Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет21/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Саусақ қанатты балықтар отряды (Grossopterygii). Саусақ қанаттылар - өте көне, толығымен құрып бiткен балықтардың ерекше тобы. Девон мен Карбон дәуiрлерiнде тiршiлiк етiп, мезозой дәуiрiнде олардың түрлерi азайып, кеңiнен таралған жерлерi тарылып ”тiрi қазбалыға” айналады. Демек балықтың түрiн жойылып кеттi деп есептедi. Бұл таңғажайып балықты ең бiрiншi рет 1938 жылы 400-1000 м тереңдiктен 10-140 судың температурасында Үндi мұхитынан африканың оңтүстiк жағалауынан ұстады. Содан кейiн оны латимерия (Latimeria Chalumnae) деп атады. Екiншi рет 1925 жылы және 1954 жылы сол Үндi мұхитының аралдарынан ұстаған. Қазiргi жағдайда саусаққанаты балықтар – латимерия коморск аралдарында (Мадагаскардан алыс емес) тiршiлiк ететiндiгi анықталып отыр. Олардың ұзындығы 100-180 см, салмағы 25-80 кг, нағыз iрi қабыршақтары бар, қуатты жұп жүзгiш торсылдақтары тыныс алуға бейiмделген. Саусақ қанатты балықтардың қос тынысты балықтар сияқты желбезектерiмен қатар өкпелерi болған, олар өзгерiске ұшыраған, соның нәтижесiнде iшкi танау тесiктерi жоқ, ауадағы оттегi мен тыныс ала алмайды. Латимерия – жыртқыш, басқа балықтар мен қоректенедi. Саусақ қанатты балықтардан девон дәуiрiнiң ортасында ұзақ уақыт өткен табиғи сұрыптаудың нәтижесiнде ең бiрiншi рет құрылықта тiршiлiк етуге бейiмделген омыртқалы жануарлардың өкiлi құрылысы жағынан қарапайым қосмекендiлер келiп шықты – стегоцефала.
Балықтар теңiздерде, тұщы суларда, ыстық қайнарларда және жерасты үңгiрлердегi көлдерде тiршiлiк ететiн көне омыртқалы жануарлар. Балықтардың бiреуi судың үстiңгi қабатында тiршiлiк етсе, басқалары судың терең астында, ал тiптi судың терең түбiнде де тiршiлiк ететiн балықтар бар. Тiршiлiк ортасына байланысты олардың дене пiшiнi де алуан түрлi болады. Денесi үлкен қабыршақпен жабылған, екi бүйiрi қысыңқы болып келедi. Реңi де сол тiршiлiк ортасына тiкелей байланысты болады. Күн жарығы мол түсетiн судың үстiңгi қабатындағы балықтардың реңi мөлдiр, жоны мен бауырының әр түстi болатындығы белгiлi. 150-480 метрге дейiнгi тереңдiкте күмiсше жылтыраған балықтар тiршiлiк етедi. Ал күн сәулесi нашар өтетiн, әсiресе қызыл сәуле түспейтiн су тереңдiгiндегi балықтардың көпшiлiгi қызыл және қызыл сары түске боялған. Су тереңдiгiндегi балықтардың көпшiлiгi қызыл түстен басқа, күлгiн және қара түстi болып келедi. Балықтар өсiмдiк тектес азықтармен, омыртқасыз жануарлар мен қоректенедi. Жыртқыш өкiлдерi ұсақ балықтарды ұстап жейдi, кейде өздерiнiң туыстарын да жей бередi. Теңiздегi қоректiк байланыстар тiзбегiнде сүтқоректiлер үшiн балықтар негiзгi азықтық қор. Мысалы, балықтар морждар, тюлендер, теңiздiң ит мысығы (котик), тiстi киттер, сол сияқты олар мен су жануарлары – құндыздар, норкалар және кейбiр жыртқыштар – қасқыр, аюлар қоректенедi. Балықтар мен медузалар, басаяқты моллюскалар, шаянтәрiздiлер, тiкенектiлер қоректенедi. Өлген балықтарды шаяндар да жейдi. Балықтарды және олардың уылдырықтарын қосмекендiлер, бауырымен жорғалаушылар (жыландар мен крокодилдер), су құстары тамақ ретiнде пайдаланады. Балықтар сорғыш және таспа паразиттiк құрттардың аралық иесi қызметiн атқарады.
Қазақстанның табиғат қорғау “Қызыл кiтабына” балықтың 4 түрi тiркелдi: Сырдария тасбекiресi, Каспий албырты, арал албырты, шортан тәрiздi ақмарқа (Лысач).
Балықтарды қорғау. Дүние жүзiнде балықтың 20 мыңға жуық түрi бар. ТМД суларында барлық түрi 1500-дей деп саналса, соның 250-300 дейiнің кәсiпшiлiк маңызы бар. Қазiргi кезде дүние жүзiнде жылына 70 миллион тонна балық ауланса, соның 10% ТМД елiнiң үлесiне тиедi. Жалпы бекiре тұқымдас балықтың 95-97 %-i ТМД территориясындағы сулардан ұсталады. Бiзде ақсаха (саг) бекiре, хамса, табан, сазан, камбала балықтарының қоры мол.
Қазiр әр түрлi елдерде адамға қажеттi белоктiк заттар арасында балықтан жасалған тағам үлесi 17%-тен 83%-ке дейiн деп саналады. Көптеген елдердiң экономикасында балықтың алатын орны ерекше.
Сулы өңiрлерде таралған балықтың iшiнде Қазақстанда 150-ден астам түрi кездеседi. Олардың iшiнде сазан, көксерке, табан, ақмарқа сияқты бағалы түрлерi бар. Қазақстан балық шаруашылығы жөнiнен РСФСР-дан кейiнгi екiншi орында келедi.
Кейiнгi он жыл iшiнде ең бағалы кәсiпшiлiк маңызы бар (қортпа, бекiре, албырт туыстары) балықтардың қоры күрт азаюда. Балықтардың қорының азаюына әсерiн тигiзген көптеген факторлардың iшiнде мыналарды атауға болады.
Есепсiз аулау – бұл құбылыс көпшiлiк теңiздер мен iшкi су көздерiнде кеңiнен таралған. Есепсiз аулау салдарынан есеймеген жас балықтарды аулап, олардың популяциясына әсерiн тигiзiп, сандарының өсуiне кедергi жасап, тiптi сол түрдiң құрып кетуiне себепшi болады. Балық шаруашылығының ең басты мiндетi есепсiз аулаумен күрес жүргiзу.
Суды лайлау мен уландыру да балықтардың қорына керiсiнше әсерiн тигiзедi. Теңiз және тұщы су қоймаларының әртүрлi заттармен ластануы қазiргi жағдайда кең өрiс алып келедi. Әсiресе өндiрiс орындарының құрамында ауыр металдардың тұздары, синтетикалық жуу құралы, радиоактивтi қалдықтар мен мұнайы бар сулармен таза суларды ластау онда тiршiлiк ететiн балықтар үшiн өте қауiптi. Кейiнгi жылдары ағын суларды тазалау, ластаттырмау бағытында көптеген жұмыстар жасалуда, деседе, алдағы уақытта да бұл бағытта iстейтiн жұмыстар да көп-ақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет