Бақылау сұрақтары: 1) Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін қандай кезеңдерге бөліп дәуірлейміз.
2) Қайта өрлеу дәуірінде ағылшын әдебиетінде поэзия, проза, драматургия қалай дамыды?
3) Шекспирдің әлемдік драматургиядағы орны қандай?
4) «Ричард ІІІ», «Ромео мен Джульетта» т.б. шығармаларындағы кейіпкерлер кімдер?
Пайдаланатын әдебиеттер:
Шекспир Вильям. Сонеттер. Ауд. М. Мақатаев А., 1970
Шекспир Сонеттер. Ауд. Х. Ерғалиев А., 1978-1977
Шекспир. Таңдамалы І том. Отелло. Ауд.М.Әуезов А., 1981
Проблемы просвещения в мировой литературе М., 1970
6-лекция. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті. Испан әдебиеті.
Қамтылатын мәселелер:
1. Қайта өрлеу дәуіріндегі испан әдебиетінің өкілі
М. Сервантестің өмірі мен шығармашылығы.
2. «Дон Кихот» романы оның пародиялық астары.
Испан әдебиеті. Испаниядағы әдеби дамуды дәуірлеу. Ауызша лиро-эпикалық поэзияның дамуы. Романстар, олардың тақырыптқ пішіндік ерекшеліктері, жазба әдебиетке әсері. Испан әдебиетіндегі роман жанрының түрлері. Рыцарлық романның генезисі, орта ғасырлық куртуаздық романдармен, италъяндык, рыцарлық дастандармен байланыстары.Сервантестің өмірі мең шығармашылығы. Пасторальдық романы "Галатея". Драматургиясы, сүйіспеншілік-батырлық сюжеттегі новеллалары /"Өсиет өнегелік новемалары"/. "Дон Кихот" романы, оның пародиялық астары, стилистикасы, гуманистік риторикасы. Лопе де Веганың өмірі мен шығармашылығы. "Біздің заманымыздағы комедия жазудың жаңа өнерің трактатындағы ұлттық драманың мәселелері. Лопе де Вега пьесаларындағы жанрлық классификациясы. ХҮІ ғасыр Испания мәдениетінің алтын ғасыры болып есептелінеді. Өнер саласында бұл тұста жазушылардың, суретшілер мен ғалымдардың айрықша талантты тобы еңбек етті.
М.Сервантес, Лопе де Вега, Калъдерон, Тирсо де Молина, Кеведо, Гангора, Греко, Веласкес, Мурилъо сынды тұлғалар өмір сүрген бұл дәуірдің (ХҮІ ғасырдың екінші жартысы мен ХҮІІ ғ ) "алтын ғасыр"деп аталуының өзі тегін емес. Инквизация мен өкіметтің айрықша қаталдығына қарамастан, испан мәдениеті шарықтап дамыды. Бұл дәуірде Испанияда Қайта өрлеу дәуірінің ұлы тұлғасы Мигель де Сервантес Сааведра болды. Мигель де Сервантес Сааведра 1547 жылы 29 қыркүйекте Мадридке таяу жердегі Алъкала де Энарес қаласында дүниеге келеді. Сервантестің әкесі Радриго Сервантес кедейленген идьалго дәрігерлікпен отбасын асырайды. Мигелъдің жас шағында жақсы білім алуына отбасындағы кедейшілік өмір мүмкіншілік бермейді, дегенмен он жасқа толған шағында иезуттар коллегиясына түсіп, онда төрт жылдай (1557-1561) оқиды.
Мигелъге онда сол замандағы ең үздік ұстаздардың бірі, гуманист Хуан Лопес де Ойос дәріс береді. ХҮІ ғ. 60-жылдарының соңында Сервантестердің отбасы тақыр кедейшілікке ұшырайды. Осыған байланысты Мигелъ мен інісі Радригоға өз нанын тауып жеудің қамын ойластыруға тура келеді. Ортанқол дворяндардың алдында мұндай жағдайда үш түрлі мүмкіншілік болатын, біріншісі-шіркеуден, екіншісі-сарай маңынан, үшіншісі - әскерден тіршілік іздеу еді. Сервантесті "ең сүйікті де талантты шәкіртім" деп жариялаған ұстазы Хуан Лопес де Ойостан кепілдеме алған Мигелъ екінші мүмкіншілікті пайдаланып,
Рим папасының елшісі Джулио Аквавива-и-Арагонға қызметке тұрады. Кейін елші еліне оралғанда Сервантес сонымен бірге ілесіп, Италияға барады. Сервантес 1570 жылы осы Италияда орналасқан испан армиясының флотына қызметке енеді. Сервантестің Аквавивадағы қызметінен кетуі, шамасы, патриоттық сезімге бой алдырып, түріктердің Жерорта теңізі аймағында қанат жайып келе жатқан агрессиясына тойтарыс беруге үлес қосу ниетінен туындаса керек.
Испания армиясы құрамында Италияда өткен бес жыл Сервантес өміріндегі ең бір маңызды кезең болды. Бұл оған елдің аса ірі қалалары- Миланды, Болоньяны, Венецияны аралап көруге мүмкіндік берді. Сервантес итальяндықтардың тұрмыс тіршілігіменен терең танысты. Сонымен қатар, аса бай итальян мәдениетімен, әсіресе, оның ішінде антикалық мифологиямен және әдебиетімен танысты. Гомер, Вергилий, Гораций, Овидий сынды ұлылардың шығармаларымен қатар, итальяндық Қайта өрлеу кезеңінің Данте, Петрарка, Аристо, Боккаччо сынды өкілдерінің туындыларын, итальяндық новеллалар мен бақташылар романын оқыды.
Сервантестің Италияда ұзақ уақыт болуы тек итальян тілін үйреніп қана қоймай, мадритік мектептен алған гуманитарлық білімін кеңейте түсті. Сервантестің Италияда болуы оның рухани мәдениетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Тарихи драмалардағы халық пен билеушілер бейнелері, сюжеттік коллизияның сипаты. "Севильдің жұлдызы", халықтық батырлық драма. Комедиялық канондар. "Шалғындағы ит". Діни пьесалары.