Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет23/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Өзіндік сұрақтар:

  1. Сүйекті балықтардың жалпы сипаттама

  2. Сүйекті балықтардың систематикасы

  3. Сәулеқанатты балықтар класс тармағының құрылыс ерекшелігі

  4. Сәулеқанатты балықтар класс тармағының систематикасы.

  5. Ескекқанатты балықтар класс тармағының құрылыс ерекшеліктері

  6. Қостыныстылардың құрылыс ерекшеліктері

  7. Саусақ қанатты балықтардың құрылыс ерекшеліктері




6-лекция. Тақырыбы: Класс үсті төртаяқтылар. Қосмекендiлер класы (Amphibia)


Түйінді сұрақтар
1. Қос мекендiлерге жалпы сипаттама
2. Қос мекендiлердiң құрылысы, қаңқасы, көбеюi
3. Қос мекендiлердiң систематикасы, негізгі отрядтары


Лекция мәтіні: Құрылықта тiршiлiк етушi алғашқы омыртқалылар қосмекендiлер болған. Олар пайда болғанға дейiн жерде судың омыртқалылары – балықтар тiршiлiк еткен. Қазбадан табылған ертедегi балықтардың арасынан саусақ қанатты балықтар белгiлi. Ендеше девон дәуiрi кездерiнде (шамамен 400-500 млн бұрын) алғашқы қосмекендiлер (стегоцефальдар) саусақ қанатты балықтардың ертедегi тегiнен шыққан деп болжайды. Қосмекендiлер құрлыққа шығуымен қатар сумен де байланысын жоғалтпады және толығымен құрылық жануарына айналған жоқ. Қосмекендiлердiң гректiң “амфибиос” деген сөзiнен олардың өз тiршiлiгiнде тек құрлықпен ғана емес, сонымен бiрге сулы ортамен де байланысты екендiгiн көрсетедi. Бұл байланыс олардың тiршiлiк әрекеттерiнен көбею, даму және дене құрылыс ерекшелiктерiнен айқын көрiнедi. Қосмекендiлер тұзды суларда өмiр сүре алмайды[1].
Құрылысы. Ересек түрлерiнiң денесi бас, дене және екi жұп аяқтан тұрады. Қосмекендiлер жартылай тiршiлiк етуiне байланысты балықтармен салыстырғанда жақсы жетiлген. Бас-мойын бөлiмiнiң бiр ғана омыртқасы арқылы дене омыртқасымен жалғасады. Соның нәтижесiнде бас қозғалмалы болып, азықтарын тез ұстауға мүмкiндiк бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет