Литературоведение



Pdf көрінісі
бет20/21
Дата01.01.2017
өлшемі2,1 Mb.
#904
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 
REFERENCES 
1.
 
Абанина  Н.В.  Ролевые  игры  на  уроках  в  младших  классах  с  углублённым 
изучением немецкого языка // Иностранные языки в школе, 1997, №1. 
2.
 
Канаева  В.М.  Использование  ДЕ  в  ролевых  играх  при  обучении  французскому 
языку в начальных классах  // Иностранные языки в школе, 1993, №3. 
3.
 
Мильруд  Р.П.,  Максимова  И.Р.  Современные  концептуальные  принципы 
коммуникативного обучения ИЯ. // Иностранные языки в школе, №4, 2000. 
4.
 
Стронин М.Ф. Обучающие игры на уроках английского языка. – М., 1984. 
5.
 
Dobson Julia M. Effective Techniques for English Conversation Groups. – United States 
Information Agency, Washington, DC, 1992. 
6.
 
Hadfield J. Intermediate Communication Games, 1990. 
7.
 
Livingstone C. Role Play in Language Learning. – Oxford, 1992. 
8.
 
Ladousse J.P. Role Play.– Oxford, 1992. 
9.
 
Strange D. Chatterbox II. – Oxford University Press, 1997. 
10.
 
Tomalin B., Stempleski S. Cultural Awareness. – Oxford, 1993. 
11.
 
Whitney N. Open Doors 1.– Oxford University Press, 1994. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Құлшаева А.М.
магистрант 
Рысбаева Г.Қ.
ф.ғ.к, доцент, ғылыми жетекші 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) 
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Педагогикалық  ойын  түрлерінің  жалпы  ойындардан  ерекшелігі  –  оқытуда  нақты 
мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған 
педагогикалық  нәтижесіне  сай  анықталады.  Сабақ  барысындағы  ойын  әдістері 
оқушыларды  оқу  қызметіне  ынталандыру  құралы  ретінде  ойын  әдістері  мен 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
167 
 
жағдайларының  көмегі  арқылы  құрылады.  Оқушылар  ойын  ойнау  барысында  үйренген 
сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу 
пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. 
Түйін  сөздер:  қойылымдық  ойындар,  шиеленістер,  тәжірибе,  дыбысталу,  қарым- 
қатынас. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Кулшаева А.М.
магистрант 
Рысбаева Г.К.,
 к.ф.н, доцент, научный руководитель 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
ОСОБЕННОСТИ РОЛЕВЫХ ИГР НА УРОКАХ АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА 
Игра  помогает  общению,  она  способствует  передаче  накопленного  опыта, 
получению новых знаний, правильной оценке поступков, развитию навыков человека, его 
восприятия,  памяти,  мышления,  воображения,  эмоций,  таких  черт,  как  коллективизм, 
активность,  дисциплинированность,  наблюдательность,  внимательность.  Ролевая  игра 
мотивирует  речевую  деятельность,  т.  к.  обучаемые  оказываются  в  ситуации,  когда 
актуализируется потребность что-либо сказать, спросить, выяснить, доказать. Школьники 
наглядно  убеждаются  в  том,  что  язык  можно  использовать  как  средство  общения.  Игра 
активизирует  стремление  ребят  к  контакту  друг  с  другом  и  учителем,  создает  условия 
равенства  в  речевом  партнерстве,  разрушает  традиционный  барьер  между  учителем  и 
учеником. 
Ключевые  слова:  ролевые  игры,  конфликты,  метод  обучения,  практика, 
произношение, коммуникация. 
 
 
 
ӘОЖ.811.111 (075.8)К88 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ 
ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Д.Т. Кушанбаева, 
магистрант 
(Алматы қ., Шет тілдер және  
карьера университеті) 
 
Аңдатпа:  Қазіргі  таңда  елімізде  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  мәселесіне  ерекше 
мән  беріліп,  оқытудың  ерекше  тәсілдерімен  жаңаша  оқыту  технологиясын  енгізіп, 
оқушылардың білім сапасын көтеру – басты міндеттердің бірі болып отыр, яғни білім беру 
алдындағы  басты  міндет  –  қазіргі  қоғамға  жан-жақты  білімді,  жоғары  мәдениетті, 
өзгермелі  жағдайда  өз  іс-әрекеттерін  шығармашылықпен  ұйымдастыра  алатын  тұлғалар 
дайындау,  заман  талабына  сай  құзіретті  тұлға  қалыптастыру.  Мақалада  шетел  тілі  
сабақтарында  коммуникативті  құзіреттілікті  дамыту  мәселесіне,  коммуникативті  сабақ 
түрлеріне анықтама берілді және оны сабақ барысында қолдану жолдары қарастырылған. 
Түйін сөздер: коммуникативті құзіреттілік, коммуникативті сабақ, шетел тілі, рөлдік 
ойындар. 
Қазіргі таңда елімізде білім беру мазмұнын жаңарту мәселесіне ерекше мән беріліп, 
оқытудың ерекше тәсілдерімен жаңаша оқыту технологиясын енгізіп, оқушылардың білім 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
168 
сапасын  көтеру  басты  міндеттердің  бірі  болып  отыр,  яғни  білім  беру  алдындағы  басты 
міндет – қазіргі қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, өзгермелі жағдайда өз іс-
әрекеттерін  шығармашылықпен  ұйымдастыра  алатын  тұлғалар  дайындау.  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Қоғамның  нарықтық  қарым-қатынасқа 
көшу  кезінде  саяси-экономикалық  және  рухани  дағдарыстарды  жеңіп  шыға  алатын, 
ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке 
тұлғаны  қалыптастыру  –  біздің  басты  мақсатымыз»  деп  өзінің  «Жаңа  әлемдегі  жаңа 
Қазақстан»  атты  Жолдауында  тұжырым  жасады.    Қазіргі  педагогика  ғылымында  
негізгі  базалық  ілімдердің  бірі  «құзіреттілік»  болып  отыр. Қазақстан  Республикасы  2015 
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды 
құзіретттілік,  яғни  нәтижеге  бағдарланған  білім  мазмұнына  алмастыру  қажеттілігі 
көрсетілген  [1].
 
Құзіреттілік  ұғымы  «білім»,  «білік»  және  «дағды»  (ББД)  сияқты 
ұғымдарды қамтиды.  Бірақ  бұл  ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес.  Құзіреттілік 
оқыту  нәтижесін  (білім  және  білік)  ғана  емес,  сонымен  бірге  ол  оқушылардың 
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. 
Құзіреттілік  дегеніміз  –  тұлғаның  бойында  білім,  дағды,  іскерлік,  ерік,  күш-жігердің 
болуы. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады [2]. Құзіреттілік – оқушының 
алған  білімі  мен  дағдыларын  тәжірибеде,  күнделікті  өмірде  қандай  да  бір  практикалық 
және  теориялық  мәселелерді  шешу  үшін  қолдана  алу  қабілеттілігі.  Сонымен,  оқытудағы 
құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз 
кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың 
біртұтас  жүйесін  құруды  талап  етеді.  Құзіреттілік  тәсіл  бірінші  орынға  оқушының 
хабардарлығын  емес,  нақты  құбылыстарды  танып  білу  мен  түсіндіруде;  қазіргі  заманғы 
техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің 
кәсіби  білім  алуға  дайындығын  бағалауда;  еңбек  нарығын  бағдарлау  қажет  болғанда; 
өмірден  өз  орнын  анықтауға;  өмір  салтын,  кикілжіңдерді  шешу  тәсілдерін  таңдауға 
байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді 
шешу  біліктілігін  шығарады.  Шетел  тілі  сабақтарында  оқушылардың  коммуникативтік 
құзіреттіліктерін  қалыптастыру  мен  дамытудың  маңызы  зор.  Оқушылар  қарым-қатынас 
моделдерін,  мәдениеттік  стереотиптерді,  мәдениет  образдары  мен  символдарын  білулері 
керек. Бұл оқушылардың шетел тілінде емін-еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады. Ахмет 
Байтұрсынұлы:  «Мұғалім  әрдайым  ізденісте  болса  ғана  шәкірт  жанына  нұр  құя  алады» 
дегендей,  мұғалімнің  ізденісі,  жан-жақтылығы  айтылып  кеткен  құзіреттілік  арқылы  
айқындалады. 
«Коммуникативтік  құзіреттілік»  (латынның  «соmpetere»  –  қол  жеткізу,  сәйкес  келу 
сөзінен  шыққан)  –  қажетті  тілдерді,  қоршаған  адамдармен  және  оқиғалармен 
әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әртүрлі 
әлеуметтік  рөлдерді   меңгеруді  қамтиды.  Оқушы  хат  жаза,  анкета  толтыра,  арыз  жаза, 
сұрақ  қоя,  пікір  таластыра  т.б.  білуі  тиіс.  Коммуникативтік  құзіреттілік  –  екінші  тілді 
үйренуші  оқушыларға  тілдің  заңдылықтарын  жаттанды  үйретпей,  сол  тілді  тілдік  және 
қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзіреттілік 
жеке  тұлғаның  рухани өсуін  қалыптастырады,  адамдарды  түсіне  білуіне  көмектеседі  [3]. 
Білім  берудің  негізгі  нәтижесі  ретінде  мектеп  түлегі  оқушыда,  яғни  жеке  тұлғада 
төмендегі  құзіреттіліктер  болуы  тиіс:  құндылықтарды  бағалау  қасиеті  –  жаңа  қоғам 
өмірінде  өз  рөлін  таба  білу  біліктілігі,  азаматтық  белсенділігі,  саяси  жүйені  түсіну,  ең 
алдымен  өз  жерінің,  Отанының  патриоты  болу.  Өз  халқының  және  әлем  елдерінің 
мәдениетін  түсіну,  білу,  бағалау,  жалпы  адамзаттық  мәдениеттің  жетістіктері  мен 
этномәдени құбылыстарды тану. Адамдар мен өзара іс-әрекет және қарым-қатынас жасау 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
169 
 
тәсілдерін  білу,  түрлі  әлеуметтік  топтармен  жұмыс  істеу.  Өз  бетінше  іздей  білу,  талдау, 
таңдап  алып  өзгерте  білу,  ақпараттық  технологияны  игеру.  Жанұяда,  еңбекте, 
экономикада,  саяси,  қоғамдық  азаматтық  тәжірибе  мен  білімге  ие  болу.  Әлеуметтік-
қоғамдық  жағдайларға  нақты  талдау  жасап,  шешім  қабылдай  білу.  Өзіндік  қадір-қасиет 
сезімін  ұйымдастыра  білу,  өз  мүмкіндігін  нақты  даму  жоспарларымен  салыстыра  білу. 
Оқыту  үрдісінде  оқушының  өз  еркімен  білім  алуына,  материалды  ойлау  қабілетіне 
бағыттауға,  оқытуды  жаттанды  түрде  емес,  шығармашылықпен  меңгертуге  көңіл  бөлу 
қажет.  Оқушы  қиялы  жүйрік,  жан  дүниесі  нәзік,  өзін  қызықтырған  істе  белсенді,  ақыл-
қабілеті  дамыған,  сондықтан  шығармашылық  оған  шын  ләззат,  қуаныш  сезімін  әкелуі 
тиіс.  Оқушылардың  шығармашылығын  дамыту  жолдарын  ақпараттық  және 
коммуникативтік  құзіреттіліктер  арқылы  іске  асыруға  болады.  Осыған  орай  заманауи 
шетел  тілі  сабағы  оқушылардың  бойында  коммуникативті  құзіреттілікті  қалыптастыруға 
және дамытуға бағытталған болуы қажет. Ең алдымен оқушылардың тілдік құзіреттілігін 
дамытуға көңіл бөліну керек, атап айтқанда берілген тақырып көлемінде оқу, сөйлеу, жазу 
және тыңдап түсінуде мәдениетаралық қарым қатынас құруға жаттықтыру.  Осы мақсатқа 
жету  үшін  коммуникативтік  үлгідегі  сабақтарды  ұйымдастыруға  үлкен  мән  берілуі  тиіс. 
Олар төмендегідей сабақ түрлерін өткізу:       
-
 
конференция сабақ 
-
 
жарыс сабақ
 
-
 
дөңгелек үстел сабағы
 
-
 
сынақ сабақ
 
-
 
экскурсия сабақ
 
-
 
музыкалық калейдоскоп сабағы
 
-
 
хайуанаттар әлеміне саяхат сабағы
 
-
 
спектакль сабағы және т.б.
 
Жоғарыда аталған коммуникативтік үлгідегі сабақтар дәстүрлі сабақтарға қарағанда 
оқушылардың  бойындағы  адамгершілік  қасиеттерін  оятып,  оларды  тәрбиелік  пен 
жолдастыққа,  саналылыққа,  әлеуметтік  негіздердің  қалыптасуына,  халықтар  арасындағы 
ынтымақтастық  пен  достыққа,  сыйласымдыққа  әсерін  тигізеді.  Мұндай  сабақтарда 
оқушылардың  ұжымдық  ой-пікірлері  қалыптасып,  сыныптағылардың  пікірі  бойынша 
тұжырым  жасауды,  ортақ  іске  өз  үлестерін  қосуды,  жолдастарының  жауаптарына  пікір 
айтуды,  әртүрлі  ойларды  сын  елегінен  өткізуді,  дұрыс  ұсыныс  жасай  алуды  үйренеді. 
Сабақта  ағылшын  тілінде  сөйлейтін  мемлекеттердің  мәдениеті  мен  өз  елінің  мәдениетін 
қатар  қарастыру  оқушылардың  әлеуметті  мәдениеттілік  құзіреттілігін  дамытуға  ықпал 
етеді.  Мысалы:  сабақта    оқушылар  Ұлыбритания  мен  Қазақстанның  мерекелері  жайлы 
өтеді.  Осы  тақырыптарды  өту  барысында  ағылшын  тілінде  мерекелерге  байланысты 
бейнефильмдер көрсетіп, оларды талдау, біздің мемлекетімізде тойланатын мерекелермен 
салыстыру.  Венн  диаграммасы  арқылы  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  анықтау. 
Сонымен  қатар  коммуникативті  құзіреттілікті  дамыту  үшін  тақырыпқа  байланысты 
диалог,  қойылымдар  әзірлеу,  рөлдік  ойындар  ойнау  т.с.с.  тапсырмаларды  орындатуға 
болады.  Коммуникативті  біліктілікті  дамытуда  үлес  қосатын  сабақтың  бірі  конференция 
сабағына  тоқтала  кетейік.  Конференция  сабағы  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін 
дамытып,  олардың  ағылшын  тілінде  коммуникация  жасай  алуына  мүмкіндік  туғызады. 
Конференцияға  дайындық  кезінде  оқушылар  өз  бетімен  баяндама  тақырыптарын 
таңдайды,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында  алынған  нәтижелер  бойынша  есеп 
беруге  дайындалады.  Конференцияны  арнайы  бір  сыныпта  немесе  мектепішілік  сипатта 
да  өткізуге  болады.  Конференцияны  өткізудің  бір  түріне  симпозиум  жатады. 
Симпозиумда  мұғалім  жалпыға  ортақ    бір  мәселені  дайындап,  ал  оқушылар  сол  мәселе 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
170 
төңірегінде  өз  ойларын  жазбаша  және  ауызша  даярлайды.  Конференция  сабағын 
ұйымдастыруда  оқушылардың  сабаққа  белсенділігі  мен  әр  оқушының  білімін  жеке 
бағалауға мүмкіндік береді [4]. 
Жалпы  коммуникативті  құзіреттілікті  дамытуда  рөлдік  ойындардың  орны  ерекше. 
Себебі,  ойын  оқушылардың  бір-бірімен,  мұғаліммен  әрекеттесуге  деген  талпынысын 
жандандырады  және  әңгімелесу  барысында  теңдік  шартын  тудыру  арқылы  мұғалім  мен 
оқушы  арасындағы  дәстүрлі  кедергіні  жояды.  Ойын  өз-өзіне  сенімсіз,  ұялшақ  балаларға 
сөйлеу  арқылы  сенімсіздік  кедергісін  жоюға  көмектеседі.  Ойын  арқылы  оқушылар 
әңгімені  бастау,  оған  ілесу,  қолдау,  әңгімелесушінің  сөзін  бөлу,  оның  ойымен  келісу 
немесе  келіспеу,  сұрақтар  қою  сияқты  қарым-қатынас  элементтерін  меңгереді.  Рөлдік 
ойын шетел тілінің әлеуметтік қолдануына сезімтал болуды үйретеді. Жақсы әңгімелесуші 
көбіне  тілдік  құрылымдарды  дұрыс  қолданатын  адам  емес,  серіктестердің  түскен 
жағдайын талдап, түсіне алатын және бар мәліметтерді ескере отырып, әрекеттесу үшін ең 
қолайлы лингвистикалық тәсілдерді қолдана алатын адам болып табылады. Жалпы ойын 
оқушылардың танымдық мүддесінің қалыптасуына жағымды әсер етіп, шетел тілін жақсы 
игеруіне  әсерін  тигізеді.  Және  олар  оқушының  бойындағы  дербестік,  талапшылдық 
сияқты  қасиеттерді  дамытып,  ұжымшылдық  сезімін  тәрбиелейді.  Оқушылар  белсене 
жұмыс  істеп,  бір-біріне  көмектесіп,  жолдастарын  мұқият  тыңдайды,  ал  мұғалім  тек 
бақылаушы,  оқу  қызметін  басқарушы  болады.  Рөлдік  ойынға  қойылатын  негізгі 
талаптарды атап көрсетуге болады: 
-
 
Ойын  оқушыларды  ынталандырып,  тапсырманы  дұрыс  орындауға  деген  ниеті  мен 
қызығушылығын  тудыруы  керек  және  оны  адекваттық  шынайы  қарым-қатынастық 
жағдаяттар негізінде құрастыру керек. 
-
 
Рөлдік  ойынды  мазмұны  жағынан  да,  формасы  жағынан  да  жақсылап  ойластырып, 
нақты  ұйымдастыру  қажет.  Оқушылардың  берілген  рөлді  жақсы  сомдаудың  қажеттілігіне 
сенімді болуы керек. Сонда ғана олардың сөздері шынайы және сенімді болады. 
-
 
Рөлдік ойын бүкіл топпен қабылдануы керек. 
-
 
Ол  міндетті  түрде  мейірбандық,  шығармашылық  атмосферасында  өтіп, 
оқушылардың бойында қуаныш және қанағаттану сезімін тудыруы керек.  
-
 
Оқушы  рөлдік  ойын  барысында  өзін  неғұрлым  еркін  сезінсе,  әңгіме  барысында  ол 
соғұрлым  белсенді  және  бастамашыл  болады.  Уақыт  өте  оның  кез  келген  рөлді  сомдай 
алатынына деген сенімділігі арта түседі.  
-
 
Ойын оқушылар белсенді тілдік қатынаста өтіп жатқан тілдік материалды анағұрлым 
тиімді қолдана алатындай етіп ұйымдастырылуы керек. 
-
 
Мұғалімнің өзі міндетті түрде рөлдік ойынға және оның тиімділігіне сенімді болуы 
қажет. Тек сонда ғана ол жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Ойынға дайындық кезеңінде 
және ойынның өту барысында мұғалімнің рөлі үнемі ауысып отырады. Бастапқы кезеңде ол 
оқушылардың  әрекетін  белсенді  түрде  бақылап  отырса,  кейін  ол  тек  сырттан  бақылайтын 
болады. 
-
 
Сабақта жанға жайлы жағдай жасап, мейірбандық атмосферасын тудырудың маңызы 
өте зор [5].  
Ойын  барысында  мұғалім  өзіне  бір  рөлді  алуына  болады,  бірақ  ол  басты  рөл 
болмауы керек. Ондай жағдайда бұл кәдімгі мұғалімнің басқаруымен іске асатын жұмыс 
формасы  болып  қалады.  Ойын  барысында  мықты  оқушылар  нашар  оқитын  оқушыларға 
көмектеседі.  Ал  мұғалім  көмегі  қажет  болған  балаларға  жақындап  әңгімелесу  үрдісін 
басқарады  және  керек  болған  жағдайда  түзету  жасап  отырады.  Ағылшын  тілі 
сабақтарында рөлдік ойындарды жиі қолдану – практикалық міндеттермен қоса білімділік 
және  тәрбиелік  міндеттерді  де  шешуге  ықпал  етеді.  Оқушылар  өздерін  еркін  ұстап,  кез 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
171 
 
келген  тапсырмаларды  орындауда  белсенділік  танытады.  Тіпті  нашар  оқитын,  өз-өзіне 
сенімділігі  төмен  балалардың  да  белсенділігі,  өзіне  деген  сенімділігі  артады.  Оқушылар 
тіл  тасушылармен  қарым-қатынас  жасауға  қорықпай,   тіпті  бастамашылдық  пен 
белсенділік  танытады.  Тіл  тасушымен  әрекеттесудің  өзі  коммуникативтік  құзіреттілікті 
дамытуда өте маңызды қадам, өйткені тіпті  тілді білетін ересектердің өзі көп уақытта тіл 
тасушымен тілдесуге бата алмайды. Оның себебі, бойында қате сөйлеп қалу, түсіне алмау 
сияқты үрейдің болуы, яғни уақытында коммуникативті құзіреттілігін дұрыс дамытпаған 
деп  білемін.  Сондықтан  оқушыларымыз  жаңа  заман  талабына  сай  білімді,  жан-жақты, 
мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында жоғарыда аталып кеткен 
жеті құзіреттілікті дамыту мұғалімнің қолында. 
Қорыта  келгенде,  шетел  тілін  үйретуде  коммуникативтік  құзіреттілікті 
қалыптастыру  –  заман  талабы.  Сондықтан  оқушыларымыз  жаңа  заман  талабына  сай 
білімді,  жан-жақты,  шетел  тілінде  өзіндік  ой-толғамын  жеткізе  алатын,  кез  келген 
адаммен  тілдік  қарым-қатынасқа  түсе  алатын,  коммуникабельді,  мәдениетті,  өмірге 
икемделген  тұлға  болуы  қажет.  Ал  жоғарыда  аталып  кеткен  коммуникативті  үлгідегі 
сабақтар 
оқушылардың 
оқу-танымдық 
ынтасын, 
белсендіру 
міндеттерін 
шығармашылықпен шешуге, өз көзқарастарын қалыптастыруға, ойлауға, тұжырым жасай 
алуға,  білімдерін  жүйелі  түрде  толықтыруға,  тереңдетуге,  ағылшын  тілінде қатесіз  еркін 
сөйлеу дағдыларын дамытуға жағдай туғызады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
1.Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы. 
2.
 
Пассов    Е.И.  Коммуникативный  метод  обучения  иноязычному  говорению.  –  М., 
1991.–189 с. 
3.
 
Левитан  К.М.  О  содержании  понятия  «коммуникативная  компетентность». 
Перевод  и  межкультурная  коммуникация.  /  К.М.  Левитан.  –  Екатеринбург:    АБМ,  2001. 
№.2. – С.89-91. 
4.
 
Сысоев П.В. Развитие умений учащихся воспринимать текст на средней и старшей 
ступенях общего среднего образовании // Иностранные языки в школе, 2007. 
5.
 
Филатов  В.М.  Методическая  типология  ролевой  игры  //  Иностранные  языки  в 
школе, 1989. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Кушанбаева Д.Т., 
магистрант 
(г.Алматы, Университет иностранных языков и деловой карьеры) 
 
ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ И РАЗВИТИЯ КОММУНИКАТИВНОЙ 
КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТОВ НА УРОКАХ ИНОСТРАННОГО ЯЗЫКА
 
В  статье  говорится  о  формирований  коммуникативной  компетенции  у  школьников 
среднего образования на уроках английского языка. Определены виды коммуникативных 
занятий и использования их на уроках английского языка. На сегодняшний день, процесс 
обучения  изменился  в  соответствии  с  социальным  заказом  общества,  как  и  его  цели  и 
задачи.  В  частности,  большое  внимание  уделяется  развитию  учебного  процесса,  ведутся 
новые  технологий.  Главная  задача  государственной  образовательной  системы 
формирование языковой и речевой компетенции учащихся понимание образцов и умение 
строить  высказывание  по  аналоги,  решать  реальные  задачи  общения  средствами 
иностранного языка, формирование коммуникативной компетенции. 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
172 
Ключевые  слова:  компетентность,  коммуникативный  урок,  иностранный  язык, 
ролевые игры. 
 
SUMMARY 
Kushanbayeva D.T., 
master 
(University of foreign languages and professional career) 
 
WAYS OF FORMING AND  IMPROVING  STUDENTS’ COMMUNICATIVE COMPETENCE 
AT THE LESSONS OF FOREIGN LANGUAGE
 
The article describes  the formation  of students’ communicative competence of secondary 
education at the English lessons. Describes the types of communicative activities and use them at 
the English lessons. Nowadays, the learning process has changed   according to the social order 
of  society,  as  well  as  its  goals  and  objectives.  In  particular,  much  attention  is  paid  to  the 
development of the educational process, being new learning technologies. The main task of the 
state educational systems formation language and speech competence of students - understanding 
the  patterns  and  the  ability  to  build  a  statement  by  analogy,  to  solve  real  problems  of 
communication, the formation of communicative competence. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет