Лидерге қажетті 21 қасиет


Бесінші қасиет. Құзыреттілік: егер сіз өзіңізде оны ашсаңыз, адамдар сізге келеді



бет4/15
Дата07.04.2023
өлшемі200 Kb.
#80360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Лидерге қажетті 21 қасиет

Бесінші қасиет. Құзыреттілік: егер сіз өзіңізде оны ашсаңыз, адамдар сізге келеді.
Біз жоғарғы құзыретті адамдарға сүйсіне қараймыз, іскерліктің ұсталары болсын, әлемдік деңгейдегі спортшылар болсын немесе іскер бизнесмендер болсын. Алайда басқаларды құзыреттілік жағынан басып озу міндетті түрде Фаберже, Майкл Джордан немесе Билл Гейтс болу қажет емес. Егер шынымен құзіреттілік қасиетін дамытқыңыз келсе, мыналарды істеулеріңіз міндет:
Әр күн сайын құзыреттілігіңізді көрсету. Бірдеңені күткенде, жауапты адамдар қол қусырып отырмайды, өздерін көрсете бастайды. Бірақ шынайы құзырлы адамдар бір қадам алда жүреді. Олар өз ниеттерін көрсетіп қана қоймай, кез-келген жағдайға дайын екенін айқындайды.
Әрқашан мінсіздікке ұмтылыңыздар. Адам әрқашан оқып, өсіп, өркендеуі керек. Мінсіздікке жету үшін «Не себепті?» деген сұраққа жауап іздеп отыру керек. Соңында, нені және қалай істеу керектігін білетін адамның, әр кез жұмысы болады. Ал не себепті істеу керек екендігін білетін адам, әр кез бастық болады.
Кез-келген шаруаны ойдағыдай асыратын болыңыз. Бастаған ісін соңына дейін апармайтын адам, құзыретті бола алмайды. Көшбасшы ретінде біз адамдарымыздан істі аяғына дейін істейтінін күтеміз. Ал өз кезегінде олар бізден дәл осыны және бұдан да жоғарғы нәтижені күтеді.
Сізден күтілетін нәрседен көбірек істеңіз. Шынына келгенде, құзыретті адамдар күтілуге тиіс нәтижеден асып түсетін істер жасайды. Көшбасшылар өзінің жұмысын аяқтап, басқа қосымша жұмысты істеулері міндетті. Тіпті сирек емес, күнделікті.
Басқаларды жігерлендіріңіз. Көшбасшылар артынан ергендерді жігерлендіріп, оларға мотиватор болады.

Қиын жұмыс кезіндегі сіздің психологиялық дайындығыңыз қалай? Іске бар ынтаңызбен және мүмкіндігіңіздің жоғарғы деңгейімен қимылдайсыз ба? Әлде сіз кейде жақсы ғана жұмыс істей аласыз ба? Сіз кімсіз: ойшыл, қызметкер әлде сенім артуға болатын ойыншысыз ба?


Жеке стандарттарыңыз қаншалықты жақсы болса, сіз де соншалықты жақсы боласыз!!!

Алтыншы қасиет. Ерлік: Ерлігі мықты бір адам, көп адамға тең.
Ерлік – адамдық қасиеттердің ең бастысы немесе қалған қасиеттердің бар болуына кепілдік беретін қасиет!

Уинстон Черчиль, британдық премьер – министр


Істеріңіз қиын шешімдерді талап еткенде, шынайы ерлік туралы мынаны білулеріңіз керек:
Ерлік сіздің ішіңіздегі күрестен басталады. Көшбасшы ретінде кездесетін әрбір сынақ, өзіңізбен күресу арқылы жүреді. Ерлік үрейдің жоқ болуын білдірмейді. Негізінде ол қорқыныш тудыратын нәрсемен күресу болып табылады.
Ерлік жай ептілікті ғана емес, дұрыс әрекет етуді де білдіреді. Ерлік бір сәттегі қабылдаумен және тамаша ойдың келе қалуымен емес, қағидалармен жұмыс істейді. Егерде сіз өзіңіздің мықтылығыңызды және оған себепші болатын сенімділігіңізді қашан көрсету керектігін білетін қасиетке ие болмасаңыз, ешқашан тиімді көшбасшы бола алмайсыз!
Көшбасшыға тән ерлік артынан ерушілеріне өз ісіне адал болуға дем береді. «Ерлік жұқпалы, - дейді уағыздаушы Билли Грэм. Батыр адам өзінің мықтылығын көрсеткен кезде, қасындағылардың да омыртқасына салмақ түсіп, қатаяды». Кез-келген адам ерлік көрсеткен сайын, басқалары да мықты бола бастайды. Ал көшбасшының ерлік көрсетуі, қоршағандарға дем беріп, рухын көтереді.
Сіздің өміріңіз сіздің ерлігіңізге пропорционалды түрде кеңейіп тереңдей түседі. Бринтандық дін маман Джон Генри Ньюмен айтқандай : «Өміріңіз соңына жетті ме екен деп қорықпаңыз, ол ешқашан басталмады ма екен дегеннен қорқыңыз». Ерлік өмірді жақсы бастауға ғана емес, жарқын болашағыңызға да зор мүмкіндік береді. Қорқыныш дегенді жеңе біліңіздер.

Қорқыныш сізге қалай әсер етеді? Сіз оны тиісті деп қабылдайсыз ба? Кернеулі ахуалдар күнделікті өміріңіздің жартысы ма? Әлде үрей тудырмайтын жабдықталған аймақта қалуды қалайсыз ба? Ерліктің рухын дамытып, оны күнделікті өміріңізде қолдану үшін қандай дәрежеде өзгеру керексіз?


Шынайы ерлік – тосынан жақсы нәтижелер әкеледі!!!

Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет