Лекция тезистері



бет4/15
Дата16.09.2022
өлшемі228,5 Kb.
#39252
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
лекцияшетел -Кафедра Универ

Франческо Петрарка(1304-1374)Итальян гуманистерінің алғашқы өкілі Ф.Петрарканың ақындық ойшылдық, ғалымдық еңбектерінен Итальян Қайта өрлеуінің алғашқы кезеңінің барлық ерекшеліктері анық танылады.Ф.Петрарка гуманизмінің негізі антикалық мәдениет пен жеке сана-сезімнің шарықтауын дант дәстүрімен байланыстыруымен ерекшеленеді.Ф.Петрарка- Данте Алигеридің досы әрі саяси пікірлесі флорентиялық нотариус Петрарканың баласы. Ф. Петрарканың әкесі 1302 жылы Дантемен бірге саяси күресте «Қара гвельфтерді», «Ақтар» жеңген кезде қуғынға ұшырап, көптеген флорентиялық коммуналар саяси баспана тапқан Ареццоға қоныстанады. 1304 жылы осы Ареццо қаласында Ф.Петрарка туылады. 1312 жылы Петрарканың әкесі отбасымен Францияның оңтүстігіндегі Авиньон қаласына көшіп келеді де, ол папа хатшылығында қызмет атқарып, отбасын Капентра деген жерге орналастырады. Осы жерде жас Петрарка өзіне Рим әдебиетіне деген асқан қызығушылық туғызған латинист-начетчик Конвеневоле де Пратодан алғашқы ілім алады. Әкесінің талабымен алғашында Монпельде кейін әйгілі Болон университетінде құқықтық білім алады. 1326 жылы әкесі мен шешесінің қайтыс болуына байланысты оқуын одан әрі жалғастыруға мүмкіндігі болмай, Авиньонға қайта оралып, папа сарайында діни қызмет атқарады. Папа сарайында байлық пен симония (шіркеу қызметшілігін сату) әбден қалыптасқан дағды еді. Кейін Петрарка осыларды айыптап бірнеше шығармалар жазды. Мысалы, «Письма без адреса» деген сонеттері- осы тұрғыда жазылған шығармалар.Дегенмен жас кезінде Петрарка сарай маңындағы жарқылға толы қызықты өмірді шет көрмеген. Өмірінің соңына дейін Петрарка шіркеуде аббат болып қызмет атқарды. Ақынның қысқаша өмірбаяны өзінің «Ұрпақтарға хат» (1374) атты еңбегінде берілген.
Петрарка – антика көне өркениет дүниесінен идеал жасап, оны үлгі тұтқан европалық тұңғыш гуманистердің бірі. Петрарка - әлем әдебиетінде махаббат лирикасының көшбасшысы. Оның шығармашылығындағы ерекше маңызға ие туындылары – Лаураға арналған махаббат лирикалары.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. История зарубежной литературы. Средные века. Возраждение. М., 1987.


2. История всемирной литературы в 9-ти тт, Т.3. М., 1985.
3. Пуришев Б.И. Литература эпохи Возраждения. Курс лекции. М., 1998.
4. Андреев Л.Г., Козлова Н.П., Касиков Г.К. История французской литературы. М., 1987.
5. Рабле Ф. Гаргантюа и Пантагрюэль. М.: Художественная литература, 1973. с. 783.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет