Гидротехникалық құрылыстар. Өзендерде ретсiз тоғандар салуда балықтардың санының өсуiне керiсiнше әсерiн тигiзедi. Өзен бойына салынған тоғандар уылдырық шашуға аттанған балықтарға кедергi жасап, дер кезiнде белгiлi бiр жерге уылдырығын шаша салмайды, сөйтiп балықтардың табиғи көбею процесiне кедергi жасайды.Бұл салада да бiраз жұмыстар жасалынды, шаралар қолданылды. Мамандардың пiкiрi бойынша ондай тоғандарды балық өсiретiн балық зауыты орналасқан жерлерге жақын жасаған жөн дейдi, себебi тоғанға келiп тоқтаған ұсақ шабақтарды ұстап алып пайдалануларына болады.
Тоған салған жерде судың да деңгейi тұрақты болмай, бiрде жоғары, бiрде төмен түсiп балықтардың тiршiлiгiне қолайсыз жағдайлар туғызады. Мысалы, судың деңгейi 8 метрге дейiн көтерiледi. Ондай жағдайда тоғандар биогендiк заттарды ұстап қалып, фитопланктондармен басқа организмдердiң дұрыс дамуына жағдайсыз болып, нәтижесiнде балықтардың тамақ қорын азайтады.
Тұщы өзен суларының теңiзге аз мөлшерде құйылуы, теңiз суының тұздылығын арттырып, онда тiршiлiк ететiн балықтардың өмiрiне қауiп туғызуда.
Өзендердiң де таяздауы балықтар қорына әсерiн тигiзедi, санын азайтады. Өзендердiң таяздау себептерi көпшiлiк жағдайда суландыру мақсатында болады. Өзендердiң суының деңгейiн көтеру үшiн көптеген шешiмi табылмаған шаралар ойластыруда. Егер де өзен мен мұхит суларының деңгейiн көтеретiн болса, ол тек балықтар үшiн ғана емес, шаруашылығына, жергiлiктi ауа-райына, тағы басєа да шаруашылықтарға маңызы зор.
Тұщы су балықтарын қорғаудағы ең маңызды мәселе олардың уылдырық шашатын жерi, қыстайтын шұңқырларын қорғау және қыста қатып қалмау шараларын ұйымдастыру қажет. Су қоймаларының балық өнiмiн арттыру үшiн балықтарды жерсiндiру жұмысын жүргiзу қажет және балықтың негiзгi қорегi жануарлар мен өсiмдiктердi де жерсiндiру керек.
Әсiресе iшкi су қоймаларындағы балықтардың қорын көбейтуге және оларды қорғауға ерекше көңiл бөлiп отыр. Жыл сайын өзен мен көлдерде миллиардтан артық өте бағалы балық түрлерiнiң шабақтарын (мальков) жiбередi., оның iшiнде 100 миллионнан артығы бекiре балықтары. Елiмiзде кейiнгi үш жыл iшiнде балық өсiретiн зауыттар саны өсуде, 18 балық өсiретiн зауыт жұмыс iстеуде. Алдағы уақытта балық өсiретiн зауыттар санын көбейту көзделiп отыр.
Өлкемiздегi теңiздерiмiз, көлдерiмiз бен өзендерiмiзде бағалы кәсiптiк балықтарды өсiруге мүмкiндiк туғызып, оларды көптеп аулау да негiзгi мiндеттердiң бiрi. Балық – халық байлығы. Оның қорын молайтуға қамқорлық жасау-балық қорғау инспекциясының, балық аулаумен шұғылданатын кәсiпорындардың, су шаруашылық орындары басшыларының абройлы iсi. Бұл маңызды iске бүкiл жұртшылық белсене қатысуға тиiс. Ол үшiн ең алдымен балық шаруашылығы мықты өндiрiстiк негiзде құру, су қоймаларын ластаудан қорғау және аулауға тиым салынған балықтарды аулауға қарсы күрес шараларын жүргiзу қажет.
Миграция (қоныс аудару). Көптеген балықтар өз өмiрiнiң iшiнде қоныстарын өзгертiп бiр орнынан екiншi орынға ауысып отырады, тiптi көбiне алыс жерге кетiп қалады. Мысалы, уылдырықтарын шашуға бiр жағдай керек болса, қоректенуi үшiн екiншi жағдай ал қыстан шығуы үшiн үшiншi жағдай керек етедi. Мiне, осындай тiршiлiк әрекеттерiне қолайлы жағдай iздестiрiп, балықтардың орнын ауыстыруын –миграция деп атайды. Балықтардың көпшiлiгi уылдырқ шашады. Балықтардың барлығы бiрдей уылдырықты тiршiлiк ететiн жерлерiнде шашпайды. Олар уылдырық шашу кезiнде үйiр құрады, ол көбiне өте көп болады. Теңiз балықтарының көптеген түрлерi уылдырық шашу кезiнде жағалауларға, тайызырақ жерлерге келедi. Балықтардың өзендегi түрлерi уылдырық шашу үшiн ағысқа қарсы жоғары көтерiледi. Теңiзде тiршiлiк ететiндерi, уылдырық шашу үшiн өзендерге шығады. Көптеген өрiстегiш балықтар өзендi бойлап алысқа кетедi (мысалы, ақ балықтар). Мұндай өрiстеу кезiнде балық, әдетте жем жемейдi мықтап арықтайды. Балықтардың кейбiр түрлерi өз өмiрiнде бiр рет ғана уылдырық шашады. Мысалы, қара қылыш балық уылдырық шашқаннан кейiн ол өледi. Қысқа қарсы көптеген балықтар жаңа орынға ауысады. Балықтардың көпшiлiгi қысқа қарай су температурасы төмендеген сайын, қимылдары баяулап, тiптi қалғып, шала ұйқыға кетедi. Бұл кезде өздерiнiң жайылып жүрген жерлерiнен қыстап шығуға ыңғайлы ықтасын жерлерге жиналып, шұңқырлау жерiн, таңдап алып, соған қыстап шығады. Мысалы, Мекiре өзендерге шығады, терең жерлерге жиналып алып, бүкiл қыс бойы су түбiнде қозғалмастан жатады. Жайын, сазан және өзен балықтарының түрлерi де күздiгүнi судың терең жерлерiне жиналып қысты ұйқымен өткiзедi. Бекiре жайық өзенiнiң шұңқырларында қыстап шығады. Азық iздеп орын ауыстыру барлы балықтарға тән сипат.