Лекциялардың тезистері


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата22.12.2016
өлшемі0,79 Mb.
#224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

                              Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 

1. Оқытудағы белсенділікті қалай түсенесіз? 

2. Белсенділіктің қандай түрлері бар? Оларға сипаттама беріңіз. 

3. Дидактикалық ойынның мәні мен мазмұны неде? 

4. Нақты ситуацияны талдау дегеніміз не? 

5. Пікір сайыстың мәні мен маңыздылығын анықтаңыз. 

6. Дебаттың пікір сайыстан айырмашылығын көрсетіңіз. 

7.Айтарыңды  айтып  сал  («Мозговой  штурм»,  «Мозговая  атака», 

«Брейнсторминг»  әдістеріне  сипаттама  беріңіз.  Олардың  айырмашалағын 

байқаңыз. 



                                 

Әдебиеттер  

1. Үстеміров, Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. – А., 2006. 



 

72 


 2. Беспалько  В.П.  Слагаемые педагогической технологии.М., 2006. 

 3.Ильина  Т.А.  Педагогическая  технология  //  Буржуазная  педагогика  на     

современном  этапе. Под ред. В.А. Мальковой, Б.Л.  Вульдсона. М., 2000. 

4.Кусаинов  Г.М.  Новая    педагогическая  технология:  методология    теория  и 

практика. Усть – Каменогорск, 1997. 

5.  Мировые  образовательные    технологическое  новые  тенденции,  проблемы 

адаптации и эффективность // Материалы респуб. науч. метод. конфер. 25  – 

26 апреля;  Алматы, 2002. 

6.Педагогическая технология / Сост.Н.Е.  Щуркова, М., 2005. 

7.Педагогические    технологии  :  что  такое  и  как  использовать  в  школе.  Под 

ред. Т.И. Искаковой, П.И.  Третьякова. М.; Тюмень, 2005. 

8.Селевко  Г.И.    Современные    образовательные  технологии:  Учебное 

пособие;М. , 2010. 

9.Смирнов  С.    Технологии  в  образовании//  высшее  образование  в  России. 

2003 

10.Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия; Алматы; 2008. 



11.Хан  Н.Н.    Сотрудничество  в  педагогическом  процессе  школы.  Алматы, 

2007. 


 

 

28.  Тұтас  педагогикалық  үдерістің  ұйымдастырушылық  әдістемелік 

басқару,  мектеп  шеңберінде  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  және 

оларды аттестациялау. 

                                                                   Жоспар 

1. Мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері 

2. Әдістемелік басқару жұмысының мазмұны 

     Негізгі  ұғымдар:  басқару,  оқу-тәрбие  процесін  басқару,  әдістемелік 

жұмыс, басқару қағидалары, педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік. 

     Мектепті  басқарудың  басты  мәні-педагогтардың  оқыту  мен  тәрбиеде  ең 

жақсы нәтижеге жету мақсатындағы оқушылар мен олардың ата-аналарының 

іс-әрекетін  мақсатты  ұйымдастыру.  Қазіргі  мектептің  өзара  байланысы  бар, 

ішкі  құрылымы  және  социуммен  белгіленетін  тұтас  әлеуметтік-

педагогикалық  жүйе.  Ол  өзара  тығыз  байланысты  екі  жүйеден  тұрады: 

басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез-келген оқу-білім, тәрбие беру 

мекемесінің  алдына  өмірдің  өзі  қойып  отырған  міндеттерді  жүзеге  асыру 

бойынша  барлық  жұмыстың  басты  ұйымдастырушысы  ретіндегі  мектеп 

директорының тікелей басқару іс-әрекетінде көрінуі қажет. 

Мектеп  директорының  ұйымдастыру  іс-әрекеті  процесінде  мынадай 

қызмет түрлері орындалады: 

мақсаттар айқындау (жүйенің, әр кезеңдегі соңғы нәтижесін саралап, 

ой-санада нақтылау; 

-  жоспарлау  (мектеп  жұмыстарының  барлық  бағыттары  бойынша  әр 

жылға жоспар түзу); 

ұйымдастыру (қызмет бабындағы міндеттерді әділ бөліп,  бағыну мен 

жауапкершілік жүйесін қалыптастыру); 


 

73 


-  реттеу  (қабылданған  шешімдерді  іске  асыру  мақсатында  әрқилы 

бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру), 



ынталандыру 

(шығармашылық 

істерге, 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарына,  инновациялық  жобаларға  қатыстыру  үшін  жағдайлар  жасау; 

мұғалімдердің  рухани  бірлік  сезімін  қалыптастыру,  олардың  әлеуметтік 

белсенділігін көтеру; жетістіктеріне сәйкес бағалау және мадақтау); 

-  қадағалау  (талдау  және  жаңа  міндеттерді  белгілеу  үшін  көзделген 

жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру); 

-  педагогикалық  талдау  (оқу  процесін,  тәрбие  жұмыстарын,  білім 

мекемесінің  материалдық  қорын,  қаржы-экономикалық  жағдайын,  педагог 

мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер 

мен талдаудар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру). 

     Мектептегі  әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыру  формалары  бірқатар 

факторларға байланысты өзгеріп, жаңарып отырады, олардың негізгілері: 

-

 



мемлекеттің  білім  беру  саласындағы  саясаты,  заң  актілері  мен 

құжаттары; 

-

 

мұғалімдердің  педагогикалық  мәдениетінің  деңгейі,  оларды  жеке 



тұлғалық  және  кәсіби-қызмет  көрсеткіштерінің  диагностикалық  өлшеуімен 

анықталған әдістемелік сауаттылығы

-

 

мектеп  ұжымындағы  моральдық-психологиялық  жағдай,  әдістемелік 



жұмысты ұйымдастырудың материалдық-технологиялық мүмкіндіктері 

-

 



мектеп  ішіндегі  педагогикалық  тәжірибені  зерттеу,  мұғалімдердің 

жаңашылдық белсенділігі, 

-

 

мектеп  басшыларының  әдістемелік  жұмысқа  басшылық  жасаудағы 



кәсіби дайындығының деңгейі т.б. 

     Әдістемелік 

жұмыстың 

мазмұны 


мынадай 

бағыттар 

бойынша 

нақтыланады: 

-  мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы; 

-  кәсіби-адамгершілік мәдениеті; 

-  жалпы мәдениеттілігі; 

-  зерттеушілік мәдениеті; 

-  диагностикалық мәдениеті; 

-  басқару мәдениеті. 

Мектеп  директорының  басшылық  қызметіне,  оқу-тәрбие  жұмысы  мен 

оның  сапасы  жөніндегі  арнайы  жауапкершілік  жүктеледі.  Ал,  мектептің 

педагогикалық  ұжымына  әділ  басшылық  ету,  кадрларды  дұрыс  таңдау, 

мұғалімдердің  кәсіби,  ғылыми-теориялық  педагогикалық  деңгейін  көтеруге, 

шығармашылық  белсенділігіне  мүмкіндік  жасау,  оқу-тәрбие  процесінің 

барысын, сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнымен танысу, мектептегі оқу-

тәрбие  жұмысын  жетілдіру  бағытында  мұғалімдер  мен  оқушылардың 

қоғамдық ұйымдарымен іскерлік ынтымақтастық қарым-қатынас жасау және 

т.б. жұмыс түрлері директор қызметінің тікелей міндеттері болып табылады.  

     Мұғалімдердің әдістемелік, жаңашылдық іс-әрекетке қатысуы, болашақта  

жеке  педагогикалық  жүйенің,  іс-әрекеттің  қалыптасуына  жағдай  туғызады. 

Жаңашыл  педагогтар  тәжірибесі,  ең  алдымен,  оқыту  әдістемесіне  ғылыми 



 

74 


оқытудың 

нақты 


бір 

бағытынан 

және 

оны 


жүзеге 

асырудың 

технологияларына  үлес  қосады.  Аттестациялау  (сараптау)  –  маман 

шеберлігінің  деңгейін  анықтайтын  тәсіл,  аттестацияның  мазмұны, 

ұйымдастырылуы,  өткізілуі.  Мұғалімдердің  кәсіби  дайындығын  жетілдіру 

жүйесі  –  сараптау  (аттестация)-педагогтар  мен  мектеп  басшыларының 

біліктілігін көтерудің аса маңызды тиімді тәсілі болып есептеледі. 

     Аттестацияның  мақсаты-  кәсібилік  деңгейді  көтеруге  ынталандыру,  оқу-

тәрбие  процесінің  сапасын  арттыру,  шығармашылық  ынтасын  дамытып, 

нарықтық  экономикалық  қатынастар  жағдайында  жекелеген  еңбек 

жалақысын  беру  жолымен  педагогтардың  әлеуметтік  қорғанысын 

қамтамасыз  ету.  Кәсібилік  деңгейіне  сәйкес  педагогтың  біліктілік 

категориясын  тағайындау  да  осы  сараптау  қызметінің  нәтижесі  болып 

табылады. 

     Аттестацияның  принциптері:  еріктілік,  жариялылық,  жүйелілік  және 

тұтастық, шынайылық. 

     Мұғалімдерді 

сараптауда 

педагогикалық 

еңбектің 

бағамы-оның 

нәтижелілігі және  оқу-тәрбие процесінің  сапасы  есепке  алынады.  Ол  әр  бес 

жылда  бір  рет  педагогтың  өзі  таңдаған  біліктілік  категориясы  көрсетілген 

жеке  өтінішіне  орай  өткізіледі.  Біліктілік  категориясын  иемденуге 

байланысты  өз  сараптау  мүмкіндіктерін  мұғалімдердің  өздері  анықтайды, 

олар  сараптау  формаларын  таңдауға  құқылы:  дәрістер  топтамасын  көрсету, 

сыныптан  тыс  оқу  жұмыстарымен  таныстыру,  белгілі  бағдарлама  бойынша 

«емтиханң, (әңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе 

тәжірибе-эксперименттік жұмысты қоғау және т.б. 

     Кей  жағдайда  педагогтың  нақты  біліктілік  деңгейі  мен  оның 

тағайындалған  қызметіне  сәйкестігін  анықтау  үшін  сараптау  жұмысы 

әкімшіліктің,  мектеп  кеңесі  мен  педагогикалық  кеңес  ұсынысымен  де 

өткізілуі мүмкін. 

     ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  бұйрығына  орай  қабылдаған 

«Мемлекеттік  және  жеке  меншік  білім  мекемелерінің  педагогикалық  және 

басқару  қызметкерлерін  сараптау  жөніндегі  Ережелерінең  сәйкес  үш  түрлі 

сараптау комиссиясы құрылады: 

-

 



бас  сараптау  комиссиясы  –  республикалық  деңгейдегі  басқару  органы 

тарапынан ҚР, облыстар құрамында құрылады; 

-

 

аудандық  (аймақтық)  не  қалалық  комиссия-жергілікті  жердегі  білім 



басқармасы тарапынан ұйымдастырылады; 

-

 



білім  мекемесіндегі  сараптау  комиссиясы-  оның  педагогикалық  кеңесі 

ұсынысымен құрылады. 

     Әр комиссия мәселені өз құзырына сай шешеді. Сараптау комиссиясының 

қабылдайтын  негізгі  шешімі-біліктілік  категориясын  тағайындау.  Қазіргі 

кезде сараптау Ережелеріне орай үш біліктілік категориясы белгіленген: 

-

 



ең жоғары, оны бас сараптау комиссиясы белгілейді; 

-

 



бірінші, оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия тағайындайды; 

-

 



екінші категория мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі. 

 Сараптаудың  табысты  болуы  оның  ұйымдастыруымен,  қойылатын 



 

75 


талаптар туралы қажетті ақпараттың нақтылығымен, қорғау және эксперттеу 

әрекеттерімен,  іскерлік  және  көңілге  қонымды  жағдайлардың  жасалуымен 

байланысты  келеді.  Мұғалімдерді  сараптау  қорытындысы  мектеп 

жұмысының  стратегиясы  және  тактикасын  белгілеуде  маңызды  роль 

атқарады  

 

 



 

                                          Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 

1.Әдістемелік басқару жұмысына сипаттама беріңіз. 

2. «Жаңашылдық» ұғымы нені білдіреді? 

3.Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарын атаңыз. 

4.Мұғалімнің басқару әрекетіндегі ақпараттың ролі қандай? 

5. Оқу-тәрбие жұмысындағы гуманизациялық бағыттың сипат алуы.  

6.Мектептің  оқу-тәрбие  жұмысын  ұйымдастыруда  басшылыққа  алынатын 

қағиданы атаңыз. 

 

Әдебиеттер 

1.

 



Хмель  Н.Д.  Педагогический  процесс  в  общеобразовательной  школе.  В 

помощ лектору. Алматы, 2004. 

2.

 

Проблемы и тенденции развития школы в современным мире. М.,2006. 



3.

 

Жалпы педагогика. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Алматы, 2005. 



4. Ж.Б.Қоянбаев., Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Астана, 2006. 

5. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. 

Алматы,2006. 

6.  Храпченков  В.Г.  Тенденции  и  особенности  развития  всеобщего  среднего  

образования в Казахстане. Алматы, 2001. 

1.

 



Закон Республики Казахстан «Об образовании». Алматы, 2007. 

 

29.



 

Мектептің  тұтас  педагогикалық  үдерісін  диагностикалау  және 

жоспарлау.                                                                 

 Жоспар 

1.  Педагогикалық  процестегі  диагностиканың  мәні,  педагогикалық  ақпарат 

түрлеріне сипаттама. 

2.Мектепішілік бақылау жұмысының мазмұны.  

3.Мектептің  жылдық  жұмыс  жоспарының  мазмұны  мен  мектептің  жылдық 

жоспарын құрудағы басшылыққа алынатын принцип түрлері. 

4.Мектептегі  жоспардан  басқа  да  жүргізілетін  құжаттар  және  оларға 

сипаттама. 



     Негізгі  ұғымдар:  мектепті  басқару,  мектеп  жұмысын  жоспарлау, 

жоспардың  түрлері,  мектеп  құжаттары,  диагностиканың  әдістері, 

мектепішілік бақылау. 

     Педагогикалық  процестегі  диагностиканың  мәні,  педагогикалық  ақпарат 

түрлеріне  сипаттама.  Педагогикалық  іс-әрекет  нәтижесіне  сәйкес  қойылған 

мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды 



 

76 


игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық 

процестің өту барысы мен кезеңдер нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері 

туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің педагогикалық процесін 

диагностикалау  білімі  мен  дағдысы  болуы  қажеттігі  туындайды. 

Диагностиканың  көмегімен  белгіленген  мақсат,  міндеттердің  табысты 

орындалуы анықталып барады.  



Диагностика  –  бұл  диалектикалық  процестің  нәтижесін  анықтау. 

«Диагностика  түсінігінің  мәні  «білім,  ептілік  және  дағдыларды  тексерудің 

түсінігімен  салыстырғанда  анағұрлым  тереңдеу  әрі  кең.  Тексеру  нәтиженің 

тек  көрсеткіштерін  ғана  білдіреді,  не  себепті  болғаны  жөнінде  дерек 

бермейді. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен 

бірге  қарастырылады,  дидактикалық  процестің  бағыт-бағдарын,  ілгерілі  не 

кері қозғалысы анықталады. 

Диагностикалаудың  маңызды  бөлігі-бұл  қадағалау.  Қадағалау  -  білім, 

ептілік және дағдылардың игерілу поцесіне бақылау қоюды білдіреді.  

Педагогикалық тәжірибеде қадағалаудың бірнеше түрі бар, олар: алдан-

ала,  ағымдық,  мерзімдік,  тақырыптық,  қорытынды  және  өтілген  материал 

ізімен. 


 Алдын-ала  қадағалау  –  диагностикалық  міндеттерге  орай  жүргізіледі. 

Ондағы  мақсат-оқушылардың  оқуды  бастауға  дейін  игерген  білім,  ептілік 

дағдыларының деңгей, дәрежесін анықтау. 

 Ағымдағы  қадағалау-  оқу  барысында  ұйымдастырылып,  білім,  ептілік 

және  дағдылардың  қалыптасу  дәрежесін,  сонымен  бірге  игерілген 

материалдың  қаншалықты  терең  және  берік  бекігенін  анықтау  үшін 

қолданылады.  

Мерзімді  қадағалау-  белгілі  уақыт  аралығындағы  жұмыстардың 

қорытындысын  алуға  пайдаланылып,  тоқсан  немесе  жарты  жылдықта 

жүргізіледі. 

Тақырыптық қадағалау-тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң 

өткізіледі. 

Қорытынды  қадағалау-  оқу  процесінің  соңғы  нәтижелерін  жинақтау 

үшін  қолданылып,  пән  бойынша  барлық  білім,  ептіліктер  мен  дағдылар 

жүйесін қамтиды. 

 Өтілген  материал,  тақырып  ізімен  қадағалау-тақырып,  курс,  бөлім 

өтіліп,  біршама  уақыт  өткен  соң  қалдық  білімді  анықтау  үшін  қолданылды. 

Мұндай  қадағалау  оқу  процесінің  тиімділігін  соңғы  нәтиже  бойынша 

пайымдау талаптарына сәйкес келеді. 

Мұндай қадағалаудың барлығы тексерулерден құралады. Тексеру – бұл 

білім,  ептілік  және  дағдыларды  игеру  барысын  бақылау  үшін  жүргізілетін 

әрекет-қимылдар жүйесі. 

        Педагогикалық ақпарат – дегеніміз- үйретілетін нысан туралы барлық 

мәліметтер  емес,  керісінше  оның  мәнді  әрі  керекті  педагогикалық  процесті 

көрсететін негізгі сипаттамалары.  

Бақылау,  қадағалау  кезінде  оқушының  өзі  де  өз  оқу  жұмыстарының 

нәтижесі  бойынша  ақпарат  алады.  Мұғалімге  оқу-тәрбие  процесі  бойынша 


 

77 


ақпараттың үш түрі аса қажет: 

1.

 



Бастапқы  ақпарат,  ол  оқушылар  туралы  алғашқы  мәліметті  алуға 

көметеседі. 

2.

 

Тактикалық  ақпарат,  ол  оқушылармен  жүргізілетін  жұмыс  формаларын 



(жекелеген  шаралар  өткізу)  дұрыс  құрастыруға  жәрдемдеседі.  Тактикалық 

ақпарат  мұғалімнің  нақты  бір  кезеңді  өткізу  кезіндегі  педагогикалық 

процестің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіндіктерін көрсетеді. 

3.

 



Жедел  (ағымдағы)  ақпарат,  ол  алдыңғы  екі  түрлі  толықтыруға, 

педагогикалық процесс жағдайы туралы нақтылы мәлімет алуға жол ашады. 

Ақпараттар  сипаттамасы көбейген сайын педагогикалық процестің жағдайы 

нақтылана түседі. Сол себепті ақпаратты сұрыптауға іс-әрекеттердің барлық 

түрлері мен оның көрсеткіштерін талдау негізге алынады. 

     Жоспарлау  (іс-әрекет  жоспарын  құру)  дегеніміз  іс-әрекеттің  негізгі 

түрлері мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды 

анықтау.Ал, тиімді жоспарлау дегеніміз: 

 а)  жұмыстың  жәй-күйін  жан-жақты  және  мақсатты  есепке  алу  және  іс-

әрекеттің қол жеткізген нәтижелеріне әділ баға беру; 

 ә)  алдағы  уақыттағы  іс-әрекеттің  негізгі  мақсаттары  мен  міндеттерін 

анықтау; 

 б)  алға  қойылған  міндеттерді  шешетін  тиімді  жолдар  мен  тәсілдерді, 

құралдары  айқындау,  оларды  шешудің  тиімді  жолдары  мен  құралдарын 

таңдау. 


     Мектептің 

жылдық 


жоспары 

мынадай 


принциптер 

негізінде 

құрастырылады: 

-

 



Жоспарлаудың  ғылымилығы.  Жоспар  іс-әрекеттің  әлеуметтік  және 

экономикалық  шарттарын,  педагогикалық  процестің  психологиялық-

педагогикалық  заңдылықтарын,  мектептің  даму  тенденциялары  мен 

болашағын ескере отырып, құрастырылуы қажет. 

-

 

Үйлесімді  де  тиімді  жоспар.  Оның  құрамына  алға  қойылған 



мақсаттарға  жету  үшін  іс-әрекеттің,  нақты  шаралардың  қажетті  және 

жеткілікті болуы қажет. 

-

 

Жоспардың  нақтылығы.  Жоспарда  қандай  шараларды  жүргізу  қажет, 



орындаушыларға берілетін тапсырмалар, шараларды өткізуге жауапты адам, 

оның мерзімі, өтілетін орны мен уақыты нақтылы көрсетілуі қажет. 

-

 

Жоспардың  перспективтілігі.  Жоспарда  жуық  арадағы  мақсаттар  мен 



міндеттер, мектеп іс-әрекетінің болашағы да көрініс табуы қажет. 

-

 



Ұжымдық  принципі.  Мұғалімдер  мен  тәрбиешілердің  және  басқа 

қызметкерлердің  жоспарды  талдау  мен  құруға  белсенді  түрде  қатысуын 

қарастырады. 

 

                                          Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 

1.Мектеп басқарудағы педагогикалық талдаудың мазмұны қандай және оның 

ролі? 

2.Тексеру  мен  реттеу  басқа  мектепішілік  басқару  қызметтерімен  қалай 

байланысқан?  



 

78 


3.Мектепішілік басқаруда қандай әдістер қолданылады? 

4.Педагогикалық  процестің  барлық  сипаттамалары  мен  оған  сәйкес 

көрсеткіштерінің арасындағы өзара байланысты сызбада көрсетіңіз. 

5.Сыныптағы  педагогикалық  процесті  диагностикалау  жөніндегі  алынған 

ақпарат негізінде сынып жетекшісі жұмысының үлгі жоспарын құру. 

 

Әдебиеттер 

1.Қазақстан  Республикасының  педагогикалық  білім  берудің  стандарты 

Алматы,2001 

2.Р.М.Қоянбаев Педагогика Алматы,2004 

3. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизация школьного образования. 

–Алматы:Ғылым, 1998. –226 с. 

4.Ж.А.Қараев.  Кредиттік  оқыту  жүйесіне  арналған  педагогикалық 

технологиялар.Алматы.  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогика  институты. 

2004.- 21-б. 

5.Р.К.Бекмағамбетова,  Д.Қ.Азимбаева  Педагогиканың  жалпы  негіздері  және 

тәрбие теориясы (әдістемелік құрал) Алматы,2003 

30.  ҚР –да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы 

білім берудің басқарудың жаңа тәсілдері  



                                                             Жоспар 

1. Орта оқу орындарындағы оқытудың мақсаты 

2. Оқытудың мақсат мәнін айқындайтын деңгей 

3. Білімнің мазмұны. Білім берудегі мемлекеттік стандарт 

4. Оқу жоспары,оқу бағдарламасы, оқулық. Оларға сипаттама

      Негізгі  ұғымдар:  білімнің  мазмұны,  мемлекеттік  стандар,  оқу 

жоспары,оқу бағдарламасы, оқулық. 

      Педагогикалық  жүйені  айқындайтын  негізгі  компоненттердің  бірі  - 

білім  берудегі  мақсат.  Ол  қоғамның  қажеті  мен  талабына,  әлеуметтік 

жағдайына  үйлесімді  саясатына  байланысты.  Ал  педагогикалық  жүйені 

құрудың  мақсатын  белгілеу  дидактикалық-  психологиялық  талаптар 

негізінде айқындалады. 

      Қазіргі дидактикада түлғаның дамуы білім негіздерін меңгеруге тәуелді 

деген  ұстанымды  тұтынады.  Сондықтан  да  білім  негіздерін  меңгеруде 

жалпы білімдік мақсатты айқындайтын міндеттерді былайша белгілейді:  

-

 

Оқушыға  жүйелі  түрде  білім  беруде  табиғат,  қоғам,  техника, 



мәдениет туралы 

 білімдендіріп,  шәкірттің  алған  білімін  тиісті  деңгейде  өмірге  үйлесімді 

ілгері дамытуға бейімдеуді қамтамасыз ету

-

 



  Оқушының  қызығушылығын,  қабілетін,  ақыл-ойын,  зейінін, 

қиялын, есін,  

сезімін,  ерік  қасиеттерін,  таным-түсінігін  және  практикалық  іскерлігін 

дамыту;  негізгі  де  басты  бағдар  орта  оқу  орнын  бітіруші  өзін-өзі 

жетілдіріп,  білімдік  таным  қабілетін,  ойлана  білу  деңгейін  өрістетіп 

дамыту; 


-

 

Ғылыми  көзқарасын,  имандылық,  адамгершілік,  эстетикалық  т.б. 



 

79 


сапалық 

 қасиеттерін қалыптастыру; 

-

 

Өзін-өзі  білімдендіру  қабілетін  қалыптастырумен  қатар,  өзін-өзі 



үздіксіз 

жетілдіруге  деген  қажеттілікті  өрістете  түсу  керек,  өйткені  дамудағы  көз 

ілеспейтін  жылдамдық,  заман  талабы  тоқтаусыз  өркендеуді  қажет 

ететіндіктен  әр  тұлғаның  үнемі  оқып  ізденуін  талап  етсе,  оларды  сол 

деңгейде болуға баулу негізгі шартқа айналғандығын әмісе ескеру; 

-

 



Өндірістің  негізгі  түрлері  мен  ондағы  атқарылатын  еңбекті 

ұйымдастырып, 

 басқару  жүйесі  жөнінде  білім  беру  және  техникалық  құрылымдарды 

пайдалана  алу  жолдары  туралы  тиянақты  түсінік  қалыптастыру  жағын 

қадағалау керек. 

        Қазіргі  кезеңдегі  білімнің  мазмұнын  айқындауға  қойылатын  басты 

бағдарлардың  бірі  -  мемлекеттік  стандарт,  былайша  айтқанда, 

мемлекеттік  жұйедегі  бірыңғай  норма  мен  талапты  жүзеге  асыру 

міндетін  шешу.  Кеңестік  кезеңдегі  орта  мектептер  біртекті,  бірыңғай 

жүйеде  болды  да,  жоғарыдан  жасалған  оқу  жоспары  мен  пән 

бағдарламалары  негізінде  оқылатын.  Онда  аймақтық  жергілікті 

ерекшеліктер  мен  оқушыньщ  тұлғалық  өзгешеліктеріне  мән  берілмей 

эмпирикалық жүйе жүзеге асырылатын.  

        ТМД  (тәуелсіз  мемлекеттер  достастығы)  құрамында  болған  елдер 

1996  жылдан  бастап  «Білім  беру  туралы»  заң  жобаларын  қабылдап,  онда 

мемлекеттік  стандарт  мәселесін  жүзеге  асыру  міндеттері  белгіленді.  Осы 

орайдан  Қазақстан  Республикасында  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекет 

стандартында басшылыққа алынатын үш денгей көрсетілген: 

1.Тұлғаға берілетін білімнің әлемдік мәдениеттің қол жеткен табыстарына 

үйлесімділік (интеграциялық) мәнде болуы; 

2.Білім  мазмұнының  аймақтық,  ұлттық  танымға  сәйкестігі  және 

білімдендіруде  елдің  тілі  мен  әдебиеті,  тарихы,  жағрафиясы,  өнері, 

дәстүрлік салты ескерілетіндігі т.б. 

3.Берілетін  білімді  жүзеге  асыратын  оқу  орнының  ерекшеліктеріне  сай 

тұлғаның мемлекет алдында, ал мемлекеттің тұлға алдында жауапкершілігі 

қатаң сақталып, білімнің терең де тиянақты болуы және оқу жүктемесінің 

нормалық  талап  деңгейіне  сәйкес  жүзеге  асырылуын  қамтамасыз  ету 

көрсетілген.  



     Білім  бағдарламасы  дегеніміз  берілетін  білімнің  деңгейі  мен 

мазмұндық  бағдарын  айқындайтын  білімдік  жүйе.  Мұнда  ұстанатын 

бағдар оқушыға берілетін жалпы және кәсіби білімнің құрылымына кіретін 

мектепке  дейінгі  дайындық,  бастауыш  мектеп,  жалпы  орта  білім  мен 

кәсіби орта білім. 

     Оқу  бағдарламасы  -  жеке  оқу  пәнінің  мән-мазмұнын  сипаттайтын 

құжат.  Бағдарламада  сол  пән  бойынша  оқытылатын  тақырыптардың 

деңгейі  мен  оның  мазмұны,  қандайлық  көлемде  оқылатын  мазмұндық 

көлем мөлшері сипатталады. Осы пәнді оқу барысында оқушының алатын 



 

80 


білімі,  білігі,  дағды  деңгейі  қамтылады.  Сондай-ақ  оқылатын  пәнге 

байланысты  қолданылатын  құралдар  мен  оған  жасалатын  бақылау  және 

әдістемелік  кеңес  пен  нұсқаулар  көрсетіледі.  Бұл  құжат  мектептегі  пән 

мұғалімінің басшылыққа алатын негізгі құжаты. 

     Бағдарламаға  қатысты  материалдарды  орналастыруда  негізінен  үш 

принцип ұсталады: 1) Бірыңғай бірізділікке негізделген жүйе (линейный), 

2)  Концентристік,  3)  Спиралдық  жүйе.  Бұларды  педагогикалық  тұрғыдан 

таратып айтқанда былай болып шығады: бірыңғай бірізділікте (линейный) 

оқылатын  материал  қайталанбай  бір  бағдарда  ұтылай  дамиды.  Ал 

концентристік  жүйедегі  бағдарламада  тиісті  материал  тақырып  арасына 

үзіліс  салып,  жаңа  деректермен  толықтырылып,  оқыту  барысында 

қайталанып отырады. Ал спиралдық бағдарламада бір жүйелілік сақталып 

бірыңғайлық  мәнде  бір  әуенмен  жетілдіру  ескеріледі.  Демек, 

шиыршықталған, спиралдық жүйеде дамиды. 

     Оқу  пәні  -  білімдік  мақсатқа  жету  жолында  дидактикалық  тұрғыдан 

жан-жақты сұрыпталған белгілі саладағы ғылымның негізі. Мұндағы басты 

мақсат  тиісті  ғылым,  өнер,  іс-әрекет  туралы  оқушыға  тиянақты  мағлұмат 

беріп, оның теориялық және қолданбалы негіздерін танытып білгізу. 



     Оқулық  -  оқушы  меңгеруге  тиісті  ғылым  негізін  беретін  құрал.  Онда 

тиісті  ғылымның  мазмұны  туралы  жүйелі  де  жан-жақты  ақпараттық 

мағлұмат  беріледі.  Оқулық  тек  ақпараттық  мағлұмат  берумен  ғана 

тынбайды, оқу құралы болғандықтан мұнда тиісті деңгейде мәтін, сурет те, 

кестелік сызбалар да, фотографиялық көріністер де келтіріледі. 

          

                    Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 

6.

 

Білім беру мазмұны дегеніміз не, немен байланысты анықталады? 



7.

 

Оқыту процесінде оқу жоспары оқу бағдарламасының қызметі қандай?  



8.

 

Қазіргі кезеңде мектепте оқытудың мазмұнын қайта қараудың себептері не 



өздігінен орындайтын жұмыстар.  

9.

 



Қандай мемлекеттік құжаттар білім мазмұнын анықтайды.  

10.


 

Жалпы орта білім беретін мемлекеттік стандартқа талдау жасаңыз. 

6.Білім беру мазмұны – дидактикалық категория. 

7.Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар және оларға қойылатын талаптар. 

8.Қазіргі  кезеңде  Қазақстан  Республикасында  мектептерде  оқытудың 

мазмұны. 



 

Әдебиеттер  

1.Педагогика. Курс лекций. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003 

2.  Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в ситуациях,  в 

первоисточниках) Уч. пособие – М., 2000.  

3.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000 

4.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999 

5.Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 2000 

6.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред.  Т.Н. Пидкасистого-2010) 

7.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010 


 

81 


8.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет