Жай бөлшектің қасиеті.Жай бөлшек екі натурал санның бөлiндiсі () ретiнде қарастырылғаннан кейiн жай бөлшектiң қасиетi оқып-үйретiледi.
Мұғалiм тақтаға дөңгелек сызып, дөңгелектi тең төрт бөлiкке бөледi, оның бiр үлесiн жай бөлшекпен түрiнде жазады. Осындай үлестiң үшеуi жай бөлшекпен түрiнде жазылады. Ол бөлiктер бояп қойылады. Ендi осы бөлiктердiң әрқайсысын тағы да тең екi бөлiкке бөлсек, дөңгелектiң үлесi үлесiне тең болады. Сонда бөлшегi мен бөлшектерiнiң сандық мәндерi бiрдей екенi дөңгелектердiң боялған бөлiктерiнен көрiнедi. Осы процесс керiсiнше қарастырылып, -ның -ке тең екенi көрсетiледi. Демек,
=; =.
Бөлшектiң алымын да, бөлiмiн де, бiр натурал санға көбейткеннен немесе бөлгеннен бөлшектiң мәнi өзгермейтiндiгi айтылады. Берiлген жай бөлшектiң алымы мен бөлiмiндегi сандардың шамасы көп болғанда, бөлшектi жеңiлдету үшiн, бөлшектiң осы қасиетiне сүйенiп бөлшектердi қысқартудың тәсiлдерi қарастырылады. Бөлшектердi қысқарту жұмысы бөлшектiң алымы мен бөлiмi өзара жай сандар болғанда ғана аяқталады.
Алымы мен бөлiмi өзара жай сандар болатын бөлшектер қысқартылмайтын бөлшектер болатындығы мiндеттi түрде ескертiледi.
Жай бөлшектердің қасиетін оқып үйренуде оқушылардан күтілетін нәтижелер:
Жай бөлшектің негізгі қасиетін білу.
Егер бөлшектің алымы да бөлімі де бірдей санға көбейтсе, бөлшектің мәні өзгермейді;
Егер бөлшектің алымы да бөлімі де бірдей санға бөлінсе, бөлшекті мәні өзгермейді.
Бөлшектерді қысқарта алу:
Натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін пайдаланып тізбектей қысқарту;
Бөлшектің алымы мен бөлімінің ең үлкен ортақ бөлгішін (ЕҮОБ) тауып бірден толық қысқарту.
Бөлшектің не алымын, не бөлімі бір санға көбейтсе бөлшектің мәні қалай өзгеретінін білу.
Бөлшектің бөлімін өзгертпей, оның алымын бір санға көбейтсе;
Бөлшектің алымын өзгертпей, оның бөлімін бір санға бөлсе.
Жай бөлшектің негізгі қасиеттерін оқып-үйрену нәтижесінде күтілетін нәтжелерге жеткен-жетпегенін анықтауға ааранлған сұраулар мен жаттығулар.
Белгісіздің орнына теңдік дұрыс болатындай мәндер тауып қой.
= ; 2) = ; 3) = : 4) = .
бөлшегін неше тәсілмен 6 есе кемітуге болады?
бөлшегін неше тәсілмен 3 есе арттыруға болады?
Мынадай сұрақтарға жауап беру:
Бөлшектерді қысқарту қандай қасиеттерге негізделген?
Қандай бөлшектер қысқармайтын бөлшектер?
Бөлшентерді қысқартқан кезде не өзгереді не өзгермейді?
Бөлшектерді
; ;;.екі тәсілмен қысқарт
алымы мен бөлімінің ең үлкен ортақ бөлгішін тауып;