Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы


  Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру



Pdf көрінісі
бет20/29
Дата03.01.2017
өлшемі1,99 Mb.
#1046
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29

3.  Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Большевиктер ЖЭС аясында шаруа қожалықтарын біртіндеп 
кооперативтендіру арқылы ауыл шаруашылығын социалистік жол-
мен қайта құруды  көздеді.  Шаруалар кооперациясы мемлекеттік 
тұрғыдан еріксіз күштеу арқылы емес, керісінше экономикалық  
қажеттіліктен туындайтын қозғалыс болу керек  еді.
Алайда, большевиктер қазақ ауылында əлеуметтік теңсіздікті 
жою мақсатында шабындық жəне жайылымдық жерлерді бөліске 
салды.  Ф.  Голощекин:  “Жайылымдық  жерді    бөлу  деген  не?“  дей 
отырып, бұл науқанға зор екпін беру үшін жəне өз төңірегіндегі  
большевиктерді жігерлендіру үшін   “Бұл кіші Қазан“ — деді. 
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті (ҚОАК) жəне Халық 
Комиссарлар Кеңесі (ХКК) 1926 ж. 20 мамырда “Жерге орна-
ласпай жерді пайдаланатын көшпелі жəне жартылай көшпелі 
аудандардың шабындық жəне егістік жерлерін уақытша  қайта 
бөлу туралы” заң қабылдады. Оған сол кездегі Халық Комиссар-
лары Кеңесінің төрағасы жəне Орталық Атқару Комитеті төрағасы 
қызметін  уақытша  атқарушы  Н.  Нұрмақов  қол  қойды.  1927  ж.  3 
ақпанда бұл заңға ішінара толықтыру енгізілді. Онда шабындық 
жəне жайылымдық  жерлер жан басына қарай бөлінетінін, мұндай 
бөлініс мүмкін болмаған жағдайда үй басына қарай бөлінетіні ту-
ралы атап көрсетілді. Бұл жұмысты жоғарыдан жүргізу  Қазақстан-
ның  Егіншілік  халық  комиссариатына    тапсырылды  жəне    бұған 
жоғарғы  қарқын  беру  үшін  губерниялық,  уездік  жəне  округтік 
атқару комитеттері  жанынан ерекше жедел “бестіктер“, ал болыстық 
атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер жанынан “үштіктер“ 
ұйымдастырылды. Конституциялық тұрғыдан мұндай заңсыз 
құрылған бұл “бестіктер“ мен “үштіктер“ құрамдары жергілікті 
атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бекітілді. Шабындық 
жəне жайылымдық жерлерді  бөлу науқанына байланысты  құрылған 
бұл төтенше жəне заңсыз органдар Кеңес үкіметінің басқа да ша-
раларын жүзеге асыруда таптырмас əдіс болды. Қазақстанда боль-
шевиктер 1926—1927 жылдары 1250 мың десятина жайылымдық 
жəне    1360  мың  десятина  шабындық      жерлерді  бөлді.    Бөлінген 
шабындық жердің  61,6 %-ін кедейлер, 8,8%-ін ауқаттылар алды. Ал  
жайылымдық   жердің 59,3%  кедейлерге, 31,7% орташаларға жəне 
9% ауқатты қожалықтарға берілді. 
Ф.Голощекин алғаш “Кіші Қазан“ төңкерісін  бір ғана əлеуметтік-
саяси науқанмен, яғни шабындық-жайылымдық жəне егістік 
жерлерді  қайта бөлумен аяқтай аламын деген пікірде болды. Боль-
шевиктер жерге орналастыру жөніндегі бұл шара, əсіресе ауылдағы 
байға өте тиімді болып отырған жерді дəстүрлі қауымдық (рулық) 
пайдалануды   жояды деп есептеді. 

244
245
Алайда Ф.Голощекин бастаған Қазақстан большевиктерінің қазақ  
қоғамына байланысты жүргізген бұл шаралары қазақ ауылында 
Кеңес өкіметінің жеңісін қамтамасыз ете алмады. Оның себебі,  бұл 
реформа  алғашқы кезден-ақ  қате тұжырымдарға негізделген еді. 
Біріншіден,      қазақтың  дəстүрлі    шаруашылық  жүйесі  сақталып 
отырған  жағдайда  шабындық  жəне  жайылымдық    жерлерді  жəй  
бөліске  салу  еш    нəтиже  бермеді.  Екіншіден,  шабындық  жəне 
жайылымдық жерді бөлудің өзі дəстүрлі егін шаруашылығы 
жүйесіндегі заңдылықтар жетегінде қалып қойды, яғни шабындық 
жəне жайылымдық жерлерді  бөлу шаруа қожалығындағы отбасы 
мүшелерінің санына байланысты жүргізілді. Ал қазақтың дəстүрлі 
шаруашылығында, керісінше, жерді малдың санына қарай иемден-
ді, яғни көшпелілер үшін  жайылымға сұраныс мал басының саны-
на жəне оның құрамына байланысты болды. Үшіншіден, жартылай 
көшпелі аудандардағы жер бөлінісі нəтижесінде жерге ие болған ша-
руалар үшін бұл кезеңде ол жерлерден келер пайда жоқ еді. Себебі, 
ауылдағы  кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес,  тіпті орта 
шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауылшаруашылық құрал сай-
мандарына, егетін тұқым жəне т.б. заттарға өте зəру болды. Мыса-
лы, 1928 жылы республикада 1927 жылғы есеп бойынша 800 мың 
қазақ шаруа қожалықтары  бар болғаны 124 мың  өте  қарапайым 
еңбек құралдарына ие болды. Олар 54 мың соқа, 0,5 мың тұқым 
себетін  машина, 13,5 мың шөп шабатын шалғы,  9,4 мың тырма т.б. 
Бұл еңбек құралдары сан жағынан алғанда көлге тамған тамшыдай 
ғана  еді жəне оның сапасы да өте төмен болды. Тіпті əлеуметтік 
тұрғыдан келгенде Петропавл округінде еш құрал-сайманы жоқ ша-
руа  қожалығының    мөлшері  95,5%,    ал    орта  шаруа  қожалықтары 
83,2 %  болса, Павлодар округінде 99,45% жəне 85,8 5%, Қызылорда  
округінде 72,95%  жəне 69,15%  болған. Шаруашылық  құралдардың 
жетіспеуі,  əрине,  кедей  қожалықтарын  өз үлесінен  бас тартып, 
бөлінген  жерлерді бұрынғы иесіне  қайтаруға мəжбүр етті. 
1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тəркілеу 
жөніндегі заң жобасын əзірлейтін арнайы комиссия құрылды. 1928 
жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жо-
басын бірнеше рет қарап, нақтылады. Осы жылдың тамыз айында 
Өлкелік комитет тəркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын 
комиссия ұйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ер-
назаров тағайындалды, оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмаков, Г. 
Тоғжанов, О. Жандосов жəне т. б. кірді. 1928 жылдың  27 тамызын-
да Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде 
тəркілеу жөніндегі  заң жобасы қабылданды. Республиканың барлық 
аудандарына тəркілеуді өткізу жөнінде нұсқаулар жіберілді. 
Заң бойынша малы, дүние-мүлкі тəркіленіп, өзі жер аударылуға 
тиісті ірі байларға: көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда  400-
ден астам малы бар, жартылай көшпелі аудандарда 300-ден астам 
малы  бар, отырықшы аудандарда 150-ден астам малы барлар жəне 
бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары  жатқызылды.
1928 жылы тамыздың 30-да Қазақ АКСР ХКК-нің “Қазақстанның 
көшпелі, жартылай көшпелі жəне отырықшы аудандарын белгілеу 
туралы” арнайы қаулысы қабылданып, соған сəйкес аудандар 
белгіленді.  Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспар-
ланды, яғни бір ай ішінде бітіру керек деп шешті. Кейінірек ол тағы 
10 күнге ұзартылды. 1928 жылғы 30 тамыздағы қаулыға  сəйкес, со-
нымен қатар  тəркіленгендерді жер аударылуға тиісті аудандар да 
анықталды. 
Тəркілеуге байланысты декретте əсіресе, көшпелі аудандардағы 
шаруа қожалықтарына деген қаталдық айқын болды. Осы көшпелі 
аудандағылардың  малы  тəркілеу  мөлшерінен  аз  болған  күннің 
өзінде де, егер бұл адамдар ауылда ықпалды болса, кеңестендіруге 
қауіпті элемент ретінде жер аударылуға тиіс болды. Тəркілеу тура-
лы ереже бойынша  жер аударылғандардың бəрі сайлау құқығынан 
айырылды. 
Байларды тəркілеуді жүзеге асыру үшін комиссиялар құрылды. 
Уəкілдер  бастаған  комиссия  мүшелері  тəркілеу  барысында  кеңес 
үкіметінің нұсқауларын, яғни байларды тəркілеу туралы ережені 
өрескел бұрмалады. Ауыл белсенділері жоғарыдан келген уəкілдің 
қолдауымен тіпті ауқатты адамдарды да қыспаққа түсірді.
Республика көлемінде барлығы 696 “бай-феодалдар” тəркіленді. 
Қазақ қоғамында ірі байлардың көп болмағанын осы 1928 жылғы  
жүргізілген тəркілеу барысы мен оның нəтижелері көрсетіп берді. 
Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлар-
дан  225972 бас малды тəркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ үміт 
ақталмады, барлығы 144474 бас мал ғана тəркіленді: бұл белгілен-
ген жоспардың 64%-і ғана. Оның себебі, алдын ала жасалынған 
малдың есебі дұрыс емес еді.  Қазақстан басшылығы кейіннен  оны 
мойындауға  мəжбүр  болды.  Барлық  тəркіленген  малдың  10,2% 
отырықшы аудандардан, 83,3% жартылай көшпелі аудандардан 
жəне  6,5%  көшпелі аудандардан еді. Тəркіленген малдың 118919 
басы жеке  шаруашылықтарға (74,3%) жəне колхоздарға (25,7%) та-
ратылып берілді. Тəркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз 
құрылды.     

246
247
Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тəркілеуге қарсы 
шықты. Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен 
екенін, сондықтан да əлеуметтік сілкіністерге бармай, ауқатты ша-
руа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы 
реттеуді ұсынды. Ал большевиктер болса бұл пікірлерге құлақ аспай, 
таптық принциптерінен ауытқымай, сол мақсатқа жету жолында 
күшпен тəркілеу идеясын жүзеге асырды. Қазақ байларын тəркілеу 
Қазақстандағы  күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы бол-
ды. Байларды тəркілеуден қазақ кедейлері материалдық жағынан 
да,  рухани жағынан да ештеңе ұтқан жоқ. Керісінше, байлардың 
малын тəркілеу «қайыршыланған» ауылдар халқының өсуіне 
əкелді. Қазақстандағы ауқатты шаруа қожалықтарын тəркілеу мал 
шаруашылығының даму қарқынын тежеді.
Қазақстанда большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік 
жолмен қайта құру тəжірибесінде тəркілеу саясатымен шектелмеді. 
Шаруа қожалықтарын біртіндеп, ерікті түрде кооперативтендіру 
арқылы социалистік ірі ауылшаруашылық ұжымына біріктіру  туралы  
1927 жылы желтоқсанда өткен партияның ХV съезінің шешімдерін 
жүзеге асыруға кірісті. Алайда үкімет біртіндеп құрылып жатқан 
колхоздарға материалдық  жағынан көмекті күшейту шарасының 
орнына, керісінше  нұсқаулар беру арқылы күштеу əдістерінің кең 
етек алуына жол ашты. Орталық билік колхоз құрылысындағы 
біртіндеп өзбетінше жүріп жатқан қозғалысты жоспарлы іс-əрекетке 
ұластырды. Үкімет органдарының жоспарлаған межелерін партия 
ұйымдары да қайта талқылады, соның нəтижесінде жоспардың өзі 
бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. Ал енді бес жылдық жоспарды 
белгілеу кезінде мемлекеттік жоспарлау комитеті  бұл жоспардағы 
санды тағы  ұлғайтты.
Жергілікті жерлерде жоғары басшылық белгілеген межеден асып 
түсу үшін күрес басталды. Оның күшеюіне Қазан революциясының 
12  жылдық  мерекесіне  орай  «Правда»  газетінде  жарияланған 
Сталиннің “Ұлы бетбұрыс жылы” деген мақаласы түрткі болды. 
Сталин “шаруалар жаппай мақтау тұтып келген жеке меншік туын 
лақтырып тастап, ұжымдастыру рельсіне  көшуде” деген пікір айт-
ты. Ал 1929 жылы 10—17 қарашада өткен БК(б)П Орталық Комите-
тінің пленумында Молотов та келесі жылы тек “ұжымдастырылған 
облыстар ғана емес, ұжымдастырылған республикалар туралы да 
айтуға болады”  деген көзқарасты білдірді.
1930 жылы 5 қаңтарда БК(б)П Орталық Комитеті «Ұжымда-
стыру қарқыны жəне мемлекеттің колхоз құрылысына көмек ша-
ралары туралы» қаулы қабылдады. Қаулыда Орталық комитет жап-
пай ұжымдастыруды жүзеге асыру үшін елдің аудандарын үш топқа 
бөлді: Бірінші топқа осы ұжымдастыруға белгілі мөлшерде даяр 
деп есептелінген таза астықты аудандар жатты. Оларға Орта жəне 
төменгі Волга, Солтүстік Кавказ аудандары кірді. Ол аудандарда ша-
руа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931 жылдың 
көктемінде аяқтау белгіленді; екінші топқа елдің Украина, Орталық 
қара топырақты облыстар, Сібір, Орал, Қазақстанның  астықты ау-
дандары жатты. Бұл аудандарда ұжымдастыруды аяқтау мерзімі 
бір жылға ұзартылды, яғни шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды  
1932  жылдың  көктемінде  аяқтау  қажет  болды;  елдің  бүкіл  басқа 
өлкелері мен облыстары үшінші топқа енді. Бұл жерлерде шаруа 
қожалықтарын ұжымдастыруды 1933 жылдың көктемінде, яғни 
бірінші бесжылдықтың аяғына қарай аяқтау жоспарланды.  Көшпелі 
қазақ ауылдары осы үшінші топқа жатқызылды. 
Алайда, Қазақстанда ұжымдастыру елдің басқа аймақтарымен 
салыстырғанда баяу жүргізілуі тиіс деген пікірге Ф.И.Голощекин 
мүлде қосылмады. Ол Қазақстанның кенже дамыған аймақ екеніне 
қарамай, ұжымдастырудың жоғары қарқынын мақтаныш етті. Го-
лощекин  Жер халық комиссариатының комиссары Яковлевке (ол 
Бүкілодақтық ауылшаруашылық ұжымдары кеңесінің төрағасы) 
жəне РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т. Рысқұловқа жіберген  
жеделхатында 1929—1930 жылдары республикада ұжымдастыруды 
күшейту үшін  жоспардың қайта қаралғанын, сөйтіп 1930 жылдың 
күзіне қарай ұжымдастырумен 350 мың шаруашылықтың  қамты-
латынын  көрсетті. Осыған байланысты бүкіл республикадағы 
ұжымдастыру жоспары қайта қаралды.
Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 проценті 
ғана ұжымдастырылса, 1930 жылы 50 проценті, 1931 жылдың 
қазанында 65 проценті ұжымдастырылды, яғни ұжымдастыру 
қарқыны жеделдетілді. 1931 жылы республикадағы 122 ауданның 
78 ауданында ұжымдастырумен 70-тен 100 процентке дейін шаруа 
қожалықтары қамтылды. 
Шаруа қожалықтарын ұжымдастырудың жеделдетілген қар-
қыны күштеп жүзеге асырылды. Ұжымдастыруды жүзеге асыру ба-
рысында еріктілік, қоғамдастыру принциптері толық бұрмаланды. 
Ұжымдастыруға байланысты жүргізілген шараларда кімнің осы 
шараға қарсы екенін айқындау бірінші орынға қойылды. Кімде-кім 
қарсы болса, ол тіптен кедей шаруа болса да, тап жауы қатарына 
жатқызылды. Ұжымдастырылған шаруашылықтарға жұмыс күші 

248
249
болып саналатын малды ғана қоғамдастырудың орнына, барлық 
малды түгелдей алу шаралары жүргізілді. Күштеу, зорлық-
зомбылық көрсету арқылы ұжымдастыру шаралары тездетілді. 
Күштеп ұжымдастырушылар қазақ қоғамындағы дəстүрлі мал 
шаруашылығының ерекшелігін мүлде еске алмады. “Асыра сілтеу 
болмасын, аша тұяқ қалмасын”, “Қайдан тапсаң онан тап, қаптың 
түбін қақ”, “Социализмде сотқа тартылмаған адам болмайды” де-
ген ұр да жық ұрандар  елдің түбіне жетті. 
Алайда ұжымдастыруды жүзеге асыру барысында жіберілген 
зорлық-зомбылықтар Орталық Комитеттің 1930 жылы 14 науры-
зында  қабылданған “Колхоз қозғалысындағы партия бағытын 
бұрмалаушылықпен күрес туралы” қаулысында партия бағытын 
бұрмалау  деп қана  бағаланды. Большевиктік орталық билік ауыл 
шаруашылығында  жүргізіліп жатқан шаралардың бəрін дұрыс деп 
есептеп, кемшіліктерді жіберіп отырғандармен күресу қажет деді. Ол 
кемшіліктердің жалпы жүргізіп отырылған саясаттың қателігінен 
екендігі, яғни үкіметтің шешімдері мен солақай нұсқаулары 
нəтижесінде болып жатқаны мойындалмады. 
Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда əлеуметтік 
жіктеу саясаты өте жоғары қарқынмен жүргізілді.  КСРО ОАК мен 
ХКК-нің 1930 жылы 1 ақпанда қабылдаған “Жаппай ұжымдастыру 
аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды 
нығайту жəне кулактармен күрес шаралары туралы” қаулысы 
негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор ба-
сталды. Шаруа қожалықтарынан бай-кулактарды бөліп алып,  олар-
ды тап ретінде жою жүзеге асырылды. Бай-кулактарды үш топқа 
бөліп жазалады. Бірінші топқа контрреволюцияшыл белсенділер 
жатқызылды. Ондай топқа енген шаруалар бірден тұтқындалып, 
олардың ісі сотқа берілді. Екінші топқа ірі кулактар жатқызылды. 
Бұл топқа енген шаруаларды да бірден ұстап, солтүстікке неме-
се жаппай ұжымдастыру аудандарынан алыс аудандарға жер ау-
дарды.  Ал,  үшінші  топқа  кулактар  отбасылары  жатты.  Оларды 
сол ұжымдастыру аудандарындағы колхоздар бөлген жерлерге 
 
қоныстандырды.
Енді осы шаралардың жүзеге асырылуы барысында жазалануға 
белгіленген топтармен қатар сол үкім шығарылып, жазаға 
тартылғандар  арасында  орташалар,  тіптен  кедейлер  де  болған.  
1928—1929 жылдарда бай-кулактар есебіне алынып жазаға 
тартылғандар, яғни қудаланғандар есебі 54 625 болды. 1931 жылы 
5500 шаруа бай-кулак ретінде аластатылды. Ал енді 1928 жылғы 
тəркілеу кезіндегі қазақ қоғамындағы бай-феодалдар саны тек 696  
ғана болғанын ескерсек, бұлардың да кімдер екені белгілі. Бұл сан-
дарды нақты деп айту қиын, себебі жауапқа тартатын органдардың 
саны өте көп болды. Мысалы, 1932 жылы Юстиция Халық Комис-
сары өзінің өте құпия хатында барлық жауапқа тартылғандардың 
бар болғаны 37,3 проценті кулактар екенін, ал қалғаны  қатардағы 
еңбекшілер екенін мойындаған.
Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудыр-
ды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары 
қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтай-
дан Маңғыстауға дейінгі аймақты түгел қамтығанын, бұл туралы 
Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана  
1929 жылдың өзінде  Қазақстанда 30-дан астам үлкенді-кішілі халық 
наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтері-
лістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара көтерілістері жатады.  
1929—1930 жылдар аралығындағы қыс айларында наразылық өте 
күшті өршіді. Ол туралы Ф. Голощекин Сталинге хабарлауға мəжбүр 
болды. 1929—1931 жж. өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып, оларға 
80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтардың 
негізгі себебін байлар мен дін басыларының Кеңес үкіметіне 
қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл 
көтерілістерді əскери күшпен басып жаншыды.
Кеңес үкіметі сонымен қатар көшпелі жəне жартылай көшпелі 
қазақ қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіріп, бұрын 
болмаған əлеуметтік тəжірибеге жол берді. Мұның бірден-бір 
себебі, астық мəселесін күрделендірген гипердинамикалық инду-
стриалды даму жоспары болды. Өндірісте істейтін миллиондаған 
жұмысшылар мен қызметкерлерді тамақпен қамтамасыз ету 
міндеті тұрды. Ал Қазақстанда астықты аудандарды ұлғайту 
мəселесі егін егуге қолайлы жерлерді жайылымға пайдаланып 
отырған көшпелі шаруашылықпен қарама-қайшы келді. Міне, 
осы кезде көшпелі жəне жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын 
жаппай  отырықшылыққа  көшіру  жүзеге  асырылды  жəне  ол 
ұжымдастырумен қатар жүрді. Отырықшылыққа көшетін қазақ-
тарды үймен қамтамасыз ету мəселесі өте қажет жəне бірінші 
тұрған міндет деп санамады. Керісінше олардың өз киіз үйлерін 
пайдалануға болады деп есептеді.  
Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай 
отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы бол-
ды. Əсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. 

250
251
Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дəстүрлі мал 
шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдасты-
рылған мал шығынға ұшырады. Сонымен қатар, малдың  көп бөлігі  
үкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды. О. Исаев Қазақстан 
өлкелік комитетінің VІ Пленумында  1929 жылы Қазақстанда 40 
млн. бас мал болғанын, содан 1933 жылы  4 млн. ғана мал қалғанын 
мойындауға мəжбүр болды.
Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының ба-
сына    үлкен  апат  əкелді.  Күшпен  ұжымдастырылған  жəне  мате-
риалдық  жағынан өте əлсіз  шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, 
нəтижесінде 1932—33 жылдары халық  аштыққа ұшырады. Сол 
кездегі мəліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда 
халық баудай түсіп қырылған. Аштықтан өлген адамдарды жинап, 
көмуге мүмкіндік болмаған. Аштықтың салдарынан адам етін жеу 
фактілері де өте көп болған. Осындай жантүршігерлік көріністер 
туралы мəліметтерді зерттеушілер тəуелсіздік алғаннан кейін ар-
хив қойнауынан алып жариялады. Аштыққа ұшыраған қазақтар 
босқын болып, елден шет аймақтарға үдере көшті. Қазақстаннан 
шет аймақтарға кеткен қазақ босқындарының ауыр да жанкешті 
тұрмысы туралы да деректер жеткілікті. Зерттеушілер 1930—1932 
жылдары шетелге кеткен қазақтар санын, қайтып келгендерді 
шығарып тастағанда 1,3 млн. адамға жеткізеді. 
Қазақтардың аштықтан қырылуы жəне шет аймақтарға үдере 
көшуі нəтижесінде  халық саны күрт азайды, яғни демографиялық 
апатқа əкелді. Мысалы, 1937 жылдың басында  халықшаруашылығы 
есебінің  бастығы    М.  Саматовтың  Л.  Мирзоянға  берген  мəліметі 
бойынша 1930 жылдың 1 маусымы мен 1933 жылдың 1 маусымы 
аралығында халық саны 2 есеге кеміген.  
Қазақ халқының ауыр жағдайын  Қызыл крест жəне Қызыл жар-
ты ай қоғамының  баяндама хаттарынан жəне Ресейдің басшы мем-
лекет қайраткері ретінде жергілікті жерлерден Мəскеуге келіп түсіп 
жатқан басқа да мəліметтерден хабардар болған Т. Рысқұлов, көп 
кешікпей-ақ Сталинге хат жазады. Аштыққа байланысты жоғарғы 
партия мен үкімет басшыларына жазылған хаттар қатарын О. 
Исаевтің жəне “Бесеудің хаты” толықтырады.
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардап-
тары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте 
“Ауыл шаруашылығы туралы” қаулы қабылданып, Қазақстан мал 
шаруашылығындағы  “кемшіліктерді  түзеу”  бағыты  белгіленеді. 
Алайда қаулы өлкелік комитеттің жүргізген саясатын  айыптама-
ды, тіпті, ол қаулыда аштық туралы бір сөз жоқ. Қаулы егіншілік 
аудандарында жеке меншікте 2—3 бас сиыр, 10—20 бас қой, ал мал 
шаруашылығы аудандарында 100 бас қой, 8—10 бас ірі қара, 3—5 
түйе, 8—10 жылқыға дейін ұстауға рұқсат берді. Қазақстанда 624 
ферма таратылды.  Жойылған тауарлы фермалардан 216370 бас мал 
колхозшылардың өзіндік шаруашылықтарына пайдалануға берілді. 
Колхоздар мен совхоздардан 680 мың бас мал шаруалардың жеке 
меншігіне  сатылды.   
Екінші бесжылдық жоспарды орындау кезінде, яғни 1933-37 
жылдары Кеңес үкіметі ауыл шаруашылығында  ұжымдастыруды 
аяқтау, ауыл шаруашылығын қайта құру, колхоздарды ұйымдық-
шаруашылық жағынан нығайту міндеттерін белгіледі. Бұл шара-
ларды  жүзеге  асыру  үшін  большевиктік  партия  республика  ауыл 
шаруашылығын саяси нығайту қажет деп, колхоздар жанынан  
саяси бөлімдер құрды. 1935 жылы үкімет колхоздарға жерді мəңгі 
пайдалануға берді. Осы жылы ТОЗ-дардан ауылшаруашылық 
артельдеріне  көшіру басталды да, 1937 жылы бұл процесс толық 
аяқталды.
Алайда, бұл жүргізілген шаралар колхоздарды нығайта ал-
мады. Ауылшаруашылық өндірісінің өнімділігін арттырып, мал 
шаруашылығын өркендете алмады. Керісінше ауылшаруашылық 
артельдерінің жер пайдалану тəртібін бұзу орын алды. Колхозшылар 
тарапынан колхоз меншігіндегі жерлерден үй маңындағы жерлерді 
кеңейту кең өрістеді. Үй маңындағы жерлерді кеңейту көптеген кол-
хоз мүшелерінің колхоз ісіне деген селқостығын күшейтті. Осыған 
байланысты Кеңес үкіметі колхоз жерлерін тиімді иелену мəселесін 
көтеруге мəжбүр болды. Колхоздарды одан əрі нығайту шарасының 
бір бөлшегі ретінде ауылшаруашылығы артельдерінің тəртібін 
 
бұзушыларға қарсы күресті бастады. Үй маңындағы жерлерді 
өлшеп, артық жерлерді колхозға қайтарды. 
Большевиктер шаруашылыққа тікелей араласуды тоқтатпады. 
Мал шаруашылығының артта қалуын тікелей араласу жолымен 
шешуді көздеді. 1939 жылы 8 шілдеде БК(б)П Орталық комитеті 
“Колхоздарда қоғамдық малды дамыту шаралары туралы” қаулы 
қабылдайды. Осы қаулыда колхоздарда екі-үш тауарлы фермалар 
(оның ішінде біреуі ірі қара мал, екіншісі қой немесе басқа түліктен)  
құру белгіленеді. Осыған орай колхоздар мал санын арттыруға ын-
таланады деген есеппен  жаңа ет өткізу жүйесін белгілейді.  Алайда, 
бұл негізінен колхоздарды күштеп малдың ұстауға тиімсіз түрлерін  
дамытуға итермелеген шаралар болды. Колхоздардың еріктілігі 
шектелді,  əкімшілік басқару жүйесі одан əрі күш алды.  

252
253
Сонымен, Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік 
жолмен қайта құру жолында жүргізген шаралары  тиімді нəтиже 
бермеді.  Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ын-
тасын жойды. Соған қарамай  большевиктер  ауыл шаруашылығын 
социалистік жолмен алға қарай дамыту мақсатында ылғи əртүрлі 
жаңа шаралар жүргізіп отырды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет