Лекция тезистері


-лекция. Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиеті Қамтылатын мәселелер



бет5/15
Дата16.09.2022
өлшемі228,5 Kb.
#39252
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
лекцияшетел -Кафедра Универ

5-лекция. Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиеті
Қамтылатын мәселелер:

1. Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиеті


2. Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетінің көрнекті
өкілі Шекспир шығармашылығы
3. Шекспир шығармашылығы, оның шығармашылық кезеңдері

Поэзияның, прозаның, драматургияның дамуы. В.Шекспир /1564-1616/ шығармашылығы.


Шекспирдің сюжеті ағылшын тарихынан алынған тарихи хроникалы пьесаларының оқиғаларының көпшілігі ХҮ ғасырдан алынған. Драматургке тарихи хроникалы пьесалары әдеби даңқ әкелді. Қайта өрлеу дәуірінің гуманистері тарихи тақырыпқа ерекше көңіл бөлген. Шекспир тарихи-хроникалы шығармаларында король үкіметі мен өздерінің үстемдігін сақтап тарихи дамуды тоқтатуға ұмтылған феодалдық билеушілердің біртұтас галлерясын жасайды. Шекспирдің саяси көзқарасы халықты басқаратын дана корольдер мейірбан, адамгершілікті болу керек. Дегенмен драматург жасаған ел билеушілері пиғылдары жағынан әрқилы: Мысалы, Генрих ІҮ - мейірімді, адамгершілігі мол болғанымен, жігерсіз феодальдық озбырлыққа төтеп бере алмайтын шарасыз жан. Оны өлтірген болашақ ІІІ герцог Глостер күш қуаты болаттай берік, дегенмен өмірге кемтар, бүкір, ақсақ болып келген осы кейіпсіздіктерінің орынын ол таққа отыруымен толтырмақ. Ричард-Глостер өзінің табиғаттан туған кемтарлығын кекпен қайтарады. Ричард-Глостер ақыры өзі армандаған таққа опасыздық, қанышерлік жолмен жетеді "Жұдырық-бізге күш, семсер-бізге заң" - бұл Ричардтың философиялық заңы. Шекспир "Король Ричард ІІІ" пьесасында зұлым корольдің титандық бейнесін сомдайды. Тумысынан жексұрын ол билікке жету жолында қандай лас жиеркенішті істерге даяр. Ол өз жолына қарсы шыққандардың ешқайсысын аямайды. Осы мақсатта туыстарының қанын мойнына жүктеп, екіжүзділікпен Леди Аннаны да қармақ түсіріп, оны да өлтіреді. Драматургтің "Ричард ІІІ" пьесасынан кейін жазылған "Генрих ІҮ" пьесасы Шекспирдің тарихи жанрдағы пьеса жазуды толық меңгергенін танытады. Композициясы мен стилі жағынан "Генрих Ү" басқа пьесаларынан ерекше. Бұл пьесада драматург халықтың қамын ойлайтын, өз мойнындағы халық тағдырының жауапкершілігін сезінетін мінсіз корольдің бейнесін сомдайды. Шекспир шығармашылығының ІІ кезеңіне жататын "Гамлет" трагедиясы -ой түйіні мен мазмұнының күрделілігі жағынан қаншама талас тудырып келе жатқан күрделі драмтургиялық шығарма. Бұл трагедияның сюжетін Шекспир принц Амлет жөніндегі ескі ағылшын пьесасынан алған. Драматург бұл трагедиясында екіжүзділік пен сатқындыққа төзбейтін тамаша гуманист адамның бейнесін сомдайды. Әкесінің қастандықпен өлтірілуі, айналасындағы сатқындық пен аярлық Гамлеттің зұлымдыққа деген өшпенділік сезімін тудырып, кек алуға итермелейді. Бұл жай кек емес, адамгершілік жолындағы деңгейге көтерілген кек. Трагедияның басынан аяғына дейін Гамлет -табанды да өткір күрескер, аярлық пен сатқындық жайлаған қоғамды әшкерелуші. Сондықтан да В.Белинский: "Гамлеттің әрбір сөзі умен суарылған өткір жебе"- дейді. Гамлеттің қажыр қайраты мәселені шешіп тастауында емес, өзі абақтыға теңеген төңірегін қоршаған дүниенің әділетсіздігі жайындағы мәселені көтеруінде, соған өресі жетіп, сол болмысты әшкерелей білуінде. Гамлет -философиялық ойдың адамы. Трагедияны талдаушылар Гамлет образының тереңдігінен әрқилы пікірлерге ұрынады. Шекспирдің бұл трагедиясында Гамлет образы-Қайта өрлеу Ренессанс дәуірінің адамгершілік мұраттарын бойына тұтас жинақтаған күрделі тұлға.
Шекспирдің әлемдік драматургиядағы ұлы туындыларының бірі - "Отелло". Драматург бұл пьесаның сюжеттік оқиғасына итальяндық Джиральди Чинтионың "Венециандық мавр" деген новелласының желісін пайдаланған. Пьесада маңайындағы офицерлердің өсек-жаласына еріп, сүйікті әйелі Дездемонаны қызғанышпен өлтірген Оттелоның тағдыры суреттеледі. Дездемонаның адалдығына көзі кеш жеткен Оттело Ягоның алдауынан шығып, өз қылығын өзі кешірмей өзін-өзі өлтіреді. Әдебиеттанушылар Оттелоны қызғаншақ кейіпкердің типтік бейнесі ретінде көрсеткенімен, Оттело -Шекспир кейіпкерлерінің ең үздік бейнелерінің бірі. Оттело образы әрқилы, ол әшейін жеке пиғылдағы қызғаныштың құлы емес, Оттелоның қасіреті Дездемонаның адалдығын жоғалтқандығын кешіре алмайды. Шекспир Оттелоны үлкен жүректің, табиғи ақылдың адамы ретінде бейнелейді. Белинскидің сөзімен айтқанда, "қуаныш пен қайғы қасіретті шексіз қатар тартқан теңдесі жоқ құдіретті жанның" терең бейнесін жасайды. Бұл пьесадағы Шекспирдің жасаған ірі бейнелерінің бірі-Яго. Яго- әлемдік әдебиеттегі сатқындық пен екіжүзділіктің символына айналған образ. Оттело мен Яго- бір-біріне кереғар кейіпкерлер. Трагедия Дездемона мен Оттелоның қайғылы өлімімен аяқталса да, пьесаның негізгі идеясы Оттелоның моральдық жеңісімен аяқталады.
Шекспирдің "Король Лир" трагедиясы 1605 жылы жазылады. "Король Лир" пьесасында отбасылық мәселелелер саяси қоғамдық мәселелелермен тығыз қарым-қатынаста алынады. Пьесада алғашында король Лир феодальдық әдет-ғұрыптарды әбден бойына сіңірген өзіне-өзі сенімді, өз билігінің шексіздігіне еш күмән келтірмейтін тоқмейіл король ретінде көрінеді. Құлағы тек жалған мақтау сөзге үйренген Лирь кейде бұл мүләйімсуді өзінің туған қыздарынан да естуге құштар. Міне осы аяр сөзге сену оны трагедияға алып келеді. Өтірік жалпақтап аярланып сөйлеген қыздарына бүкіл меншігін бөліп беріп, адал да тура пікірін айтатын кенже қызын бүкіл мұрагерліктен айырып, қуып жібереді. Өзінің корольдігін қыздарына беріп, бақ кеткен күні король Лир мүсәпірлік күйге түседі. Әкесінің дәулетін бөліп алған екі қызы байлық пен даңқ жолында бірін-бірі түтіп жеуге даяр. Бақытсыз Лир отбасынан қудаланып, қайыршылық күй кешеді. Пьесада Шекспир король Лирдің панасыз өмірін көрсету барысында қарапайым қара халықтың да жоқшылығы мен мұқтаждығын шебер байланыстыра отырып суреттейді. Шекспир Лирдің бақытсыз тағдыры арқылы жыртқыштық бейнеге енген әлеуметтік ортаның сиқын ашады. Шекспирдің "Макбет" трагедиясының тақырыбы- қанқұйлы атаққұмарлықты әшкерелеу. Мұнда жалғандық пен зорлыққа сүйеніп, таққа отыру ниетімен қантөгіске барған Макбеттің жауыздығы мен оның қарғысқа ұшырауы, рухани жағынан опатқа ұшырауы суреттеледі. "Макбетті" кейде "түн трагедиясы" деп те атайды. Себебі пьесадағы көптеген оқиғалар түнде өтеді. Өзінің жауыздық пиғылын жүзеге асыру үшін Макбет пен оның жұбайы түн қараңғылығын пайдаланады. Леди Макбет қолындағы қанды жуудың орнына түн ішінде есінен танып сарайды кезеді. Демек түн бұл пьесада іс-әрекеттің орнын көрсетуден гөрі, әлдеқайда маңызды роль атқарып тұр. Түн -әлемді жайлаған қатерлі түнектің бейнесі. Мұндағы түн ұйқыдан бездіріп, жарық сәулеге кедергі болудың көрінісі. Ал қасқырдың ұлуы мен жезтырнақтар да- түннің еншісі. Драматургиялық әрекеттердің жинақтылығы жалпы көңілсіз күңгірт атмосфера мен орталық бейнелердің (Макбет, леди Макбет) сомдалуы жағынан бұл трагедия Шекспир шығармашылығында ерекше орын алады. Шекспир шығармашылығының екінші кезеніңдегі драматургия, "Гамлет", "Отелло", "Король Лир", "Макбет" трагедияларындағы өзекті мәселелер, қиял мен шынайы өмір шындының арасындағы соқпытыстар. Трагедиялық коллизиялардың бастау көзі — зұлымдық еркіндігі, шиеленісті қайғы-қасіреттер. Кейіпкердің өзіндік айқындалуы, сюжеттік байланыстардың, эпилогтық аяқтаулардың ерекшелігі. Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңіндегі драматургия. Трагикомедияларындағы мейірімділік пен зұлымдық күштерінің қақтығысы және оның шешілуі. Трагикомедиялардағы аңыздық - әпсаналық орта.
Шекспирдің әлемдік драматургиядағы орны және оның мұраларының жаңа дәуір мәдениетіндегі маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет