Лекциялардың тезистері


  Педагогикалық  процестегі  мұғалім  мен  оқушының  өзара  әрекетінің



жүктеу 0.79 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата22.12.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

19.  Педагогикалық  процестегі  мұғалім  мен  оқушының  өзара  әрекетінің 

мазмұны.  Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері. 

                                                            Жоспар 

1.

 



Оқушылар ұжымы және оның даму жолдары. 

2.

 



Ұжыммен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби іскерлік қасиеттері.  

3.

 



Оқушылар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі. 

       Негізгі  ұғымдар:  ұжым,  балалар  ұжымы;  балалар  ұжымы  дамуының 

кезеңдері  мен  заңдары,  оқушылардың  өздерін-өздері  басқаруы,  оқушы 

ұжымының қалыптасуының диагностикасы. 

         Мектептегі  ұжымдық  жүйенің  құрылымы  -  мұғалімдер  коллективі, 

оқушылар  коллективі  -  жеке  сынып,  түрлі  үйірмелер  бірлестігі  тұрғысында 

топтасады.  Ал  педагогтің  міндеті  -  жалпы  мектептік  және  сыныптық  ұжым 

қалыптастырып  және  оның  әдістемелік  жолдарын  шешеді.  Ұжымдық 

дамудың деңгейі, сипаты педагогтің қоятын талабына үйлесімді өрістейді.  

Ұжымды құру мен оны тәрбиелеудің әдістемесі оқушыларды бірлескен 

іс-әрекетке тарту болып табылады. Бірлескен іс-әрекет оларды топтастырып, 

еңбектену  барысындағы  бірлігі  нығайып,  ынта  жігері  өрістейді.  Болашақта 

жалғастық  табады.  Ол  үшін  мына  мәселелерге  мән  беру  керек:  қойылатын 

талапты  орындау  оқушының  қолынан  келетіндігіне  сенім  білдіріп.  жүзеге 

асырылатын  міндетке  байланысты  ережелер  мен  онын  деңгейін  ұқтырып, 

иландыра  білу  басты  шарт.  Ұжым  мүшелеріне  әсерлі  ықпал  етерлік 

оқушылар  активін  құрғанда  оларды  психологиялық  жағынан  демеп, 

консультация беріп, түрлі тәжірибелерді таныстырып, ұйымдастыруға бағдар 

сілтеп,  атқарған  істерін  қадағалау  қажет.  Ұйымдастыру  ісіне  ертеңгі  үмітке 

былайша  айтқанда  перспективаға  назар  аударылуға  тиіс  мұның  теориялық 

негіздері  мен  практиклық  жолдары  А.С.Макаренко  еңбектерінде жан-жақты 

сипатталган.  Ұжымның  дамуын  ұйымдастыру  жүйесі  бүгінгі,  ертеңгі, 

болашақтағы  әрекет  нәтижесіне  негізделсе,  тұлғаны  ынталандырып,  іс-

әрекетке деген олардың кұлшынысын жебеп жігерлендіреді.  

Оқушы ұжымының бірнеше кезеңдері бар. Ұжымды дамытудың бірінші 

сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, 

балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. 

Сынып  белсенділері  болмайды,  соған  байланысты  мұғалім  сыныпқа  тиісті 

талаптарды  өзі  қояды.  Бұл  мектепке  немесе  сыныпқа  қайтадан  келген 

балалар  жинақталған  “құрама  сынып”  оқушылары  ұжымының  басты 

ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе 

жатқан  оқушылар  ұжымымен  жұмыс  істейді,  бірақ  сынып  тәртібі  нашар, 

көшбасшылар  формальды  түрде  сайланады,  бірақ  мұның  ұжымдық  қарым-

қатынасқа 

ешқандай 

ықпалы 


болмайды, 

яғни 


жалпы 

нашар 


ұйымдастырушылық орын алады. 

Айтылған  кезеңде  мұғалім  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақыттарда 

оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы 


 

49 


бір-бірін  (оқушы  мен  мұғалім)  жақсы  танысуға  күш  салуы  тиіс.  Сонымен 

қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып  белсенділері сайлауға, қайта 

сайлауға дайындалады.  

Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес 

белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс 

іс-әрекеттердің  түрлері  көбейіп,  күрделене  түседі.  Белсенді  топ 

мүшелерітапсырмаларды  оқушылардың  мүдделерін  ғана  емес,  ұжым 

қажеттіліктерін ескере отырып береді.  

Балалар  ұжымының  дамуының  үшінші  кезеңінде  тек  мұғалім  мен 

белсенділердің  мүшелеріне  ғана  талаптар  қойылмайды,  сонымен  қатар 

ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық 

пікірлердің  ескерілуімен,  оқушылардың  өз-өзіні  басқаруының  жоғарғы 

деңгейде  болуымен,  балалардың  ұжым  жұмыстарымен  айналысумен 

сипатталады.  Дәл  осындай  ұжым  оқушыларды  ұжымшылдыққа  тәрбиелеу 

құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына 

барлық жағдайлар жасалады.  

Ұжымның  барлық  даму  сатыларында  мұғалімнің  алдында  үнемі 

тәрбиелеу  міндеттері  тұрады.  Оның  ішіндегі  ең  маңыздысы:  педагогикалық 

жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып 

жүруге болатындығында.  

Мұғалімдердің  балалар  ұжымымен  кәсіби  ұйымдастырылған  жұмысы 

барысында  әлеуметтік  (қоғамдық)  белсенділік  ретінде  күрделі  тұлғалық 

қасиеттер қалыптасады. Қайта құру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие 

болады,  өйткені  ол  қоғамдық  іс-әрекеттердің  маңыздылығын  оқушылардың 

санасына  сіңіруін,  олардың  оған  жауапкершілік,  белсенділік,  ізденімпаздық 

таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.  

Оқушылардың  қоғамдық  пайдалы  жұмыстарға  қатысуға  оң  көзқарас 

танытпайтындар  да  аз  емес.  Оның  негізгі  себебі  ұйымдастырылатын 

жұмыстардың 

бірыңғайлығы, 

ондағы 

формальдылық, 



жұмыстың 

пайдасыздығының  айқындығы,  педагогтың  өзінің  қызығушылық  танытпауы 

болып  табылады.  Соған  байланысты  оқушы  белсенділігі  мектепте 

ұйымдастырылатын  жұмыстардың  тиімділігіне,  сұранысқа  ие  болуына, 

мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу 

біліктеріне тікелей байланысты. 

 

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 



1.Оқушылар ұжымының дамуының негізгі заңдарын ата. 

2.Оқушылар ұжымының негізгі даму кезеңдеріне сипаттама. 

3.Ұжым дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай? 

4.Балалар  ұжымы  –  мектептегі  педагогикалық  процестің  неге  маңызды 

компоненті болып табылады? 

5.Ұжымды қалыптастырудағы мұғалімнің ролі. 

6.Балалар ұжымы дамуының негіздеріне сипаттама. 


 

50 


7.Оқушы  ұжымының  қалыптасуының  әртүрлі  кезеңіндегі  оқушылардың  іс-

әрекеттері  мен  қарым-қатынастарының  өзара  байланысын  (нақты 

мысалдармен) көрсетіңіздер. 

8.Сіз  “ұжымда  тұлғаны  тәрбиелеу”  және  “баламен  жеке  жұмыс  жүргізу” 

принциптерінің бірлігін қалай түсінесіз? 

 

Әдебиеттер 

1.

 

Педагогика. Дәріс курсы., 2003. 



2.

 

Сухомолинский В.А. Мудрая власть коллектива. М.,1981. 



3.

 

Немов  Р.С.  КирпичникА.Г.  Путь  к  коллективу:  Книга  для  учителей  по 



психологии ученического коллектива. М.,2000. 

4.

 



Новикова Л.И. Педагогика детского коллектива: вопросы теори. М.,1999. 

5.

 



Зверева  В.И.  Диагностика  и  экспертиза  педагогической  деятельности 

аттестуемых учителей. М.,1998. 

6.

 

Коломинский  Я.Л.  Психология  детского  коллектива:  Система  личных 



взаимоотношений. Минск, 2000. 

7.

 



Макаренко А.С. Воспитание в советской школе. М.,1966. 

8.

 



Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. М.,2000. 

9.

 



Фридман  Л.М.,  Пушкина  Т.А.,  Каплунович  И.Я.  Изучение  личности 

учащегося и ученических коллективов. М.,2000. 

 

20.  Мектептің  тәрбие  жүйесінің  теориясы  мен  практикасы.Сыныптың 

тәрбиелік жүйесі. Жалпы білім беретін мектептердегі тәрбиелік жүйе. 

                                              Жоспар   

1.Сынып жетекшісінің міндеттері. Тәрбие жүйесі. 

2.Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру.  

3. Мектептегі сынып жетекшісінің атқаратын жұмыс бағыттары. 

4.Сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.  

       Негізгі  ұғымдар:  тәрбие,  тәрбие  жүйесі,  қызмет,  сынып  жетекшісі

қатынастар, іс-әрекет. 

       Мектепте жұмыс істейтін педагогтердің бәрінің атқаратын ортақ қызметі 

тәрбиешілік.  Ал  сынып  жетекшісі  -  белгілі  топтағы  оқу-тәрбие  жұмысын 

ұйымдастыратын  негізгі  тұлга.  Оны  мектеп  директоры  ресми  түрде 

тағайындайды. 

      Сынып жетекшісінің атқаратын басты қызметі — жеке тұлға мен ұжымды 

қалыптастыру;  сыныптағы  окушылардың  мінез-құлқын  қалыптастыруды 

ұйымдастыру;  сыныптағы  оқушылардың  өзара  бірлігін  қамтамасыз  ету; 

тәлім-тәрбие үрдісін жүзеге асыра білуге ынталандыру; оқушыларға арналган 

ережені  орындатуда  тиісті  құжаттарда  белгіленген  және  басқарушылар 

тарапынан  көрсетілген  талаптарды  орындатушы;  оқушылардың  бас 

жұмысына арналған құжаттарды толтырып, тәртіпке келтіруге басшы болу. 

      Сынып  жетекшісінің  міндетіне  кіретін  мәселелер  мыналар:  оқушыны 

тәрбиелеу  үшін  оны  жан-жақты  зерттеп  білу  арқылы  олардың  дамуына 

көмектесу;  оқушылардың  ата-аналарымен  қарым-қатынас  жасап,  баланың 

тәлім-тәрбиесіне  кәсіби  маман  ретінде  бағдар  беру;  сыныпта  сабак  беретін 


 

51 


пән  мұғалімдерімен  тығыз  байланыс  жасап  оқушылардың  үлгерімі  және 

тәрбие  талаптарын  жүзеге  асыру  жөнінде  бірлесе  қимылдап,  бір  мақсатта 

әрекеттенуге ұйтқы болу; оқушынын сабақ үлгеріміц мінез-құлқын бақылап, 

соған орай тиісті міндеттерді шешуге ынталы кірісу; сыныптағы оқу-тәрбие 

жұмысын тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыру т.б. 

       Сынып  жетекшісі  болу  мүғалімнің  кәсіби  мамандығына  байланысты 

басты міндеті, атқаратын қызметі болып табылады. Демек, тек белгілі пәнді 

оқытушы  ғана  емес,  оқушыларды  тәрбиелейтін  тәлімгер  ұстаз.  Сондықтан 

мына мәселелерге назар аударуы талап етіледі: 

1.Сыныптағы  әрбір  оқушының,  ұжымнын  өзіне  тән  ерекшелігі  мен 

өзгешелігін  біліп,  мына  жағдайларды  айқындау  керек:  денсаулығы, 

педагогикалық-психологиялық  жағдайы  семьясы,  әлеуметтік-материалдық 

тұрмысы, рухани даму деңгейі, дербсс ерекшелігі, бейімділігі. 

2.Тәрбие  міндеттерін  белгілеуде  сыныптағы  барлық  оқушылардың,  топтың 

және  жеке  оқушылардың  дербес  ерекшеліктері  мен  оқу  саласындағы 

өзгешеліктерін ескеру керек. 

3.Тәрбие  жұмысын  жоспарлағанда  ресми  құжаттарды  басшылыққа  алып, 

педагогикалық  міндеттерге  байланысты  оқушылармен,  ата-аналармен, 

мұғалімдермен  жүргізілетін  жұмыстардың  мазмұнын  және  күтілетін 

нәтижені де белгілеу керек. 

4.Ұйымдастыру  мәселесіне  байланысты  сыныпта  өткізілетін  сынып  сағаты, 

саяхат,  кештер  мен  кездесулер,  ата-аналар  жиналысы  және  оның 

тақырыптарын  мүмкіндігіне  қарай  дәлді  көрсету  ескерілуге  тиіс.  Сынып 

сағатының  мезгілін  сабақ  кестесінде  көрсету  -  тәрбие  жұмысының 

тиімділігіне ықпал ететіндігі ойда болғаны жөн. 

5.Тәрбие  жұмысының  нәтижесін  талдау,  бағалауда  қойылған  міндетті 

орындау  барысында  қол  жеткен  табыстар  және  соған  орай  келешекте 

істелетін істерді белгілеп, онын нақты әдістемелерін ақылдасу арқылы жаңа 

міндеттерді көрсетудің мәні зор екендігі ескерілуге тиіс. 

Сынып жетекшілерінің іс-әрекетін төменгі топтарға бөлінеді:  

1.

 

Әлеуметтік міндеттер  



2.

 

Адамгершілік міндеттер. 



3.

 

Диагностикалық  міндеттер.  (Сыныпппен  жұмысты  дұрыс  ұйымдастыру 



үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы). 

4.

 



Даралық сипаттағы міндеттер. 

5.

 



Денсаулық пен салауатты өмір салтын тәрбиелеу.  

6.

 



Баланың өнегелілік мінез-құндылықтарын қалыптастыру. 

7.

 



Баланың  бойына  біткен  қабілетілігі  мен  мақсат-мүдделерін  жаңаша 

дамыту. 


 

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар 

1.

 



Сыныпта  оқушылардың  іс-әрекетін  ұйымдастырудың  ерекшеліктерін 

атаңыз. 


2.

 

Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінің негізгі компонентері қандай? 



3.

 

Сынып жетекшісінің басты қызметтерін атаңыз. 



 

52 


4.

 

Жалпы  білім  беретін  мектептегі  сынып  жетекшісінің  негізгі  міндеттері 



қандай? 

5.

 



“Адамның еңбекке қатынасы” дегенді қалай түсінесіз? 

6.

 



Сыныптағы  оқушы  жеке  тұлғасын  қалыптастырудың  ерекшеліктері 

қандай? 


7.

 

Тәрбие мақсаты дегенді қалай түсінесіз? 



 

Әдебиеттер 

1.

 



Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы, 1999.  

2.

 



Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. Алматы 2000.  

3.

 



Ақназарова Б. Класс жетекшісі, Алматы 1997.  

4.

 



Болдырев Н.И. Класс жетекшісі, Алматы 2000. 

5.

 



Педагогика. Дәріс курсы, Алматы 2003. 

6.

 



Кайралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. Алматы 2001. 

7.

 



Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана 2006. 

 

  



21.  Отбасы  тәрбиесінің  негіздері.  Қазіргі  қоғамдық  даму  кезеңіндегі 

отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері. 

                                                     Жоспар 

1.

 



Отбасы – тәрбиесіне әсер ететін факторлар. 

2.

 



Отбасы тәрбиесінің негізгі құқықтары. 

3.

 



Отбасының  тәрбие  жұмысын  ұйымдастырудың  теориялық-педагогикалық 

негіздері.  

4.

 

Отбасы тәрбиесіне сипаттама, бағыттары, мектеппен бірлігі. 



Негізгі  ұғымдар:  қоғамдық  және  отбасы  тәрбиесі,  ата-ананың 

педагогикалық  белсенділігі,  диагностика  әдістері,  әрекеттестік  формалары, 

мектеп пен отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы.  

         Ата-аналармен  тәрбие  жұмысын  жүргізудегі  мектептің  міндеті: 

балалармен  жүргізілетін  түрлі  педагогикалық  жұмыстарды  ұйымдастыруда 

ата-аналарды  тартып  қатыстыра  білу,  бала  тәрбиесі  жөнінде  ата-аналар 

арасында  ағарту  жұмыстарын  жүргізу  болып  табылады.  Ал  бұл  міндетті 

шешудің  құралы  мен  формасы  -  ата-аналарды  түрлі  үйірме  жұмыстарын 

өткізуге  жетекшілікке  тарту,  ата-аналар  комитеті  мен  мектептік  кеңестің 

құрамына  кіргізу,  түрлі  мекемелермен  байланыс  жасайтын  және  мектепке 

материалдық  көмек  көрсететін  топтарға  қосу,  ата-аналарға  арналған 

лекциялар  оқуға  және  тәрбие  жөнінде  консультация  өткізіп,  түрлі 

тақырыптарда пікір алысып балалардың үлгерімі жөнінде нақты кеңесу үшін 

сабақтарға  қатынасып,  педагогикалық  советтің  мүшелігіне  кіргізу  болуға 

тиіс. Кейбір  Еуропа  елдері мен  АҚШ-та  арнайы  маман,  психологтар тәрбие 

жұмысын атқарса, біздің елде ол міндетті мұғалімдер мен сынып жетекшілері 

орындайды.  Бүкіл  әлем  тәжірибесінде  бала  тәрбиесіне  алдымен  жауап 

беретін ата-ана. 

Қоғамда отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы 

қадамдарын  жасайтын  бастапқы  адым,  ол  балаға  моралдық  қалпы  туралы 



 

53 


алғашқы  түсініктер  береді,  оны  еңбекке  баулып,  өз-өзіне  қызмет  ету 

дағдыларын  қалыптастырады.  Ата-ананың  іс-әрекеті  мен  мінез-құлқы,  өмір 

сүру  салты  арқылы  балаға  дүниетанымдық,  адамгершілік,  әлеуметтік-саяси 

құндылықтар беріледі.  

Отбасы  тәрбиесінің  проблемасы  –  ананың  отбасы  тұрмысынан  қолы 

босамауы.  Ананың уақыты  жетпеуі  көбінесе насихат,  жазғыру,  ұрсу  сияқты 

тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.  

Ата-ана  құқығынан  айрылғалы  тұрған  ата-аналар  әлеуметтік  және 

педагогикалық  проблемалар  тудырады.  Мемлекет  олардың  ата-аналық 

құқықтарынан  айырғанда  балалардың  мақсат-мүддесін  басшылыққа  алады. 

Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір 

сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.  

Отбасының 

жоғары 


материалдық 

ауқаттылығы 

(материалдық 

жағдайының  төмен  болуы  да)  отбасы  жұмысын  ұйымдастыруда  қолаңсыз 

жағдайлар  туғызады.  Мектеп  отбасы  әдістемелерін  нақтылап,  оның 

кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу.  

        Отбасы  тәрбиесінің,  ата-ананың  әлеуметтік-жауапкершілік  қызмет-

әрекеті  ретінде  басты  құқықтық  негізі  бар.  1989  жылдың  20  қарашасында 

БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  қабылдаған  “Бала  құқығы  туралы  конвенция” 

маңызды  негізгі  құжат.  “Балаға,  дене  жағынан  және  ақыл-ойының 

жетілмегендігінен,  арнайы  қорғау  мен  қамқорлық,  соның  ішінде,  туылғанға 

дейінгі  және  туылғаннан  кейінгі  тиісті  құқықтық  қорғау  керек”,  -  деп 

жазылған Конвенцияда.  

       Конвенцияға  қол  қойған  мемлекеттер  мына  міндеттерді  орындауы  тиіс: 

ақысыз  және  бәріне  міндетті  бастауыш  білім  енгізу,  орта  және  кәсіби  білім 

алуға  жағдай  жасау,  жоғары  білім  алуға  жол  ашу.  Конвенцияның  28 

тарауында  “мектептегі  тәртіп  баланың  адами  қадір-қасиетіне  құрмет 

көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс” деп, ерекше аталып кеткен.  

       Қазақстан 

Республикасы  Консититуциясында  бекітілген  отбасы 

тәрбиесінің құқықтық принциптері “Неке және отбасы туралы” заңда (17. 12. 

2004 ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы отбасы құқығының бір некелік, 

некеге  тұрудың  бостандығы  мен  еркіндігі,  ажырасу  еркіндігі,  ерлі-

зайыптылардың  отбасы  қатынасындағы  тең  құқығы  сияқты  негізгі 

принциптері жазылған. Бұл құқықтар отбасы өміріндегі, отбасы ұжымындағы 

өзара  байланыстың  терең  демократияға  жол  ашады.  52  тарауда  баланың 

отбасылық  тәрбиесі,  оның  құқығын  және  мақсат-мүдделерін  қорғаудың 

баптары келтірілген: “Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның 

тілек-қалауларының  орындалуына,  жан-жақты  дамуына,  оның  адами  қадір-

қасиетінің  сыйлануына  құқығы  бар”.  Бала  ата-ана  билігіне  тәуелді  объект 

ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.  

 

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар 

1.

 



Отбасының педагогикалық процесі дамуының қозғаушы күші неде? 

2.

 



Отбасының педагогикалық процесінің дұрыс ұйымдасқаны туралы қандай 

көрсеткіштер арқылы білуге болады? 



 

54 


3.

 

Педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптерінің отбасындағы 



бала тәрбиесінің нәтижелілігіне ықпал-әсерін көрсетіңіз.  

4.Отбасының  педагогикалық  процесінің  негізгі  сипаттарын  (өзгермелі) 

зерттеу үшін диагностикалық әдістер жиынтығы керек екенін дәлелдеңіз. 

5.Әңгіме әдісін қолданғанда қандай талаптарды орындау керек?  

6.Сынып  жетекшісіне  тәрбиелік  жұмыс  жоспарын  құруда  отбасының 

педагогикалық процесінің қандай көрсеткіштерін ескеру керек? 

7.Ұжымдық тәрбиеге сипаттама бер. 

8.Мектеп пен отбасылық тәрбиенің байланысын сипатта. 

9.Тұлға тәрбиесіне әлеуметтік ортаның әсері. 

 

Әдебиеттер 

Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. Алматы, 1985 

Кайралова  Р.  Сынып  жетекшісінің  ата-аналармен  жүргізетін  жұмысы. 

Алматы, 2000. 

Жұмаханов  Ә.  Семьяда  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  кейбір 

мәселелері. Алматы, 1999. 

Педагогика. Дәріс курсы, Алматы, 2003. 

Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және тәрбиелеу жолдары. Алматы, 

2000.  

Аймағамбетова  Б.,  Бозжанова  Қ.  Балаларды  семьяда  адамгершілікке 



тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 2001.  

 

            22.Тұтас педагогикалық процестегі оқыту 



                       Дидактиканың теориясы мен міндеттері. 

                                          Жоспар 

1. Дидактикалық жүйе туралы, оған сипаттама 

2. Дидактикалық категориялар 

3. Дидактикалық негізгі тұжырымдамалар. 



Негізгі ұғымдар: дидактика, дидактикалық категориялар, дидактикалық 

тұжырымдамалар. 

        Дидактика  —  педагогика  ғылымының  жетекші  салаларының  бірі. 

Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы болғандықтан оның негіздерін 

талдайды.  Дидактиканың  қарастыратын  басты  мәселелері:  оқытудың 

заңдылықтары  мен  үрдістері  (процесі),  оның  мақсаты,  білімдендіру 

мазмұнының  ғылыми  негіздері,  әдістемелері,  оқытудың  формалары  мен 

құралдары.  Ал  жалпы  педагогиканың  қарастыратын  негізгі  мәселелері  — 

барлық  пәндерге  ортақ  және  оның  деңгейіне  үйлесімді  тәсілдері  мен 

жолдары және оқытудың мақсатына қарай нені оқыту мен қалай оқытудың 

теориялық  негіздері  болып  табылады.  Сондай-ақ  жалпы  педагогика  жеке 

пәндерді оқыту мен білім беру әдістерін қоса қамтып, яғни бастауыш мектеп, 

орта  оқу  орындары  мен  жоғары  мектептерде  білім  беру  жолдарын  бірлікте 

зерттейді.  Жинақтай  айтқанда,  жалпы  педагогика  жеке  пәндерді  оқытудың 

теориялық  негіздерін  білгізумен  қатар,  сол  жүйеде  жүргізілген  ғылыми 

зерттеу  нәтижелеріне  сүйеніп  нақты  тұжырымдық  қорытынды  жасайды. 



 

55 


Дидактиканың  негізгі  міндеті:  біріншіден,  оқыту  үрдісін  (процесін) 

түсіндіру, сипаттау және оны меңгеру мен жүзеге асыру жолдарын көрсету, 

екіншіден,  оқыту  үрдісін  ұйымдастырудың  тиімді  жолдарын,  амал-

тәсілдерін, ең жаңа жетілген технологиялық жүйелерді білгізу. 

Педагогика 

пәнін 


терең 

түсіну 


үшін 

оның  дидактикалық 

категорияларын ұғыну керек. Ал дидактикалық категорияның бастау бұлағы 

— педагогикалық жүйе болып табылады. Сонда дидактикалық категорияның 

негізін  айқындайтын  құрылымы:  білім  беру,  оқыту,  мақсаты,  мазмұны, 

міндеттері,  дидактикалық  үрдіс  (процесс),  әдістемелері,  құралы,  оқыту 

формасы, окытудың заңдылықтары, принциптері және оқытудың нәтижесі. 

Дидактикалық 

жүйе 

негізінен 



теориялық 

және 


қолданбалы 

практикалық  мәнде  болғандықтан  педагогика  ғылымының  аумағы  кең, 

қамтитын деңгейі қарқынды сала болып табылады. Өйткені дидактика оқыту 

мен білім беру негіздерінің терең де

 

жан-жақты болуына мән  береді. Сондай-



ақ  оқыту  үрдісін  талдап,  оның  әрбір  кезеңдері  мен  қарым-қатынас 

ерекшеліктеріне  мән-мағына  беріп,  зерттеп,  тұлғаны  терең  де  тиянақты 

білімдендіру  жолдарын  нақтылайды.  Мұнымен  қатар  оқу  үрдісін  жобалау, 

оның  нақты  мән-мазмұндық  сипатын  анықтау  білімдендірудің  негіздерін 

дәлді белгілеу  мәселелерін  қоса қамтиды. 

Оқыту  процесі  педагогикалық-психологиялық  тұжырымдамаларға 

негізделеді  де  содан  бастау  алады,  сондықтан  да  қазіргі  кезеңде 

дидактикалық  жүйе  немесе  оқыту  моделі  деп  аталады.  Мұндағы  басты 

ерекшелік оқытудың принциптерін, мақсатын, мазмұнын, оқыту құралдарын 

сипаттау.  Дидактика  саласында  алуан  түрлі  жүйелер  болған,  оны  саралай  

келгенде  үш  топқа  топтастырған  орынды:  1.  Дәстүрлі  жүйе.  2. 

Педоцентристік  жүйе.  3.  Қазіргі  дидактикалық  жүйе.  Бұл  жүйелердің 

әрқайсысының  ұстаған  бағыт-бағдары  бар  және  теориялық  ұстанымы  оны 

өмірге  әкелген  ғалымдардың  көзқарасына,  көрсеткен  жол-жобасына 

байланысты.  Сонымен  қатар  оқыту  үрдісі  дидактикалық  тұжырымдамадан 

туындайтын,  содан  бастау  алатын  және  жүзеге  асатын  құбылыс. 

Топтастырылған жүйенің әрқайсысына тән  басты сипаттары мыналар: 

1.Дәстүрлік  жүйеде  оқыту,  білім  беруде  мүғалімнің  әрекеті  шешуші  роль 

атқарады.  Дидактикалық  бұл  тұжырымдама  педагогика  тарихына 

Я.Коменский,  И.Песталоцци және И.Гербарт арқылы өріс алды. 

2.Педоцентристік  жүйеде  оқып,  білім  беруде  мұғалімнің  жетекшілік  назары 

шәкірттің  іс-әрекетіне  бағдарланады.  Бұл  жүйе  негізінен  Д.Дьюиден 

басталып,  еңбек  мектептері  саласында  Г.Кершенштейнер  арқылы,  ал  XX 

ғасырдың  алғашқы  кезеңіндегі  мектеп  реформасына  байланысты  В.Лаяның 

педагогикалық теориясы бойынша өркендеді. 

3.Қазіргі  дидактикалық  жүйе  —  оқыту  мен  білімді  меңгеру  бірлікте 

қарастырылады. Демек, оқыту үрдісіндегі екі жакты іс-әрекеттің бір арнадан 

тоғысуы  дидактикалық  пәндік  негізіне  саналады.  Ал  қазіргі  дидактикалық 

тұжырымдамада  бірнеше  бағдар  бар.  Олар  мыналар:  программалап  оқыту, 

проблемалық  оқыту,  дамыта  оқыту  —  бұл  жүйенің  бастаушылары 

П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов т.б. когнитивтік психология (Дж. Брунер); 


 

56 


Кеңестік  жүйеде  80  жылдары  етек  алған  ынтымақтастық  педагогикасы  мен 

педагогикалық технология. 

        

                                     Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтары 

1.Дидактикадағы дәстүрлі жүйені сипатта. 

2.Дидактика қандай мәселелерді қарастырады.  

3.Оқыту процесі туралы түсіндіріңіз. 

4.Оқыту заңдылықтары туралы.  

5.Оқыту ұстанымы дегеніміз не?  

 


Каталог: images -> faculty -> ped-psychology
images -> Байқау сынағы сұРАҚ кітапшасы 7005 НҮСҚА
images -> С. Бегалин «Бала Шоқан» “Толағай”
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
images -> Краткое содержание проекта Екі елдің данышпан ақындары Абай және Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі
faculty -> ДӘрістер кешені дәріс есептеу техникасының даму тарихы
faculty -> ДӘрістер кешені дәріс №1. Тақырыбы: модель. Модель тҥрлері жэне модель жасау кезеңдері
ped-psychology -> «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» Дәрістің мазмұны


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет