Лекциялардың тезистері


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата22.12.2016
өлшемі0,79 Mb.
#224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар  

1.Педагогика нені зерттейді? 

2.Сіздің  ойыңызша  педагогика  ғылымының  объектісі    болып  не  саналуы 

керек? 


3.Педагогика қандай міндеттерді шешеді? 

4.Педагогикалық ғылымдар жүйесін сипаттаңыз. 

5.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының негізгі түрлері қандай? 

6.Педагогика деген не: ғылым ба, әлде өнер ме? 

7.Педагогиканың негізгі категорияларының қарым- қатынасы.  

8.Педагогика  ғылымының  қызметтері:  теориялық,  практикалық  және 

прогностикалық. 

9.Қазіргі заман мұғаліміне педагогика ғылымы не береді  

 

 Әдебиеттер 



1.Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003 

2. Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2006 

3.Дайрабаев Е. Педагогиканың жалпы негіздері. Алматы, 2005 

4. Құрманалина Ш. Педагогика. Астана, 2010 

5.Коджаспирова Г.М. Педагогика – М., Кнорус. 2010 

6.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000 

7.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999 

8.Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 1995 

9.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред.  Т.Н. Пидкасистого-2010) 

10.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010 

11.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010 

 

12 -  тақырып. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері 

  Жоспар 

1. Ғылыми - зерттеу жұмысының жалпы әдіснамалық негіздері 

2. Жүйелі тәсілдердің негіздері - философиялық категориялар. 


 

27 


3. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері. 

4. Теориялық деңгей әдістері. 



Негізгі  ұғымдар:  ғылыми  зерттеу  әдістері,  ғылыми  дәлел,  заңдылық, 

ғылыми ақпараттың анықтығы, жүйе, модель. 

Методология  ”грек  тілінен  аударғанда  “әдіс  туралы  ғылым”  деген 

мағынаны  береді.  Сондықтан  методология  –  зерттеу  процесі  туралы  ілім 

ретінде де түсіндіріледі. 

Эксперименталды-эмпирикалық 

деңгей 

әдістері. 



Педагогикада 

зерттеудің  үш  деңгейі  бар:  эмпирикалық,  теориялық,  әдіснамалық. 

Эксперименталды-эмпирикалық  деңгей  әдістерінің  тұтас  бір  тобы  бар  (гр. 

Empeіrіa – тәжірибе).  

Бақылап-зерттеу  әдісі  –  заттар  мен  құбылыстарды  мақсатты  зерттеу, 

мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау 

және  санада  бұл  ақпаратқа  талдау  жасау;  зерттеу  объектісінің  сыртқы 

жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.  

Зерттеу  барысында  бақылап-зерттеу  түрлерініңәр  алуан  жіктемесі 

ажыратуға болады: 

-  тікелей  бақылап-зерттеу,  мұғалім-зерттеуші  оқу-тәрбие  жұмысының 

тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей зерттеуші бола тұра бейтараптық 

сақтауы  тиіс;  мұғалімнің  зерттеу  жұмысына  твғвз  араласуы.  Мұғалімнің 

зерттеуге  қатысуына  байланысты  эмпирикалық  фактілерді  жинақтаудың 

техникасы мен әдісі таңдалып алынады; 

-  жанама  бақылап-зерттеу,  ол  тікелей  бақылап-зерттеуді  толықтырады 

және  ол  зерттеушімен  бірге  және  оның  бағдарламасы  бойынша  жұмыс 

істейтін  өкілдер  арқылы  жүзеге  асады.  Зерттеуші  біреу  туралы  немесе  бір 

нәрсе туралы жанама деректер алады; 

- жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және 

сынып  бөлмелерінде  телекамералары  бар  мектептерде  жүргізіледі.  Сабақты 

жасырын  бақылап-зерттеу  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетінің  және 

мұғаліммен  ара  қатынасы  туралы  шанайы  мәлімет  алуға  мүмкіндік  береді. 

Жасырын  бақылап-зерттеу  зерттеушіге  құнды  мәліметтер  береді,  егер 

оқушылар  өздерін  бақылап  отырғанын  көрсе  өздерін  басқаша  ұстайды. 

Оқушылар  мен  мұғалімдердің  бір-бірімен  оңаша  кезіндегі  мінез-құлқы 

оларды  бөтен  біреулер  бақылап  отырған  кездегі  мінез-құлқынан  әлдеқайда 

өзгеше болады: 

- үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтағы, 

ойындағы,  сыныптан  тыс,  мектептен  тыс  –  оқу-тәрбие  процесі  физикалық 

қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеуге үшін қолданылады; 

- дискретті (үзік-үзік) бақылап-зерттеу объектіні ұзақ уақыт бақылайтын 

кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты 

жыл  немесе  бір  жыл.  Бақылап-зерттеу  белгілі  бір  уақытта  үзіліп,  кейін 

қайтадан жалғастырылады; 

-  монографиялық  бақылап-зерттеу  бір  адамды  немесе  бір  затты 

бақылау кезінде қолданылады;  

-  бір  бағытты  бақылап-зерттеу  жалпы  тұтастықтан  бақылап-зерттеу 



 

28 


мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады; 

-  бақылап-зерттеу  және  іздеу  көп  деректер  арасынан  зерттеуші  өзіне 

керек  деректер  мен  құбылыстарды  іздеген  кезде  қолданылады.  Мұндай 

бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс 

жасауы қажет.  

Эксперимент жаңа зерттеу материалына қол жеткізуге бағытталған. Ол 

тәжірибе  арқылы  теориялық  болжамдарды  тексеріп,  ол  болжамдарды 

дәлелдеуі немесе жоққа шығаруы мүмкін. 

Педагогикалық  эксперименттің  ерекшелігі  –  зерттеуші  оқушылармен 

жұмыс істейді  және  оның, әсіресе  оқытуда,  теріс нәтиже  алуына  болмайды, 

өйткені  зерттеушінің  құрастырған  сәтсіз  бағдарламасынан  оқушылар  зиян 

шегеді  Бұл  қоғамның  құқықтық  және  адамгершілік  қалыптарының 

бұзылуыны әкеліп соғады.  

Сұрақ-жауап 

әдістері. 

Олардың 


ерекшелігі 

педагогикалық 

жағдайлардың  элементтерінің  объективті  қасиеттерімен  қоса  өзара 

байланысты  «субъект  –  субъект”  жүйесінің  қасиеттері  танылып,  есепке 

алынады.  

           Философияның  энциклопедиялық  сөздігінде  методология  бұл  – 

«система принципов и способов организации и построения теоретической и 

практической  деятельности»  (М.,1983.-365  бет)  деп  көрсетілген.  Демек, 

әдіснама  дегеніміз  –  іс-әрекетті  құрудың  теориялық  және  практикалық 

жолын ұйымдастыру тәсілдері мен принциптерінің жүйесі болып шығады. 

       Теориялық  әдіс  –  талдау,  жинақтау,  тұжырымдау,  салыстыру, 

классификациялау, моделдеуге құрылады. 

       Эмпирикалық  әдіс  –  деректер  жинау,  сұрыпталған  фактілерді  ғылыми 

жүйеге келтіру. Бұл әдіске бақылау, қажетті құдаттарды зерттеу, әңгімелесу, 

анкета, сұхбаттасу, т.б. кіреді. Жобалық болжамды тиянақты айқындай түсу 

үшін эксперименттер қолданылады. 

       Математикалық  әдіс  –  құбылыстар  мен  қолданыстағы  жүйенің  ара 

қатынасындығы  межелік  айырымды  сандық  сапа  арқылы  белгілейді.  Бұл 

әдіске  регистрациялық  тіркеу,  шкалалық  көрсеткіш,  көлемі  мен  деңгейіне 

қарай сапқа түзу т.б. кіреді. 

 

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар 

1. Ғылыми зерттеу әдісі дегеніміз не? 

2.  Зерттеудің  эксперименталды-эмпирикалық  әдістер  тобының  мазмұнын 

ашыңыз. 


3.Зерттеудің теориялық әдістер тобының мазмұнын баяндаңыз. 

4.Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық және теориялық деңгей әдістері 

тобының өзара байланысын көрсетіңіз. 

5.Педагогика саласындағы “ғылым әдістемесі” түсінікті айқында. 

6.Педагогикалық 

зерттеулерді 

түрлі 

әдістерінің 



сипаттамасын, 

ерекшеліктерін атаңыз. 

7.Әдістемелік білімдер деңгейін айқындауға және талдау жасаңыз. 


 

29 


8.Қолданбалы  және  теориялық  педагогикалық  зерттеудің  объектісін,  пәнін  , 

мақсаты мен міндеттерін айқындаңыз. 

 

Әдебиеттер 

1. Журавлев Я.И. Педагогика в системе наук о человеке. М., 2000. 

2. Педагогика. Абай атындағы  Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер 

курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003. 

3. Пидкасистый П.И. Педагогика. Учебное пособие. – М.:2010. 

4.  Проблемы  методологии  педагогики  и  методики  исследований.  Под  ред. 

М.Н.Данилова, Н.И.Болдырева. М.:Педагогика 2000. 

5. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003. 

6. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике. 

– Алматы “Ғылым” 20001. 

 

        13  –  тақырып.  Жеке  тұлғаның  дамуы,  тәрбиесі  және    қалыптасуы. 

Баланың дамуына әсер ететін негізгі факторлар. 

                                                           Жоспар 

1.Жеке тұлға туралы түсінік. 

2.Тұлғаның дамуы және оның факторлары. 

3.Тәрбие – тұлға нышандарын дамытатын фактор ретінде. 

4.Тұлғаның қалыптасуы және тәрбие. 

       Негізгі  ұғымдар:  жеке  тұлға,  тұлғаның  дамуы,  тұқымқуалаушылық, 

орта, нышандар. 

       Ғылыми  материалистік  тұрғыдан  қарағанда  адам  биологиялық  табиғат 

перзенті.  Іс-әрекет,  қарым-қатынас,  еңбектің,  қоршаған  ортаның  әсері 

арқасында  және  қабілеті  мен  бейімділігі  негізінде  жеке  тұлға  ретінде 

танылады.  

       Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғары сатысы, қоғамдық-тарихи 

іс-әрекетімен  мәдениет  субъектісі,  ол  қарым-қатынас  иесі.  Демек,  оның  іс-

әрекеті,  сезімі,  ойлау  ерекшелігі  өзі  өмір  сүріп  отырған  қоғамдық-тарихи 

жағдайға  да  тәуелді.  Осыған  байланысты  тәрбие  беру  мақсатын  анықтап, 

оның  мазмұнын,  ұйымдастырудың  нақты  жолдары  мен  әдістерін  белгілеу  – 

тұлғаның  қалыптасуындағы  ең  маңызды  мәселе.  Тәрбиенің  ықпалды  әсері 

барысында  тұлғаның  рухани  және  дене  қабілеттері  дамып,  эстетикалық 

танымы,  сезімі  жетіліп,  дүниеге  деген  көзқарасы  өрістейді.  Ал  көзқарастың 

дамуы – дүниенің даму заңдылықтарын терең ашып, өзінің оған деген қарым-

қатынасын белгілеуге жол ашады. Сонымен, адамның жалпы дамуына өзара 

екі  бағыт  –биологиялық  тіршілік  иесі  болып  туады,  алайда  өз  дамуы 

барысында  ғана  әлеуметтік  тіршілік  иесіне  айналады.  Жеке  тұлғаның  ең 

басты  белгісі  –  оның  әлеуметтік  мәнінің  болуы  және  оның  әлеуметтік 

функцияларды атқаруы. 

       Тұлғаның  дамуы  –  педагогика  мен  психологиядағы  ең  басты 

категорияның бірі. Даму заңдылықтарын психология психиканың дамуы деп 

түсіндірсе,  педагогтар  адамның  дамуына  мақсатты  түрде  басшылық  жасау 

деген  теорияны  ұсынады.  Сыртқы  және  ішкі  факторлардың  әсерінен 


 

30 


тұлғаның дамуы сапалық және сандық үрдіске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның 

жасының  өсу  кезеңдеріне,  айналасын  танып,  тиісті  дағдыларды  меңгеріп 

қарым-қатынас  жасауға  араласа  бастаудағы  тәлім-тәрбиесі  мен  өнегесіне 

байланысты. Оның басты салалары мынау: 

-

 

Денесінің  өсуі  –  бұлшық  еттерінің  жетіліп,  барлық  дене  мүшелері 



өркен жайып, пішін болмысы дамиды. 

-

 



Психикалық дамуы – ойлау, қабылдау, зейін, ес т.б. 

-

 



Әлеуметтік  жағынан  дамуы  –  адамгершілік,  имандылық,  таным 

түсінікті сезіну, әлеуметтік қарым-қатынасты саралай білу тб. 

       Тұлғаның дамуына ықпалды әсер ететін факторлар және оның қозғаушы 

күштері  жөнінде  ғалымдар  арасында  пікірталас  жетерлік.Оның  ішінде  екі 

салаға  назар  аударған  жөн:  Тұлғаның  дамуы  биологиялық,  табиғи,  тұқым 

қуалау  факторларына  байланысты  деп  санайтын  биологизаторлық 

көзқарасты  ұстанушылар.  Ал  екінші  саладағы  тұлғаның  дамуындағы  басты 

фактор әлеуметтік (социологизаторский) жағдай деп санайтындар. Бұлардың 

пайымдауынша  тұлғаның  дамуын  шыққан  тегі  мен  ортасына  байланысты, 

балаға білім бергенде осы ерекшелікті ескере отырып топтастыру керек деген 

бағдарды ұстанады.Осыған байланысты кеңестік дәуірдің 20-30 жылдарында 

педология деген ғылым болды да, бірақ кейіннен тоқтатылды. 

       Қазіргі  кезеңдегі  педагогика  тұлғаның  дамуына  ықпал  ететін  екі 

факторды  –  биологиялық  және  әлеуметтік  жүйені  бірлікте  қарайды. 

Биологиялық тұрғыдан келгенде тұқым қуалау жағы, ал әлеуметтік тұрғыдан 

отбасы, әлеуметтік және қоғамдық жағдай ескеріледі. Әрине, бұл екі фактор 

тепе-тең  деген  түсінік  болмау  керек.  Өйткені  тұлғаның  табиғи 

болмысындағы  нышандар,  оның  даму  мүмкіндіктері  өзінен  өзі  шешіле 

салмайды.  Қалай  болғанда  да  балаға  тәрбие  берудің  рөлі  зор  екендігін 

педагогика  ғылымы  айқындап  та,  жан-жақты  дәлелдеп  те  отыр.  Тәрбиенің 

жүзеге  асып,  баланың  бойына  дарытудағы  басты  фактор  –  оқыту  мен  білім 

беру екені белгілі. 

       Тұлғаның  дамуындағы  ішкі  факторларға  байланысты  белсенділікке, 

былайша  айтқанда,  іс-әрекеті,  еркі,  қызығушылығы,  сезімі,  қабілетіне  мән 

беру керек. Осы орайдан тәрбиелей отырып оқыту, оқыта отырып тәрбиелеу 

деген  қағида  өріс  алған.  Демек,  көрсетіліп  отырған  ішкі  факторлармен 

біріккен нәтижесінде тұлға дамып, өркен жаяды. Тәлімгерлік жасаушы адам 

алдымен  тұлғаның  жас  ерекшелігіне,  дербес  өзгешелігіне,  психологиялық 

болмысындағы  сипатына  зейін  қойып,  тәрбие  мен  білім  берудің  мақсатын, 

мазмұнын  және  әдіс-тәсілдерін  нақты  жағдайға  үйлесімді  басшылық  жасай 

білсе, оның нәтижесі айтарлықтай, жоғары деңгейде болады. 

             



                                       Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 

1.Тұлғаның дамуы дегеніміз не? 

2.Тұлғаның дамуының негізгі күштерін атаңыз. 

3.Әлеуметтендіру , тәрбиелеу және тұлғаның дамуының үйлесімділігі неде? 

4.Тұлғаның дамуы қандай факторлар арқылы белгіленеді. 

5.Баланың дамуына қызмет қалай әсер етеді? 



 

31 


6.Тұқым  қуалаушылық  арқылы  ата-  анаңыз  бен  ата-  бабаңыздан  сіз  не   

қабылдағанызды талдаңыз. 

7.Осы 

мақсатта 



өз 

отбасыңызды 

генеалогиялық 

ағашын 


жасаңыз(құрастырыңыз  )  Әсіресе,  сіздің  отбасыңыздағы  қызметтің  кейбір 

түрлеріне деген задатки  көңіл аудару керек. 

8.Бала дамуының ішкі және сыртқы факторлары  

9.Қиын балалар, дарынды балалар олардың дамуының проблемасы неде? 

 

Әдебиеттер 

1.Педагогика. Курс лекций. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003 

2. Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2006 

3.Дайрабаев Е. Педагогиканың жалпы негіздері. Алматы, 2005 

4. Құманалина Ш. Педагогика. Астана, 2010 

5.Коджаспирова Г.М. Педагогика – М., Кнорус. 2010 

6.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000 

7.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999 

8.Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 1995 

9.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред.  Т.Н. Пидкасистого-2010) 

10.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010 

11.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010 

 

14 - тақырып

 Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерінің оқу 

- тәрбие процесінде ескерілуі 

                                                           Жоспар: 

Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы. 

Жасөспірім кез және оның ерекшеліктері. 

Жоғары сынып жасындағы балалардың сипаттамасы.  



        Негізгі  ұғымдар:  жеке  тұлға,  жас  мөлшері,  жеке  ерекшеліктер, 

дарындылық. 

        Бастауыш  сынып  жасындағы  баланың  ерекшелігі  мен  дамуы.  Тәрбие  - 

жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты және қоғамның 

әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталады. 

Белгілі кезеңдегі балалардың жас мөлшері дегенде олардың өздеріне тән 

ерекшеліктері мен сипаттары бар. Бұл ерекшеліктер педагогикалық процесте 

ескеріліп, пайдаланылуы керек. 

Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 

6-12  жас  аралығында  бала  денесінің  салмағы  18-ден  36  килограмға  дейін 

артады.  Бала  миының  көлемі  5  жаста  үлкен  адам  миының  90  %  болса,  10 

жаста 95 % тең болады. 

Нерв  жүйесінің  жетілуі  де  жалғасады. Нерв  клеткалары  арасында жаңа 

байланыстар  түзіліп,  мидың  жарты  шарында  икемділік  күшейеді.  7-8  жаста 

жарты  шарды  жалғап  тұрған  нерв  талшықтары  жетіле  түседі  және  олардың 

өзара  қарым-қатынасының  арта  түсуін  қамтамасыз  етеді.  Нерв  жүйесіндегі 

бұл  өзгешеліктер,  баланың  ақыл-ойы  дамуының  келесі  кезеңінің  негізін 

қалайды.  Баланың  білім  алудағы  іс-әрекеті  де,  бұған  дейінгі  барлық  іс-



 

32 


әрекеттері сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды. Бастауыш 

сыныпта оқушы баланың білім алу іс-әрекеті өзіне бағытталған іс-әрекеттен 

тұрады.  Бала  жазу,  есептеу,  оқу  және  тағы  басқа  оқу  еңбегінің  түрлерін 

үйрену  арқылы  өзін  -  өзі  өзгертуге  талаптанады,  яғни  ол  іс-әрекеттік  және 

ақыл-ойды  дамытатын  әдістерді  меңгереді.  Өз  санасы  арқылы  өзінің 

психологиялық  күйін  бұрынғы  және  бүгінгі  қалпымен  салыстырып,  өз 

бойындағы жетістіктерін анықтайды. 

Ақыл–ойдың  дамына  оқу  іс-әрекеті  ерекше  әсер  етеді.  Әсіресе  оқу 

жүйесінде  сөйлеу  қабілетін  меңгерудің  және  дамытудың  айқындауыштық 

маңызы  бар.  Сөйлеу  қабілетін  бағдарлама  бойынша  дамыту  мақсатында 

баланы оқытудың және дамытудың мынадай түрлері болады:  қалыпқа сәйкес 

әдеби тілді меңгеру, оқи және жаза алу. Оқушылардың сөйлеу мәдениетінің 

белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі тиіс. 

Жүректің  көлемінің  өсуі  бойдың  өсуін  қуып  жете  алмайды,  сондықтан 

да  қан  жүретін  тамырлар  әлдеқайда  жіңішке  болады,  қан  қысымы  артады. 

Өсудегі  морфологиялық  тепе-теңдіктің  болмауынан  тамырдың  соғуы  да, 

жүректің  жұмысы  да  қалыпты  болмайды,  басы  ауырады,  қаны  аздылықтан 

тез шаршайтын болады. 

Бала  жасөспірім  шаққа  өткен  кезде  оның  нерв  жүйесінің  құрылымы 

морфологиялық  жағынан  жетіліп  болады.  Оның  одан  әрі  қарай  дамуы 

ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау 

жасауды  күшейтеді.  Балалық  жастан  өту  нерв  жүйесіне  де  оңайлыққа 

түспейді.  

Баланы  әлеуметтендіру  факторларының  бірі  -  қоғамның  алғашқы 

ұжымы  болатын  –  отбасы,  бала  оның  ықпалын  бәрінен  бұрын,  тез 

қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы 

жағдайы,  оның  әлеуметтік  деңгейі,  ата-аналарының  айналысатын  кәсіптері, 

материалдық  жағдайы  және  олардың  білім  деңгейі  баланың  өмірлік  жолын 

айқындайды.  Балаға  ата-аналар  беретін  саналы  және  мақсатты  тәрбиемен 

қатар,  отбасының  жағдайы  да  ықпал  етеді  және  бұл  ықпал  өскен  сайын,  ол 

тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады. Жасөспірімдік өтпелі 

кезеңнің ерекшелігі – жасөспірімнің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және 

жалпы  үлкендермен,  құрбыларымен,  барлық  жағдайы  бойынша  өзіне  тең 

немесе тең еместермен қарым-қатынасында қайта бейімделу байқалады. Бұл 

қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез 

көрсетеді.  Жасөспірім  үшін  үлкендер  мен  өз  қатарластары  мәртебесінің 

деңгейі  бірдей  болмайтындығынан  қайта  бейімделу  процесі  әртүрлі  көрініс 

береді. 


 Өз  құрбыларымен  қарым-қатынаста  болуға  деген  қажеттіліктің  орнын 

ата-аналары  толтыра  алмайды,  ол  баланың бойында 4-5  жасында  басталады 

да,  жасы  өскен  сайын  дамиды.  Құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынастың 

болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті 

мүмкіншіліктері  мен  ақыл  ойының  дамуының  кешеуілдеуіне  айтарлықтай 

әсерін тигізеді. Жасөспірімдердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері өз мәні 

жағынан ұжымдық-топтық болып табылады.  


 

33 


Жасөспірімдерді  өмірдің  қарама-қайшылықтары  қызықтырады,  бұл 

жастағылардың  қажеттілігі  -  өздерінің  айналадағы  адамдарға  деген  қарым-

қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен 

қарым-қатынастары  қанағаттандырады.  Бұл  қажеттілікті  қанағаттандыруда 

әдебиет пен  өнердің  атқаратын рөлі  ерекше.  Әдебиет жасөспірімнің  алдына 

адамзаттық  қарым-қатынастардың,  мінез-құлықтардың,  сезімдердің  аса  бай 

да  күрделі  мәнін  ашып  береді:  ол  әрбір  кейіпкерден  өзін  көретін  болады, 

өзінің  сезімдері  мен  құмарлық-құштарлықтарының  дұрыстығына  жауап 

іздейді.  Ал  музыка  –  адамның  сезімдерінің  әміршісі.  Оның  тілі  толқу 

үстіндегі  адамға  түсінікті.  Сондықтан  да  жасөспірімдердің  тыңдайтын 

музыкасына қатты көңіл бөлу керек. 

Жеке  тұлғаның  өзіндік  ерекшеліктерінің  педагогикалық  процесте 

ескерілуі.  Жеке  ерекшеліктерді  есепке  алу  –  бұл  әрбір  жеке  тұлғаның 

қызығушылығын, 

бейімділігін, 

сапасын, 

қасиетін, 

талабын 


және 

мүмкіншілігін  ескере  отырып,  өскелең  ұрпақтың  әлеуметтік  қалыптасу 

процесінде  сәтсіздіктер  мен  қателіктерді  барынша  кеміте  отырып 

тәрбиелеуде  педагогикалық  құралдардың,  әдістемелердің  және  түрлердің 

барлығын  пайдалану.  Мектеп  оқушыларының  жеке  ерекшеліктерін  есепке 

алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле 

бермейді.  Темперамент  –  бұл  адамның  психикалық  қызметі  мен  мінез-

құлқының  қуатын  анықтайтын  жеке  ерекшелігі.  /Сангвинник  –  еті  тірі; 

флегматик  –  жәй,  салмақты;  холерик  -  қызба,  шапшаң;  меланхолик  –  ойлы, 

терең толғанысты/. 

 Жеке  ерекшеліктерді  есепке  алу  маңызды  жағдай.  Мұғалім  бұл 

мәселеде  шектен  шығып  кетпеуі  керек,  яғни,  баланың  мүмкіншілігін  артық 

бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді. 

 Міне,  осылайша  тәрбие  беруде  де,  оқытуда  да  әр  балаға  жеке  қарым-

қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік 

қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, 

ал  ол  әр  адамның  жан-жақты  дамуы  үшін  қоғамның  талабы  негізінде 

туындайды.  Жеке  қарым-қатынас  әр  баланың  бейімділіктері  мен 

қабілеттерінің  ашыла  түсуіне  жақсы  жағдай  жасау  үшін  аса  маңызды, 

сондай-ақ 

ол 

оқу 


бағдарламасының 

талаптарын 

орындаудағы 

қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады. 

 

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар 

1.Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды атаңыз. 

2.Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенін дәлелдеңіз. 

3.Субъектінің  іс-әрекеті  жеке  тұлғаның  қалыптасуының  басты  факторы 

екенін дәлелдеңіз. 

4.Ұсынылып отырған арнайы әдебиет бойынша конспект жазыңыз. 

5.Өзіңіздің  педагогикалық  сөздігіңізге  жеке  тұлғаның  дамуы,  тәрбиесі  және 

қалыптасуымен байланысты негізгі ұғымдарды енгізіңіз. 

6.Лекцияның  конспектісімен  танысып,  оны  әртүрлі  авторлардың  екі-үш 

оқулықтарынан алынған материалдармен толықтырыңыз.  



 

34 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет