Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi


Ондық бөлшектерді қосу және азайту



бет15/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   128
Байланысты:
Лекциялар жинағы -11

Ондық бөлшектерді қосу және азайту.Ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылған сан болғандықтан, оларды қосу натурал сандарды қосу сияқты орындалады. Ондық бөлшектердi қосу амалы қалай орындалатынын негiздеу үшін ондық бөлшектердi жай бөлшектер түрiнде жазып‚ қосу амалын орындайды. Қосынды қайтадан ондық бөлшекке айналдырылады.
Мысал..
Демек‚

Осындай бірнеше мысалды оқушылар өз бетінше орындағаннан кейін, өздері ондық бөлшекті ондық бөлшекке қосуды ережесін біледі.
Ондық бөлшектердi қосқанда:
1) қосылғыштардың үтiрлерiн бiр-бiрiне дәл келтiрiп жазу ондық бөлшектердi қосудың басты қажеттi шарты;
2) сол кезде аттас разрядтар мен аттас үлестер бiрiнiң астына бiрi дәл келiп, оларды баған түрiнде қосуға мүмкiндiк болады;
3) сонан соң натурал сандарды баған түрiнде қосу сияқты қосылады;
4)қосындыда үтiрдi берiлген бөлшектердегi үтiрдiң астына келтiрiп қою керек.
Оқушыларға тағыда бiр ерекшелікті аша кету қажет: Ондық бөлшектi қосу үшiн үтiрден кейiнгi ондық таңбалар санын теңестiру – жай бөлшектердi ортақ бөлiмге келтiру болып табылады.
Ондық бөлшектердi қосуда қосудың ауыстырымдылық және терiмдiлiк қасиеттерi орындалады. Осы қасиеттердi пайдаланып ондық бөлшектердi қосуды жеңiлдетiп есептеуге болатындығы айтылады.
Мысал. 2,3+5,81+6,7=(2,3+6,7)+5,81=9+5,81=14,81.
Бөлшектердi қосуда қосудың терiмдiлiк қасиетi пайдаланылған.
Ондық бөлшектердi азайтуда да ондық бөлшектердi қосудағы сияқты үтiрдi үтiрдiң астына тура келтiрiп жазу керек, сонан соң ондық үлес таңбалар сандарын теңестiрiп, азайғыш ондық бөлшектен азайтқыш ондық бөлшектiң сәйкес ең төменгi (аз) үлестерiнен бастап жоғары үлестерiне қарай разрядтары бойынша азайтуды орындайды.
1-мысал: 18,45-9,76=8,69

Мұның да негiздемесi жай бөлшек арқылы көрсетiледi:
.
Егер азайғыш натурал сан болса, онда натурал саннан кейiн үтiр қойып, қажеттi нөлдер санын тiркеп жазып алып, азайту орындалады.
2-мысал. 67-45,63=21,37

Негiздемесi:
.
Ондық бөлшектерді қосу және азайту амаладрын оқып-үренуден күтілетін нәтижелер.

  1. Тақырыпты оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиіс:

  1. Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды.

  2. Ондық бөлшектерді қосу амалының кұрамды бөліктерін және оның нәтижесін.

  3. Азайту амалының құрамды бөліктері мен нәтижесі қалай аталатындығын.

  4. Екі санның айырмасы не?

  5. Азайту амалының дұрыс орындалғанын қалай тексеруге болады?

  6. Қосудың дұрыс орындалғанын қалай білеміз?

  1. Амалдарды орындай алу керек.

  1. а) 7,55+2,46; ә) 2,43+3,3; б) 37,4+3,02558; в) 0,98+0,02; г) 0+0,157;д) 25,657+0;

  2. а) 6,9-3,2; ә) 68,3-23,4; б) 2,37-0,64; в) 46,103-7,249;г) 315-0,783; д) 51,72-5,7;

  3. а) 2+0,6+52,7; ә) 0,04+22,2537+10+2,1735;

  4. а)3,5 + 5; ә)12,35 - 4 ; б) 4 +15,05: в)10 +0,05;

3. Өрнектің мәнін табу.

  1. а) 9,23- 1,5+4,38- 0,05; ә) 9,5+(16,7 – (12,91-11,97)).

  1. Тиімді әдіспен өрнектің мәнін тап.

  1. 3,27+1,78+5,73; 2) 23,49+35,6 +31,51; 3) 9,46+22,88 - 3,46;

  1. Теңдеуді шешу.

а) х+5,56 = 9,22; б) 2х – 1,43 = 4,57:
6,127 + х = 25,002; в) 35,79 – х = 88,8

  1. Жолаушы барытын жеріне 94 км автомобильмен. 635,6 км пойызбен, 2625 км ұшақпен ұшып жетті. Ол барлығы қанша жол жүрді?

  2. Үшбұрыштың бір қабырғасы 11,4 см, екіншісі одан 2,25 см қысқа да, үшіншісі 0,85 см ұзын. Үшбұрыштың периметрін табу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет