11.Өздігінен білім алу- егер тәжірибе баяндамалар, мақалалар, брошюралар, монографиялар, әдістемелік әзірлемелер, жарнамалар, нүсқаулықтар түрінде жазылып, қорытылған болса, бүл кез-келген педагог үшін басқа педагогтардың тэжірибесін зерделеудің қолжетімді, тиімді әрі қажетті нысаны. Тіркелген тәжірибені бір тақырып бойынша сипаттамалардың санын көбейту арқылы қорытуға болады.
Озық педагогикалық тэжірибені насихаттау, тарату жэне пай-далану үсынымдық сипатта болады, оның тэжірибе нәтижелерін міндетті түрде қолдану жөніндегі шаралар жүйесін білдіретін енгізуден айырмашылығы эркімнің өз бастамасының негізінде жүзеге асырылады.
Озық педагогикалық тэжірибенің пәрменділігінің негізі, мүғалімдерді мектептің алдына қойылған міндеттерді ойдағы-дай шешуге ықпал ететін оқу мен тэрбиенің жаңа эдістерін іздестіруде кездесуі мүмкін кездейсоқтықтар мен қателіктерден сақтандыратын, педагогикалықгылым мен мектеп практикасының органикалык озара іс-эрекеті болып табылады.
Озық тэжірибе мектебі негізінен дербес жэне үжымдық тэлімгерліктің мақсаты мен міндетін іске асыратын эдістемелік жүмыс түрі. Қазақстан мектептерінде тэлімгерлік дэстүрдің бай тарихы бар болганымен бір мектеп қабырғасында үйымдастырылған озық тэжірибе мақсатты, толыққанды сипат алады. Бұл мектептің негізгі міндеті - тэжірибелі мүғалімнің, басшының тэжірибесі өз эріптесіне эдістемелік көмек корсету. Бүндай мектепті қалыптастыру көбіне ерікті негізде басталады.
Озық тэжірибе мектебі жүмысын бағалау екі жақты тиімді-лікті ескеру тиіс. Мектеп басшысы мүғалімдердің сабақтарына қатысып, оларга сабақ технологиясы мен эдістемесі, жоспарла-стыру мэселелерімен ақыл-кеңес беріп, білім берудің теориялық мэселелерін талқылаумен бірге мектептің педагогикалық жүйесін жетілдіреді, өзінің кэсіптік позициясының дүрыстығына көз жеткізеді. Озық тэжірибе мектебінің екінші тиімділігі- мүғалім эріптестердің жаңашыл, шебер мүғалімнің шығармашылық лабо-раториясымен тікелей танысуға мүмкіндігінің болуы деп білеміз.
Озық тэжірибе мектебінің қүрылымында оның бір көрінісі немесе дербес буыны ретінде жас мұғалім мектебінің жүмысын үйымдастыруга болады. Оның мэні - жүмысты жаңа бастаған жасв мүғалімдер тэжірибелі мүғалімнің немесе мектеп басшысының жетекшілігімен бірлестікте бірігеді. Оның жұмысы сабақтың жэне сыныптан тыс шараның мақсатын белгілеудің техникасы мен эдістемесі, сынып жетекшісі жүмысын жоспарластырудың ерекшеліктері, сынып үжымының тэрбиелік деңгейін анықтау сияқты арнайы жоспармен жүргізілді. Жас мүғалім мектебіндегі оқуларда сабақтың технологиялық картасын жасау, оқу про-цесінде компьютер қүралдарын қолдану сияқты практикалық шаралар қарастырылады. Тэжірибелі педагогтің жетекшілігімен бір-бірімен араласқан жас мүғалімдер кэсіптік дамуын жолға қойып, өзінің шығармашылық қасиетін іске асыруға үмтылады.
Көптеген мүғалімдердің тэжірибесі көрсетіп отыргандай, педагогикалық шыгармашылық пен белсенді эрекеттің күрт бэсеңдеуі болашақ мүғалімдердің жоғары оқу орнында алган теориялық білімдерден соң мектептегі алғашқы жылдары бірден таза практикалық қызметпен айналысуынан туындайды. - Сондықтан бүл кезеңде арнайы теориялық дайындықты үзбей оны практикада қолдану арқылы тереңдетудің маңызы зор. Жас мүгалім мектебі міне осы маңызды міндетті шеше алады.
Мектептерге эксперименттік жүмыстар үйымдастыруға кең мүмкіндік беріп отырған кезеңде проблемалық (инновациялық) топтың әрекеті қызу қолдау табуда. Мұғалімдердің мүндай тобы мектеп басшыларының, ғалым-педагогтардың, мү-ғалімдермен өзінің бастамасымен күрылуы мүмкін. Бүл топ озық тэжірибені өз мектебінде жэне одан тысқары жерлерге де жинақтап, таратуға күш салады.
Егер проблемалық топ өз концепциясын немесе эдістемелік жаңалығының талдамасын жасап, практикаға енгізумен айналы-сатын болса, онда ол топ ғылыми-зерттеу жүмыстарының негізгі белгілері бар эксперименттік-тэжірибелік эрекет жүргізеді.
Озық педагогикалық тәжірибенің авторлық мектептері (пе-дагогикалық шеберханалар, педагогикалық практикумдар) -педагогтардың пікір алысу нысаны, онда озық педагогикалық тэжірибенің авторы болып табылатын мүғалім, оқытушы, оқу орнының мастері немесе басшысы мектепке қатысушыларға өз тэжірибесі туралы айтады жэне оны ашық сабақтар өткізу процесінде жан-жақты көрсетеді, т.с.с.
Педагогикалық оқулар дегеніміз - озық тэжірибені қорыту мен таратуды мақсат еткен білім беру қызметкерлерінің пікір алысу нысаны. Педагогикалық оқуларда көбінесе тэжірибесі жаңашылдық элементтеріне қүрылған жэне жүртшылық мойын-даған практикалық қызметкерлердің - мүғалімдердің, оқыту-шылардың, оқу орындары басшыларының баяндамалары тың-далады.