СТУДЕНТТЕРДІ ШЕШЕН СӨЙЛЕУГЕ БАУЛУ АРҚЫЛЫ ҚҰЗІРЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бердіхан А.Р.– ПМНО 19-1 тобының студенті
Ғылыми жетекші: оқытушы Көшекбай Н. К.
ОАИУ
Резюме. В статье посредством упражнений на развитие речи будут развиваться мыслительные способности ребенка и оттачиваться его мысли Основная цель - формирование компетентной личности путем обучения учащихся красноречию.
Summary. In the article, through language development exercises, the child's thinking ability will be developed and his/her thoughts sharpened. The main goal is to create a competent personality by teaching students to speak eloquently.
Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты."Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз" деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жай айтылған жоқ. Осыдан бастап жас ұрпақ бойындағы іскерлік пен олардың қабілеттерін ашу туындайды. Себебі, қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Мына бейбіт заманда, көзсіз ерліктің орнын білім басып отыр. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан біз сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен астасып жатыр.
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.
Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту, олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.
Заман талабына сай білім беру әр оқу орнының алдына қойған мақсаты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті -жастардың білімді үйреніп қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету.
«Әрбір ұстаз — білікті маман, ал әрбір оқушы — ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланады. Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негізін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі тәуелсіз қазақ елінде ана тіліміздің коғамдық қызметі биіктеген уақытта жастарымыздың шешендік сөздің әлеуметтік мәнін ұғындыру ici және мемлекеттік тілде шешен сөйлеу мәдениеті аса өзекті мәселенің бірі болып отыр. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- бала шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып, оны тұлғалық тұғырға көтеру.
Шығармашылық - тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Күнде өзгеріп отырған аласапыран өмірде аман қалу, биіктерге беттеу, нәтижелерге жету тек қана шығармашыл адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса, соғұрлым нәтижелі болатындығы ғылымда дәлелденген. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім - білік, дағдыларды меңгерте отырып, жаңа педагогикалық технологияларды шебер пайдалана білу арқылы оқыту үрдісін демократияландыру және ізгілендіру, сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту қажеттігі туындап отыр. Өсіп өмірге қадам басып келе жатқан жастарды шешен сөйлеу мәдениетіне баулу ici – әрбір ұстаздың алдына қойған мақсаты. Шешендік – қазақ елінің ертеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады. қазіргі кезде жастарымызды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу адамдармен достық, мейірімділік, өмірді түсіну,біреулердің қайғысы мен қуанышына ортақтасу, өзгелердің мінез-құлқы мен пікіріне төзімділік таныту кезінде жетіле түседі.
Жас жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу, ертеңіне бағыт беру - бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Адамгершілікке тәрбиелеу білім беру мен ғана шектелмейді. Білім алушының ойына ой қосып, сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Шешендік – ел келешегі жастардың рухын аспандатар, асқақтатар өнер. Ал қазақтың халықтық рухы орасан. Тек рух сақталса ғана, жастар рухын оята білгенде ғана халық мерейі, абыройы қаз қалпында болмақ. Рух тұнған тұста ғана қалыптасу үстіндегі тұлғаны тұтандырар, ілгерілетер идея да күшті. Демек, бүгінде жастардың рухын еселеп жандандыра, жаңғырта түсер кешенді ойлы істер ауадай кажет. Ал ел болашағы – қазақ жастарының рухының биіктігі, жоғарылығы – ұлт тәуелсіздігі сақталуының бірден-бір айғағы[2,87]. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, шешендік шежіре-рухани байлық көзі. Халқымызға тән шешендік өнер тәліміне кейінгі ұрпақты тәнті етер болсақ, орасан рухани шапағат, парасат сыйлаймыз. Ал рухы зор, рухани бай ұрпақ – еліміздің сенімді келешегі.
Халқымыздың от ауызды, орақ тілді шешен-билер мұрасының тағылымын рухани байлығымыз ретінде кейінгі ұрпаққа дәріптеп, оның тереңдігіне, тұңғиығына бойлап жастардың санасына құю кез-келген аға буындардың алға қойған парызы десек қате айтпағанымыз болар. Мәселен, қазақ халқы шешендік өнердің жастарға үлгі болар өнегелік-тағылымдық қырларының сапына сөздің құдіретті алып бір күшке ие екендігін аңғартуын, сөздің өзіндік бояуы, дәмі, адамның жан дүниесіне қозғау салардай қасиеті бар екендігін, ал оның күші дауыс ырғағы арқылы берілетіндігін танытуын; шешендіктің ой еркіндігі, сөз еркіндігі, ауызекі тілдегі сөздерді әдемі тізбектеп, оралымды орналастыру, тиімділігін күшейтіп, қисынды ойға сыйғызуды аңғартуын; сөзбен тоқтату, сөзбен жаңылыстыру, қарсыласын сөз тыңдарлық жағдайға түсірудің орасан күшті өнер екендігіне көз жеткізуін; тұспалдап сөйлеуге, мегзеуге, бернелеуге, символдауға, басқаны айта отырып, нені нысаналап отырғанын жасыра, жұмбақтап айтуға, яғни терең зейінділік пен ойлылыққа төселтуін; астарлап сөйлеу халқымыздың мәнері екендігін, бұл тек сөйлеу шеберлігімізді ғана емес, сөйлеу мәдениетімізді де танытатын, ойлау қабілетімізді аса тереңдетер құбылыс екендігін аңғартуын; тапқырлыққа, шапшаңдыққа, тез жауап берушілікке баулуын; өзгені тыңдауға, өзгенің өнегелі ісінен тағылым алуға жөн сілтеуін қосар едік. «Шешен адамзат пен ғаламзат дүниесінің белгісіз сырларын қырағы байқап, тереңнен толғап, саңқылдаған, сұлу, мәнерлі дауысымен, мағыналы, парасатты толғамдарымен, түйдектүйдек ойларымен, бет-жүзінің, сөз ырғағының еркіне бағынған қимыл-қозғалыстарымен, біліктілік-білімімен, көшелі, көреген қасиеттерімен толқынды топты өзіне қаратып, құлақ құрышын қандырады, жаныңды, рухыңды дүр сілкіндіріп тазартады»(С.Негимов). десе В.Г.Белинский «Ірі шешен топты жойқын, буырқанған шабытымен билептөстейді, екіншісі – жатық, әсем жеткізу шеберлігімен, үшіншісі – әзіл-оспақ, күлдіргі, айтқыштық талантымен, төртіншісі – жүйелі, сабақтас, анық баяндауымен баурайды» .
Мазмұны халыққа таныс, құрылысы қалыптасқан терең ойлы, көркем тілді, үлгілі сездер ғана шешендік сөз бола алады. Әрине, белгілі бір шешеннің сөзінен халық шешендігінің айырмасы үлкен. Ең алдымен халық шешендігі түгел сөз емес, тұтас сөздің түйіні, бір түйір дәні. Оның үстіне ондаған, жүздеген адамның өңдеуінен өтіп, халық арасына кең таралып, нақылға, тақпаққа айналып кеткен сөздер. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп, халық қабылдаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің, әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан1 өтіп, шешендік сөз «тілге жеңіл, жүрекке жылы» тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Мазмұны терең, тілі көркем, ақылға қонымды, сезімге әсерлі сөз ғана шешендік сөз немесе аталы сөз деп аталады.
Қазақ тарихында батыр-билердің, ақын-жазушылардың аталы, ұлгілі сөздерден үйренбегені, үлгі алмағаны жоқ. Махамбет пен Бұхар жыраудың толғаулары, өлең-жырлары, шешендік сөзге, тапқырлық ойға толы. Белгілі ағартушыларымыз Ыбырай Алтынсариннің, Шоқан Уәлихановтың еңбек-теріңен, әсіресе хаттарынан қазақтың дәстүрлі шешендік өнерінің әсері «мен мұндалап» турады. Әсіресе қазақ әдебиетінің классиктері Абай Құнанбаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларына ежелгі шешендік өнердің ықпалы айқын сезіледі. Өлең, дастандарын айтпағанда, Абайдың мақалмәтелдерге, нақыл-насихатқа бай қарасөздерінде халық шешендерінің үлгі-нұсқасы мол. Халқымыздың ертеден өзінің мәдени - этникалық білімі мен тәрбие берудегі ұлттық тәрбие негізін қайта жаңғырту арқылы халқымыздың мәдени құндылықтарына көңіл аударылуда . Себебі , бүгінгі күні халқымыздың ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында келешек ұрпақтарымызды халқымыздың салт - дәстүрлерінде , әдет - ғұрыптарында ертеден сақталып келе жатқан мәдени бай мұраларымыздың қадір - қасиетін сезіне білу заңды құбылыс деп санауымыз керек . Шешендік өнер студеннттердің сөйлеу мәдениетін жетік меңгеріп, шебер сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Би-шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады. Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.
Ұлттың бүгіні де , болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты . Жан жақты жетілген , ақыл - парасаты , өресі биік , өз Отанын сүйетін азаматты тәрбилеу - әр мұғалімнің алдына қойған мақсаты . Әдебиет сабағы ақыл - өнегеге , ғибратқа , даналыққа , имандылыққа , адамгершілік үлгілерге толы болу керек десек , шешендік сөздерде осының бәрін кездестіруге болады . Мектепте шешендік сөздерді оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын , жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру , яғни ұлттық шешендік сөйлеудің айла амалдарын , шешендік өнердің сыр мен сымбатын , тапқырлықты , тақырыптық тәсілдерді қолдану бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру . Бүгінгі қоғам сауатты , білімді , өз ойын еркін де ұтымды жеткізе алатын , рухы таза , ой - өрісі биік , шыдамды да еңбекқор тұлғаны талап етеді . Жалпы , әр баланы жеке тұлға деп қарай отырып , бойларындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына көңіл бөліп , олардың рухани адамгершілігін дамыта оқытуды басты назарда ұстау қажет . Жан жақты жетілген , қоршаған ортасының қадір - қасиетін бағалай алатын тапқыр , көрген - білгенін бағамдай алатын зердеі , зерек балаларды қалыптастыру үшін қазақ әдебиеті сабағында шешендік сөздерді оқыту өте тиімді .
Шешендік сөздерді оқытуда оқушылар сөз құдіретін эстетикалық , танымдық тәрбиені сіңіреді , оқушылапдың оқу әрекеттері , ойлау қабілеттерін , өзіндік ізденісін жетілдіріп , сөз өнерінің рухани құндылығын тануға көмектеседі . Оқушылар ойын еркін , шешен жеткізе алу , әдеби - теориялық білімін жазба жұымыстарда сауатты қолдана алуын қалыптастырады . Сонымен қатар шешендік сөздерді оқыту арқылы сөйлеу мәдениеті мен ой - өрісін , дүниетанымын қалыптастырып , тілдік амал тәсілдерді қарым - қатынас мақсатына қолдануға төселдіреді .
1-тапсырма. Сіз қалай жауап берер едіңіз, өз ойынызбен мәтінді аяқтаңыз.
Жиренше шешен жол жүріп келе жатып, бір ауылдың тұсына келіп, ауыл мен екі арада өзен болған соң, өткелін біле алмай сасып тұрғанда, судың ар жағынан су алуға бір қыз келеді. Жиренше дауыстап, бұл өзеннің өткелі қайда деп сұрайды. Қыз: "Анау жақта бір өткел бар, жақын, жақын болса да алыс, анау жерде бір өткел бар, алыс, алыс болса да жақын" дейді.
Үйіне келіп отырған соң, Жиренше қызға қарап: "Жаным, қарным ашып алыстан келемін, тамағыңның тәттісін бер" дейді. Қыз айтты: "Бір тамақ бар ащы, ащы болса да тәтті. Бір тамақ бар тұщы, тұщы болса да ащы" деді. Жиренше: "Ащы болса да тәтті"деген тамағыңды келтір", — дейді...
Бір күні Жиренше ханның үйінде отырғанда бір адам ханға сыйға бір піскен қаздың етін алып келген екен. Сонда хан Жиреншеге:
— Сен сөзге де шеберсің және әр нәрсенің бәріне де шебер шығарсың, мына қаздың етін мен, ханым, екі ханзада, екі қаныкей, өзіңмен жеті адамға бірдей қылып бөлші, — депті.
Сонда Жиренше ойланбай, пышағын қынынан суырып алып...
2-тапсырма. Сіз қалай жауап берер едіңіз, өз ойынызбен мәтінді аяқтаңыз.
Бір күні Абылай хан қарамына көз тойған, үш жүзден озған, ақылы асқан билерімен бас қосып отырғанда:
Дүниеде тозбайтын нәрсе бола ма? Өлмейтін жан бола ма? Осыны тауып беріңдер де, менен қалағандарыңды алыңдар, депті.
Сонда отырғандардың біреуі:
Ноғайлының ханы Әз Жәнібек халықты жиып:
— Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады?— депті. Ақтайлақ шешен Қанай шешеннен:
— Ер басында бақыт нешеу?
Кемдік нешеу?
Құлазу нешеу?— деп сұрайды.
Сонда Қарауыл Қанай шешен былай деп жауап береді:
Мөңке би Сырымға үш сұрақ қойыпты:
— Таудан биік не бар?-
Судан терең не бар?
Оттан өткір не бар?
Оған Сырым былай деп жауап қайырыпты:
3-тапсырма. Өз ойынызбен мәтінді аяқтаңыз.
Ұзақ жолдан шаршап келе жатқан бір жігіт бір ауылға келіп түседі. Үй иесі ақсақалды қария екен. Сәлем беріп, үйге кірген жігітке қария:
– Сәлемші болсаң, жоғары шық, мысығым! – дейді. Жігіт іштей «мысығы» несі деп ойлайды да, қисайып жатып көзі ілініп кетеді. Бір уақыттар шамасында әлгі қария: – Тұр, арыстаным, тамақ дайын болды, – дейді жігітке. Жолаушы бұл сөзіне де таңданып, ештеңе демей, тамақ ішіліп болған соң жүруге әзірленеді. Кетерінде ақсақал жігітке: – Жолың болсын, жыршым!– дейді. Қарияның жұмбақ сөзіне таңданып, түсінбеген жігіт аңтаң болып кете барады. Еліне жеткен соң көпті көрген көнекөз бір қарияға келіп, осы жайларды айтады.
Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, мағынаны анықтау үшін дәлелдер айтып, саналы түрде мақсатқа жету жолын таңдайды және олар өзгерістерге ашық болады. Бала сын тұрғысынан ойлана отырып, өз пікіріне ең ұтқыр түсініктеме табады, кез келген проблемада жауаптар емес, сұрақтар табуға ұмтылады. Дәлелдермен сөйлеп дағдыланады. Барлық жасалған қорытындыларды бағалай біледі, дәлелдердің маңыздылығы мен деңгейін түсініп қолдай алады.Басқа да болжам, мүмкіндіктердің болуын және оның орынды екенін, артықшылығын мойындайды. Барлық айтылған көзқарас пен дәлелдерді есепке алып, көңіл бөледі.
Әдебиеттер
Жапбаров А. Оқушылардың тілін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. 1-кітап. –Алматы: Арыс, 2007. –261 б.
Жапбаров А. Оқушылардың сөздік қорын байыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. 2-кітап. – Алматы: Арыс, 2007. – 249 б.
Жапбаров А. Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. 3-кітап. –Алматы: Арыс, 2007. –254 б.
Жапбаров А. Оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. 4-кітап. –Алматы: Арыс, 2007. –261 б.
Әбдікәрім Т.М. Әліппе мен ана тілі оқулықтарында мәтін түзудің ғылы-ми-әдістемелік негіздері. Пед.ғыл.докт.дисс. – Алматы, 2000. – 295 б
. Құрманова Н.Ж Шешендік өнерге баулу. – Актөбе. 2003, 50-6ет.
УДК 821О-512
Достарыңызбен бөлісу: |