқы мұғалімі Тюбал Олофердің схоластикалық педагогикалық оқыту жүйесін Рабле ащы сатирамен мысқылдайды. Оның бұл оқу жүйесі баланың бойындағы бар ынта жігерді құм ететінін оның ешқандай тәрбиелік, білімдік мәнінің жоқтығын көрсетеді. Гаргантюаның құр әліппені жаттауды сонша меңгергендігі әліппені кері оқуды да жете меңгереді. Оны меңгеруге бес жыл, үш ай уақыты кетеді. Мұндай құрғақ ешқандай мәні жоқ оқу жүйесіне қарсы Рабле романда жаңа гуманистік педагогиканың өкілі Гаргантюаның жаңа тәрбиешісі Понокартың бейнесін қарама-қарсы суреттейді. Ол белсенді, еңбекқор, ақылы да, денесі де шынықан адам тәрбиелеуді мақсат етіп, Гаргантюаны жаңа оқу жүйесімен тәрбиелейді.Сонымен қатар, роман эпопеяда Рабле феодалдар арасындағы мәнсіз соғысты ашы масқылмен әжуалайды. Корол Прикротал мен Гаргантюаның әкесі Грангюзье арасындағы тандыр нан үшін жүргізілген соғысты бейнелейтін оқиғада Рабле феодалдардың даурықпа, ақымақшылық өмірін көрсете отырып, оны масқаралық сипатта бейнелеген. Бүкіл роман эпопеяның желісінде Рабленің оқу білімге, мәдениетті игеруге шақырған лейтомативтік идеясы ешбір үзілмейді. Мысалы екінші кітаптағы Пантагрюэлдің ой пікірлер осыны айғақтайды. Рабле – үлкен сөз зергері. Ол өзінің осы роман эпопеясы арқылы француздың әдеби тілін халықтық элементтерді кіргізу арқылы байытты.
Достарыңызбен бөлісу: |