Лекциялар жинағы шымкент 2019


Ескекқанатты балықтар класс тармағы



бет20/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Ескекқанатты балықтар класс тармағы –(Sarcopterygii) Бұл класс тармағына жататын балықтар белгiлi бiр белгiлерi арқылы сүйектi балықтар класына жатады. Бiрақ олардың қарапайым жете дамымаған мүшелерi (хорда, омыртқалар, iшектерiндегi қатпарлар т.б.) бар. Осы белгiлерiне қарап қауырсын қанаттылар мен қалаққанаттылардың силур дәуiрiнiң соңында тiршiлiк ететiн көне сүйектi балықтардан шыққан тегiнiң бiр екенiн көрсетедi. Бiрақ екеуiнiң эволюциялық даму жолы девонның бас кезiнде екi бағытқа ажырап, әрқайсысы өз бетiмен дамиды.Мысалы, қалаққанатты балықтар қарапайым жете дамымаған белгiлерiн сақтап оларда қуатты күштi ұзын қозғалғыш сүйегi бар тiреуiш қалақшасы, жұп жүзгiш қанаты күштi дамыған, торсылдағы пайда болады, ол арқылы сыртқы танаудан ауа кiрiп тыныс алуына себебiн тигiзедi. Бұл көне қалаққанатты балықтар (онша үлкен емес) көлемi кiшiрек тұщы суларда тiршiлiк еткен және әртүрлi себептердiң әсерiнен (сулардың кеуiп қалуы, сапасының төмендеуi, ауа мен қоректiк заттардың жетiспеуiнен т.б.) қуатты ұзын қозғалғыш сүйегi бар тiреуiш қалақшаларының жәрдемiмен және тыныс алуына ауаны пайдаланып жиекке шығып, одан екiншi бiр су қоймаларына кеткен. Бұл класс тармағы екi отрядқа бөлiнедi: саусаққанатты балықтар және қостынысты балықтар.
Қос тынысты балықтар отряды.(Dipneustomorpha). Бұл балықтар эволюциялық даму барысында саусақ қанатты балықтардан шыққан. Олар девоннан бастап перм дәуiрiне дейiн кең көлемде тараған, кейiнiрек саны азайып сирек кездескен. Қазiргi жағдайда дүние жүзiнде тек алты-ақ түрi тiршiлiк етедi: австралиялық бiр түрi, африкандық төрт түрi және оңтүстiк-американдық бiр түрi.
Австралиялық рогозуб Австралияның өзендерiнде тiршiлiк етедi. Батпаққа кiрмейдi, қысқы ұйқыға кетпейдi. Судың беткi қабатына көтерiлiп ауамен тыныс алады. Тропиктiк Африкаға тараған протоптерилер, оңтүстiк Американың Амозонка өзенiнде атқарған Лепидосирендер тiршiлiк еткен сулары кеуiп қалса, батпаққа кiрiп алып тiршiлiгiн сонда өткiзедi. Қостынысты балықтар (двоякодышащие рыбы) iрi, ұзындығы 1,7 –2 м дейiн болады. Олар не болса соны талғамай жей бередi, су түбiндегi омыртқасыздармен өсiмдiктермен қоректенедi. Қаңқалары шемiршектен болады. Олардың ең негiзгi бiр ерекшелiктерi желбезегiмен қоса тыныс алатын өкпе қапшығы болады. Австралиялық түрде бiр өкпе болады да, қалған түрлерiнде жұп болады. Оларда жүрек екiге бөлiне бастайды, нәтижесiнде қос мекендiкiлердiкiне сияқты оң және сол жақ жүрекшелер пайда болады. Өкпеде оттегiмен қаныққан қан жүрекке барады. Бұларда тайыз суларда, кейде мүлде құрғап қалатын шалшық суларда да тiршiлiк етедi және сусыз ұзақ уақыт ауаны пайдаланып су түбiн қазып батпаққа енiп өкпесiмен тыныс алып жата бередi. Жауын көбiрек жауған мезгiлде батпақтан қайта шығып судағы тiршiлiгiн бастайды. Көбеюi уылдырықтарын шұңқырларға немесе су түбiндегi iндерге шашады. Дамуы метаморфозды. Көне қос тынысты балықтар бiр судан екiншi суға жақсы дамыған жұп жүзу қанаттарының жәрдемiмен еркiн көшiп отырғанға ұқсайды. Мүмкiн, саусақ қанатты балықтардың ұрпақтары сулардың арасындағы тiршiлiкке қолайлы сусыз құрғақ жерлердi пайдалануға бейiмдiлiрек болуы ықтимал. Мiне, сол эволюциялық дамудың барысында девонда қос мекендiлердiң алғашқы өкiлдерiн бердi. Қос тынысты балықтардың құрылысы және тiршiлiгiн зерттеу, балықтардың қос мекендiлерге айналуын түсiндiруде дұрыс бағыт бередi[4].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет