Лекциялардың тезистері



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата22.12.2016
өлшемі0,79 Mb.
#224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әдебиеттер 

1. Педагогика. Оқу құралы. - АПУ. – Алматы, 2003.  

2.Возрастная  и  педагогическая  психология  /под.ред.  А.В.Петровского.  М., 

1984. 


3. Ковалев С.В. Подготовка старшеклассников к семейной жизни. М., 1992. 

4.Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии М., 1972. 

5.Эльконин  А.Б.  Возрастные  и  индивидуальные  особенности  младших 

подростков, М., 1974. 



 

14. 

Тұтас 

педагогикалық 

үдерістің 

мәні 

және 

құрлымы                                                

Жоспар 

1.

 



Педагогикалық  процесс  мұғалім  іс-әрекетінің  обьектісі  туралы  ұғымның 

қалыптасу тарихы. 

2.

 

Педагогикалық  процестің  мәні,  оның  құрылымдық  компоненттері. 



Оқушы- педагогикалық процестің субьектісі. 

         Негізгі  ұғымдар:  объект,  пән,  ғылым,  жүйе,  әлеуметтік  жүйелер, 

“ұстаздар  –  оқушылар”  жүйесі,  педагогикалық  процесс,  педагогикалық 

ситуация, қозғаушы күштер, тәрбиелеуші тетіктер, диагностика, болжамдау. 

Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің обьектісі туралы ұғымның 

қалыптасу  тарихы.  Қазіргі  педагогикалық  процесс  түсінігі  бірден 

қалыптасқан  жоқ.    М.А.Данилов  “Педагогикалық  процесс  -  педагогикалық 

теорияның  обьектісі”  деген  еңбегінде,  ең  бастысы,  әр  түрлі  құбылыстарды 

зерттеу негізінде педагогика теориясын одан әрі жетілдіруі айқындалатынын 

көрсетті. 

Ғалымдардың  зерттеулеріне  байланысты  педагогикалық  процестің 

түрлі қырлары мен заңдылықтары айқындалды. 

Педагогикалық  процестің  мәнін  әлеуметтік-педагогикалық  жағынан 

түсіну бағыты Э.И. Моносзон мен З. Филонов еңбектерінде көрсетілді. 

 Кеңестер  одағы  мен  бұрынғы  социалистік  бағыттағы  елдерде,  ГДР-де 

шыққан  еңбектерде  “педагогикалық  процесс”  оқу  мен  тәрбиенің  бірлігі 

ретінде қарастырылады. 

 Ағылшын 

тіліндегі  әдебиеттерде  (АҚШ,  Англия,  Австралия) 

“педагогикалық процее”  деген ұғым  “оқыту”  деген  сөздің баламасы  ретінде 

қолданылады. 

“Педагогикалық  процесс”  анықтамасын  ең  алғаш  Каптерев  П.В. 

анықтады. Ол оны “білім беру процесі” ретінде қолданды. Ондағы өзіндік іс-

әрекет  сөзсіз  болатын  құбылыс.  Каптерев  ұсынып  отырған  анықтамада 

“педагогикалық  процес”  ұғымы  біртұтас  үлкен  бір  құбылысты  көрсететіні, 

оның оқыту, білім беру, үйрету, тәрбиелеу, даму, нұсқау, иландыру, жазалау, 

т.б. сияқты кезеңдері болатынын көрсетуімен маңызды. Түйіндей келе, П.Ф. 

Каптерев педагогикалық процестегі оқыту мен тәрбие бірұтастықтың кейбір 

бөлшегі  ретінде  өмір  сүреді  деген  пікірде  болуы.  Сонымен  бірге,  бұнда 

кейбір бөлшектердің күрделі қатынастары туралы ой байқалады. 

       С.Т.Щацкийдің  пікірінше,  педагогикалық  процесс  бірқатар  көптеген 



 

35 


элементтердің  нәтижесі  болып  саналады,  оның  ішіндегі  негізгілері 

әлеуметтік-экономикалық  орта,  іс-әрекеттер  мен  ықпал  ететін  обьектінің 

психо-физиологиялық ерекшеліктері және ұстаздардың іс-әрекеті. 

А.П.Пинкевич  педагогикалық  процестің  мектептің  қоғамдық  өмірдегі 

рөлінен 

туатын 


әлеуметтік 

және 


педагогикалық, 

психологиялық 

аспектілерінің бірлігінен тұратынын көрсетеді. 

А.С.  Выготский  педагогикалық  процестің  жағдайын  білу  деген 

идеяның болашағы өте зор, оны зерттеуге көңіл қою керек дейді. 

А.С.Макаренко, 

М.А.Данилов, 

В.С.Ильин, 

Б.Т.Лихачев, 

т.б. 


педагогикалық және тәрбиелік процесті бір мағынада түсіндіреді. 

В.А. Сухомлинский “педагогикалық процестің тұтастығын мұғалім мен 

оқушының  рухани  бірлестігі  және    үлкен  адамның  басшылығы”  деген  ойы 

маңызды. 

Л.Ф.Спирин,  М.А.Степенский  т.б.  пікірі  бойынша  “педагогикалық 

жүйедегі тәрбиенің обьектілері мен субьектілерінің іс-әрекеттері бөлінбейтін 

біртұтас тәрбие процесі болып есептеледі”. 

Біртұтас  обьектінің  теориясын  жасау  диалектикалық  материализмнің 

белгілі бір методологиялық мақсаты құбылыстардың өзара байланыстылығы 

туралы  күрделі  құбылыстарды  жүйе  ретінде  қарастырумен  және  нақтылы 

жағдайда жүйелі тәсілді практикалық жүзеге асырумен тікелей байланысты. 

Дидактика  саласында,  оқыту  процесінің  элементарлық  бірлігі  “кереге 

көзі”  ретінде  Лернер  әрекетті  негіздесе,  Е.Н.  Тонконогая  сабақты,  П.М. 

Эрдниев  жаттығуды,  В.И.  Загвязинский  -  тапсырмаларды,  Т.И.  Шамова 

танымдық әрекетті көрсетеді. 

Жоғарыдағы  авторлар  педагогика  теориясындағы  кереге  көзді 

негіздеуге  ұмтылыстарын  бағалай  отырып,  М.А.  Данилов  олардың  толық 

нәтижеге жетпегенін көрсетеді. 

Педагогикалық 

процестің 

түпкі  мақсаты 

– 

ол 



“қоғамдық 

қатынастардың жиынтығы” жеке тұлғаны қалыптастыруы керек. Әрбір жаңа 

ұрпақ  өткен  ұрпақ  тәжірибесін  меңгеруі  керек,  жеке  тұлғаның  қалыптасу 

шарты осындай. Өзіне тән әрекетсіз тәжірибені игеру мүмкін емес. 

Педагогикалық  процестің  “ұстаздар  –  оқушылар  “  қатынасындағы 

мақсат,  міндеттер,  мазмұн,  құралдар,  формалар,  әдістер  мен  тәсілдер, 

тапсырмалар  айналымы  үнемі  жүріп  отырады.  Басқаша  айтатын  болсақ, 

педагогикалық  процесс  оқушылардың  мәдени  байлықтарды  меңгеруге  және 

қоғамдық  өмір  мен  еңбекке  дайындаудағы  бірлескен  іс-әрекеттері,  бұл 

ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады. 

Оқушы  өзінің  даму  барысында  әлеуметтік  тәжірибені  меңгеруі  керек, 

ал  ол  іс-әрекетсіз  мүмкін  емес.  Бірақта  ол,  іс-әрекеттер  жүйесін  өздігінен 

игере  алмайды.  Оқушы  іс-әрекет  субьектісі  болып,  мұғалімнің 

басшылығымен әлеуметтік тәжірибені игереді. 

Педагогикада  педагогикалық  ситуация  тәрбиелілікті  зерттеу  әдісі 

ретінде  және  оқытудың  әдісі  ретінде  кеңінен  қолданылады.  Ситуацияны 

талдау мен модельдеу, педагогикалық ойлауды қалыптастыру тәжірибесінде 

жүзеге  асырылады.  Қалыптасудың  қас  қағым  сәті,  элементарлық  бірлігі 



 

36 


педагогикалық ситуация. Педагогика пәні педагогикалық процесс қызметінің 

заңдылықтарын  зерттейді,  оның  нәтижелері  педагогикалық  процесті 

ұйымдастыруда қолданылады. 

Педагогикалық процестің мәніДиалектикалық материализм ұстанымы 

бойынша  мән  –  аттың  ең  басты,  ішкі  біршама  тұрақты  жағы.  Мән  заттың 

табиғатын  анықтайды.  Элементарлық  бірлік  “кереге  көзді”  талдау  негізінде 

педагогикалық  процестің  мәні  екі  жақты  сипатталынады:  әлеуметтік  жүйе 

ретінде; өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде. Әлеуметтік жүйе ретіндегі оның 

белгілері  мынадай:  жүйенің  жалпы  мақсаты  және  оның  өзара  байланысты 

бөліктері немесе элементтері болады, жүйе белгілі ортада жұмыс істейді,  ол 

сыртқы  ортамен  байланысты  түрлі  деңгейде  жұмыс  жүргізеді,  өзінің  ішкі 

қайшылықтары  арқылы  дамиды,  ұйымдастыру  орталығы  арқылы 

басқарылады. 

 

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар 

1. Педагогикалық процестің алғашқы анықтамасын жасаған кім? 

2.  Педагогикалық  процестің  ғылыми  категория  ретінде  қалыптасуы  туралы  

қандай пікірлер бар? 

3. Педагогикалық процесс деген ұғымға анықтама беріңіз. 

4.

 



Не 

себепті 


педагогикалық 

ситуация 

педагогикалық 

процестің 

элементарлық бірлігінің рөлін атқарады? 

5.Педагогикалық процестің мәнін қалай түсінесіз?. 

6. Педагогикалық процестің қандай негізгі заңдылықтары бар? 

7.Педагогикалық процесс деген не? 

8.Педагогикалық процестің біртұтастығы деген нені білдіреді? 

9.Педагогикалық процесті құрайтын үрдістердің спецификасы неде? 

10.Педагогикалық процестің динамикасын сіз қалай анықтайсыз? 

11.Неліктен  педагогикалық  процесс  мұғалім  қызметінің  объектісі  болып 

табылады? 

 

Әдебиеттер 

1. Педагогика. Абай атындағы  Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер 

курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003. 

2.  Хмель  Н.Д.  Жалпы  білім  беретін  мектептегі  педагогикалық  процесс.  –

Алматы “Ғылым” 2002. 

3.  Щукина  Г.И.  Активизация  познавательной  деятельности  в  учебном 

процессе. – М.:Просвещение., 2000. 

4. Моделирование педагогических ситуаций. Проблема повышения качества 

и  эффективности  общепедагогической  подготовки  учителя.  Под  ред. 

Ю.Н.Кулюткина, 5.Г.С.Сухобской. – М.:Педагогика, 2000. 

 

15.  Тәрбиенің  процесінің  әлеуметтік  негіздері  .  Тәрбие  және  және  жеке 

тұлғаның әлеуметтенуі 

                                                     Жоспар 

1.

 



Педагогикадағы тәрбие мақсаты мәселесінің тарихы. 

 

37 


2.

 

Тәрбие және әлеуметтік келісім.  



3.

 

Қоғамдық мәдениеттің тәрбие кеңістігі ретінде қалыптасуы. 



Негізгі  ұғымдар:  тәрбие  мақсаты,  қоғамдық  мәдениет,  жеке  тұлғаны 

әлеуметтендіру  және  дербестендіру,  жан-жақты  үйлесімді  дамыған  жеке 

тұлға, жеке тұлғаны” шығармашылық мүмкіншілігі. 

         Қоғамның  даму  барысында  тәрбие  және  мақсаты  төңірегіндегі  пікір-

талас  ежелгі  дәуірдің  өзінде-ақ  басталған.  Ертедегі  ойшылдар  тәрбиенің 

мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. “Рақым” туралы 

пікірде  олардың  ойлары  бір  жерден  шықпады.  Мысалы,  Сократтың 

түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді 

тану,  аса  құлықтылықты  жетілдіру,  ал  Платон  ақыл-ой,  ерік  және  сезімді 

тәрбиелеуге  көп  ықылас  білдірді.  Ол  тәрбиені  өкіметті”  өзі  ұйымдастыру 

керек,  үстемдік  етуші  топтар  –  философтар  мен  жауынгерлерді”  талап-

тілегіне  сай  жұмыс  істеу  деп  түсінді.  Аристотель,  тәрбиенің  мақсаты  жан 

рақымы  –  ақыл-ес  пен  ерік-жігерді  дамыту  деп  білді.Ұлы  педагог  Я.А. 

Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге 

бағытталуы  қажет:  өзіңді  және  қоршаған  ортаны  тану  (ақыл-ой  тәрбиесі) 

және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі 



мақсаты  азаматты  қалыптастыру,  өз  істерін  ақылмен  және  байыппен 

жүргізу,  ал  Ж.Ж.  Руссо  қоғамдық  құндылықтарды  қалыптастыруға  тәрбие 

мақсаттарының алатын орнын айтты.  

И.Гербарттың 

ойынша, 

тәрбие 


мақсаты, 

рақымды 


адамды 

қалыптастыруға,  қалыптасқан  қарым-қатынастарға  бейімделе  алатын, 

қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар десе, 

А.Дистерверг  тәрбиенің  мақсаты  “ақиқат,  сұлулық  және  мейірімділікке  өз 

ынтасымен қызмет” ету деп анықтаған. 

Ұлы  орыс  педагогы  К.Д.  Ушинский:  “Егер  сізге  айтса,  тәрбие 

мақсатымен  адамды  бақытты  етуге  болады  деп, онда сізді”  дауласуға  әбден 

қақыңыз  бар,  ал  тәрбиеші  “бақыт”  дегенде  нені  түсінеді;  өйткені,  бәрімізге 

белгілі,  әлемде  бақытқа  ұмтылмайтын  пенде  жоқ:  біреуге  бақыт  болып 

көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі 

тіпті бақытсыздық” - деп тұжырымдайды. .  

Тәрбие мақсаты көп уақытқа дейін идеалды адам мұратына, жан-жақты 

үйлесімді  дамыған,  рухани  байлығы  мол,  моральдық  қылықтары  таза  және 

дене  күші  дамыған  тұлға  ретінде  түсінді.  Әрине,  бұл  позиция  –  тәрбиені” 

негізгі  мақсаты.  Бірақ,  тәрбиені”  мақсаты  біржақты  қарастырылып, 

күнделікті  тәжірибеде  тәрбие  жұмыстарыны”  нәтижелері  алға  қойған 

мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады. 

Тәрбие  мақсаты  –  педагогиканың  ең  маңызды  мәселесі.  Мақсат-

тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы 

ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара қатынаста 

болады,  жүйесі  мен  оны”  компоненттеріне  тәуелді.  Қорыта  айтқанда, 

тәрбиені” мақсаты нақты тәрбие міндеттеріні” жүйесі. 

Тәрбие  мақсаты  жалпы  және  жеке  болып  келеді.  Тәрбиенің  мақсаты 

жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтарды”, ал 



 

38 


жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаны” қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда 

тәрбие  жүйесіне  қарай  тәрбие  мақсаты  әр  алуан  болып  келеді.  Тәрбие 

мақсатының  әр  алуандығы  тәрбиенің  өте  күрделілігін  көрсетеді. 

Мақсаттылыққа  объективтік  себептер  әсер  етеді.  Олар,  дененің 

физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия 

мен педагогикалық ойды” жетістігі, ортаны” үнемі қоғамның мүддесіне орай 

өзгеріп отыруы.  

Мақсатқа  ұмтылу,  ұстазға  айқын  мақсаттар  белгілеп,  кәсіптік  іс-

әрекеттерінің  нәтижелерін  оқушылардың  тәрбиеге  бой  ұсынуынан, 

құлшынысынан  байқауға  болады.  Нақты  мақсаттар  туралы  сөз  қозғағанда, 

олардың  анықтамасының  негізгілерін  бөліп  алу  қажет.  Ең  алғашқы 

әлеуметтік  негізі  әрбір  индивидтің  дамуы  табиғаттың  адамға  генетикалық 

тұрғыдан  берген  әлеует  мүмкіншілігін  дамытумен  қатар,  оның  даралығын 

қалыптастырумен  байланысты.  Баланың  дараланып  дамуында  белсенділік, 

күш-қуат  артуымен  қатар,  еркі  мен  ақыл-сезімінің  қалыптасуы,  оның 

болашақ  кәсібінің  бейімін,  қабілетін  интегралдап,  іс-әрекетке  қолданудың 

амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік 

жағдайға байланысты. 

Мақсат-  іс-әрекет  нәтижесін  күні  бұрын  идеалды  ой-тұжырым  арқылы 

болжау. 


Тәрбие-әлеуметтік  институт  ретінде  қалыптасуын  әлеуметтендіру, 

мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол 

арқылы қоғам мүшелеріні” әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.  

 Әлеуметтендіру  –  мәдени  элементтерді  түсіндіру,  әлеуметтік  мұраттар 

мен  құндылықты  игеру  негізінде  жеке  тұлға  қасиеттерін  қалыптастыру 

әлеуметтендіру  жүйесінің  мазмұны  қоғам  талабымен  айқындалады,  яғни 

оның  мүшелері  қоғамның  маңызды  салаларын  білу,  өндірістік  қызметке 

қатысу,  берік  үйелмен,  заңды  басшылыққа  алатын  азамат  болуы  қажет. 

Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, 

адам  бұл  процестің  объектісі  ғана  емес,  субъектісі  болған  жағдайда  ғана 

әлеуметтенеді.  

Әлеуметтендірудің алдына қойған міндеттерінің екі тобы болады:  

а. тұлғаның әлеуметтік бейімделуі,  

б. әлеуметтік кемелденуі.  

 Бұл  міндеттердің  шешімі  ішкі  және  сыртқы  факторларға  байланысты. 

Соның  ішінде,  сыртқы  ортаның  қайшылықтары  баланың  бойында  дамып 

келе  жатқан  ішкі  қарсыластық  күшіне  сай  келуге  тиіс.  Адамның  орталыққа 

ұмтылыс  күші,  сыртқы  мәдениеттің  жерінен  әлдеқайда басым  болуы  қажет, 

сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек.  

 Адамды  әлеуметтендіру  нәтижелері  әлеуметтік  белсенділік,  адамның 

әлеуметтік  қарым-қатынасы  байланысында  көрініс  беретін  әрекетшілдігі. 

Әлеуметтендірудің  көрсеткіштері:  әлеуметтік  ортаға  бейімделу,  әлеуметтік 

дербестік және әлеуметтік белсенділік.  

 

Өзіне-өзі бақылауға арналған сұрақтар  



 

39 


1. Тәрбие, “тәрбие мақсаты”, “әлеуметтендірудің” түсініктерді айқындау. 

2. Тәрбие мақсатының мәнін ашыңыз. 

3. Тәрбие мақсатының әдіснамалық қалыптасу негізіне сипаттама беріңіз. 

4. Материалдық және адамдық мәдениет арасын ашыңыз. 

5.Сынып  ұжымының  сипаттамасы  бойынша  тәрбие  мақсатына  ықпал  ететін 

негізгі факторларды атаңыз. 

6.Жалпы және жеке тәрбие мақсатының өзара байланыс схемасын құрастыру. 

7.Тұлғаны  әлеуметтендіруде  әр  түрлі  екі  позициядағы  тәрбие  мақсатына 

мысал келтіріңіз. 

8.Материалдық мәдениетке мысалдар келтіріз және талдаңыз. 

 

Әдебиеттер. 

1.

 



Муканова  Б.И.  Педагогическое  руководство  формированием  социальной 

активности подростков. Алма-Ата, 1990. 

2.

 

Мудрик А.В. Социальная педагогика. М., 2002. 



3.

 

Василькова  Ю.В.,  Василькова  Т.А.  Социальная  педагогика:  Курс  лекций.  



М., 2003. 

4.

 



Ушинский  К.Д.  Человек  как  предмет  воспитания  опыт  педагогической 

антропологии. Пед. соч. В.2 т.т. Т.1. М., 1974. 

5.

 

Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. 



Алматы, 2004. 

 

7  –  тақырып.  Тәрбие  процесінің  мәні  мен  мазмұны.  Тәрбиенің  негізгі 



заңдылықтары  

                                                       мен принциптері. 

                                                         Жоспар 

1.Тәрбие процесінің мәні және оның ерекшеліктері 

2. Тәрбие процесінің қарама-қайшылықтары мен заңдылықтары. 

3. Тәрбиенің принциптері. 

        Негізгі 

ұғымдар:  диалектикалық  процесс,  тәрбиенің  қарама-

қайшылықтары, тәрбиенің заңдылықтары, тәрбиенің принциптері. 

        Тәрбие  –  диалектикалық  процесс,  ал,  диалектика  дегеніміз-  (гр.–

пікірлесіп отырамын, талқылап отырамын) – табиғаттың, қоғамның және ой-

сана  дамуының  жалпы  заңдары  туралы  ғылым.  (Пікірден  ой  туады,  пікір 

қарама-қайшылықсыз болмайды). Сонда қарама-қайшылықтар педагогиалық 

процестің  қозғаушы  күші  болып  саналады.  Қ-Қ  ішкі  және  сыртқы    болып 

бөлінеді.  Қайшылық  –  қандай  да  болсын  дамудың,  қозғалыстың  ішкі  көзін 

көрсететін категория. 

                      Ішкі  қарама-қайшылықтар:

 

Сыртқы 


қарама-

қайшылықтар:

 

1.  Жеке  тұлға  қажеттіліктері  мен  оларды 



қанағаттандыру  мүмкіндіктері  арасындағы 

қ-қ.  Осындай  келіспеушіліктер  адамды  алға 

жетелейді,  ұмтылдырады  -  өзінің  тәрбиесін, 

мінез-құлқын,  тәжірибесін  молайтады.  Осы 

1. 

Қоғам 


мен 

мектеп 


арасындағы  қ-қ.  Мектепте 

мақсат  көзделінген  процесс 

болса,  ал  қоршаған  ортаның 

әсері 


стихийялы 

түрде 


 

40 


кезде  педагогтың  қосары  мол.  Ол  жеке 

тұлғаның 

қажеттіліктерін, 

мақсатын, 

мүмкіншіліктерін білу қажет.

 

болады 



(Мыс., 

қазіргі 


жастардың 

әлеуметтік 

бейнесі қандай- сол қоршаған 

ортаға байланысты).

 

2.Жеке 


адамның 

әлеуметтік-мағыналы 

міндеттері 

мен 


оларды 

орындау 


мүмкіндіктері  арасындағы  қ-қ.  Қоғамның 

даму  деңгейіне    байланысты  баланың  ой-

өрісі  соған  сәйкес  болу  керек.  Мыс. 

шығармашылық 

қабілеті, 

баланың 


қызығушылығы. Баланың демалыс  уақытын 

ұйымдастыруға,  спортпен  шұғылдануға, 

үйірмелерге 

қатысуға 

көп 

жағдайда 



отбасының 

жағдайы, 

мүмкіндіктері 

болмайды


 

2.Мектеп 

пен 

отбасы 


арасындағы қ-қ.

 

3.Сыртқа ықпалдар мен жеке тұлғаның ішкі 



ұмтылушылығының 

арасындағы 

қ-қ.. 

Педагог  әрдайым  тәрбие  процесін  мақсатты 



бағытталған  процесс  екенін  ескереді  де,  ал 

баланың 


талап-тілектері, 

ынта-жігері, 

ескерусіз қалады.

 

3.  Бұқаралық  ақпараттық 



құралдар арасындағы қ-қ.

 

 



 

                                     Тәрбие процесінің ерекшеліктері. 

   

 

 



 

      Заңдылық-    құбылыстардың  жүйелі  түрде  өзгеруіне  себепші  болатын, 

оның  ішкі,  мәнді  және  тұрақты  байланысы.  Педагогикалық  процесте  

заңдылық дегеніміз – педагогикалық құбылыстар мен процестердің объективті 

Тәрбие


процесінің

ерекшеліктері

Болащаққа

Ұмтылған


процесс

Үздіксіз, 

ұзақтығында

4. ТП-


мазмұнындағы

концентризм

5. Екі жақты және

белсенді процесс

Сатылы сипатта

болатындығы

ТП-

көп факторлы



процесс

Тәрбие


процесінің

ерекшеліктері

Болащаққа

Ұмтылған


процесс

Үздіксіз, 

ұзақтығында

Сатылы сипатта

болатындығы

ТП-


көп факторлы

процесс


Тәрбие

процесінің

ерекшеліктері

8.Болащаққа

ұмтылған

процесс


Үздіксіз, 

ұзақтығында

Сатылы сипатта

болатындығы

ТП-

көп факторлы



процесс

Тәрбие


процесінің

ерекшеліктері

2. Үздіксіз, 

ұзақтығында

6. Сырттай

қарағанда оның

нәтежелерінің

бірден


аңғарылмай

тындығы


3. Сатылы сипатта

болатындығы

1. ТП-

көп факторлы



процесс

7.  ТП-


кешенді процесс

 

41 


түрде байлыныстылығы. Бұл байланыстар педагогикалық жүйенің қалай іске 

асуын  және  пед.процестің  нәтижесін  көруге  көмектеседі.  И.Ф.Харламов 

тәрбие  процесін  ұйымдастыруға  байланысты  заңдылықтарды  анықтады. 

П.И.Пидкасистый  заңдылықтарға  анықтама  бергенде,  оларды  топтастырды. 

И.П.Подласый,  тәрбие  процесінің    тәжірибесіне  сүйене  отырып 

заңдылықтардың  байланысын  көрсетті.  Тәрбие  заңдылықтары    3  топқа 

бөлінеді: 

    1 топтағы  -  Объективтік факторлар (фактор – лат. – оқиғаның қозғаушы 

күші,  себебі  -  қоғамның  негізін  құрайтын  қоғамдық  құбылыстар  мен 

процестер.  Қоғамның  әлеуметтік  –экономикалық  даму  деңгейі.  Ол  міндетті 

түрде  тәрбиеге  әсерін  тигізеді.  Қоғамның  жалпыадамзаттық  құндылықтары 

мен ұлттық мәдени құндылықтары. Субъективтік фактор – осы қоғамда өмір 

сүретін адамдардың саналы, белсенді іс-әрекеті. 



    2 топтағы – жеке адамның табиғатына, оның психикалық ерекшеліктеріне  

(жас және дара ерекшеліктері ескерілу керек. Жеке адамның дамуы тәрбиенің 

сапасына  байланысты  және  тәуелді.  Алуан  түрлі  тәрбиенің  формалары  мен 

құралдарын, 

әдістерін 

пайдаланғанда 

жеке 

тұлғаның 



дамуының 

диагностикасы  қарастырылу  қажет,  тәрбиенің  сапасы  балалардың  даму 

деңгейіне  байланысты.  Н.И.Болдырев:  «Жеке  адам  өзінің  дамуында 

әлеуметтік  тәжірибені  меңгеру  ғана  емес,  оның  психикалық  іс-әрекетінің 

сапалық  өзгеруінде»,  былайша  айтқанда  адамның  бойында  мінез-құлық  пен 

қасиеттердің жаңа сапасы пайда болуы керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет