Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет26/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Систематикасы:
Класс үстi төртаяқтылар – Tetrapoda
Қосмекендiлер класы - Amphibia
Жiңiшке омыртқалылар класс тармағы – Lepospondyli
Аяқсыздар отряды – Apoda
Құйрықтылар отряды - Caudata
Доға омыртқалылар класс тармағы - Apsidospondyli
Құйрықсыздар отряды - Anura

Аяқсыз қосмекендiлер отряды. Жер астында тiршiлiк етуiне және жердi қазуына байланысты, дене құрылысы өзгерген құрттар тәрiздi кiшкентай топ жануарлар. Көпшiлiк түрлерiнiң денесi жауын құрттарына (сақиналы) ұқсайды. Аяқтары жоқ, терiсiнде терi бездерi көп болады. Құртша (червяк) деп аталатын бiр ғана тұқымдасы бар. Ол Оңтүстiк Америкада таралған,ұзындығы 40 см болады. Дымқыл жерлердi 50см-ге дейiн қазып, сол жерде тiршiлiк етедi. Аяқсыздар iндерге, түбiрдiң түбiне 10-20 шақты жұмыртқа салып көбейедi. Жұмыртқадан шыққан личинкалар, суға барып дамуын аяқтайды. Ұрықтануы iште болады.


Құйрықты қосмекендiлер отряды. Бұл отрядқа саламандрлар, тритондар, протейлер (олар желбезегi бар, көздерi жоқ, үңгiр су қоймаларында кездеседi), сирендер(желбезегi бар, бiрақ артқы аяқтары жоқ) жатады. Көпшiлiк құйрықты қосмекендiлер Солтүстiк Америкада таралған. Олардың денесi бас, дене және құйрық бөлiмдерiне бөлiнген. Өмiрiнiң көпшiлiк уақытын суда өткiзедi. Алдыңғы артқы аяқтарының ұзындығы бiрдей. Бiзде кәдiмгi тритон және жалпы тритондар кездеседi. Бұлар жаз айларында шағын ақпайтын, ақса баяу ағатын өсiмдiгi мол суларды мекендейдi. Күзге қарай тритондар судан шығып, ағаштың түбiне, тастың астына, жердiң жарығына кiрiп паналайды. Қыста құрғақ түбiрлердiң, құлаған ағаштардың астына қыстап шығады. Көктемде қайтадан су қоймаларына оралады. Көбеюi мен личинкаларының дамуы суда өтедi.
Кәдiмгi саламандрлар тритондарға қарағанда тiршiлiгi сумен онша байланысты емес. Күндiз ағаш тамырларының, тастың астында және iндерде болады. Саламандрлар желбезегi бар балаларын тiрi туады, кейде суға уылдырықтарын шашады, одан личинкалар шығады.
Сирендер Солтүстiк Америкада кездеседi. Артқы аяқтары жоқ. Денелерi қзынша, 60-70 см болады. Батпақты жерлерде түбiрдiң астын мекен етедi.Протейлер Балқан түбегiнiң жер асты суларын мекендейдi. Аяқтары кiшкене жүруге жарамайды. Денесiнiң ұзындығы 25-35см болады. Жұмыртқа салу арқылы көбейедi, Балқан протейлерi тiрi де туады. Жетiсу аяқтыбалығы Қазақстан қызыл кiтабына енген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет