Лекциялардың тезистері



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата22.12.2016
өлшемі0,79 Mb.
#224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әдебиттер 

1.Педагогика. Курс лекций. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003 

2.  Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в  ситуациях,  в 

первоисточниках) Уч. пособие – М., 2000.  

3.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000 

4.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999 

5.Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 2000 

6.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред.  Т.Н. Пидкасистого-2010) 

7.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010 

8.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010 

 

 23. Қазіргі мектептегі білім мазмұны.  Оқытудың түрлері. 



                                                      Жоспар 

1. Оқу процесі туралы түсінік 

2. Оқу процесінің жүйесі 

3. Оқытудың жүйесі мен оның түрлері. 

            Негізгі ұғымдар: ілім, оқытудың жүйесі, проблемалық оқыту. 

Ілім  -  танымдық  үрдісті  дамытатын  қозғаушы  күш.  Оқушының  алған 

ілімдік  білімі  оның  дүниетанымдық  көзқарасын,  нанымын,  сенімін 

қалыптастырады. Ал ғылыми көзқарас, дүниетаным тұлғаның өзін қоршаған 

өмірді,  құбылыстарды  тануға,  оған  объективтік  баға  бере  білуге  мүмкіндік 

жасайды.  Тұлғаның  дүниетанымы  тиісті  түсінікті  игеруге  бағыттап, 

айқындап,  бағдарлаудың  көрсеткіші  негіздеріндегі  идеялық,  ғылыми  және 

имандылық,  адамгершілік,  эстетикалық  дамуын  қалыптастыратын  ынта-

ықыласына, мұратына жол-жосық сілтейтін құбылысқа айналады.  

         Дидактикада  окытудың  теориялық  негіздеріне  байланысты  үрдісті 

зерттеуші  ғалымдар  әр  түрлі  мәнде  түсіндіреді  және  оның  құрылымдық 

жүйесі  жөнінде  де  бірыңғай,  біртекті  ұғым  қалыптаспаған.  Ал  оқытудың 

түрлерін  белгілеу  окытудағы  іс-әрекет  пен  оның  сипатына  негізделеді. 

Мұндағы  оқытудын  мазмұны,  әдістемесі,  құралына  байланысты  басты 

түрлері мынау: а) түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту; ә) проблемалық оқыту; 

б) бағдарлап оқыту т.б. 

       Бағдарлы  оқытуды  ұйымдастыру  мақсатында  1962  жылы  Париж 

қаласында өткен ғалымдардың халықаралық конференциясындағы пікірлесу 

нәтижесінде  ЮНЕСКО  мақұлдаған  келісім  бағдарлы  оқыту  жүйесін 


 

57 


өрістетті.  Мұндағы  басты  ерекшелік  -  оқыту  үрдісін  басқару  жолы 

жетілдірілген,  оқушы  өзін-өзі  тексереді  және  бағдарлы  оқытуға  арналған 

оқулық,  оқу  құралдары  мен  құжаттарда  берілген  мағлұматтарды  шәкірттің 

қаншалық меңгергендігін тексеруде машина қолданылады.  



        Түсіндірмелі-иллюстративтік  оқыту.  Оқытудың  бұл  түрінің  басты 

сипаты - мүғалімнің тиісті материалды талдап түсіндіруін оқушы сол дайын 

күйінде  қабылдап,  қайталап  беру  арқылы  білім  алады.  Оның  екі  жақты 

әрекеттегі жүйелілік мәні мынау: 

Оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті 

Оқудағы оқушының іс-әрекеті 

1.

 

Білімдік жаңа түсінік беру. 



2.

 

Оқу материалын ұғынуды ұйым-



дастыру. 

3.

 



Алған  білімін  пайдалана  білуді 

ұйым-дастыру. 

4.

 

Оқыту 



материалын 

бекітуді 

ұйымдастыру. 

5.Алға  білімін  қолдана  білуді, 

меңгерген 

деңгейін 

бағалауды 

ұйымдастыру. 

1.Білімдік  мағлұматты  қабылдап 

түсіну. 


2.Оқу 

материалын 

ойланьш, 

ұғымдық түсінігін кеңейту. 

3.Меңгерген 

білімдік 

материалдарын пайдалану. 

4.Оқу материалын қайталап бекіту, 

пысықтау. 

5.Алған 


білімді 

жаттығулар 

негізінде, 

түрлі 


тапсырманы 

орындау арқылы жүзеге асыру. 

 

     Проблемалық оқыту. Проблемалық оқытуда мұғалім оқушы білуге тиісті 

таным-түсінікті өзі айтып бермейді, қайта шәкіртке іздетеді. Сонда бұл жол 

проблеманы  шешу,  түрлі  проблемалық  ситуацияны  талдау,  болжамды 

айқындау,  күрделі  мәселе  түйінін  тарқату,  мүмкіндігіне  қарай  тәжірибеде 

сынау  нәтижесінде  қол  жеткен  таным-түсінікті  меңгеруді  оқушының  алған 

білімі деп танимыз. Мұндай іс-әрекет барысындағы жүйе мынау: 

Мұғалімнің іс-әрекеті 

Оқушының іс-әрекеті 

1.Проблемалық ситуация туғызу. 

2.Проблеманың 

мән-мазмұны 

туралы ойлауды ұйымдастырады. 

3.Тиісті 

қарама-қайшылыққа 

байланыс-ты  туындап  отырған 

болжам 


жорамалды 

шешуді 


ұйымдастырады. 

4.Болжам 

жорамалды 

тексеріп 

көруді ұйымдастырады. 

5.Жүзеге 

асырылмақ 

нәтижеге 

байланысты 

тұжырымдама 

жасауды уйымдастырады. 

1.

 



Кедергі  мен  қайшылық  неде 

екенін аңғарып, оны зерттеп білу. 

2.

 

Шешуге 



тиісті 

проблеманы 

айқындайды. 

3.

 



Тиісті 

мәселеге 

байланысты 

өзінше  болжам,  жорамал  жасап 

оны шешуге талпынады. 

4.

 



Болжам жорамалға талдау жасап, 

қойылған 

міндетті 

шешуді 


тәжірибеде сынап байқайды. 

5.Қол  жеткен  нәтижені  талдап, 

тиісті  қорытынды  жасап,  алған 

білімін жүзеге асырады.  

 

                                    Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар. 



1.Түсіндірмелі-иллюстративті оқыту дегеніміз не? 

2.Оқытудағы  мұғалімнің  іс-әрекеті  мен  оқудағы  оқушының  іс-әрекетінің 



 

58 


айырмашылығы неде? 

3.Проблемалық оқытуды қалай түсінесің? 

4. Бағдарламалап оқытудың ерекшелігі неде? 

5. Оқыту процесінің мән-мағынасын сипатта. 

6. Оқыту жүйесі мен түрлерін сарапта. 

 

 Әдебиеттер 

1.Педагогика. Курс лекций. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003 

2.  Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в  ситуациях,  в 

первоисточниках) Уч. пособие – М., 2000.  

3.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000 

4.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999 

5.Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 2000 

6.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред.  Т.Н. Пидкасистого-2010) 

7.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010 

8.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010 

 

                     15 – тақырып. Оқыту процесінің құрылымы 



                                                    Жоспар 

1.Оқыту процесінің құрылымы туралы түсінік. 

2.Білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау. 

3.Жаңа оқу материалын қабылдау. 

4.Білімді бекіту. 

5.Оқу және оқушының ақыл-ой қабілітінің дамуы. 

        Негізгі  ұғымдар:  құрылым,  мотивтер,  жағдаят,  абстракциялау, 

нақтылау,  дедукция. 

        Оқу процесінің мақсаттарына сәйкес баланың оқуы белгілі жүйедегі іске 

айналады.  Мұндай  жүйені  оқу  процесінің  құрылымы  дейді.  Басқаша 

айтқанда,  оқу  процесінің  құрылымы  деп  мұғалімнің  басшылық  ету  әрекеті 

мен оқушылардың таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты оқытудағы 

қалыптасқан басшылық жасау жүйесін айтады.       

       Оқушы іштей түйсінген  о й л а у   қиыншылығы проблемалық ж а ғ д а я 

т    деп  аталады.  Проблемалық  сұрақ,  бір  жағынан  қиын  болуы,  екінші 

жағынан, оқышының шамасына лайық болуы керек. 

        Оқыту  процесінің  құрылымы  дидактикалық  белгілі  буындардан  немесе 

кезеңдерден құралады: 

1.Оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды 

әрекетке  бағыттайтын  мотивтерді  туғызу.  Осыған  орай,  оқу  міндеттерін 

(тапсырмаларды)  белгілеу.  Ол  үшін  проблемалық  ситуациялар  тудырып 

проблемалы міндеттер қою. 

2.Оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдауға; 

3.Оқушының  санасында    білімнің  қорытылып,  ғылыми  ұғымдар  мен 

тұжырымдардың қалыптасу процесіне; 

4.Берілген білімді бектуге; 

5.Білімді практикада қолдануға басшылық ету. 


 

59 


6.Оқушылардың білімі мен дағдысын есепке алу, тексеру және бағалау. 

         Қандай  да  болсын  адамның  әрекеті  мотивтен  туып,  белгілі  мақсатқа 

жетуге бағытталады. Сол сияқты оқушының білім алудағы әрекеті де мотив 

пен  мақсатқа  сейкес  іске  асады.    М  о  т  и  в    -  әрекеттің  себебін,  оны  неге 

жасау керек екенін, ал  м а қ с а т - әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиісті 

екенін анықтайды. 

        Оқушылардың  білімді  меңгеруі  жаңа  оқу  материалын  қабылдауынан 

басталады.  Мұғалім  өз  сөзін  (баяндауын)  балалардың  қабылдау  әрекетімен 

ұштастыруға міндетті. Оқушылардың бұрынғы алған білімі мен тәжірибесіне 

сүйене отырып, мұғалім оларды жаңа матриалдың мазмұнын белсенді түрде 

қабылдауға дайындайды.        

       Білімді  терең  меңгеру  және  ұғыну  үшін  оқу  материалын  қабылдау-

бақылау  жеткіліксіз.  Одан  әрі  оқушылар  қабылдаған-бақылағандарын  ойша 

талдап,  қорытындылар  жасауға  тиіс.  Бұл  –  оқушылардың  білімге  жете 

түсініп, ұғынуы және белсенді терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана іске 

асады. Осындай әрекеттің нәтижесінде оларда ойлаудың негізгі бір формасы 

–  ұғым  пайда болады.    Ұ  ғ ы  м   деп  заттар  мен  құбылыстарға  тән ортақ ең 

негізгі  белгілер  туралы  жалпы  ойды  айтады.  Мысалы,  «адам»  деген  ұғымға 

барлық  адамдарға  тән  және  ең  негізгі  мынадай  белгілер  жатады:  еңбек 

әрекеті,  еңбек  құралдарын  жасау,  сөйлеу  т.б.  Ұғымның  мазмұны  сөзбен 

беріледі.. Оған түсіну үшін анықтама беру керек. Мысалы, «өсімдік», «құс», 

«кітап»,»перпендикуляр»  деп  нені  айтамыз  деген  сұрақтарға  жауап  беру  – 

ұғымға анықтама беру деген сөз. 

              Ұ ғ ы м   негізінен, қ а р а па й ы м  және  ғ ы л ы м и  ұғым болып 

екіге  бөлінеді.  Қарапайым  ұғым  дегеніміз  баланың  оқуда  емес,  өмірден 

көріп-білгендерінен  туатын,  әрі  түрлу  жағдайлар  жөніндегі  түсінігі. 

Ұғымның  қалыптасуы  -өте  күрделі  процесс,  ол  оқушылардан  белгілі  ойлау 

операцияларын (амалдарын) қолдануды талап етеді.  Ойлау-талдау (анализ), 

синтез,  дерексіздендіру  (абстракция)  жалпылау  сияқты  операциялардан 

тұрады. 


             А б с т р а к ц и я л а у  деп әр нақты затқа тән қасиетті, оның өзінен 

бөліп  алып,  кейін  осыларды  біріктіріп,  жалпыламы  ұғым  құру,  яғни 

абстракциялау  деп    заттардың  негізгі  қасиеттерін,  оның  екінші  дәрежелі 

қасиеттерінен  бөліп  алып,  жалпылап  қарауды  айтады.  Мысалы,  нақты 

заттардың, айталық, адамның, арбаның, машинаның т.б. қозғалатын қаситені 

талдай  отырып,  осының  бәрін  біріктіріп  алады,  сөйтіп  бір  сөзбен  айтқанда, 

«қозғалыс» деген ұғым жасауға болады. 

            Абстракциялау операциясына қарама-қарсы операцияны  н а қ т ы л а 

у    дейді.    Оқу  материалын  баяндауда  қолданылатын  негзгі  екі  жол  бар: 

индукциялық (жеке фактілердін жалпыға қарай қорытындылар жасауға көшу 

жолы)  және д е д у к ц и я л ы қ  (жалпы ережелерден, принциптерден жеке 

фактілрге көшу жолы). 

           Оқыту  процесінде  оқушылардың  алған  білімдерін  бекітіп  отырудың 

маңызы  зор.  Ол  үшін  өтілген  матриалды  тиісті  бөліктерге  бөліп,  қайталап 

отрыу  қажет.  Мұны  күнделікті  қайталау  дейді.  Одан  әрі  өткен  матриалды 


 

60 


белгілі  жүйеге  келтіру  үшін  тақырыптық  қайталау  қолданылады.  Оқу 

материалын  бекітуде  оны  пәннің  негізгі,  жетекші  идеясына  қарай 

қарастырған  маңызды.  Бекітуді  ұйымдастырғанда  әр  түрлі  әдістер  мен 

құралдарды (түрлі жаттығулар, пәндік дидактикалық ойындар, экскурсиялар, 

көрнекі  және  техникалық  құралдарды)  пайдаланған  жөн.  Сабақты  бекіту 

барысында оқушыларда түрлу икемлілік пен дағды қалыптасады.  Д а ғ д ы н 

ы      қалыптастыру  жолы,  негізінен,  төрт  кезеңнен  тұрады:  1.танысу 

(дайындық); 2) талдау (анализ)3) біріктіру (синтез); 4) автоматтау кезеңдері. 

      Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар: 

1.оқу міндеттері (немесе тапсырмалары); 

2.оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл-

амалдары); 

3.бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы); 

4.бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы). 

Осындай  күрделі  оқу  әрекетіне  байланысты  оқушылардың  ойлау  қабілеті 

қалыптасады. 

        Оқыту  принципі  дегеніміз  дидактикалық  үрдісті  жүзеге  басшылыққа 

алынатын  жетекші  идея  мен  оны  дастырудағы  қағидалық  ұстаным  және 

тиісті деңгейлік мөлшерге қойылатын негізгі заңдылық талаптар. Бұл оқыту 

әдісін реттеп, ереже белгілеп, деңгейін айқындауға ортақ жалпылама нұсқау 

арқылы  сипатталады.  Оқыту  принципінің  дидактикасын  белгілейтін 

педагогикалық  зерттеу  барысында  жасалған  ғылыми  талдаулар  мен  оқыту 

үрдісінің зандылықтары болып табылады. 

       Оқыту 

принципі  қабылданған  дидактикалық  тұжырымдамаларға 

байланысты. Қазіргі егемендік алған қазақ еліндегі дидактиканың принциптік 

жүйесі  бұрыннан  белгілі  классикалық  негізге  құрылған  және  оның  ғылыми 

теориялық,  практикалық  дамуы  әлемдік  педагогикалық  таным-түсінік 

зандылықтарымен сабақтас. Оның негізгі таралым-тармақтары мынау: 

-

 



Оқыта отырып тәрбиелеу принципі

-

 



Оқытудағы ғылымилық принципі; 

-

 



Теория мен практиканың байланыстылығы; 

-

 



Жүйелілік пен бірізділік, тиімділік; 

-

 



Шамаға лайықтылық, түсініктілік; 

-

 



Көрнекілік; 

-

 



Саналылық, беріктік, белсенділік; 

-

 



Педагогикалық үрдістегі бағыт-бағдар сәйкестігі.  

      Оқытудағы  ғылымилық  принцип  -  оқушыға  берілетің  білімнің  мазмұны 

ғылымның  қазіргі  даму  дәрежесіне  сәйкес  деректерді,  теорияны,  заңдарды 

қамтырлықтай болуын талап етеді.  

     Оқытуда  теорияның  тәжірибемен  байланыстылық  принципі  -оқушының 

оқу  үрдісінде  меңгерген  білімін  тәжірибедегі  міндеттерді  шешуге 

ынталандыруға тиіс.  

     Оқытудағы  жүйелілік  пен  бірізділік  принципі  -  берілетін  білімнің  белгілі 

жүйеге  құрылып,  оқу  үрдісінде  меңгерілетін  білімнің  логикалық  жағынан 

бірізділік тәртібін сақтау ғалап етіледі.  



 

61 


     Оқытудағы  түсініктілік  принципінде  оқушының  дербес  екшелігіне 

байланысты  шама  мүмкіндігі  есепке  алынады  да,  жұмысын  ұйымдастыруда 

сол ерекшелікке орай оқу материалы талдап, талқыланады.  

     Педагогика  тарихында  Я.А.Коменскийден  бастау  алған  бұл  принципті 

көрнекті  кеңес  зерттеушісі  Л.В.Занков жаңа  идеямен  толықтырып,  оқушыға 

белгілі  деңгейде  қиындық  туғызу  олардың  ізденуіне,  ойлануына  деген 

мүмкіндікті кеңейтетіндігін айқындап берді. 

     Көрнекілік  принципі  -  дидактика  саласындағы  әріден  келе  жатқан 

байырғы  принциптердің  бірі.  Көрнекілік  адамның  тиісті  түсінікті 

қабылдауына,  терең  сезінуіне  әсер  етуімен  бірге  сол  мәселені  пайымдау 

жасай  білудің  арнасын  кеңейтеді.  Педагогикада  дидактиканың  «алтын 

ережесі»  деп  аталған  бұл  принцип  оқыту  үрдісінде  оқушының  көрнекілікті 

бақылап,  байқап,  көріп,  қолымен  ұстап,  танып-білуі  олардың  ойлануына 

деген  мүмкіндікті  арттырады,  сабақ  барысында  қолданылатын  сурет,  сызба 

модель,  құрал-жабдықтар  шәкірттің  ақиқат  шындықты  нақты  танудан 

абстракты ойлауға және логикалық дамуына жол ашатын тиімді амал болып 

табылады.. 

       Оқытудағы  саналылық  пен  белсенділік  принципі  -  қазіргі  дидактика 

саласындағы  басты  мәселенің  негізгілерінің  біріне  саналады.  Өйткені 

оқушының  ынталанып  әрекеттенуі,  белсенділігі  білімдегі  саналылықты 

жетілдіріп,  жақсы  нәтиже  беретін  тиімді  жол.  Білімді  оқушы  неғұрлым 

саналы  меңгерсе,  оның  нәтижесі  де  соғұрлым  табысты  болатындығы  оның 

әрбір іс-әрекетінен байқалып тұрады.  

        Оқытудағы  беріктілік  принципі  —  алған  білімді  оқушы  есіне  сақтап, 

өзінің  іс-әрекетіне,  мінез-кұлқына  терең  сіңіріп,  санасына  берік  бекітуді 

талап  етеді.  Психологиялық  тұрғыдан  қарасақ  —  тиісті  мағлұматты  еске 

сақтап, білумен ғана шектелу емес, оның мән-мағынасын берік те тиянақты 

түсіну  -  оқушының  танымдық  талпынысына  қозғау  салып,  ілгері  іздентеді. 

Алған  білімнің  беріктігі  оны  кеңейтіп,  жаңа  үйлестіре  дамытуда  танымдық 

көзқарасты өрістетудің жолын аша түседі.  

                        

      Педагогикалық  жүйені  айқындайтын  негізгі  компоненттердің  бірі  - 

білім  берудегі  мақсат.  Ол  қоғамның  қажеті  мен  талабына,  әлеуметтік 

жағдайына  үйлесімді  саясатына  байланысты.  Ал  педагогикалық  жүйені 

құрудың  мақсатын  белгілеу  дидактикалық-  психологиялық  талаптар 

негізінде айқындалады. 

      Қазіргі дидактикада түлғаның дамуы білім негіздерін меңгеруге тәуелді 

деген  ұстанымды  тұтынады.  Сондықтан  да  білім  негіздерін  меңгеруде 

жалпы білімдік мақсатты айқындайтын міндеттерді былайша белгілейді:  

-

 



Оқушыға  жүйелі  түрде  білім  беруде  табиғат,  қоғам,  техника, 

мәдениет туралы 

 білімдендіріп,  шәкірттің  алған  білімін  тиісті  деңгейде  өмірге  үйлесімді 

ілгері дамытуға бейімдеуді қамтамасыз ету; 

-

 

  Оқушының  қызығушылығын,  қабілетін,  ақыл-ойын,  зейінін, 



қиялын, есін,  

 

62 


сезімін,  ерік  қасиеттерін,  таным-түсінігін  және  практикалық  іскерлігін 

дамыту;  негізгі  де  басты  бағдар  орта  оқу  орнын  бітіруші  өзін-өзі 

жетілдіріп,  білімдік  таным  қабілетін,  ойлана  білу  деңгейін  өрістетіп 

дамыту; 


-

 

Ғылыми  көзқарасын,  имандылық,  адамгершілік,  эстетикалық  т.б. 



сапалық 

 қасиеттерін қалыптастыру; 

-

 

Өзін-өзі  білімдендіру  қабілетін  қалыптастырумен  қатар,  өзін-өзі 



үздіксіз 

жетілдіруге  деген  қажеттілікті  өрістете  түсу  керек,  өйткені  дамудағы  көз 

ілеспейтін  жылдамдық,  заман  талабы  тоқтаусыз  өркендеуді  қажет 

ететіндіктен  әр  тұлғаның  үнемі  оқып  ізденуін  талап  етсе,  оларды  сол 

деңгейде болуға баулу негізгі шартқа айналғандығын әмісе ескеру

-

 



Өндірістің  негізгі  түрлері  мен  ондағы  атқарылатын  еңбекті 

ұйымдастырып, 

 басқару  жүйесі  жөнінде  білім  беру  және  техникалық  құрылымдарды 

пайдалана  алу  жолдары  туралы  тиянақты  түсінік  қалыптастыру  жағын 

қадағалау керек. 

        Қазіргі  кезеңдегі  білімнің  мазмұнын  айқындауға  қойылатын  басты 

бағдарлардың  бірі  -  мемлекеттік  стандарт,  былайша  айтқанда, 

мемлекеттік  жұйедегі  бірыңғай  норма  мен  талапты  жүзеге  асыру 

міндетін  шешу.  Кеңестік  кезеңдегі  орта  мектептер  біртекті,  бірыңғай 

жүйеде  болды  да,  жоғарыдан  жасалған  оқу  жоспары  мен  пән 

бағдарламалары  негізінде  оқылатын.  Онда  аймақтық  жергілікті 

ерекшеліктер  мен  оқушыньщ  тұлғалық  өзгешеліктеріне  мән  берілмей 

эмпирикалық жүйе жүзеге асырылатын.  

        ТМД  (тәуелсіз  мемлекеттер  достастығы)  құрамында  болған  елдер 

1996  жылдан  бастап  «Білім  беру  туралы»  заң  жобаларын  қабылдап,  онда 

мемлекеттік  стандарт  мәселесін  жүзеге  асыру  міндеттері  белгіленді.  Осы 

орайдан  Қазақстан  Республикасында  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекет 

стандартында басшылыққа алынатын үш денгей көрсетілген: 

1.Тұлғаға берілетін білімнің әлемдік мәдениеттің қол жеткен табыстарына 

үйлесімділік (интеграциялық) мәнде болуы; 

2.Білім  мазмұнының  аймақтық,  ұлттық  танымға  сәйкестігі  және 

білімдендіруде  елдің  тілі  мен  әдебиеті,  тарихы,  жағрафиясы,  өнері, 

дәстүрлік салты ескерілетіндігі т.б. 

3.Берілетін  білімді  жүзеге  асыратын  оқу  орнының  ерекшеліктеріне  сай 

тұлғаның мемлекет алдында, ал мемлекеттің тұлға алдында жауапкершілігі 

қатаң сақталып, білімнің терең де тиянақты болуы және оқу жүктемесінің 

нормалық  талап  деңгейіне  сәйкес  жүзеге  асырылуын  қамтамасыз  ету 

көрсетілген.  



     Білім  бағдарламасы  дегеніміз  берілетін  білімнің  деңгейі  мен 

мазмұндық  бағдарын  айқындайтын  білімдік  жүйе.  Мұнда  ұстанатын 

бағдар оқушыға берілетін жалпы және кәсіби білімнің құрылымына кіретін 

мектепке  дейінгі  дайындық,  бастауыш  мектеп,  жалпы  орта  білім  мен 



 

63 


кәсіби орта білім. 

     Оқу  бағдарламасы  -  жеке  оқу  пәнінің  мән-мазмұнын  сипаттайтын 

құжат.  Бағдарламада  сол  пән  бойынша  оқытылатын  тақырыптардың 

деңгейі  мен  оның  мазмұны,  қандайлық  көлемде  оқылатын  мазмұндық 

көлем мөлшері сипатталады. Осы пәнді оқу барысында оқушының алатын 

білімі,  білігі,  дағды  деңгейі  қамтылады.  Сондай-ақ  оқылатын  пәнге 

байланысты  қолданылатын  құралдар  мен  оған  жасалатын  бақылау  және 

әдістемелік  кеңес  пен  нұсқаулар  көрсетіледі.  Бұл  құжат  мектептегі  пән 

мұғалімінің басшылыққа алатын негізгі құжаты. 

     Бағдарламаға  қатысты  материалдарды  орналастыруда  негізінен  үш 

принцип ұсталады: 1) Бірыңғай бірізділікке негізделген жүйе (линейный), 

2)  Концентристік,  3)  Спиралдық  жүйе.  Бұларды  педагогикалық  тұрғыдан 

таратып айтқанда былай болып шығады: бірыңғай бірізділікте (линейный) 

оқылатын  материал  қайталанбай  бір  бағдарда  ұтылай  дамиды.  Ал 

концентристік  жүйедегі  бағдарламада  тиісті  материал  тақырып  арасына 

үзіліс  салып,  жаңа  деректермен  толықтырылып,  оқыту  барысында 

қайталанып отырады. Ал спиралдық бағдарламада бір жүйелілік сақталып 

бірыңғайлық  мәнде  бір  әуенмен  жетілдіру  ескеріледі.  Демек, 

шиыршықталған, спиралдық жүйеде дамиды. 

     Оқу  пәні  -  білімдік  мақсатқа  жету  жолында  дидактикалық  тұрғыдан 

жан-жақты сұрыпталған белгілі саладағы ғылымның негізі. Мұндағы басты 

мақсат  тиісті  ғылым,  өнер,  іс-әрекет  туралы  оқушыға  тиянақты  мағлұмат 

беріп, оның теориялық және қолданбалы негіздерін танытып білгізу. 



     Оқулық  -  оқушы  меңгеруге  тиісті  ғылым  негізін  беретін  құрал.  Онда 

тиісті  ғылымның  мазмұны  туралы  жүйелі  де  жан-жақты  ақпараттық 

мағлұмат  беріледі.  Оқулық  тек  ақпараттық  мағлұмат  берумен  ғана 

тынбайды, оқу құралы болғандықтан мұнда тиісті деңгейде мәтін, сурет те, 

кестелік сызбалар да, фотографиялық көріністер де келтіріледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет