Литературоведение


Keywords: competence, communicative lesson, foreign language, role-playing games



Pdf көрінісі
бет21/21
Дата01.01.2017
өлшемі2,1 Mb.
#904
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Keywords: competence, communicative lesson, foreign language, role-playing games. 
 
 
 
ӘОЖ 821.111(075.8) 
К89 
 
АУТЕНТТІ ГАЗЕТ МӘТІНДЕРІНІҢ ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Д.Т. Кушанбаева, 
магистрант 
(Алматы қ., Шет тілдер және 
іскерлік карьера университеті) 
 
Аңдатпа:  Бүгінгі  шетел  тілін  оқытудың  басты  мақсаты  –  коммуникативті 
құзіреттілікті  қалыптастыру.  Қазіргі  кезде  шетел  тілдерін  оқыту  технологиясы  оң 
өзгерістерді  басынан  кешіруде.  Шетел  тілдерін  оқыту  теориясы  мен    практикасындағы 
оңтайлы  тәжірибелерді  пайдалану  негізінде  жаңалау  жұмыстары  жүргізілуде.  Тілдік 
материалдар  шетел  тілін  оқытудың  негізгі  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Солардың 
бірі  –  аутентті  газет  материалдары.  Бүгінгі  мақалада  осы  аутентті  материалдар  туралы 
жалпы мағлұмат, оның шетел тілін оқытудағы маңызы орын алды. 
Түйін сөздер: аутентті материалдар, шетел тілі, аутентті мәтін, газет, журнал. 
Жалпы  білім  беретін  мектептерде  шетел  тілін  оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың 
мәдениетаралық қарым-қатынастағы біліктіліктері мен қабілеттерін қалыптастыру болып 
табылады.  Демек,  шетел  тілінің  білім  беру  саласындағы  атқарар  қызметі  –  тілді  оқып 
үйренушілерді  басқа  ұлт  өкілдерімен  ортақ  түсіністік,  ортақ  көзқарас  орнатуға, 
толерантты  қарым-қатынас  жасай  алу  қасиеттерін  және  сол  ұлт  мәдениетін  түсінуге 
дайындап,  тәрбие,  білім  беру  әрі  жеке  тұлға  қабілеттерін  жан-жақты  дамыту  болып 
табылады. Шетел тілдерін оқытудың мазмұны келесі мәселелерді қамтиды: 
-
 
қарым-қатынас саласы, қамтылатын тақырыптар, сөйлеу әрекетінің материалдары; 
-
 
тілдік материалдар, оларды қолдану тәртібі мен қолданудағы біліктілік; 
-
 
тіл үйренушілердің тіл үйренудегі біліктіліктері; 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
173 
 
-
 
тіл  үйренушілердің  сол  тілде  сөйлейтін  халықтардың  мәдениеті  мен  ұлттық 
ерекшеліктері туралы жалпы білімдері [1]. 
Білім  беруде  оқу  материалдарының  алатын  орны  өте  маңызды,  себебі  оқыту 
материалдары білімді игеруге бірден-бір себепші. Күні бүгін қолымызда білім беремін, тіл 
үйренемін  деген  ағылшын  тілінен  дәріс  беруші  мұғалімдерге  арналған,  барлық 
қажеттіліктерді  қамтамасыз  ететін,  тіпті  әр  мұғалімге  керекті  әдісін  таңдап  алу  жағдайы 
бар оқулықтар мен материалдардың саны өте көп. Бұл оқулықтардың көпшілігі бәрімізге 
белгілі мәтіндерден, қосымша аудио, бейне таспадан тұратын және басқа да компьютерлік 
тілді үйрету бағдарламаларынан құралатын Oxford, Longman, Pearson және тағы басқа осы 
типтес оқулықтардың саны өте көп. Көптеген елдер, сонымен қоса біздің елде де жоғары 
оқу  орындарының  және  тілдік  курстардың  мұғалімдері  осы  секілді  оқулықтарды 
қолданады.  Қандай  материал  немесе  оқулық  қолданылмасын  мұғалім  өз  оқушыларына 
тілді  үйренуге  қызықты  да  нақты  нәтиже  бере  алатындай  материал  қолдана  білуі  қажет. 
Осындай материалдардың бірі, мысалы, аутентті материалдар.  
Аутенттілік  өз  негізін    1970  жылдары  пайда  болған  тілді  коммуникативті  оқыту 
бағдарламасынан  алған.  «Аутенттілік»  грек  тілінен  аударғанда  «негізгі»,  «түпкі»    деген 
мағынаны  білдіреді.  Аутентті  материал  дегеніміз,  longman  cөздігіне  сүйенсек,  табиғи 
сөйлеу  мен  жазылым  әрекеттерінің  дәрежесінде  қарастырылған  тілдік  материалдар  [2]. 
Аутентті  мәтін  –  нағыз  түпкі  негізде  сол  тіл  өкілі  тарапынан  жазылған  мәтін.  Ал, 
Крамштың  пайымдауынша  «аутенттік  мәтіндер  дегеніміз  –  педагогикалық    салада  емес, 
табиғи  күйінде,  күнделікті  қарым-қатынаста  қолданылатын  мәтіндер»  [3].  Г.  Видоусон, 
Д.Нунан сияқты белгілі лингвистердің деректеріне жүгінсек, аутентті материал дегеніміз – 
шетел  тілін  үйренушілерге  емес,  сол  тілде  сөйлейтіндерге  арналған,  яғни  материалды 
қолданушылардың  өзара  қатынасы  және  қолдану  жағдайларында  туындайтын  тілдік 
материал.  Сөйлемдердің  бұл  түрлері,  әсіресе,  газет  мақалаларының  тақырыптарында 
көптеп  кездеседі.  Морроудың  айтуы  бойынша  «аутенттік  мәтін  –  нағыз  тілдік,  нақты 
динамикті  әсер  ететін,  белгілі  бір  аудиторияға  нақты  мәлімет  беру  үшін  нағыз  спикер 
немесе  жазушы  тарапынан  түпкі  негізде  жазылған  мәтін.  Ағылшын  тілі  сабақтарында 
қолданылатын  аутентті  материалдарды  қайдан  табуға  болады  деген  сұрақ  көпшілікті 
мазалауы мүмкін. Кейбір мұғалімдер үшін бұл жағдай ауыр болуы мүмкін. Бұл жағдайда 
ең негізгісі World Wide Web,  яғни интернетке деген қолжетімділіктің болуы. Бір он жыл 
бұрын  бұл  елімізге  қолжетімсіз  болғаны  белгілі,  ал  күні  бүгін  елдің  жағдайы  біраз 
жақсарды, шектеусіз интернетке қолымыз жетіп, көзіміз ашылды. Міне,  бүгінде аутентті 
материалдарды  сол  интернет  желісін  пайдалану  негізінде  газет-журналдарды  жүктеу 
арқылы табуға болады. 
Шетел  тілі  сабақтарында  аутентті  материал  ретінде  аутентті  газет  мақалаларын 
пайдалануға  болады.  Газет  –  ақпарат  беру  және  ықпал  ету  құралы.  Газет  –  қоғамның 
айнасы, халықтың рухани азығы. Басылым – мемлекет саясатын жұртшылыққа жеткізуші 
күш.  Қоғамдық  пікірдің  алтын  қазығы  да  газет  екені  белгілі.  И.В.Арнольдтың  ойынша 
газет  өзін  оқытатын  және  ұстап  қалатын  көпшілік  және  біртекті  емес  аудиторияға 
арналған. Газетті адамдар, әдетте, зейін салуға қиын шарттарда оқиды, мәселен, метрода, 
поезда, жұмыстан кейінгі демалыс уақытында, көлікте газет немесе журнал оқып отырған 
көпшілікті  байқауға болады. Осыдан газеттік  ақпаратты тез, қысқаша түрде түсінік беру 
және  ең  маңыздысын  айтып  кету,  оқырманға  белгілі  бір  эмоционалдық  ықпал  ету 
туындайды.  Жазылған  ақпарат  оқырманнан  дайындықты    талап  етпейді  және  газеттегі 
мақалалар  тақырыбы  әртүрлі,  бірақ  өзекті  болып  табылады  [4].  Технология  мен 
қатысымдылық  заманында  біз  жан-жақтылыққа  талпынамыз,  тіпті  басқа  елдегі,  әлемдегі 
жаңалықтарды  танып  білуге  тырысамыз.  Жаңалықтар  біреулер  үшін  тіпті  өзіне  қатысы 
болмаса  да  қызықтыруы  мүмкін.  Енді  біреулер  үшін  тікелей  қатысы  болуы  мүмкін, 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
174 
мысалы  айтар  болсақ,  болашақ  саясаткерлер  үшін  немесе  жалпы  жұртты  қызықтыратын 
тақырыптар да болуы мүмкін, мысалы, отбасы туралы, денсаулық, бала тәрбиесі, махаббат 
хикаялары және тағы басқа. Тіл үйрену сыныптарында газет мақалаларын дауыстап оқу, 
сұраққа  жауап  беру,  талқылау,  өз  ойын  білдіру  секілді  тапсырмаларды  ұсынуға  болады. 
Екіншіден,  газет  оқу  ынталандыру  қабілетін  арттырады.  Газет,  әсіресе,  үйреніп  жүрген 
тілдің мәдениетімен танысқысы келетін студенттер үшін өте пайдалы, яғни ол басқа елдің 
мәдениетін  танып  білудің  қысқа  жолы  деп  айтуға  келеді  [5].  Аккультурация  басқа  ұлт 
өкілдерінің  мәдениетін  түсіну,  танып  білу,  яғни  басқа  ұлт  өкілдерінің  нені  ұнатып,  нені 
ұнатпайтынын,  қай  жағдай  оларға  теріс,  қандай  нәрселер  оң  әсер  ететінін,  бір  сөзбен 
айтқанда, сол елдің дәстүр мәдениетін тану. Сол мәдени мағлұматтарды газет беттеріндегі 
мақалалардан  танып  білуге  болады,  мысалы  қарапайым  практикалық  мәліметтер  саяси, 
білім жүйелері, заң, денсаулық, спорт және тағы басқа. Газеттер өз оқырмандарына жақсы 
әсер  ететіндей  күйде  болуы  үшін  сыртқы  және  ішкі  келбеті  безендіріледі,  яғни  оның 
өлшемдік формасы жақсы тақырыпшалардың орын алуымен, суреттердің сапалылығымен 
және  тағы  басқа  ерекшеліктерімен  көзге  түседі.  Дегенмен,  көптеген  мұғалімдер  бұл 
аспектіні  негізге  алмай,  газеттегі  мақалаларды  қиып  алып  қолданады.  Ал  бұл 
материалдың аутенттілігіне әсер етеді, сондықтан да бұл материалдарды берілген күйінде 
қолданған жөн. Аутентті газет мәтіндерін таңдау жолдары:  
-
 
мазмұны жағынан оқушылардың білім деңгейіне сәйкес келуі керек; 
-
 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек; 
-
 
газет мәтіндері қызықты болуы; 
-
 
газет материалдары  әртүрлі жанрда болуы; 
-
 
мәтіннің тәрбиелік мәнінің болуы; 
-
 
мәтіннің көлемі жас ерекшелік пен білім деңгейлеріне сәйкес келуі қажет. 
Шетел тілі сабағында газет мақалаларын қолдану  сол ұлт мәдениетімен, сол елдегі 
ұлт  жағдайымен,  болып  жатқан    жаңалықтармен  танысуға  мүмкіндік  береді.  Шетел  тілі 
сабақтарында,  мысалы  аутентті  материал  ретінде  газет  мәтіндерін  алуға  болады.  Жалпы 
сабақ  барысында  мәтінмен  жұмыс  кезінде  мәтіналды,  мәтінді  оқу  негізінде  және 
қорытындылау  жұмысы  деп  3-ке  бөліп  қарастыруға  болады.  Ең    алдымен  белгілі  бір 
мақаланың алдын алу жұмыстары жүргізілуі тиіс, яғни мақаламен жалпылама таныстыру, 
мақалада кездесетін жаңа, жат   сөздерге түсіндірме беру секілді  жұмыстары жүргізіледі. 
Ал, мәтінмен жұмыс кезіндегі жаттығулар мәтінді жалпы түсіну жолдарын қарастырады. 
Қорытынды  жұмыстары  –  берілген  мәтінді  қаншалықты  түсінгенін  тексеру  жұмыстары. 
Сонымен қатар бірнеше жаттығулар жасатуға болады:  
-
 
Мәтінді оқып, мәтінге сәйкес келетін суреттерді белгіле; 
-
 
Мәтінді оқып, берілген жаттығуларды орында; 
-
 
Сұрақ-жауап  жаттығулары  –  ең  көп  кездесетін  жаттығулардың  бірі.  Іштей  бұл 
жаттығудың  екі  түрін  анықтауға  болады:  нақты  жауапты  талап  ететін  сұрақтар,  мысалы 
«Туристер не үшін Балқан түбегіне кетті?» деген сұрақта кімнің (туристер), қайда (Балқан 
түбегіне) кеткені  анық, ол тек   нақты жауапты талап етеді.  Сұрақтың бұл  түрі оқушының 
есте сақтау қабілетін арттыруға  негіз болады. «Не мақсатпен?», «Мәтін тақырыбы туралы 
не айтасыз?» деген сұрақтар жалпы әр оқушының еркін жауабын талап етеді, яғни оқушы 
бұл  сұраққа  еркін  жауап  бере  алады.  Ал,  сұрақтың  бұл  түрі  оқушылардың  сөйлеу 
мәдениетінің, өз ойын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамытуда жақсы әсер етеді. 
-
 
 Мәтін үзіндісін, сөздерді бөліп алып, оны қайта қалпына келтіру жаттығулары;  
-
 
 Мәтінді  өз ойымен аяқтау;  
-
 
 Мәтінді оқып, өз ойын жеткізу; 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
175 
 
-
 
 Мәтінге  байланысты  дебат  сабағын  жүргізу  және  тағы  басқа  көптеген  жаттығулар 
жұмысын жүргізуге болады. 
Аутентті газет мәтіндерін ағылшын тілін үйретуде қолданудың маңызды жақтары:  
-
 
студенттер  оқып  жатқан    тілде  сөйлеушілердің  өмірдегі,  қолданыстағы  сөйлеу 
әрекеттерімен танысады; 
-
 
аутентті  материалдар  студенттердің  тіл  үйренудегі  қол  жеткізген  жетістіктерін 
бағалауларына  мүмкіндік  береді.  Мысалы:  Англияда  өткізетін  4  күндік  саяхат 
кітапшасына жоспарларын толтыру; 
-
 
аутентті материалдар түрлі мәтіндерді қамтитындықтан, ондағы тілдік стиль де 
түрлі болады; 
-
 
аутентті  материалдар  сол  тілде  сөйлеушілердің  мәдениеті  мен  ерекшеліктері 
туралы мәлімет береді, ол өз кезегінде студенттердің тіл үйренуіне деген қызығушылығын 
арттырады. 
Мәселен,  «New  York  Times»  газетінің  кезекті  нөміріндегі  мақалада  Нью-Йорк 
қаласындағы өмірде болмаған ауа райы туралы жазылған: ызғарлы қыс, аяз және тоқтамай 
жауған  қар  көлемі  нормадан  артық  болды.  Осы  мәтін  негізінде  екі  студент  арасында 
диалог құрылса, онда көптеген мәселелерге тоқталып кетуге болады. Мысалы, әдетте бұл 
уақытта  ауа  райы  қандай  болады  және  ол  неліктен  өзгерді,  оған  не  себеп  болды, 
Қазақстандағы  қалалардың  ауа  райымен  салыстырғанда  өзгешелігі  қандай,  қалың  қар 
кезінде  далада  қалса  адам  не  істеу  керек,  т.с.с.  сұрақтар  қойып,  жағдаятты  іске  асыруға 
болады.  Сонымен  қатар,  АҚШ-тың  әйгілі  «Forbes»  журналында  дүниежүзі  бойынша 
атақты  миллиардер  кәсіпкерлерді  (бизнесмендерді)  атап  өтеді.  Мақалада  әр 
миллиардердің  қаржылық  жағдайы  қандай  екенін,  оның  қандай  кәсіпорындарды 
ашқандығын  және  оның  дүниежүзі  бойынша  қандай  орын  алатыны  айтылды.  Қазіргі 
жасөспірімдер үшін бұл өте қызықты да өзекті ақпарат. Осы орайда келесі сұрақтар тууы 
мүмкін:  неліктен  кәсіптің  бұл  түрі  қазіргі  кезде  кең  орын  алады?  Бұл  миллиардерлер 
осындай  дәрежеге  қалай  көтерілді?  Егер  менің  осыншалықты  едәуір  қаражатым  болса, 
мен не істер едім және т.б. Демек, осы және басқа да туындайтын сұрақтарға жауап беру 
үшін студенттер жағдаятты диалог құрып, пікір алмасады. Осылайша, олар тек АҚШ-тың 
қоғамдық-саяси  өмірімен  танысып  қана  қоймай,  өз  еліндегі  қоғамдық-саяси  жағдайымен 
салыстырады.  Осы  атап  кеткен  газет-журнал  мақалалары  аутенттік  материал  болып 
табылады,  ал  олардың  шетел  тілін  оқыту  барысындағы  маңыздылығы  бәрімізге  мәлім. 
Қазіргі  күнгі  газет  және  журнал  мақалаларының  ішінде  тек  саяси  және  экономикалық 
жаңалықтар  мен  комментарийлерді  ғана  емес,  сонымен  қатар  жарнамалар  мен 
аннонстарды,  хикаялар  және  өлең  шумақтарын  кездестіруге  болады.  Осы  атап 
кеткендердің  барлығы  өзекті  және  заманауи,  яғни  оқушыларға  танымал    ақпаратты 
қамтиды. 
Мәселен, 
нашақорлық 
немесе 
алкоголизм 
мәселесі, 
мемлекеттік 
қызметкерлердің  жемқорлығы,  глобальды  жылу  проблемасы,  өткен  Сочи  қысқы 
олимпиада ойындары, мемлекетіміздің түрлі жаңаша заңдары т.с.с. жаңалықтар ЖОО-ның 
студенттері  үшін  өте  маңызды  да  көкейкесті  мәселелер  болып  табылады  және  олардың 
негізінде оқушылар диалог құруға жағдаят таңдап алуға зор мүмкіндіктер бар. Журналдар 
жайында айтып кететін болсақ, олардың ішінде сән, мода, косметика, қазақстандық және 
шетелдік  әртістер,  киім-кешек  ортасындағы  мақалаларымен  қатар  түрлі  хикаялар, 
психологиялық  және  тұлғалық  тестілер,  викториналар  мен  жарыстар  мақалалары  кең 
орын  алған.  Олар  тек  қыз  балаларды  ғана  еліктірмей,  сонымен  қатар    ер  балаларды  да 
қызықтырады. Осы атап кеткендердің ішінен студенттер құшырлана жағдаяттарды тауып, 
диалог  құра  алады.  Газет  және  журналдардың  тілі  өте  қарапайым  болғанымен,  олардың 
ішінде  көптеген  саясаттық  және  экономикалық  арнайы  терминдер,  клишелер, 
неологизмдер,  аббревиатуралар  кездеседі.  Оқушылар  осындай  сөздерді  сабақ  барысында 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
176 
диалогта  қолданып,  кейін  сабақтан  тыс  қатысымдарда  да  қолданады,  демек,  газет 
мақалаларының  жаңа  ақпараттық  және  мәдениаралық  қатысымдық  сипаттары  бар. 
Мәселен,  ағылшын  тіліндегі  газет-журналдарды  оқитын  студент  сол  елдің  мәдени-
әлеуметтік  және  қоғамдық  ерекшеліктерімен  танысады,  жаңаша  материал  меңгеріп, 
диалог құру барысында білім, білік, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырады. Әр елдің 
мәдени  азығы  ретінде  аутенттік  материал  ретінде  газеттерді    қолдану  тіл  үйренуші 
студенттерге  аффекті  әсер  ету  мүмкіндігі  өте  зор.  Себебі,  студенттер  газет-журнал 
мақалаларын  оқығанда  шынайы  өмірде  кездесетін    шынайы  адамдармен  қатынасқа 
түскендей  күй  кешеді.  Сөз  жоқ,  газет  мақалалары  теледидар  және  интернеттегі  секілді 
эмоциялы  сезім  білдірмейді,  себебі  онда  қозғалыс  немесе  теледидардағыдай  адам 
дауысын  қолдану  мүмкіндігі  жоқ.  Дегенмен,  елде  бір  жағдай  орын  алса,  мысалы  апат 
жағдайында хабар келсе, адамдар оны ең алдымен газеттен оқып біледі. Дұрыс таңдалған 
аутентті  материалдар  студенттерді  өз  біліктілігін  жетілдіруде  ынталандырады.  Егер 
аутентті  материалдарды  қолдануды  лексикалық  тарапынан  оқытатын  болсақ,  онда 
сөздердің  түпкі  негізгі  мағынасын  ашып,  оның  қолданылу  заңдылығын  түсіну 
мүмкіндігіне  ие  бола  аламыз  дейді  Уиллис.  Уиллистің  пікірінше  аутентті  мәтіндерді 
ағылшын  тілін  үйренуде  қолдану  өте  маңызды,  себебі    оқушылардың  сөздік  қорын  тек 
сабақта мұғалім үйреткен сөздермен ғана байыта да алмайсың [6]. Ал аутенттік мәтіндерді 
қолдану  студенттердің  жаңа  сөздермен  танысып,  сол  сөздермен  біраз  өздігінен  жұмыс 
жасауға итермелейді. Мұнымен қоймай, аутентті материалдармен жұмыс істеу барысында 
студенттер  өздеріне  жаңаша  тіл  ашады,  оларды  өз  тілдік  қорында  қолдануды  дағдыға 
айналдыруға  тырысады,  сонымен  қатар  студенттер  сөздердің  қолдану  мен  жазылу 
тәртібінің  лексиконын  үйренеді.  Сөздер  туралы  жалпы  мағлұмат  алу  немесе  беру, 
оқушыларды  ұстазға  бағынышты  болатын  көптеген  презентациялық  әдістен  құтылта 
алады. 
Жалпы  газет  қай  ұлт  өкілі  болмасын  сол  ел  мәдениетінің  ажырамас  бөлігі  болып 
табылады, ал осы газет арқылы оқушылар тек тілді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар 
сол ұлттың мәдени ерекшеліктерін үйренуге мүмкіндік алады. Жалпы айтқанда, аутентті 
газет  материалдары  тілді  үйренуде  үйренушіні  қызықтыра  оқытып,  оның  тілді  одан  әрі 
жетілдіруіне  жағымды  әсер  етеді,  студенттің  материалдарды  игеру  барысында  өзіндік 
пікірі  қалыптасып,  еркіндік  бой  алады.  Ал  бұл  өз  кезегінде  студенттердің  еркін, 
толерантты қарым-қатынас жасау қабілетінің артуына тиімді әсер етеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Гальскова  Н.Д.  Современная  методика  обучения  иностранным  языкам.  –  М.: 
АРКТИГЛОССА, 2000. – 165 с. 
2.
 
Гальскова  Н.Д.  Современная  методика  обучения  иностранным  языкам.  –  М.: 
АРКТИГЛОССА, 2000.– 165 с. 
3.
 
Kramsch  C.,  Context  and  Culture  in  Language  Teaching.  –  Oxford:  Oxford  University 
Press,  1993.  Little,  David  ‘Words  and  their  properties:  Arguments  for  a  lexical  approach  to 
pedagogical grammar’ in T. Odlin (ed.) Perspectives on Pedagogical Grammar. CUP, 1994. 
4.
 
McCarthy  M  and  Carter  R.  ‘Spoken  Grammar:  what  is  it  and  how  can  we  teachit?’ 
ELTJVol. 49/3 OUP, 1995. 
5.
 
McDonough J. and Shaw C. Materials and Methods in ELT Blackwell, 1993. 
 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
177 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Кушанбаева Д.Т., 
магистрант 
(г.Алматы., Университет иностранных языков и деловой карьеры) 
 
РОЛЬ АУТЕНТИЧНЫХ ГАЗЕТНЫХ МАТЕРИАЛОВ В ОБУЧЕНИИ 
ИНОСТРАННОМУ ЯЗЫКУ 
В  статье  рассматриваются  некоторые  особенности  использования  аутентичных 
газетных    материалов  в  обучении  иностранному  языку.  На  сегодняшний  день  основная 
цель  обучения  иностранного  языка  –  формирование  коммуникативной  компетенции. 
Формирование  и  развитие  коммуникативной  компетенции  очень  акутально  и 
иностранный язык занимает немаловажное место в этой работе. А обучение иностранного 
языка  без  учебного  материала  невозможно.  Даны  понятия  к  аутентичным  материалам, 
аутентично-газетным  материалам.  Указаны  роли  и  пути  использования  аутентичных 
газетных материалов в обучении иностранному языку.  
Ключевые  слова:  аутентичные  материалы,  иностранный  язык,  аутентичный  текст, 
газет, журнал. 
 
SUMMARY 
 
Kushanbayeva D.T., 
master 
(University of foreign languages and professional career) 
 
THE ROLE OF AUTHENTIC NEWSPAPER MATERIALS IN TEACHING FOREIGN 
LANGUAGES 
The article deals with the information about authentic newspaper materials. Nowadays the 
main aim of teaching foreign languages – formation communicative competence. Formation and 
development  of  communicative  competence  very  important  and  English  language  take  there 
important  role.  Teaching  materials  is  very  important  thing  in  teaching.  In  this  article  considers 
some  features  using  authentic  newspaper  materials  in  teaching  English  language.  role  of 
newspaper authentic materials and their using methods  in teaching  foreign languages are said. 
Keywords: authentic materials, foreign language, authentic text, newspaper, journal. 
 
 
 
ӘОЖ 78 
ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНДЕГІ ДОМБЫРА АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ 
 
С. Шекенқызы,
 магистр 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Қазақ  халқының  салт-дәстүрімен  тікелей  байланысты,  ұлтпен  үндес, 
тарихымен  тағдырлас  домбыра  аспабының  мәдениетіміз  бен  әдебиетімізден,  күнделікті 
тұрмысымыздан  алатын  орны  ерекше.  Демек,  мемлекет  болашағы  жас  ұрпақты  тілін, 
ділін,  жерін,  туған  елін  сүюге,  құрметтеуге  тәрбиелеуде,  рухани  жан-дүниесі  бай  тұлға 
тәрбиелеуде домбыраның мән-маңызы өте жоғары екендігін еш ұмытуға болмайды. 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
178 
Түйін  сөздер:  музыкалық  канон,  мотивациялық  компонент,  музыкалық  аспаптар 
фабрикасы, әдебиет, күй. 
Қазіргі  кездегі  әлеуметтік,  экономикалық  талап-тілектерге  сай  рухани  бай,  білімді, 
шығармашыл  тұлға  тәрбиелеу  заман  қажеттігі  болып  табылады.  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы– 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында 
тәуелсіз  мемлекетімізді  әлемнің  алдыңғы  қатарлы  отыз  мемлекетінің  қатарына  қосу 
туралы  негізгі  бағыт-бағдарларға  тоқтала  отырып,  «Әлеуметтік  саясаттың  жаңа 
принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік» атты 3-ші бөлімнің «Білім 
мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің 
негізгі бағдарлары» атты 4-ші тарауда білім беру  әдістемелерін жаңғырту мәселесіне аса 
көңіл  бөліп,  тоқталады  [1].  Өмір  талабына  сай  тұлға  тәрбиелеудің  маңыздылығы  оның 
үздіксіз жүргізілу қажеттілігінде. Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның туылған 
кезінен  бастап,  есейген  кезіне  дейін  жүреді.  Үздіксіз  білім  беру  жүйесіне  рухани  бай, 
жоғары мәдениетті және мәдени құндылықтарды дұрыс бағалайтын тұлға қалыптастыруға 
бағытталған әлеуметтік институттар енгізу қажеттігі мәселесі де көтеріліп жатыр. 
Музыка  жеке  тұлғаның  ақыл-ойын  жетілдіреді  әрі  жан-жақты  өмір  тәжірибесін 
кеңейтуге,  біліктілігі  мен  қабілетін  дамытуға,  шығармашылық  іскерлікке  тәрбиелеуге 
мүмкіндік  береді.  Музыка  аспаптарының  ішінде  домбыра  арқылы  тұлғаны 
шығармашылыққа  баулудың  негізгі  мақсаты  –  тұлғаға  ұлттық  өнердің  құдіреттілігін 
таныту арқылы оның санасына, сезімі мен ұшқыр қиялына игі  әсер ету. Сонымен қатар, 
домбыра арқылы тұлғаны қазақ халқының көне заманнан мұра болып келе жатқан ұлттық 
аспаптарымен  таныстыру.  Тұлғаны  шығармашылыққа  баулудың  теориялық  және 
тәжірибелік негіздерін жан-жақты зерттеп, олардың түрлерін, жолдарын анықтап алғаннан 
кейін  ғана  тұлғаны  шығармашылыққа  баулудың  ерекшеліктерін  түсінуге  болады. 
Домбыра  арқылы  тұлғаны  шығармашылыққа  баулу  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  ашуға, 
қоғамдағы орнын нығайтуға, шығармашылық біліктілігін дамытуға көмектеседі. 
Қазіргі  күні  қазақ  халқы  өзінің  жаңа  дамуын  басынан  кешіп,  тәуелсіздік  алғаннан 
бері  тілін,  дінін  тереңірек  игеруге  бет  алып  отырған  жағдайда  домбыра  секілді  ұлттық 
аспаптың ырғағы әр жүректі дүрсілдетіп, елін, жерін, Отаным деген ой-санасымен жарқын 
болашаққа  деген  зор  үмітін  арттырады.  Дәстүрлі  халық  әндері  өмірлік  мәні  бар 
дидактикалық  маңыздылығы  мен  бала  тәрбиесіне  қолдануға  өте  қолайлы  болып  келеді. 
Оның поэтикалық мәтіні сезімді билеп қана  қоймайды, ақыл-қиялын шарықтатып, түрлі ой 
салады, терең толғанысқа түсіреді. 
Домбыра арқылы тұлғаны шығармашылыққа баулу негіздерін зерттей келе, домбыра 
аспабының  барлық  салалармен    тығыз  байланысты  екендігіне  көз  жеткізуге  болады. 
Домбыра  үйрену  –  еңбек.  Домбыра  пернесін  басып,  ішек  қағу  –  математика.  Домбыра 
пернесін  басып,  әуен  шығару,  бір  мезгілде  поэзия  қосып  нәтижесін  көрсету  –  логика. 
Домбыра  екі  ішегін  тартып,  есту  арқылы  құлақ  күйін  келтіру  –  физика.  Домбырада 
орындалған  күй  мазмұнын  елестетіп,  әңгімелей  білу  –  бейнелеу  болып  табылады. 
Домбыраға  қосылып  ән-терме,  өсиет  т.б.  шығару,  оны  орындау  –  әдебиет.  Жалпы 
домбыраға  қызығушылықты  арттыру  арқылы  қоғамға,  қоршаған  ортаға,  халыққа  өз 
пайдасын тигізетін отансүйгіш, батыл, жан-жақты азамат тәрбиеленетіні анық. 
Шығармашылық  тұлғаның  қалыптасуы  тек  ішкі  ғана  емес,  сыртқы  (объективті) 
факторларға да байланысты. Қазіргі заман зерттеушілері оларға әлеуметтік жағдайлар мен 
олардың  болашағын;  қазіргі  заман  ғылымының  даму  деңгейін;  жалпылама  білім  беру 
тәжірибесінің  жағдайы;  бағдарлама,  оқулық,  ұсыныстарда  көрсетілген  әдістемелік 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
179 
 
сілтемелер;  бір  педагогтің  немесе  педагогикалық  ұжымның  шығармашылық  әлеуеті  мен 
ұстанымын жатқызады.  
Психологиялық  сөздікте  шығармашылық  –  жаңа  құндылықтарды,  әсіресе 
материалды  және  рухани  құндылықтарды  құру  процесі  ретінде  айқындалады.  Мәдени-
тарихи  құбылыс  ретінде,  тұлғалық  және  процессуалды  психологиялық  аспектіге  де  ие. 
Шығармашылық  –  бұл  адамның  өмір  шындығында  өзін-өзі  тануға  ұмтылуы,  өздігінен 
сапалы,  дәлелді  шешімдер  қабылдай  білуге  үйренуі  болып  табылады.  Адам  бойындағы 
қабілеттерін  дамытып,  олардың  өшуіне  жол  бермеу  –  оның  рухани  күшін  нығайтып, 
өмірдегі орнын табуға көмектеседі.  
Шығармашылық-психологиялық  тұрғыдан  қарастырғанда,  нәтижесінде  жаңа 
материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет.  Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, 
шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары 
түрі  және  әлеуметтік  қажеттілік  пен  өзінің  ерекшелігімен  бағаланатын  құбылыс. 
Американдық  психолог  Фромм  анықтамасы  бойынша  шығармашылық  дегеніміз  –  бұл, 
тани  білу,  жаңа  бір  нәрсені  анықтауға  ұмтылу  және  өз  тәжірибесін  терең  түсіне  білу 
қабілеті [2]. 
Қасиетті  домбыраны  –  қазақ  халқының  ең  кең  тараған  екі  ішекті,  көп  пернелі 
музыкалық аспабы ретінде білеміз. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік 
музыкалық  сипаты  бар  аспап.  Алғаш  эпикалық  дәстүр  шеңберінде  жыр,  толғау, 
термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының 
қалыптасуына  ықпал  еткен.  Қазіргі  кезде  домбыра  жеке  әнді  сүйемелдеуге,  күй  тартуға, 
халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, 
мүмкіндігі  кең  музыкалық  аспап  болып  табылады.  Әртүрлі  ескерткіштерге,  сондай-ақ 
этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың 
осы  тектес  аспаптары,  тіпті  сонау  орта  ғасырларда  белгілі  болған  екен.  Мысалы,  Әбу 
Насыр  әл-Фарабидің  еңбектерінен  тамбур  аспабы  жайында  оқимыз.  Өзбектердің 
домбыраға  өте  ұқсас  екі  ішекті  дутары  алғаш  рет  әл-Хусейнидің  «Музыкалық  канон» 
деген  трактатында  ауызға  алынды.  Қазақтың  халық  аспабы  домбыра  XIV  ғасыр 
жазбаларында  кездеседі.  Оның  бастағы  түрі  мен  құрылысы  қазақтың  домбырасынан 
аумайды,  осындай  аспап  аттарының  ұқсастығы  да  олардың  түпкі  шығу  тегі  бір  екенін 
көрсетсе керек. 
Өткен  жүзжылдықта  ұлы  халық  композиторы  Құрманғазымен  бірге  Дәулеткерей, 
Тәттімбет,  Сейтек,  Байсерке,  Қазанғап  секілді  саңлақ  күйшілер  дүйім  жұртты  аузына 
қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер 
бір  ғажап  күй  де  шығарған  шын  мәніндегі  өнер  иелері-тін.  Қазақстанның  батыс 
аудандарында  домбыра  тартудың  өзгелерге  ұқсамайтын  бөлек  дәстүрі  қалыптасқанын 
айту  керек.  Батыс  аудандардағы  домбыраның  негізгі  өзгешелігі,  көлемі  үлкен  болып 
келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай 
домбыраны  тартқанда  қолданылатын  техникалық  тәсілдерді  шанағы  жалпақ  домбыраға 
қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз 
[3]. 
Шанағы  жалпақ  домбыраның  бірнеше  нұсқасы  кең  тараған.  Егер  батыс 
аудандардағы домбыраларға 12-14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 
7-8  ғана  перне  байланған.  Перне  санын  арттыру  процесі  өте  баяу  жүрді  және  оның  өзі 
орындалатын  репертуарға  тікелей  байланысты  еді.  Әдетте,  жаңа  перне  онымен  алғаш 
орындалатын  күйдің  атымен  аталынды.  Пернелердің  бірі  домбырада  «Түрікпен  күйін» 
орындағанда  байланды  да,  «Түрікпен  пернесі»  деп  аталды.  Бейтарап  терция  интервалын 
беретін  басқа  бір  перне  Қазақстанның  батыс  аудандарында  «Сарыарқа  пернесі»  деп 
аталады. 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
180 
Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында 
айтылады.  Жаумен  шайқасып,  одан  соң  алыс  сапар  шегіп,  әбден  қалжырап  келе  жатқан 
батыр  жолшыбай  демалуға  аялдайды.  Сайдың  ішіндегі  саялы  жерде  жайғасып  отырған 
соң  талдан  бір  шыбық  кесіп  алады,  оған  жылқының  қылын  керіп  байлайды  да,  дыбыс 
шығармақ  болып  көреді.  Бірақ  қолдан  жасаған  тым  жұпыны  аспаптан  ешқандай  үн 
шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады 
да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан 
дыбыстан  оянады.  Қолына  алып  қараған  батыр  аспаптың  мойын  тұсынан  титтей  ағаш 
тиекті  көреді,  оны  әлдебіреу  ішектің  астынан  келтіріп  орнатып  қойған  екен.  Батыр:  «Е, 
бұл шайтанның ісі болды ғой», – деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, 
халық  арасында  жоғарғы  тиекті  «шайтан  тиек»  деп  атайды.  Ішекті  жылқының  қылынан 
тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат. 
Қазақ  даласының  әр  өңірінде  кездесетін  домбыралар  жергілікті  жер  жағдайына, 
тұрмыс-салты  мен  дәстүріне,  ән,  жыр,  күй  мектебі  мен  әр  өнерпаздың  орындаушылық 
мәнеріне,  аспапшы  шеберлердің  ісмерлігіне  байланысты  әртүрлі  пішімде  дамытылып, 
өзгеріп  отырған.  Домбыра  –  тек  күй  тартуға  ғана  емес,  ән  айтқанда  сүйемел  үшін  де 
қолданылатын  аспап.  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Жаяу  Мұса,  Мұхит,  Мәди,  Кенен,  Әміре 
Қашаубаев,  Манарбек  Ержанов,  Жүсіпбек  Елебеков,  Ғарифолла  Құрманғалиев,  Қайрат 
Байбосынов  т.б.  белгілі  әншілер  домбыраның  әнге  әр  беріп,  әншіге  демеу  болатынын 
дәлелдеді. 
Қазақ  отбасында  ұлттық  тәрбиенің  негізі  –  халықтық  педагогика  болғандықтан 
баланы  ұлттық  салт-дәстүрлер  аясында  да  тәрбиелеген.  Яғни,  құрсақ  тойы,  шілдехана, 
сүйінші,  қырқынан  шығару,  бесік  тойы,  тұсаукесер,  сүндетке  отырғызу  тағы  басқа  салт-
жоралғылар  қатаң  ұсталып,  басшылыққа  алынып  отырған.  Отбасы  –  адам  баласының 
тарихи  дамуының  барысында  қалыптасқан  және  үздіксіз  дамып  келеді.  Ол  –  алғашқы 
қауымдық  құрылыстың  ыдырау  кезеңінде  пайда  болған  әлеуметтік  топ.  Әрқашанда 
қоғаммен, оның көпсалалы қатынастарымен, рухани байлығымен тығыз байланыста өмір 
сүріп  келеді.  Сол  себепті,  отбасы  –  қоғамдық  мақсат  негізінде  өмір  сүретін  адамның 
алғашқы  адамгершілік  әліппесін  үйрететін  мектеп  болып  есептеледі.  Осы  киелі  ұяда 
тәрбиеленген  баланың  тәртібі,  өзін-өзі  ұстай  алуы,  өзгелерге  деген  көзқарасы,  өзін-өзі 
тәрбиелеуі,  мінез-құлқы  ата-анасының  берген  тәрбиесіне  байланысты  болмақ.  Бала  үшін 
дүниедегі  ең  қымбат  жандар  ата-анасы.  Ата-ананың  аялы  алақанын,  ыстық  құшағынан 
балаға  дүниенің  есігі  ашылады,  ал  оның  дүниетанымы  олардың  берген  тәлім-тәрбиесіне 
де қатысты болмақ.  
ХХ  ғасырдың  30-жылдарында  халықтық  педагогика  ғылымының  дамуына  ерекше 
мән  беріп,  оның  дамуына  және  ұлттық  тәлім-тәрбие  ілімінің  қалыптасуына  зор  үлес 
қосқан қазақ  халқының ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, 
Ж.Аймауытов  сынды  тағы  басқа  ұлт  жанашырлары  еңбектеріндегі  отбасы  тәрбиесіне 
байланысты ой-пікірлері – болашақ жастарға мұра. А.Байтұрсыновтың мына бір пікіріне 
назар  аударыңыз:  «Баланы  бастан  тәрбиелеу  деген  –  баланы  жастайынан    дұрыс 
тәрбиемен  өсіру  деген  сөз.  Дұрыс  тәрбиемен  өскен  бала  тіршілік  ісіне  икем,  бейнетіне 
берік  болып  өспек.  Дұрыс  тәрбиенің  асылы  –  баланың  жанымен,  тәнімен  керек  деп 
танылған  істерді  бала  табиғатының  әуенімен  істеу,  сол  дұрыс  тәрбие  болады»,  –  деп  ой 
бөліседі.  Ал,  М.Жұмабаев  болса,  тәрбиені  төртке  бөлген,  олар:  дене,  жан,  ақыл  және 
сұлулық  пен  құлық  тәрбиесі.  «Егер  адам  баласына  осы  төрт  тәрбие  тегіс  берілсе,  оның 
тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста 
жиі  ұшырайтын  күштерді  елемейтін  мықты  берік  денелі  болса,  түзу  ойлайтын,  дұрыс 
шешетін,  дәл  табатын  ақылды  болса,  жамандықтан  жаны  жиреніп,  жақсылықты  жаны 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
181 
 
тілеп  тұратын  құлықты  болса  ғана  адам  болғандығы.  Балам  адам  болсын  дейтін  ата-ана 
осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...», – деп ата-аналарға үлкен талап қойған [4].  
Халық педагогикасының негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, 
шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа қалдыру. Ол ауыз әдебиеті (ұлттық әдебиет) және ұлттық 
салт-дәстүр  болып  сараланады.  Ауыз  әдебиеті:  шілдехана  жыры,  тұсаукесер  жыры, 
санамақтар,  жаңылтпаштар,  мазақтамалар,  мақал-мәтелдер,  ертегілер,  аңыз-әңгімелер, 
әзіл-оспақтар болып сараланады. Әрбір жанрдың тәрбиелік (мәдени) мәні бар. Халықтың 
мәдени  деңгейін  көрсететін  салт-дәстүрлер:  игі  әдет,  әдет-ғұрып,  әдеп,  дәстүр,  салт-
дәстүр,  салт-сана  болып  сараланады.  Олардың  өмір  қолданыстарындағы  көріністері: 
рәсім,  рәміз,  ырым,  тыйым,  жөн-жоралғы  деп  аталады.  Бұлардың  ұлттық  ерекшеліктері 
мен  тәрбие  негіздері  бар.  Қазақ  этнопедагогикасының  негізгі  бір  саласы  – 
этнопедагогикалық  ойлар  тарихы.  Бұл  салада  біз  Күлтегін  тас  жазуынан  бастап  күні 
бүгінге дейінгі ойшылдардың, дала данышпандарының ұлттық тәрбиеге  байланысты ой-
мақсаттарын саралап, пайдаланамыз.  
«Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз»,  деген еді өзінің «Категории» 
атты  еңбегінде  Аристотель.  Халқымыздың  даналығын  білдіретін  ірі  тарихи  тұлғалардың 
туындыларын ұлттық тәрбие тұрғысында  зерделеу қазіргі ұрпақтың білім алуында өзіндік 
мәдениетпен  мақтана  білім  мен  тәрбие  алуына  септігін  тигізеді.  Ортағасырлық 
педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі данышпандар – Қорқыт Ата, 
әл-Фараби  еңбектерінде  ұрпағымызды  ұлтымыздың  даналығымен  тәрбиеге  аса  көңіл 
бөлген  мұраларымен  ұлттық  тәрбие  аясында  тереңірек  ұғындыру  жақтарын 
қарастырғанымыз орынды.  
Шығармашылық қасиетттерді адам өзі біліп, болмаса біреудің оқып үйретуі арқылы 
жасамайды.  Ондай  қасиет  үш  әлемнің    қуатты  күші  арқылы  беріледі.  «Келдібек  толғау 
айтқанда, ол отырған киіз үй шайқалатын, өз даусымен ол дауыл туғызатын, ауылға кенет 
құйын  соғып,  бұл  стихияның  ішінен  көзге  көрінбейтін  салт  аттылардың  тұяқтарының 
дүбірінен жер қайысатын еді», – дейді М.Әуезов. 
Қазақтың ұлттық аспаптары арқылы халқымыз тұрмыс-тіршілікте пайдаланатын бар 
құрал-жабдықтарын  ою-өрнекпен  әшекейлеп,  сұлулыққа,  әсемдікке  жаны  құштар  халық 
екенін  білдірген.  Адамзаттың  барлық  жақсы  қасиеттерін  жас  ұрпақтар  бойына  сіңіріп, 
олардың  қоғамдық  көзқарастарының  дұрыс  қалыптасуында  эстетикалық  тәрбиенің 
маңызы  зор.  Эстетикалық  тәрбиенің  жас  ұрпақтың  өскен  ортасын  дұрыс  таңдауы, 
адамдарға сүйіспеншілікпен қарауы, жалпы адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіруіне 
музыка пәнінің де өз қосатын үлесі зор.  
Ал,  енді  қазақ  ақындарының  домбыраға  көзқарасы  қандай  болды    дегенге  келсек, 
Ілияс  Жансүгіров  «Күйші»  поэмасында  домбыра  бейнесін  былайша  сомдайды  [5]. 
«Күйші»  поэмасының  қозғайтын  негізгі  мәселесі  -  қазақ  күйлерінің,  күй  өнерінің  ғажап 
сыр-сипатын, қоғам, адам өміріндегі ерекше рөлін көрсету. Кене ханды іздеп келіп, соның 
алдында  күйшінің  құйқылжыта  тартқан  ғажайып  күй  өнерін  ақын  тіл  өнерінің  төгілген 
әсем өрнектерімен тартымды бейнелейді. 
Күңіреніп «Асанқайғы» күй толғанды, 
Желмая желе жортып жерді шалды. 
Алатау, Алтай, Арқа, Қырды, Сырды, 
Аралап, қоныс таппай күй зарланды. 
Бұл жерде табиғаттың бір сыры ашылады. Бір сыры дегеніміз - қазақ күйінің табиғат 
құбылысына тең келуі. Асан қайғының Желмаяға мініп Жерұйық іздегеніндей, алып күй 
қазақ  даласын  аралап,  қоныс  таппай  зарланады.  Бұл  –  күйші  жігіттің  бай  қиял  дүниесі, 
асқақтаған арманы мен шабытының көрінісі. Ақын күйші тартқан күйлерді поэзия тілімен 
шебер суреттей білген. 

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
182 
Алатау күй тыңдады ауылдай боп
Тас балқып, толқып жатты бауырдай боп. 
Аңқылдап алтын жүрек домбырадан   
Құйып тұр жазғы жылы жауындай боп. 
Мұнда ақынның суреттеу жағы басымырақ. Күйді ауылға, бауырға, жауынға теңеп, 
оның құдіретті күшін, үнін танытады. «Алатау күй тыңдады ауылдай боп» деген жолында 
«Алатау» сөзі жинақтау қызметін атқарады. Бұл ұғым нені қамтымайды: таулар, жоталар, 
ұсақ  шоқылар.  Осылардың  бәрі  бірігіп  келіп,  бір  ауылдай  ұйып,  бар  назарын  төгіліп 
тұрған күйге аударғанын ақын шебер суреттейді. 
Поэзиядағы домбыра бейнесі туралы айта кетейік. 
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра, 
Қазақ – нағыз қазақ емес, 
Нағыз қазақ – домбыра! – деп Қадыр Мырзалиев жырға қосқан [6]. 
Дәл осылайша 
Домбырам, қоңыр қазым, аққуымсың! 
Арманым, мұңым, сырым, шаттығымсың! [7] 
деп Мұқағали Мақатаев мұңы мен шаттығының бәрі домбырада екенін үлкен эмоциямен 
жеткізеді.  Бұл  жерде  ақындардың  домбыраны  суреттеу  тәсілдері  ұқсас.  Екі  ақын  да 
аспапты,  оның  үнін  құс  пен  жануарға  балап  суреттейді.  Міне,  осы  тұста  ақындардың 
суреттеу ерекшелігі байқалып, поэзиядағы домбыра бейнесі ашыла түседі.   
Үйден алыс шыққанда мен екі аманат қалдырам,  
Бірі – ұлым, өзіңсің, 
Екіншісі – домбырам ... 
деп  Жұмекен  Нәжімеденов  ақындық  жүрегінің  домбыраға  деген  махаббатын  білдіреді 
[8].  Ұл  баласын  ұрпағым  деп,  ал  домбыраны  қазақ  жұртының  көзіндей  аманат  етіп 
қалдырып, өз ұлымен тең санайды.  
Домбыра  –  қазақ  жұртының  көзі,  тарихы,  менталитеті,  арманы,  бақыты.  Қазақ 
поэзиясында  домбырамен  қоса  күй  де  жырланады.  Жалпы  күй  туралы  Құдайберген 
Жұбанов  былай  дейді:  «Ескі  жазба  белгілердің  ішінде  бұл  сөз  ең  әрідегі  нұсқалардан, 
Махмұт  Қашқаридың  «Диуани  лұғат»  деген  ХІ  ғасырдан  қалған  кітабында  ұшырайды. 
Бұл:  «Ол  көк»  деген  сөзді  мысалға  алып,  оны  «Ол  ән  салып  тұр»  деп  аударды.  Соған 
қарағанда  қазақтың  күй  деген  сөзі  ол  кезде  көк  түрінде  болып,  ән-күй  мағынасында 
қолданылғандығы  көрінеді.  Күй  туралы  мағлұмат  ХІV  ғасырда  жазылған  кітаптардан 
табылады...» [9]. Бұл зерттеулер «күй» сөзінің ертеде пайда болғандығын және оның сол 
дәуірде қалыптасқандығы туралы деректер береді. Аталмыш сөз адамның күйін білдіретін 
шығарма болғандықтан солай аталуы мүмкін деген ойларын жеткізген. 
Қорыта  айтқанда,  халқымыздың  әу  заманнан  күйін  күйіттеп,  мұңын  жырлаған, 
қуанышын  бөлісіп,  тағдырына  ортақтасқан  домбыра  аспабының  күні  бүгін  де  ұрпақ 
тәрбиесіндегі орны өлшеусіз екендігі анық. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты». – Астана, Ақорда, 2012. – 130 б. 
2.
 
Фромм Э. Человек для себя. – М., 1992. – 196 б. 
3.
 
Әміреев  Т.,  Шолтаева  С.  Ұлттық  музыка  аспаптарын  дайындау  (оқу  құралы).  – 
Алматы, 1999.–198 б. 
4.
 
Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы, 1993.  

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
183 
 
5.
 
Жансүгіров І. 3-том. – Алматы: Қазығұрт, 2004. – 246 б. 
6.
 
Мырзалиев Қ. Домбыра. – Алматы: Жазушы, 1979.– 219 б.  
7.
 
Мақатаев М. Жырлайды жүрек. – Алматы: Жазушы, 1989.– 276 б. 
8.
 
Нәжімеденов Ж. Ұрпағым саған айтам. – Алматы: Жазушы, 1988. – 258 б. 
9.
 
Жұбанов Қ. (Құраст. Ақырап Жұбанов). – Алматы: Өнер, 1990.– 218 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
Шекенкызы С.,
 магистр 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
ОБУЧЕНИЕ ЛИЧНОСТИ ТВОРЧЕСТВУ С ПОМОЩЬЮ ДОМБРА В МИРЕ 
ЛИТЕРАТУРЫ 
 
Судьба  казахского  народа,  его  традиции  и  обычаи,  культура  и  литература  тесно 
связаны  с  историей  национального  музыкального  инструмента  –  домбырой.  Это  значит, 
что  домбыра  несет  в  себе  очень  высокое  понятие  воспитания  любви  к  родному  народу, 
земле,  духовной  культуре  и  языку  будущего  поколения  государства,  и  стоит  уделять 
этому инструменту почетное место в ознакомлении с родной культурой и историей. 
Ключевые  слова:  музыкальный  канон,  мотивационный  компонент,  фабрика 
музыкальных инструментов, литература, кюи. 
 
SUMMARY 
 
Shekenkyzy S.,  
master, 
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
TEACHING PERSONALITY TO 
CREATIVITY
 WITH A HELP OF DOMBYRA IN 
THE WORLD OF LITERATURE 
The  fate  of  the  Kazakh  people,  their  traditions  and  customs,  culture  and  literature  are 
closely  connected  with  the  history  of  national  musical  instrument  -  Dombyra.  This  means  that 
dombyra carries a very high concept of education of love for the native people, the motherland, 
the spiritual culture and language of the future generation of the state, and  the special attention 
should be paid to this instrument as to the place of honor in learning native culture and history. 
Keywords: music canon, motivational component, musical instruments factory, literature, 
kui. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет