Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi


-лекция Математикалық өрнектерді түрлендіру



бет22/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   128
Байланысты:
Лекциялар жинағы -11

3-лекция
Математикалық өрнектерді түрлендіру.
1.Орта мектепте теңбе-тең түрлендіруді оқыту
2.Теңбе-теңдік және теңбе-тең түрлендіру ұғымын енгізу.
3. Математикалық өрнек .Рационал, иррационал өрнектер.
4.Өрнектің мүмкін мәндер облысы.Теңбе-теңдік. Тебе-тең түрлендіру.
5.Бөлшек рационал өрнектерді теңбе-тең түрлендіру
6. Иррационал өрнектерді теңбе-тең түрлендiру кезiнде мектеп оқушыларының жiберетiн қателер.
7. Теңбе-теңдіктерді дәлелдеу.


Әдебиеттер:
1. Рахымбек Д. Арифметика, алгебра, анализ бастамаларын оқыту әдістемесі. /Оқулық/ - Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ баспа орталығы 2016. – 432 б
2. Рахымбек Д. Мектепте сандық жүйені оқыту әдістемесі: Оқу құралы. /Д. Рахымбек. – Шымкент: ОҚМПУ, 2020. - 98 бет.
3. Елубаев С. Математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы; Эверо, 2016
4. Мектеп оқулықтары
5. Мұғалімге арналған оқу-әдістемелік құралдар


1.Орта мектепте теңбе-тең түрлендіруді оқыту
Мектептегі математика курсында теңбе-тең түрлендірудің алатын орны ерекше. Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешкенде, функцияны зерттегенде, формуланы қорытқанда, теореманы дәлелдегенде және басқа да көптеген жағдайларда теңбе-тең түрлендіру орындалады. Айта кететін бір жайт, теңбе-тең түрлендіру, бірінші сыныптан бастап үзбей оқытылатын мектеп математика курсының мазмұнды-әдістемелік желілерінің бірі.
Әдетте, әрбiр математикалық есептi аналитикалық тәсiлмен шығару қандай да бiр теңбе-тең түрлендiрудi орындауды қажет етедi. Теңбе-тең түрлендiрулер алгебра мен математикалық анализ курсы бастамаларының өн бойында оқытылады.

Математикалық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру мәдениетін қалыптастыру орта мектептегі ең өзекті мәселелердің бірі. Оқушы математикалық өрнектерді дұрыс түрлендірулер жүргізу нәтижесінде

аналитикалық өрнекті қарапайым өрнекке келтіру,

теңбе-теңдікті түрлендірулер тізбегіндегі өрнектің анықталу облысының өзгеруіне бақылау жасау,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет