Лекция. Зерттеу үрдісінің құрылысы мен мазмұны Жоспар


-лекция. Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері



бет15/30
Дата22.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#59022
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
stud.kz-57475

7-лекция. Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері.
Жоспар:
1.Зерттеудің теориялық әдістерінің келешектегі ғлыми ізденістің негізгі қағидаларын жасаудағы және тұжырымдамасын құрудағы рөлі.
2.Зерттеу көздерін, ғылыми-педагогикалық әдебиетті талдау және жинақтау әдістері.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қоглданылады: бақылау, әңгімелеу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау әдісі – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанамен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:

  1. міндеттері мен мақсаттарын айқындау;

  2. бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын таңдастыру;

  3. бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу;

  4. байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;

  5. жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.

Бақылау түрлері:
Араласа бақылау– ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады;
Сырттай бақылау – зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды;
Ашық және жасырын бақылау ;
Тұтастай және таңдамалы бақылау.
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық-әлеуметтік жеке дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат әдісі қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес немесе қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады.Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеталау – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет әңгімелесумен жүргізіледі , ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер:

  1. алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;

  2. қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;

  3. сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс;

  4. сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырғы редакциясының ұсынылуы дұрыс.

Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жұніндегі ақпараттармен қаруланады.
Ғылыми педагогикалық зерттеудің қандай да бір әдіс не тәсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы Ғйымдастырылған тексеру түрі – эксперимент ерекше маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет