Есептер мен жаттығулар жинағы- өткен оқу материалын әрекеттік деңгейде меңгеру мүмкіншілігін туғызатын тәжірибелік есептер мен жаттығулары бар басылым.
Библиография- баспа өнімдерін саяси, ғылыми, білім беру, тәрбиелік т.б. мақсаттарда кеңінен қолдану тұрғысынан зерттейтін ғылым. Тақырып бойынша толық әдебиеттер тізімі, сондай-ақ библиографиялық көрсеткіштер, шолулар.
Хрестоматия- құрамында құжаттар, әдеби туындылар және олардан үзін-ділер, сонымен бірге оқу пәніндегі сұрақтар мен байланысын түсіндіретін мәті-ні, әдістемелік нұсқаулары бар оқулық мазмұнын көрнектейтін мәтіндер жинағы;
Мәтін- хатта немесе баспасөзде жарық көрген құжат немесе автордың шығармасы. Мәтінмен немесе ктаппен танысуды бірнеше кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең-мәтінге көз жүгірту, мәтінді қарап шығу.
-Кітапты парақтау, оқығанға дейін сүреттерін қарап шығу;
-Бөлімдерімен танысу;
-Кіріспесін оқу;
-Мәтіннің назар аударатын жеке бөліктерін оқу.
Екінші кезең-мәтін бойынша студенттің өзіне сұрақ қойғызу;
-Маған қаншалықты қызық?
-Бұл мәселе жөнінде не білемін?
-Мазмұнында қандай идеялар жатыр?
-Қандай жаңа нәрсе болуы мүмкін?
Үшінші кезең- мәтінмен тереңірек танысу, оқып шығу.
Төртінші кезең- ең бастысы және қосымшасын бөліп алу.
Бесінші кезең- мәтін мазмұнының деңгейін, логикалық құрылым дәрежесін бағалау болып табылады.
Теориялық зерттеулерде ең басты және қосымша деректерді, нақтылай-тын идеяларды табуға, дәлелдеуге үйрету негізгі іс болып есептеледі. Зерттеу жұмысында ең күрделісі ториялық зерттеу болғандықтан, зерттеушіні ақпа-раттарды талдауға, ғылыми мәтін құрауға үйрете беру қажет. Ғылыми мәтін деп отырғанымыз ғылыми педагогикалық нәтижелерді сипаттайтын түрге қо-йылатын талаптарға сай педагогикалық ғылым ретінде және принципінде құрылған мәтін. Мұндай мәтін дайындау үшін студент тезис, аннотация, рецензия, конспетк және т.б. ұғымдардың мәнін түсіне білуі қажет. Мысалы, тезис- сұрақтың, тақырыптың қысқаша мазмұны. Ол зерттеушінің айқын логи-калық ойлауда басты нәрсені бөлір алу білімін талап етеді. Аннотациялау- кітап пен мақала мазмұнының қысқаша жазылуы. Рецензия- ғылыми жұмысқа немесе әдеби – көркем шығармаға дәлелді пікір беру. Ал, конспект- мазмұн жазудың күрделі түрі. Жалпы ғылыми ізденісте, зерттеу нысаны, оның көптеген ғылыми-педаго-гикалық мәтіндер мен құжаттардан алынған ғылыми ақпараттар ғылыми атаулардан тұрады. Сондай-ақ, зерттеу мәселесінің жағдайын жедел тану үшін негізгі түсініктерді іріктеу және оларды жан-жақты қарастыру қажет. Термин- қайсыбір теорияның шегінде заттарды бір мәнді түсіндіруге пайдаланылатын сөз немесе сөз тіркесі ғылыми және тәжірибелік мағынада дәл шектелген түсінік болса, терминология - ғылым, техниканың және қандай да бір арнайы аймақтың белгілі бір түсініктерінің аталымдары болып табылатын терминдер-дің жиынтығы.
Әдебиеттер тізімінің үлгісі. 1. Зязон. Основы педагогического мастерства М., 1989
2.Сластелин В.А. Формирование личности учителя советской школы в процессе профессиальной подготовки. М., Посвящение, 1976
3. Қ.Сейтқалиев.Педагогиканың жалпы негіздері. –Ақтөбе, 2004. –Б.-188 -211
4.Б.А.Молдағалиев. Мектеп мұғалімінің анықтамалығы. -Орал, 2005
5. Пед: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений/ Сластелин В.А., Исаев И.Ф. и др. –М: Школа-Пресс, 2000
6. ВВедение в специалность: Учеб.пособие для студентов пед.инс-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др. –М.: Просвещение.
7. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. –М.: Просвещение, 1990. -141
8.Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования. –Гомель, 1989. -90 с.
Аннотация – «латынша - ескертпең - кітаптың, ғылыми баяндама мен мақаланың мазмұнын, мақсатын, саяси – идеялық бағытын құндылығын түсіндіруге арналған қысқаша сипаттама. Аннотацияға назар аудару оқушылардың қажетті әдебиеттерді қателеспей таңдауына көмектеседі.
Аннотацияға мән беруге дағдылану, әсіресе, мұғалімдер үшін, өте пайдалы, олардың өз беттерінше білімдерін көтерумен қатар жеке пәндерді бағдарламадан тыс терең зертеп, оқып үйренулеріне жәрдемдеседі. Аннотацияға қарап әдебиет таңдау тәсілін меңгеруде мектеп пен кітапхана қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелінеді.
Педагогика
Ысқақов Жұмақан
Ысқақов Жәнібек
Шымкент 2004
Жоспар – белгілі бір жұмыстың алдын ала жасалған жобасы.
Конспект – бір нәрсені қысқаша жазылған мазмұны.
Қазақ тілінің сөздігі
Алматы 1999.
Конспект – белгілі бір шығарманың, лекцияның, сөйлеген сөздің және т.б. қысқаша мазмұны.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістері мен формалары.
Студенттердің ғылыми зерттеу және шығармашылық жұмыстары формасын әдістемелік мақсатта шартты түрде екі категорияға бөлуге болады.
-оқу процесіне ендірілген СҒЗЖ формалары;
-сабақтан тыс уақытта орындалатын СҒЗЖ формалары;
Оқу процесі рамкасында оқу жоспарына ендірілген СҒЗЖ-ң негізгі жұмыс істеп жүрген формасы оқу –зерттеу болып табылады.
Бұлар:
-курстық және дипломдық жұмыстарда ғылыми-зерттеу сипатындағы тапсырмаларды орындау;
-лабораториялық жұмыстар барысында зерттеу элементтері бар сипаттағы тапсырмаларды ендіру;
-педагогикалық практика барысында СҒЗЖ жасау ;
-берілген тақырыпта ғылыми рефераттар дайындау;
-оқу ғылыми семинарлар және тақырыптық оқу конференцияларын ұйымдастыру;
-шығармашылық ізденіс элементтері бар тапсырмалар,баяндамалар дайындау болып табылады.
Сабақтан тыс уақытта орындалатын ғылыми –зерттеу және шығармашылық жұмыстар формалары;
-студенттік ғылыми үйірмелердегі жұмыстары;
-шаруашылық –келісімдік,мемлекеттік –бюджеттік ,өндіріс орындары мен келісім- шарт жөніндегі жұмыстар;
-студенттік конкурстар барысындағы (СКБ)жұмыстар.
-техника,ғылым және мәдениет бойынша білімдерді таратудағы лекторлық оқулар.
-мектептердегі шефтік жұмыстар.
Студенттердің ғылыми –зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорытындылауда маңызды орынды көпшілік-ұйымдық іс-шаралары алады.
Олар:
-студенттердің ғылыми жұмыстары конкурстары;
-студенттердің ғылыми конференциялары;
-студенттердің ғылыми –шығармашылық жұмыстары көрмесі;
-әр түрлі пәндер бағытындағы олимпиадалар;
-СҒЗЖ жұмыстарының ең жақсы ұйымдастырылған (конференция) кафедраларының конкурсы.
СҒЗЖ кешенді жүйе ретінде талаптары мен негізгі принціиптеріне ұйымдастыру жоспары екі бөлімнен тұрғаны жөн,яғни жалпы университеттік масштабта,екіншісі- оқу конкурстары бойынша.
Бірінші және екінші конкурстағы жұмыстар мақсаты мен мазмұны студенттерге ғылыми жұмыстарды орындауға қажетті біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру,өз бетінше жұмыс жасау негіздеріне үйрету шығармашылық ойлауын дамыту.
Үшінші курста арнайы дайындықтар барысында ,өз беттерінше зерттеу және шығармашылық сипаттағы тапсырмалар орындауда арнайы зерттеу дағдыларының қалыптасуы,зерттеу әдістері технологиясы,зерттеуге қажетті құралдарды меңгеру және алынған нәтижелерді өңдеуді үйретеді.
Төртінші (және бесінші)курста қалыптасқан білім,біліктер мен дағдылардың жетілдіру,нақты мәселелерді шешуде шығармашылық бағыт ұстану өз бетінше шешім қабылдау алған білімдерін практикалық мақсатта пайдалану орын алады.Жоғарыдағылар тек студенттердің ұзақ уақыт аралығында өз бетінше ғылыми –зерттеу жұмыстарын жеке орындалатын тапсырмалар негізінде жүргізгенде ғана орындалады.
СҒЗЖ кешенді жоспары жасалғаннан кейін осы жоспар негізінде факультетте және кафедраларда олардың ерекшеліктеріне байланысты ғылыми –зерттеу жоспарлары жасалынуы тиіс.