Лекция. Зерттеу үрдісінің құрылысы мен мазмұны Жоспар


Педагогикалық тәжірибені жалпылау



бет13/30
Дата22.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#59022
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
1. Педагогикалық тәжірибені жалпылау
Зерттеу жүмыстарын жүргізудегі ең басты жол - бүл педагогикалық тәжірибені жалпылау. Озық педагогикалық тэжірибенің дамуына белсене қатынасқан ғалымдар өздерінің көп үлестерін қосты. Педагогикалық тэжірибеге сүйену мен оны ақылға салу көптеген ғылыми жүмыстардың негізі болып табы­лады.
Бірақ педагогикалық жүмыстардағы педагогикалық тәжі-рибенің қолданылуын талдай отырып елеулі кемшіліктерді көре аламыз:
Біріншіден, озықтэжірибені зерттей отырып, кейбір ғалымдар тэрбие мен оқытудың түтас жүйесінен тек өзінің диссертация тақырыбына сай жеке жағдайларды таңдап алады.
Екіншіден, кейбір зерттеушілер, тэжірибені зерттей отырып, тэжірибе орнының жетіспеушілігіне, элсіздігіне көңіл бөлмей, ең қызықты, сэтті жерлерді таңдап алады. Кейін бір болымды ма-териалдардан өз ойларының дэлелдеулерін қүруға тырысады. Біршама жағдайларға байланысты ғылыми зерттеу тақырыбы сол қызықты мазмүнға қатысты өзгереді, ол педагогикалық озық тэжірибеде көрінеді.
Үшіншіден, кейбір ғалымдар педагогикалық озық тэжірибені жалпылауда жан-жақтағы бақылаушыға айналады. Олар мектеп­ке тек өздерін қызықтыратын нэрсені алу үшін келеді, бірақ ор-нына ештеңе бермейді. Олар туралы мектепте дүрыс айтылған, яғни мүғалімдер өңдеп шығарады, ал олардың еңбек нэтижесін басқалары пайдаланады.
Төртіншіден, мектептің педагогикалық тэжірибесін қолдану оның тарихының үзіндісінен жиі алынады. Ғылыми жүмыстарда педагогикалық тэжірибенің генезисі болмайды (Генезис дегеніміз „• ата-тегі, тууы, пайда болуы), яғни тэрбиелеу мен оқытудың ра- * ционалды эдістерінің даму жолдары жай, элсіз болып ашылады.
Бесіншіден, тэжірибе бағасында оны шыгарғанмен, оны сипаттаушының араларында үйлеспеушілік бар. Ғалымдар ең басты мүғалімдердің өздері өз тэжірибелерінде нені ең бағалы деп санайтынын, нені тапқанын жэне үйренгенін, нені іздейтінін жэне не затқа үмтылатынын анықтауы қажет.
2. Педагогикалық тәжірибе алмасудың ережелері
Педагогикалық озық тэжірибенің қолданылуы мен жалпылауында кемшіліктерді болдырмау үшін мына ережелерге бағыну керек:

  1. Ең басты педагогикалық озық тэжірибені бастамас бүрын өзің үшін педагогикалық озық тэжірибенің түтасымен эр ел мектептерінде қалай сипатталатынын нақты анықтап алу қажет.

  2. Мектеп өмірінің барлық жақтарымен танысу қажет. Бүл үшін бір сыныпта күні бойы сабақ кестесі бойынша өткізілетін зерттеушіні қызықтыратын барлық сабақтарға қатынасу керек. Егер сіздің ғылыми ізденісіңіз балалармен бірге жүргізілген жүмыстардың формалары мен эдістерінен көрініс тапса, онда озық тэжірибені жалпылауға кірісе бастауға болады.

  3. Педагогикалық тэжірибені үйренуді мүғалімдер, тэрбие-шілер үжымынан, олардың жұмыстық қарым-қатынас стилінен, жалпы көзқарастар мен жалпыға бірдей талаптардан бастау ке­рек. Атап айтқанда озық тэжірибенің негізін нақ осы анықтайды. Балалар үжымы мен педагогикалық үжымдар арасындағы оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас жүйесін білу қажет. Осыдан кейін барып қызықты оқу мэселесі бойынша материал жинақтауға кірісуге болады.

  1. Педагогикалық тэжірибені дұрыс түсініп, бағалау үшін жан-жақтағы бақылаушылардан бас тартып, педагогикалық үжымға топ мүшесі ретінде (сынып жетекшісі, мүғалім) немесе мүғалімдердің зерттеу тобы жетекшісі ретінде (кеңес мэселесінің шығарылуы) енуі керек. Ғалым барлық жағдайда да мектептің оқу жэне тәрбие жүмыстарына белсене қатынасуы қажет, эйтпесе ол педагогикалық тәжірибені түсіне де, дүрыс бағалай да алмайды.

  1. Елдің үздік мүғалімінің тэжірибесі - бұл ең алдымен педагогикалық шығармышылық болып табылады, мүның негі-зінде қазіргі педагогика ғылымының дамуы жатыр. Сондықтан педагогикалық озық тэжірибені үйренудің қазіргі ғылым түр-ғысынан оның талдауы бар.

  2. Бір мүғалімнің, бір мектептің педагогикалық озық тәжі-рибесіне сілтеме жасап, шектеп қоюға болмайды. Ең жақсы дэлелдеме - алдыңгы жэне қатардағы көптеген мүғалімдер-дің, бірнеше мектептердің тэжірибесін салыстыруы. Тек осының жүзінде берілген педагогикалық тәжірибенің шындығында ғылыми қүндылығын, оның өзектілігі мен таратылу мүмкіндігін анықтауга болады.

  3. Педагогикалық озық тэжірибені жалпы сипаттап қана қоюға болмайды, оны дамытып, эр уақытта жалпылып отыру қажет. Бүл эрі ең қиын, эрі ең жеңіл жагдайларды дэлелдеудің тәсілі болып табылады. Бұл жағдайда ғалым мэселені шешу жолдарының бірнеше түрін белгілей алады, яғни мүғалімдермен келісіп, олардың эрқайсысын қараттырып, өздері анықтап, қайсысы жақын екенін тексерту. Сонымен қатар зерттеу тақырыбы бойынша оқу мен тэрбиелеуге қатысты бірнеше варианттарды қарастыруға болады, яғни эр мүғалімге өз тапсырмаларын орындауға беріп, кейін алынған нэтижелерді салыстыруға болады.

8. Педагогикалық озық тәжірибені жалпылаудың ең қиын, дегенмен ең асыл жолы - бұл мүғалімдерді ғылыми зерттеу жүмысының дағдысына үйрету, өзінің шыгармашылық ізденісінің, өзінің тәжірибесін сипаттауда, оларды талдауда да көмек корсету. Мүғалім кейін өзі зерттеуші болған кезде, бүл оның педагогикалық жүмысқа деген жалған қызғушылығын емес, ол өзінің ой эрекетін жағдайластырады, шығармашылыққа қарай тартылады. Педагогикалық озық тэжірибенің нақты болуы үшін, оны жалпылауда зерттеудің ғылыми эдістерін қолдану қажет: бақылау, сауалнама, тестілер жэне т.б.
9. Ғылыми зерттеуде педагогикалық озық тэжірибені экс-перименттік жүмыстың кіріспесі немесе оның қорытындысы ретінде қызмет етуі керек. Ғалым эксперимент бастауына мектеп-те бар жақсыны анықтайды, бүл оның ғылыми болжауына мэлі-мет жинауға көмектеседі. Эксперимент нэтижесін көптік тэжі-рибемен тексеру керек. Бұл экспериментте ненің пайдалы екенін, ненің мүғаліммен жеңіл игерілетінін, қиындық кездестірмейтінін анықтауға көмектеседі. Мүндай ғылыми тэжірибенің тексеруінсіз рекомендация (кепілдеме) беруге болмайды.
Озық тәжірибені мектепаралық, аудандық, облыстық, республикалық деп бөлуге болады. Бүрын Кеңес өкіметі кезінде одақтық озық тэжірибе де болды. Озық тэжірибе элемдік деңгейде болуы мүмкін. Озық тэжірибенің осылай бөлінуі – тәжірибенің қай деңгейде танылғанына байланысты.
Озық тэжірибенің жай тэжірибеден артықшылығы - логи-касы, эдісі, тэсілі жағынан ерекше нэтиже беретін, жалпы мек­теп қабырғасында қолдануға болатын тиімді тэжірибе. Озық тэжірибенің жолы қиын. Ол бірден қабылданып таныла бермейді. Себебі:
а) Ұстаз өзін-өзі көрсете бермейді, сөзден қашады;
б) Ұстаздардың арасындагы көре алмаушылық жол бермейді;
в) Теориялық сауат жетіспейді;
г) Мектеп басшыларынан қолдау таппауы да мүмкін.
Сондықтан жаңашыл ұстаздар В. Ф. Шаталов, Ш. А. Амонаш-
вили, С. Н. Лысенкова, И. П. Волков, Е. Н. Ильин, Т. А. Гончарова, А. Б. Резник, И. П. Иванов, қазақстандық ұстаздар Қ. Нүрғалиев, P. Нүртазина, А. Исқақов т.б. еңбектеніп, көп қиындықтан өтіп, елге озық тэжірибелі болып танылды.
Озық тэжірибенің ең жоғары деңгейі - жаңашылдық. Жоғарыда аты аталған үстаздар - жаңашылдар. Олар жаңа идеяны үсынады. Сондықтан оларда жаңашыл дейді. Олардың негізгі идеясы -үстаздық қызметтестік, яғни ұстаз бен шэкірттің қызметтестігі. Жаңашылдардың он идеясы бар:
а) ¥стаз бен шэкірттің бірлесіп еңбектенуі.
б) Баланы өз ықтиярымен оқыту.
в) Шэкірттің өзін еркін сезінуі, сенімінің артуы.
г) Тірек сигналы арқылы оқыту.
д) Қиындықты жеңе білу.
е) Ірі блокпен оқыту.
ж) Баланы өз қалауы бойынша оқыту.
з) Істелген ісіне (оқуына) талдау жасау.
и) Баланы түлга деп ескеру.
к) Шығармашылық түрде өзін-өзі басқару.
Озық тэжірибенің жай тэжірибеден тағы бір айырмашылығы оның ғылыми өлшемдері болады.
Олар - озық тэжірибенің көкейкестілігі, келешектілігі, жаңа-лығы, жоғары нәтижелілігі, тиімділігі, педагогикалық, психоло-гиялық, эдістемелік ғылымдарға сэйкестігі, тұрақтылығы, үйле-сімділігі, шығармашылық түрде қолдануга мүмкіндігі.
Озық тэжірибенің өзі алуан түрлі болады:
а) педагогикалық жаңалық ашу;
б) педагогикалық қүрал-жабдықтарды т.б. ойлап табу;
в) педагогикалық ойды, қүрал-жабдықты дамыту.
Озық тэжірибе үстаздық шеберлікке жақын. Бірақ айырма-шылығы бар. Озық тэжірибелі үстаз - өз ісінің шебері.
Озық тэжірибе мектеп үжымының дамуына үлкен эсер етеді. Сондықтан мектеп, аудандық білім басқармаларының басшы-лары тэжірибені жинақтап таратуда жетекші рөл атқаруы тиіс. Тэжірибе нұсқау бойынша жинақталып таратылмайды. Жоғарыда айтқандай озық тэжірибе өз деңгейінде (мектепаралық, аудандық, облыстық, республикалық) жинақталып таратылуы тиіс, оган басшылық жасайтын ұжым жетекшілері жауапты.
Мектеп көлеміндегі озық тэжірибені басшылар былай түсінуі тиіс:
а) озық тэжірибе мектеп жүмысының, оны басқарудың сапасын жақсартады;
б) озық тэжірибеден жастар үйренеді;
в) үстаздар үжымының дамуына, өсуіне эсер етеді;
г) педагогика гылымдарына сүйенеді, теориялық білім алады.
Озық тэжірибенің жолы ауыр. Себебін жоғарыда айттық.
Жалпы озық тэжірибенің негізгі элементтері:
а) ¥стаз көтерген мэселенің мазмүнын, маңызын, негізін өзі жақсы түсінуі тиіс.
б) Пэн бойынша білімін алдына қойган педагогикалық мәселелерді шешуге пайдалану.
в) ¥стаздың зертханасы, оның байлығы, пайдалануы.
г) Ұстаздың өзінің жүмыс ыргағы, эдісі.
д)Ұстаздық құралдарды дұрыс пайдалана білу.
е) Істің нәтижесі.
Озық тәжірибелі үстаздың зертханасы бірден қалыптаспайды. Оган көп жылдар кетеді. Тәжірибелі ұстаз өзіне ұстаздық зертхана жасау үшін көп еңбектеніп, бір көтерген мэселесінің нәтижесіне жетуге үзақ ізденіс үстінде болады. Мектеп басшылары осындай үстаздар арқылы жастарды үйретуі керек. Бұл - олардың парызы.
Озық тәжірибенің өзін қабылдау эртүрлі жағдайда өтеді. Біреулер жаттанды түрде, кейбіреулер түсінбей, үшіншісі сел-қостықпен озық тэжірибені өзінше қабылдауы мүмкін.
Озық тэжірибені дұрыс түсіну үшін соны іштей қабылдап түсіну қажет, сонда гана озық тэжірибені дүрыс қолдана ала­ды. Озық тэжірибені таратуға үжым болып атсалысқаны жөн. Мүндай жағдай тек ұжымды жақсы басқара білетін мектеп ди-ректоры, оның көмекшілерінің арқасында болады.
Мектеп үстаздарының тэжірибесіне көптеген мэселелер жата-ды: сабақ беру, ата-аналармен жүмыс, сыныптан немесе мектеп-тен тыс жүмыстар, балалар үжымын үйымдастыру т.б.
Тэжірибе насихат үшін жинақталмайды. Тэжірибе тэлім-тэрбиені жақсарту үшін керек. Сондықтан тэжірибе тірнектеп жиналады, сараптан өтеді, елдің көзіне түседі, халық бағалайды. Тэжірибе бір адамның абыройы емес, үжымның абыройы.
Сондықтан тәжірибені жинактау үшін:
а) Үжымды дүрыс түсіндіріп тэжірибе жинақтауга жүмылдыру;
б) тәжірибені мектептен, аудан, облыс, республика мектептерінің жақсы жақтарын жинақтау жэне осы жүмысқа барлық ұстаздар қауымын қатыстыру керек;
в) Озық тэжірибені эрбір үстаз қолдану керек деп түсіну;
г) Озық тэжірибені жаттанды қабылдамай өзіне керек жерін пайдалану.
Озық тэжірибені жинақтау, насихаттау, тарату, пайдалану жолдары, эдістері, түрлері бар.
Біріншіден, озық тәжірибені түсіндіру, насихаттау, үйым-дастыру жэне тарату.
Екіншіден, мектепте озық тэжірибе бөлмесін ашып, керекті эдебиеттермен қамтамасыз ету. Озық үстаздарды шақырып, ба-яндамасын тыңдап керекті материалдарды алып қалу. Озык тэжірибені жинақтай алатын үстазды басқа мектептерге жіберіп алу. Өзара сабаққа қатысып, сабақтың нэтижесін талдау. Озық тэжірибелі үстаздарға жастарды бөліп жетекшілік жасауды жүктеу.
Үшіншіден, тэжірибе мен теорияны байланыстыру: педаго-гикалық, психологиялық, эдістемелік эдебиеттерден теориялық білім алу, ол білімді сабақпен үштастыру, жинақталған материал­дарды қорытындылап, сараптап баяндама жасау.
Төртіншіден, жалпы үжымдық бір тақырып төңірегінде жүмыс істеу. Әрине мүнда аудандық, облыстық мекеме басшы-лары қолдау көрсетсе дүрыс болар еді. Жалпы үжымдық тақы-рып белгілі ғалымдардың, ғылыми институттың немесе депар-таменттің тапсырысы бойынша зерттеледі.
