Индуктивті жэне дедуктивті
¥қсастыру
Модельдеу
Болжау
Математикалық жэне статистикалық
Сонымен, теориялық зерттеу эдістері деректерді терең тал дауды, барлық жанамалықтан абстаркциялану, үдерісті «таз;і қалыпта» айқындау, онда мэнді заңдылықтарды ашуды көздейді
12-лекция Педагогикалық зерттеудің әлеуметтік әдістері. Жоспар: 1.Әлеуметтік әдістердің педагогикалық зерттеу үшін маңызы. 2. Іргелі әлеуметтану әдістері және оларды педагогикалық зерттеуде пайдалану. Іргелі зерттеу - оқыту мен тэрбие процесінің заңдылықтарын ашу, жаңа қүбылыстарды зерттеу, жаңалық ашуға, ғылыми білімді тереңдетуге бағытталады.
Іргелі зерттеулердің мақсаты педагогикалық құбылыстардың мэнін ашу, педагогикалық ақиқаттың терең де, тасада жатқан құпияларын, негіздерін табу, оған, ғылыми түсінік беру болып та-былады. Осындай зерттеулердің нэтижесінде оқыту мен тэрбие теориясы, мазмүн теориясы, эдістер мен үйымдастыру нысан-дарының теориясы жэне т.с.с қүрылады.
Іргелі зерттеулердің тағы бір мақсаты - элем туралы, оның мэңгілік элементтерімен бірге, жаңа білімді, рухани танымдык қүндылықтар туралы жаңа ілімді алу.
Іргелі зерттеулердің қүндылық өлшеуіштері - дэлдік, нақты-лық, нақты бір білім жүйесіне сэйкестілік.
Іргелі зерттеулер табиғаттың жаңа іргелі заңдарын ашуға, табиғи қүбылыстар арасындағы байланыстарды анықтауға жэне қүбылыстарды, процестерді, айғақтарды түсіндіруге бағытта-лады. Бүл жүмыстар негізінен академиялық институттарда жэне бас жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Іргелі зерттеулердің тікелей нэтижелері көбінесе абстрактілі сипатта болады, эйтсе де келешекте бүл зерттеулердің іс жүзінде колданылуы көптеген жағдайларда экономикалық тиімділік беретінінін атап өтуге бо-лады. Іргелі зерттеулердіц мысалдары ретінде А. Эйнштейннің салыстырымдылық теориясын немесе дифференциалдық жэне интегралдық есептеулер теориясын келтіруге болады.
Іргелі зерттеулерге жаңа білімдерді пайдалануға байланысты қандай да бір мақсат қоймайтын жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік немесе теориялық зерттеулер жатады. Олардың нэтижесі болжамдар, теориялар, эдістер, т.с.с. іргелі зерттеу-лер алынған ғылыми нэтижелерді іс жүзінде пайдалану мүм-кіндіктерін ашу үшін қолданбалы зерттеулер жүргізу туралы ұсыныс берумен, ғылыми жарияланымдар жасаумен аяқталынуы мүмкін.
Іргелі зерттеулердің нэтижелері тэжірибемен тікелей бай-ланысты мэселелерді шешетін қолданбалы зерттеулер үшін теориялық негіздемелер қүрады. Көбіне олар іргелі зерттеу-лермен бір кешенде жүргізіледі жэне олардың нэтижелері ір-гелі еңбектерде олардың қолданбалы бөлігі ретінде беріледі. Қолданбалы зерттеулер тэжірибенің нақты кемшіліктерін жоюға бағытталған. Алайда мүндай зерттеулердің мэні іргелі зерттеу-лерден кем болмайды.
Іргелі зерттеулер эдетте абстрактылы сипатқа ие гепоте-тикалық теориялық схема күрудан басталады. Жекелеген теория-лық ережелер тэжірибе арқылы тексеріледі. Осы негізде зерт-теу обьектісінің мэні туралы, ондағы қарым-қатынастар туралы теориялық түсінік алынады.
Бірақ зерттеудің түпкі мақсаты - нақты білім алу. Келесі ке-зең - бастапқы абстракцияны шынайы өмірге аудару жэне мэн мен мағынаның осы шынайы өмірден нақты көрінісін аңғару. Бүл мэннен мазмұннан құбылысқа, абстрактылықтан нақтылыққа апарар жол. Мысалы, «сабақ беру», «окыту» деген абстрактылы ұғымдарды бірдей ала отырып, біз педагогикалық шындықтағы оқу мен оқыту арасындағы қатынастардың өмір сүруінің нақты нысандарын тауып, сол арқылы нақты білім аламыз.