Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi


Геометрия сабағына қойылатын талаптар



бет91/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128
Байланысты:
Лекциялар жинағы -11

2. Геометрия сабағына қойылатын талаптар
Геометрия сабағына қойылатын тлаптардың ең негізгісі мектеп бағдарламасына сәйкес геометриялық деректер мен әдістерді оқушылардың саналы меңгеруін қамтамасыз ету. Оған қол жеткізудің әдіс–тәсілдері математиканы оқытудың жалпы әдістемесінде баяндалған. Мұғалімнің міндеті геометрияны оқыту барысында ол әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану.
Геометрияны оқытуға қойылатын талаптардың маңыздыларының бірі - оқу материалын оқушылардың белсенді іс-әрекеті нәтижесінде меңгеретіндей етіп сабақты құру.
Бұған тиімді әсер ететіндер: айналадағы дүниеден мысалдар келтіру, геометриялық фигуралдадың моделдері, тақтада сызылған, плакат немесе кодопленкаларда, интерактивті тақтада арнайы дайындалған суреттер мен сызбалар, қозғалыстар мен түрлендірулерді көрсету үшін компъютердің мүмкіндігін пайдалану т.б. көрнекіліктер.
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ұғымдарды қалыптастыру мен теоремаларды дәлелдеуге алдын ала дайындық ретіндегі, өткенді қайталау немесе жаңа сабақты тиянақтауға арналған ауызша есептер, дайын сызбадағы және моделдегі есептер жүйесі үлкен рөл атқарады.
Тарихи мәліметтер беру мен ғалымдардың өмірбаянын әңгімелеу, есепті әртүрлі тәсілмен шығару т.б. сабақта оқушыларды белсендірудің маңызды құралы.
Сондай-ақ, дұрыс ұйымдастырылған аузша баяндау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап сияқты дәстүрлі әдістердің оқушыларды белсендірудегі рөлін кемітпей, проблемалап және программалап оқыту, эвристикалық әңгіме, пікір сайыс т.б. әдістердің маңызы ерекше екендігін ескеру керек.
Геометрия сабағында оқушылардың ойлау белседілігін арттырудың маңызды құралы, мыңдаған жылдар бойы сыннан өтіп, тиімділігі дәлелденген мұғалімнің қоятын сұрақтары болып табылады. Бұларға геометриялық ұғымдардың анықтамасының, аксиомалардың, теоремалардың тұжырымдамаларын сұрау, белгілі бір ұғымдардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды айқындауға арналған сұрақтар, ұғымдардың бегілері мен қасиеттерін, бар болуын білуге арналған сұрақтар, қандай да бір пікірдің дұрыстығын дәлелдеуге немесе оны теріске шығаруға байланысты сұрақтар, зерттеу сипатындағы сұрақтар т.б. жатады.
Теореманы дәлелдудің идеясы неде?, дәлелдеудің жеткілікті шарттары қандай?, теоремадан қандай салдарлар шығады?, теореманы практикада қай жерде қалай қолдануға болады?, сияқты сұрақтарға да ерекше көңіл бөлу керек.
Сабақ үстінде оқушылардың танып-білу іс-әрекетінің белсенділігін арттыруға оқу жұмысының жалпы және нақты мақсаттын оқушылардың алдына қою игі ықпал еді.
Теоремалар мен есеп-теоремаларды дәлелдеудің басқаша жолдарын іздестіру, есептеуге немесе салуға берілген есептердің басқаша шығару жолын табу оқушыларды сабақта белсендірумен қатар олардың жасампаздық (творчестволық) қабілетін дамытуға жақсы көмектеседі.
Кейбір теоремаларды үйде өз беттерінше дәлелдеуге ұсыну, үйге берілетін есептерді міндетті түрде шығаруы да оқушылардың жасампаздық іс-әрекеттерін дамытуға тигізер әсері үлкен.
Мұғалім оқушылардың сабақта геометрияны оқып үйренуге ынта-ықыласын, қызығуын арттырып отыруына тура келеді. Мұнда да сұрақ-есептер қою, есептің, теореманың немесе анықтаманың тұжырымдамасы мен әр түрлі пайымдаулардағы қателерді табуға байланысты тапсырмалардың маңызы зор.
Геометрия сабағында қолданылатын көрнекіліктердің орны ерекше: олар мұғалімнің тақтаға қолдан немесе әр түрлі аспаптар жәрдемімен орындаған сызбасы, таблицалар, геометриялық фигуралардың моделдері т.б. болуы мүмкін. Интерактивті тақта да оқу көрнекілігінің бір түрі.
Геометрия сабағына қойылатын өте маңызды талап – сынып ұжымы және жеке оқушылармен істелетін жұмысты ұштастыру. Бұл алдымен, бүкіл сынып болып атқарылатын жұмысқа, ұжымдық талқылауларға, есептер шығаруға сыныптағы үлгерімі әр түрлі деңгейдегі оқушыларды түгелге жуық қатыстыру, екіншіден оқушылармен өзіндік жұмыс кезінде үлгерімі төмен оқушылардың жұмыстарына ерекше назар аударып бақылап отыру, кеңес беру, оларға үнемі қамқорлық жасау, кездескен қиыншылықтарды жоюға көмектесу т.б. арқылы жүзеге асырылады. Үлгерімі жақсы оқушулармен жеке жұмыс кезінде қиындығы жоғары есептер шығару, есептің басқаша шығару жолын іздестіру, оқу бағдарламасына сәйкес қызықты есептер шығару ұсынып отырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет