Лидерге қажетті 21 қасиет


Төртінші қасиет. Қарым-қатынас жасап араласа білу: онсыз өмірде жалғыз өзіңіз қадам басасыз



бет3/15
Дата07.04.2023
өлшемі200 Kb.
#80360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Төртінші қасиет. Қарым-қатынас жасап араласа білу: онсыз өмірде жалғыз өзіңіз қадам басасыз
Оқытушы мамандар оңай нәрсені алып, оны қиындатады, ал қарым – қатынас жөніндегі мамандар қиын нәрсені алып, оны оңайлатады.

Джон Максвелл



Мына төрт негізгі ұстанымдарды орындасаңыз, тиімді коммуникатор боласыздар:
Ойыңызды ықшамдаңыз. Қарым-қатынас – сіздің айтатын сөзіңіз ғана емес. Оны қалай айту да маңызды. Ең тиімді қарым-қатынас – ол қарапайымдылық. Адамды еліктіріп алу үшін қатты сөздер мен қиын сөйлемдердің қажеті жоқ. Егер адамдармен қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, қарапайымдылыққа ұмтылыңыздар. Наполеон Бонопарт өзінің хатшыларына : «Айқын болыңдар, айқын болыңдыр, айқын болыңдар!» деп қайталай беретін.
Нақты адамды көре біліңіздер. Бір ғана адам болсын, топ болсын, адамдармен араласу барысында өздеріңізге мына сұрақты қойыңыздар: менің тыңдаушыларым кімдерден тұрады? Оларды қандай мәселе алаңдатады? Олардың қажеттіліктерінің қайсысын түрту керек? Менің қанша уақытым бар? Коммуникатор болам десеңіз, тыңдаушыларыңызға қарай істі бағыттаңыз.
Адамдарға шындықты көрсетіңіз. Әр бір шынайы қарым-қатынас шынайы сенімділікті ұялатады. Тыңдаушыларыңыздың сеніміне кірудің екі жолы бар: бірінші – айтып тұрғаныңызға өзіңіз сену, екінші – айтқаныңызды жүзеге асыру.
Қарсы реакцияны күтіңіз. Тыңдаушыларыңызға көп мәлімет беру арқылы олармен қарым-қатынастамын деген қате түсінік. Әр кез олармен сөйлескенде, бірдеңе сезінуіне, есте сақтауына, істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Басқа адамдармен қандай деңгейде араласасыз? Шыныменде араласа білу сіз үшін маңызды басымдық болады ма? Адамдарға шабыт сыйлап, мотивация бере аласыз ба? Сіздің адамдарыңыз түсініп, қабылдап, жүзеге асыра алатындай асқақ армандарыңыз бен үмітті келешегіңізді суреттей аласыз ба? Бірге-бір араласа отырып, ол адаммен шынайы контакт орната аласыз ба? Ал топпен ше? Егерде сіздің тереңде жатқан биік армандарыңызды адамдарға түсіндіре алмасаңыз, онда сіз олармен дұрыс қарым-қатынас орнатпағандығыңызда.
Қарапайымдылық!!! Осыны ұмытпағайсыздар!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет