10-лекция Педагогикалық зерттеудегі негізгі ұғымдар, түсініктер мен терминдер жүйесі. Жоспар: 1.Тарихи-педагогикалық факт, құбылыс, үрдіс. 2.Педагогикалық көзқарас, ой, мұра. 3.Тарихи-педагогикалық ұғымдар, түсініктер, терминдерді қолдану жолдары. 4.Тарихи-педагогикалық зерттеудегі терминдер жүйесі: дерексіздендіру (абстрагирование); аксиоматикалық әдіс, амбиваленттілік, талдау, аксиология, антропология т.б. Ғылыми әдебиеттерді зерттеуде мына мәселелерге көңіл бөлген жөн. Автор-дың негізгі идеясы оның бағыты. Автордың жетістігі дәстүрлі позициядан ерекшелігі ол қандай үлес қосқан идеясының негізі.
Библиография ғылыми жұмыстың өте қысқа баяндалуы және конспекті-леуде қарастырылған әдебиеттердің негізгі пікірлері мен қағидаларын неғұр-лым кеңейтілген түрде жазып алу. Библиография құрастыру зерттеу мәселесіне байланысты іріктеліп алынған әдебтеттер тізімін дайындау. Ғылыми әдебиет-термен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол үшін ақпарат көздерін білу керек. Ғылыми ақпарат көздерінің ек түрі бар:
1) Құжаттық.
- аудивизуалдық (видео, фотоқұжат)
-ғылыми (монография, конференция, симпозиум, компендиум, диссертеция және т.б.)
-ғылыми-көпшілік (ғылыми-танымдық әдебиет) журналдар т.б.
-анықтамалар (сөздіктер, энциклопедия)
-оқу (оқулықтар, оқу құралдары, жаттығу, есептер жинақтары, хрестоматия және т.б.)
2) Ақпараттық-библиографиялық
- библиографиялық көрсеткіш;
- библиографиялық шолу;
- библиографиялық құралдар;
-журнал және газеттерге библиографиялық қосымшалар;
-интернет;
-мамандандырылған ақпараттық-ізденушілік жүйелер.
Жоғарыда аталған әрбір ұғымның мәніне тоқталып өтейік:
Монография-толық, жүйелі баяндалған ғылымның негізгі мәліметтері, бір мәселені зерттеу немесе автордың ғылыми жұмысының тақырыбы баяндалған кітап немесе кітапша түріндегі ғылыми басылым, ғылым немесе оның белгіленген салаларының даму болашағы туралы өзекті және іргелі ғылым мәселесін қорытындылау, жаңа болжамдар ұсыну мен оларды шешу тәсілдерін талдау, толық және жүйелі зерттеу нәтижелеріне, соның ішінде автордың да зерттеулеріне сүйенген ғылыми еңбек;
-Ұжымдық монография –пікірлес- авторлар ұжымымен жазылған жалпы концептуалды бағыттағы басылым;