Бесіншіден, озық тэжірибені жинақтау, насихаттау, таратудың талдау, өздігінен талдау жасай алу эдістерін білген жөн.
Алтыншыдан, бүл мэселеге тэжірибелі үстаздар қамтылады. Мүндай үстаздардың барын мектеп басшылары біліп, тэжірибе жинақтап таратуға тартқаны жөн.
Жетіншіден, тэжірибелі озат үстаздардың ашық сабағына пэндес, пікірлес, ниеттес үстаздардың қатысқаны жөн. Бүл жерде алып-қашпа сөзге, өсекке немесе асып кеткен сыншыл-міншілерге жол бермеу керек. Барлық жүмыстың нэтижесі қорытындыланып үлкен отырыста (эдістемелік кеңес, конференция, педагогикалық оқулық т.б.) баяндама жасалады. Сөйтіп барлық озық тэжірибеге жол ашылады.
Аудандық, облыстық, республикалық білім жетілдіру үжым-дары аудандық облыстық, республикалық деңгейде экспери­мент, зерттеу, оқулық тексеру т.б. жүмыс жүргізеді, тэжірибе жинақтайды, таратады. Оның қорытындысы ретінде «Педаго-гикалық оқулық», «Ғылыми - тэжірибелік конференция», т.б. өткізіледі. Ондай жүмысты атқару көп ізденіс, үзақ дайындық, қаржыны керек етеді.
Озық тэжірибені жинақтау, насихаттау, тарату, іске асыру - оқу жэне тэрбие жүмысын жақсартудың жолы. Бүл жүмысқа мектеп директорының бастамасымен бүкіл үстаздарды жүмылдырып, тэжірибелі үстазды жүртшылық назарына іліктіру керек. Осының барлығына эрбір үстаздың өзінің білімін жетілдіру арқылы жететіні айқын. Ұстаз қызметі көп оқуды, ізденісті қажет етеді, оның өзіндік лабораториясы болуы тиіс.
Педагогикалық тэжірибені зерттеу эдістері - білім беру процесін үйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тэжі-рибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озық тэжірибе, яғни та-нымал мүғалімдер мен қатардағы тэлімгерлер қызметтері бір-дей алынады. Олардың жүмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Пе-дагогикалық тэжірибені зерттеу барысында келесідей эдістер қолданылады: бақылау, эңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушы-лардың жазба, графикалық жэне шығарма жүмыстарын көзден өткеру, педагогикалық қүжаттармен танысу.
Бақылау - зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық қүбылыстың назарға алы-нуы. Бақыланған қүбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын-ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жүмыс келесі кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, оның элементтерін жэне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жэне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы эрі тиімді тэсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ой-ластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жэне дэйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау -зерттеуші ізденіс жүмыстарына тікелей араласпайды; ашық жэне жасырын бақылау; түтастай жэне таңдамалы бақылау.
Бақылау - орындалуы түрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзі"";" кемшілігі де жоқ емес; көп жағдайда бақылау барысындағі соңғы нэтижеге зерттеушінің тұлғалық, элеуметтік жеке-дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оныц қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкіи.
Сүхбат эдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау ба­рысында түсініксіздеу болған қүбылыстың мэнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тэсілі. Сүхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сүхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет