Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi



бет18/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   128
Теріс сан ұғымын енгізу. Терiс сандарды енгiзу кезiндегi туындайтын бiрiншi әдiстемелiк мәселе ол оқушылардың жаңа сандарды енгiзу қажеттiгiне көзiн жеткiзу болып табылады. Бұл мәселе мақсатқа сай есептердi iрiктеп алу арқылы жүзеге асырылады. Осындай есептердiң кейбiреулерiн келтiрейiк.
Тиiн iнiнен шығып, ағаштың дiңгегi бойынша жоғары-төмен жүгiре бастады (Бұл пойздың стансадан шығып алдымен бір бағытта, одан соң стансадан кері бағытта жүруі, температураның өзгеруі т.б. болуы мүмкін). Сурет көрсетіліп мынадай сұрақтарға жауап бріледі:
1. Егер тиін iнiнен 3 м қашықтықта болса, ол қай жерде болғанын көрсетуге бола ма? Оқушылар жауабы әр түрлі болады: біреулері інің жоғары жағын, екіншілері төмегі жаңын көрсетіп жатады.
2. Егер а) тиiн iнiнен 2 м жоғары жағында болса қайда болады?;
ә) ал егер iнiнен 3 м төмен болса ше?;
б) iнiнен 1,5 м төмен блғанда ше?;
в) iнiнен 2,5 м жоғары болса, онда ол қай жерде болады?
Бұл есептi шығару арқылы тиiннiң ағаштағы орнын көрсету үшiн мынаны бiлу қажеттiгi анықталады: оның iнiнен қандай қашықтықта орналасқанын және оның бағытын (iнiнен жоғары не төмен) бiлуiмiз қажет. Бiзге белгiлi сандармен тиiннiң iнiнен қандай қашықтықта және қандай бағытта орналасатындығын анықтауға болмайтындығы түсiндiрiледi.
Есептi математикалық тiлде көрсеткен пайдалы. Ол үшiн ағаш орнына сан түзуiн, iн орнына сан түзуiнiң белгiлi бiр тиянақты нүктесiн, тиiн үшiн түзудiң кез келген нүктесiн алу керек. Бұл жаңа сандарды енгiзудiң көрнекi-геометриялық кескiнi.
Оқушыларға мынадай тапсырма беріледі. Солдан оңға қарай түзу жүргiзiп, оның бойынан O нүктесiн белгiлеңдер. Осы түзудегi O нүктесiнiң оң жағында 6 клетка қашықтықта жатқан А нүктесiн, O нүктесiнiң оң жағында одан 2,5 клетка қашықтықта В нүктесiн, O нүктесiнiң сол жағында одан 2 клетка қашықтықта болатын С нүктесiн, O нүктесiнiң сол жағында одан 3,5 клетка қашықтықта болатын К нүктесiн белгiлеңдер.

К С В А



-4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5 6
1-сызба
Нәтижеде оқушылар «координата түзуi»» ұғымын қабылдауға дайын болады. Мұғалiмге тек «есептеудiң бас нүктесi», «түзудiң оң бағыты», «түзудiң терiс бағыты» деген терминдердi айту ғана қалады.
Егер оң бағытты «+» таңбасымен, ал терiс бағытты «-» таңбасымен белгiлесек, онда жоғарыдағы қарастырылған есептегi А нүктесiнiң жағдайы +6 санымен, ал В нүктесiнiң жағдайы +3,5 санымен, С нүктесiнiң жағдайы –2 санымен, ал К нүктесiнiң жағдайы –3,5 санымен, ал O нүктесiнiң өзi болса, 0 санымен анықталады. 0, +6, +3,5 сандары бұрыннан белгiлi болатын, -2, -3,5 - жаңа сандар. +6, +2,5,…, сандары оң сандар деп (оларды «+» таңбасын жазбай-ақ 6, 2,5 деп белгiлеуге болады), -2, -3,5,… - сандары терiс сандар деп аталады.
Оң сандар мен терiс сандар және 0 саны - рационал сандар. Әрбір рационал санға түзу бойынан бір нүкте сәйкес келеді.
Оқушылардың жаңа сандарды енгiзу қажеттiгiн тек түсiнiп қана қоймай, олардың мағынасын да түсiнгенi маңызды. Бұл мақсатта оң және терiс сандарды сан түзуiндегi нүктелер арқылы кескiндеуге, оқуға арналған жаттығуларды орындаған пайдалы.
Сондай мысалдардың кейбiреуiн келтiрейiк.
Төмендегi келтiрiлген сөйлемдердi «+» және «-« таңбаларын қолдану арқылы қысқаша түрде жазыңдар:

  1. ауаның температурасы түн ортасында 00-тан 4 градус төмен болды, ал түс мезгiлiнде нөлден 10 градус жоғары болды;

  2. өзендегi судың деңгейi су тасқыны кезiнде нөлдiк белгiден 1,9 м жоғары, ал су тасқыны қайтқанда нөлдiк белгiден 1,9 м төмен болды;

  3. прибордың стрелкасы нөлдiк белгiден оңға қарай 4,5 бөлiкке ауытқыды; 2‚5 бөлiкке солға қарай ауытқыды.

Керi тапсырмалар орындаған да пайдалы (математика тiлiнен табиғи тiлге аудару).
Қоймашы қоймадағы журналға мынадай белгiлер жазды: «Таң шапағы» ұжымы +23,5 т; №1 асхана –2,5 т; «Жеңiс» ұжымы +32 т; №2 асхана –3 т; №5 жемiс дүкенi –6 т. Бұл жазуларды қалай оқуға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет