Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi



бет7/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128
5-ке бөлiнгiштiк белгi. Егер натурал санның соңғы цифры не 0 не 5 (0 немесе 5) болса, онда ол сан 5-ке бөлiнедi.
10-ға бөлiнгiштiк белгi. Егер натурал санның соңғы цифры 0 болса, онда ол сан 10-ға бөлiнедi.


2-лекция
Бөлшек сандарды оқыту. Рационал сандар. Оң және теріс сандар.

1. Бөлшек сандарды оқыту реті туралы. Жай бөлшек ұғымын енгізу. Жай бөлшектің қасиеттері. Жай бөлшектің түрлері. Жай бөлшектерге амалар қолдану.


2.Ондық бөлшек ұғымын енгізізу.Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға үйрету. Пайыз және пропорция.
3.Теріс сан ұғмын енгізудің қажеттілігін түсіндіру.Оң сан мен теріс сан-дардың мағынасын түсінлдіруге мысал. Оң және теріс сандарға амалдар қолдануға үйрету.
4. Қазіргі кезде нақты сан ұғымын ерте бастан, 6-сыныптан бастап енгі-зілу себептері.Математикада иррационал сан ұғымының пайда болу себебі.
5. Мектеп математика курсында иррационал сан ұғымын енгізу: «Бүкiл рационал сандардың iшiнде квадраты екiге тең болатын рационал сан болмайды» теоремасын дәлелдеу.
Әдебиеттер:
1. Рахымбек Д. Арифметика, алгебра, анализ бастамаларын оқыту әдістемесі. /Оқулық/ - Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ баспа орталығы 2016. – 432 б
2. Рахымбек Д. Мектепте сандық жүйені оқыту әдістемесі: Оқу құралы. /Д. Рахымбек. – Шымкент: ОҚМПУ, 2020. - 98 бет.
3. Елубаев С. Математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы; Эверо, 2016
4. Мектеп оқулықтары
5. Мұғалімге арналған оқу-әдістемелік құралдар


1. Жай бөлшек ұғымын енгізу. Жай бөлшек ұғымын енгізудің қажеттілігі.
,,,…. жай бөлшектерiмен алғашқы рет танысу бастауыш сыныпта натурал сандарды оқытумен параллель жүргiзiледi. Бастауыш мектеп оқушылар санның бөлігін, бөлігі бойынша санды табу есептерін шығара алады.
Бөлшектердi жүйелi түрде оқыту 5-сыныпта басталады. Алдымен жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану‚ одан соң ондық бөлшек тақырыбы оқып-үйретiледi. Ондық бөлшектер жай бөлшектермен салыстырғанда жаңа сандар емес. Олар оқушыларға бұрыннан таныс, бөлiмдерi 10,100,1000 және т.с.с. болып келген жай бөлшектердiң өзгеше түрде жазылу көрiнiсi ғана. Математикалық есептеулер мен практикалық есеп-қисапта ондық бөлшектердi пайдаланған анағұрлым ыңғайлы. Жай бөлшектер практикалық есептеулерде ондық бөлшектерге қарағанда әлдеқайда аз қолданылады.
ЭЕМ ондық бөлшектермен ғана жұмыс iстейдi.
Осыған байланысты математиканы оқыту әдiстемесiнде жай бөлшектер мен ондық бөлшектердi оқытудың тәртiбi туралы мәселе туындайды. Осы мәселені шешудiң мүмкiн болатын тәсiлдерiне тоқталып өтейiк:

  1. алдымен жай бөлшектер, одан кейiн барып ондық бөлшектер оқытылады (дәстүрлi әдiс);

  2. алдымен ондық бөлшектер, кейiннен барып жай бөлшектер оқытылады;

  3. жай бөлшектер мен оңдық бөлшектердi оқыту аралас жүргізіледі.

Қазіргі мектеп бағдарламасы бойынша «Математика-5» сынып оқулығында алдымен жай бөлшектер, одан кейiн пайыз бен пропорциялар, кейiн ондық бөлшектер оқытылады.
Ал Н.Я.Виленкиннiң «Математика-5» оқулығында алдымен жай бөлшектер ұғымы енгiзiледi. Содан кейiн бөлшектердi салыстыру, бөлiмдерi бiрдей бөлшектердi қосу және азайту амалдары оқытылады. Бұдан кейiн ондық бөлшектерге өту және оларға қолданылатын төрт амал қарастырылады. Ондық бөлшектердi оқыту 5-сыныпта басталып, сонда аяқталады. Бұдан кейiн 6-сыныпта жай бөлшектердi оқуға қайта оралады: кез келген бөлшектердi салыстыру және оларға арифметикалық амалдар қолдану оқып үйретiледi. Ондық бөлшек ұғымына процент ұғымы қабаттасып оқытылады. Процент бөлiмдерi 100 болып келген ондық бөлшектердiң жаңа формадағы жазылуы болып табылады:
1% = =0,01; 15%==0,15 және т.с.с
Казіргі метеп оқулықтарында жай бөлшектер тақырыбы толық оқып-үйренілгеннен кейін ондық бөлшекке өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет