Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет25/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Тыныс алу жүйесi. Ересек кезiнде олар өкпесi мен терiсi арқылы тыныс алады. Өкпесi-крегесi ұсақ, жұқа ұя тәрiздi қуыстардан екi қалтаға ұқсайды. Өкпесiнiң толық жетiлмеуiне байланысты терi арқылы тыныс алу терi артерияларының капиллярлары арқылы iске асады. Мысалы, жасыл бақалардың терiсi қанның тотығуына қажеттi оттегiнiң 51 процентi енсе, қалған 49 процентi өкпе арқылы өтедi. Организмнен бөлiнетiн көмiрқышқыл газының 86 процентi өкпе арқылы, қалған 14 процентi өкпе арқылы бөлiнедi. Демек терiнiң тыныс алуының маңызы зор. Ол арқылы бақа тыныс алатын ауаны iшке таратады және сыртқа шығарады. Бақаның танау тесiгi ашылып, жабылып тұрады. Бақаның көкiрек клеткасы және қабырғалары болмайды. Ауа бақаның өкпесiне, басқа жануарлардағы сияқты көкiрек клеткасының кеңеюi арқылы кiрмейдi, танау тесiгi арқылы кiредi.
Қосмекендiлердiң суда тiршiлiк ететiн личинкалары сыртқы желбезек және терiсi арқылы тыныс алады. Үнемi суда тiршiлiк ететiн құйрықты қосмекендiлерде желбезек өмiр бойы сақталады, ал көптеген түрлерiнде кейiнiрек желбезек жойылып кетедi. Сайып келгенде тыныс алу жүйесiне келгенде қосмекендiлер балықтарға жақын.
Зәр шығару жүйесi. олардың зәр шығару мүшелерi жас ерекшелiктерiне қарай құрылысы өзгергiш келедi. Мысалы, ұрықтың алғашқы даму кезiнде пронефрос, ал ересек кезiнде мезонефрос зәр шығару мүшелердiң қызметiн атқарады. Зәр заты алдымен клоакаға, одан кейiн қуыққа жиналады. Жиналған зәр заты қайтадан клоакаға содан кейiн сыртқа шығады. Ыдыраған заттардың аздаған бөлiктерi терi арқылы да бөлiнедi.
Ас қорыту жүйесi. Қосмекендiлердiң негiзгi қорегi жануар тектес болады, оның iшiнде омыртқасыздар басым болып келедi. Бақалар өздерiнiң жалпақ та, жабысқақ тiлiмен қозғалып жүрген омыртқасыздарды тез ұстап алады. Барлық қосмекендiлердiң тiлiнiң үстiңгi бетiнен, желiм сияқты шырын бөлiнедi. Осы шырынның жәрдемiмен ұсақ жануарларды қорек етедi.
Тiстерi ұсақ бiркелкi үстiңгi жақ сүйектерiне, ал кейбiр түрлерiнде төменгi жақ сүйектерiне орналасқан. Кейбiр түрлерiнде (құрбақаларда) тістерi болмайды. Ас қорыту жүйесi ауыз қуысынан басталып жұтқыншақ қуысына жалғасады. Жұтқыншақ арт жағынан тарылып өңешке айналады. Ауыз-жұтқыншақ қуысына жалғасады. Ауыз-жұтқыншақ қуысына сiлекей бездерiнiң де жолдары ашылады. Lшектiң үстiнде жабысып ұйқы безi жатады. Бауыры үлкен, оның үстiнде өт орналасқан. Өт түтiгiне, ұйқы безiнiң жолыда келiп ашылады. Өңеш қарынмен жалғасады, қарын iшекпен тура iшекпен жалғасады.
Тiк iшек айқын ажыратылған, ол клокаға ашылады. Клоака арқылы нәжiстен басқа зәр және жыныс өнiмдерi сыртқа шығарылады.
Көбеюi. Аталық жыныс бездерi (семенники) бүйректiң жанында жатады. Тұқым безiнiң үстiнде белгiлi бiр пiшiнi жоқ, сары түстi майлы дене жатады. Бұлар ұрықтың, оның iшiнде дамитын сперматозоидтың қорегi болып саналады. Жыныс бездерiнiң жолдары бүйректiң алдыңғы бөлiмi арқылы өтiп, вольвоф каналына жалғасады, сөйтiп ұрық зәр шығару жолы арқылы клоакаға жиналып, одан әрi сыртқа шығады. Бұдан еркектердiң зәр шығару мен Ұрық жолының қызметiн бiр ғана канал – вольвоф каналы атқаратынын көруге болады.
Аналық жыныс безi жұп, оның үстiнде майлы дене жатады. Уылдырық шашатын мерзiмде аналық жыныс бездерiнiң мөлшерi артады. Жетiлген жұмыртқалар дене қуысына түсiп, одан воронка тәрiздi бiр жұп жұмыртқа жолына – мюллеров каналдарына өтедi. Уылдырық мюллеров каналдары арқылы сыртқа шығады. Жұмыртқа жолы ұзын, оның алдыңғы бөлiмi – клоакаға ашылады.
Ұрықтану көпшiлiк жағдайда сыртта судың iшiнде өтедi. Көпшiлiк қосмекендiлердiң ұрықтану кезiнде еркегi ұрғашысына асылып, алдыңғы аяғымен ұрғашысының құрсағын қысып, уылдырықтың суға түсуiне себеп тигiзедi де, сол сәтте еркегi уылдырықты ұрықтандырады. Кейбiр түрлерiнде (тритондарда) еркегi спермаларын арнайы қапшықшада (сперматофорда) жинап, содан кейiн ұрғашысы клоакасының шетiмен жинап өзiнiң ұрық жолына кiргiзiп алады. Бұл жағдайда ұрықтану ұрғашысының iшiнде болады. Көпшiлiгiнде жыныс диморфизмi жақсы дамыған(түсi-реңi, алдыңғы аяғында сүйелiнiң болуы т.б. белгiлерi), кейбiр түрлерiнiң еркегi ерекше қатты дыбыс бередi, ол дыбыс қапшығы-резонаторлардың арқасында шығады.
Дамуы. Қосмекендiлердiң сумен байланыстылығы көбею кезiнде өте айқын көрiнедi. Олар уылдырықтарын суға салады, уылдырықтардың дамуы суда өтедi. Ұрықтанғаннан кейiн мөлдiр қабықтары iсiнедi де, бiрiне-бiрi жабысады да, үлкен түйiр пайда болады. 2-3 аптадан соң уылдырықтан бақаның личинкасы – итшабақ шығады. Итшабақ өз өмiрiнiң алғашқы күндерiнде жүзбейдi (аяқтары болмайды) және қоректенбейдi, өйткенi оның әлi ауызы болмайды. Бiрнеше күннен кейiн мүйiз жақтары бар ауыз пайда болады. Судың астындағы өсiмдiктердi кемiредi. Ең алғаш алдыңғы аяқтары негiзделедi, бiрақ ол сыртында көрiнбейдi, сондықтан сыртқа бiрiншi рет артқы аяқтары шығады. Итшабақ өзiнiң алғашқы кезеңдерiнде ұзын құйрықты, басының екi жағында сыртқы желбезектерi болады.Бұл кезде итшабақ балыққа өте ұқсас келедi. Оның дене пiшiнi балықтың денесi тәрiздi, желбезектерi бар, жүрегi екi бөлiмнен, қозғалу қызметiн құйрығы атқарады, оның тiптi бүйiр сызығы да бар. Сөйтiп бақа өзiнiң дамуында қосмекендiлердiң балықтан шығу тарихын қысқаша түрде қайталайды[4].
Дамудың барысында желбезек саңылаулары аздап бiтеле бастайды, мұнымен бiр мезгiлде өкпелерi дамиды (iшек өсiндiлiлерiнен) өкпелердiң дамуына қарай қан айналыс жүйесi де өзгередi. Қан айналысының екiншi шеңберi түзiледi. Перде жүрек құлақшасын екi жартыға бөледi, ендi жүрек үш бөлiмнен тұрады. Аяқтары өсiп жетiледi. Итшабақ аяқтарының көмегiмен басқаша жүзе бастайды. Құйрығы барған сайын кiшiрейе бередi. Ақыр соңында, өте кiшкентай бақалар жағаға жорғалап шығады, құйрығының қалдығы бiраздан кейiн ол да жоғалады. Итшабақ кiшкентай бақаға айналады. Ол кезiнде шөп тектес заттармен қоректенсе, олар жануар тектес азықтармен қоректенедi. Итшабақтың дамуы судың температурасына байланысты 2-3 айға созылады. Өмiр сүру ұзаєтығы табиғатта онша ұзақ емес, өйткенi табиғаттың қолайлы жағдайынан уылдырықтың даму кезiнде шығын көп болады. Сол сияқты жыртқыштардан және паразиттерден де азап шегетiнiн айту керек. Табиғатта олар онша көп жасамайды, ал қолда террариумда 10-15 жыл өмiр сүредi. Мысалы, құрбақа –20жыл, бақа –10 жыл тiршiлiк етедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет