Түлкі мен қырғауыл
Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың
басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп:
- Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халың қалай? – дейді.
Қырғауыл:
- Жақсы өзің қалай тұрасың? – дейді.
Түлкі: Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым
естімеуші еді? - дейді. Қырғауыл: Жерге түсуге қорқамын,
жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, - дейді.
Түлкі: Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа
ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа,
қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін де-
ген, - дейді.
Қырғауыл: Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет достым!
Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды
айтыңыз, естісін, - дейді.
Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды артына
қарамастан қаша жөнеледі.
Қырғауыл: Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып
кеттің бе? - дейді. Түлкі: Кім біледі, бұйрықты ол естімеген
шығар, - дейді міңгірлеп.
Сабақтың ортасы (30 минут)
1-тапсырма.
- Берілген ертегіге қандай ат қояр едіңдер.
- Мәтін бойынша бес сұрақ құрастырыңыз.
Дескриптор:
- Ертегіге атау береді;
- Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар құрастырады.
2-тапсырма.
- Мәтіннен омоним, синоним, антоним сөздерді табыңдар.
Дескриптор:
- Мәтіннен омоним сөздерді тауып жазады;
- Мәтіннен синоним сөздерді тауып жазады;
- Мәтіннен антонимін сөздерді тауып жазады.
Бекіту тапсырмасы.
https://youtu.be/ZyaXvOMbJeQ
«Жануарлар қалай дыбыстайды?» бейнематериалды
тамашалайық.
3-тапсырма.
- Төменде берілген жануарлардың ерекшеліктеріне қарай
дауыстарын бір-бірімен сәйкестендіріп көріңіз.
Дескриптор:
- Жануарлардың қалай дауыстайтынын табады.
Сабақтың соңы (8 минут)
Кері байланыс:
- Не білдім? Не меңгердім?
Сіз білдіңіз:
- Жануарлардың мінез-құлқына байланысты ерек-
шеліктерді.
Сіз меңгердіңіз:
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастыруды үйренесіз; Тура
және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер,
омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне
сай қолдануды меңгердіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |