Жетінші қасиет. Қырағылық: шешілмеген жұмбақтарды шеше білу.
Ақылды адамдар естігендерінің жартысына сенеді,
ал қырағы адамдар қай жартысына сену керек екенін біледі. Джон Максвелл
Кез-келген кедергілердің түп-тамырын таба білу, қырағылықтың сипаттамасына тән. Ол интуиция және тиімді ойлаумен негізделеді. Өзінің тиімділігін жоғарлатқысы келетін әрбір көшбасшы қырағылық қасиетіне ие болу керек. Оның көмегімен бірнеше маңызды мақсаттарға жетуге болады :
Мәселенің түп-тамырын таба білу. Қырағылық көшбасшыға жартылай суреттеуді ұсына алады, яғни жоқ элементтерді интуиция арқылы толтырып, орныққан кедергінің ядросын анықтауға мүмкіндік береді.
Мәселені шеше алуды жетілдіру. Мәселенің түп-тамырын көре алсаңыз, онда оны шеше де аласыз. Қырағылық әлеуетіңізді жүзеге асырғыңыз келсе, қай жағынан мықтысыз, сол жақпен жұмыс істеу керек.
Ең тиімдісін таңдау үшін бар нұсқаларды бағалау. Қырағылық интуицияға ғана немесе зияткерлікке ғана арқа сүйемейді. Адамдарыңыз және ұйымыңыз үшін ең тиімді жолдарды табу үшін қырағылық сезімді де, ақыл-ойды да қолдануға рұқсат береді.
Мүмкіншіліктеріңізді көбейту. Қырағылығы жоқ адамдар, керек кезде, керек уақытта таба алмайды. Көшбасшылар қырағылықтың нәтижесі болып табылатын жолы болғыштық қасиетті қолдан жасап шығарушылар.
Сіз шын мәнісінде қырағы көшбасшысыз ба? Қиын мәселе орныққанда, оның болу мәнісін және себебін анықтай аласыздар ма? Мәселенің егжей-тегжейін білмей, оның түп-тамырын таба аласыз ба? Сіз интуицияға әлде ақыл-ой мен тәжірибеге сенесіз бе? Жоқ, деген жауаптар болса, онда қырағылығыңызды дамытып өркендетіңіз.
Қырағылыққа толы бір шешім, толығымен тағдырыңызды өзгертіп жіберуі мүмкін!!!
Сегізінші қасиет. Жинақтылық: ол айқын болған сайын, сіз айқын қимылдайсыз
Екі кеменің басын ұстаған суға кетер.
Мақал
Өзіңіздің уақытыңыз және қайраттылығыңызды жинақтау қандай жолмен іске асу керек? Келесі ұстанымдармен жұмыс істеңіз:
70% қорыңызды мықты жағыңызға шоғырландырыңыз. Өзінің әлеуетін жүзеге асыра алған тиімді көшбасшылар жаман нәтиже әкелетін қасиеттеріне қарағанда, табысты қасиеттеріне көп уақыт бөледі. Жетістікке жету үшін мықты жақтарыңызға назар аударып, оны дамытыңыз. Өзіңіздің негізгі уақытыңызды, қайраттылығыңызды және қорларыңызды осыған жұмсаңыз.
25% қорларыңызды жаңа заттарға шоғырландырыңыз. Егер жақсырақ болам десеңіз, өміріңізге өзгеріс енгізіп, жаңа нәрселерді үйренуге дағдыланыңыз. Бұл зерттелмеген жерлерді бағындыруға деген дайындық. Ұмытпаңыздар: егер сіз көшбасшылық жоспарда өсем десеңіз, онда өсу жоспарында көшбасшы болуларыңыз керек.
5% қорларыңызды әлсіз жақтарыңызға шоғырландырыңыз. Сіз әлсіз болған жерлерде жұмыс істеуіңізге тура келеді. Ондай жағдайларды қолдарыңыздан келгенше қысқартуға тырысыңыздар. Көшбасшылар, әдетте, ол істі қол астындағыларына тапсырады.
Өзіңіздің жинақтылығыңызды қалай бағалайсыз? Кішігірім шаруаларда өзіңізді шебер етіп көрсеткен кездер болды ма? Әлсіз жақтарыңызды құртамын деп, мықты жақтарыңызды дамытуға уақыт жетпеген кездеріңіз болды ма? Төмен әлеуетті адамдар сіздің уақытыңызды қаншалықты алады? Егер солай болса, онда жинақтылықты жоғалтып алғандығыңыз.
Бірдеңеге деген алаңғасарлық пен жинақты болмау, әр кез сізге қарсы шығады!!!
Достарыңызбен бөлісу: |