Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата04.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3366
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

жұрттың алдында абыройын асырған жүйрік ойлы ел бас-

шылары да көптеп кездесті. 

 

* * *



Ауылды көтеруге облыс, республика, аудандардан «отыз 

мыңыншы» аталған кадрлар іске кіріскеннен ел адамда-

рымен еңбек үстінде қуанса, бірге қуанып, қайғырса, бірге 

қайғырып, жұртты жұмысқа жұмылдыра да білді, табыс 

жолын да тапты. Жерге түскен дәні өнімін арттырды, 

жайлаудағы мал балағынан өсіп жатты. Не істейміз деп 

ақылы жетпей қалғығандар екі қолына бір күректі ұстап, 

тиімді жұмыс атқарды. Басшының да абыройы өсті, елдің 

де тұрмысына жаңалықтар еніп, жақсылық жолы шырай-

ланды. 


318

Сталин заманында аудан, облыс басшыларын орын-

тағында үш жыл отырғасын басқа жерге ауыстыра беретін. 

Бұл тәсіл арқылы қоғамдық байлықты шашпалыққа, 

жемқорлыққа, парақорлыққа тосқауыл қойды. Өйткені, 

басшы аз уақытта судай араласып, сыбайласып қылмыстық 

жолға қадам баса алмай қалады. «Сарбие» совхозына да 

соғыстың алдыңғы жылдарында талай басшы келді, әйелі, 

балаларынан басқа іліп алар дүние-мүлкі болмай келді, 

кетерінде байып кетті. Елдің есінде қалатын бірінің жақсы 

ісі болған жоқ-тын. Бұл көрініс барлық жерде бірдей 

еді. Кейін ауданды Байсалбай Жолмұрзаев басқарғанда 

Жетікөл өңірінің құмдауыт, тарпаң мінезді табиғатына 

ағаш ектіріп жайқалтты, тіпті жүз шақырымнан аса-

тын Шұбарқұдық станциясына дейін тал-терек белдеуі 

жыл сайын көктемде жайқалады. Ауыл айтқыштары 

ұқсатымсыз басшыларға немесе маңына елдес, жерлес, 

туыс-туғанын жинайтын басшыларға өткір сөз арнайтын-

ды. Шанов деген басшыға бір қария қабылдауында 

хатшының кіруге болмайды дегеніне қарамай сарсылып 

отырады. Содан Шанов қартты қабылдайды. 

– Не шаруаң бар, тездетіп айт, – деп бұйырады. Сонда 

ауыл айтқышы:

– Інім, кемпірім дүние салғалы біраз болды, өзің өскен 

Шалқарда аудан басшыларын туатын кемпір болса үйленіп 

көрейін деп едім, – дейді. Шанов түсі бұзылып, іштей 

қаһарлы сөз екен-ау, тірлігім елге қарама-қарсы болған 

екен, мына қарт тірідей өлтірді-ау деп басын төмен са-

лып отырып қалыпты. Бәрі де жасарын жасап, о дүниелік 

болды, бірақ байтақ елдің аузында айтқыштың өлмес сөзі 

қалып, кейінгі басшылар ойланатын болды. Қай заман-

да да халықтың мұңына ортақшыл бастық бар, өзін-өзі 

жарылқаудан ауыспайтын жалтақшыл бастық бар. Сая-

сат желі ұйтқыса, бірге ықтайтын басшы бар, жақсылық 

жұртыма болсын деп ісін нықтайтын басшы бар. Жасы-

ратыны жоқ, заманмен бірге халық та сілкінді, ғажайып 

істерді атқарды. Азаппен өткен мезгілін жақсылықпен 

алмастырды. Ол қалың көптің олжасы деп қоя салыңыз. 

Тірлік біреулерге ойыншық, кейбіріне салтанат түзер 

жиынтық, көптің жанына азық рахат, жайсаң өмір ілуде 



319

бір кездеседі. Қалаң жұрт мысқыл күлкімен жанын жа-

дыратқандай қолын бір сілтеп, қыбырлап жүре береді. 

Кектескен.

Шайтан жаралғалы пендені кектестірмей, әлдісін 

күшейтіп, әлсізін сүріндіріп жығылдырмай тұрмайды. 

Татулығы жарасқан тәтті ойлыларды талқандайды, 

топтасқан тобырды да оп-оңай ойрандайды. Қиғылықты 

салып жүреді, сенгіштерді билігінен, тірлігінен қағып 

жүреді. Сақтанбағанның аяғынан шалып, ажалға 

бағыттап алып жүреді. Осылайша шайтан пенденің бірін-

біріне кектендіріп омақастыру амалын тауып жүреді. 

Қазақтың «Алланың шайтанынан адамның шайтаны 

қауіпті» дегенін кім есіне алып жүреді. Тірлік арпалы-

сында көптің көңілі қаяулы, көкіректері мұң-шерге толы 

болады. Осындайда шайтанның әлсізді еліктіруге жолы 

болады. Халықтың «Соғысты саясат бастайды, оның ра-

хатын сұм-сұрқия содырлар көреді» дегенінде мән бар. 

Мәскеуден басталатын саясат желі қалай ұйтқитынын 

бүкіл халық білмейді, білгісі де келмейді, адамзат тарихы 

құпияны кешең ашады, басымыз аман болсын деп көже-

көкірін ішіп тарта береді. Ойлылар түсінеді, жоғарыдан 

төменге дейін адамды адам басқарғасын өштеспей, кектен-

бей, ренжіспей тұрмайды деп онша әуестенбейді. Талас-

тартыс кейде пайдаға шығады, кейде құрып тынады. 

Дегенмен ірі нәрселерді атқарған тұлғалардың даңқы 

уақытпен бірге ұмытылып қалатыны да болады. Ондайдың 

іздеушісі әлсіз, жек көретіні мықтылық күш алғанда, 

оныңыз дандайсып ел аузында аңыз болған мықтыны жа-

мандап ұпай жинайды. Көрінде де тыныш жатқызбайды. 

Ондайда қазақ «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық 

болғаны» шығар дей салады. «Биік болсаң, бәсең бол» 

дейтін қазақ мәтелі еске түскенде революцияны мен жаса-

дым, армиям бар деп мықтымсып Троцкий өзінен басқаны 

көзіне ілмей кетті. Биіктігінен төмендегісі жоқ. Тіпті жұрт 

көзінше жұлқынып, кекете күліп, «Сталин грузин това-

рищ, орысша нашар сөйлейді екенсің» деп кекеткенін кім 

кешіреді. «Ленин жаным қиналды у бер дегенде у беріпсің» 

дегені жұрт алдында қасында тұрғандай айтқан сөзін оп-

оңай кешіруге бола ма? Ақырында таққа отырғасын Ста-

лин де ет пен сүйектен жаралған пенде емес пе, Троцкийді 


320

аса сақтана отырып, шебер қулықпен шеттетіп жіберді. 

Орыс тарихшылары осылай десе, ал Троцкий жеке 

қызыл вагонмен дәрігері, оққағары қасында Алматыға 

келіп қонақ үйінде жатып, велосипедімен еркін жүріп, 

халықты аштан қырып жатқан Голощекинмен күн сайын 

әңгімелесіп неге еркіндеді? Не ойлады, тарих құпиясы, о 

да ашылады. Троцкий тағдыры өзіндей төңкерісшілермен 

мінез-құлқы жараспай, таққа таластық ушығып, өзді-өзі 

жауласып, жымысқы қулықты аңғартпай, қайта-қайта 

қателесіп, шет елге байырқап, онда да жанына тыныштық 

таппай, жалғыздықтың зарын тартып, ең соңында сенген 

адамының қапысын тауып, сом темірмен өз кабинетінде 

ажал құштырғанын Ресей теледерегі жариялады. Ресей-

де қалған балалары да ажал құшты. Бірақ теледеректе 

Троцкийдің Орынбор арқылы поезбен арнаулы вагонда жа-

нында өзіне қызмет ететін адамдарымен Алматыға келуі 

де Сталиннің тапсырысы емес пе? Голощекинге «тың ақыл 

бер, не істеп, не қойып жатыр бақыла» деген сықылды 

алдарқатқан уағдада болмады ма? Алматы арқылы шет 

елге өтуінің жұмбағы неде? Троцкий революцияның 

қанды базарының жағдайын, өзінің шеттей бастағанын 

біле тұра тездетіп неге кетіп қалмады? Орынборда «Троц-

кий келе жатыр» деген хабарды естіген халық возалда 

жиналып тұрғанда арнайы вогонды неге тығып таста-

ды? «Мен жиналған көппен сөйлесе алмағаным қалай? 

Халықтың пікірін білуім керек еді» деп өңі сұрланып, есін 

жия алмай ашу шақырғанын кім тыңдапты? Ниеті бұзық 

жансыздардың бұқпантайлап істеген әрекетіне жорыған 

да болар. 

  * * * 

Қазақ «Қойныңдағы қатыныңа де сенбе!» деп түйін-

дегені ойды қозғап кетті. Әрине, емеурінмен айтылғанына 

дәлел көп. Ата-анасын тастап, ерімен тұрмыс құрып, 

ұрпақ өсірген әйел – ердің қорғаны, одан артық жанашы-

ры да аз. Ендеше әйелді жек көр, сенбе дегені емес. Батыс 

өңірінде екі жүз жыл қалмақтармен қырқысу, соғыс бо-

лып қан төгіліп жатты. Қалмақтар арасында қазақтың, 

қазақтың арасында қалмақтың жансыздары аяқтарын 


321

мысықша басып жүріп жатты. Бірде Есім ханға қалмақтар 

ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, үлбіреген сұлуды 

сыйлыққа әкеле жатады. Жолын тосқан батыр Жолымбет 

жанындағы қалмақтарды жайпап тастап, қызды ауылына 

әкеліп, бір үйге тығып тастайды. Батырдың осы әрекетін 

Есім ханның жағымпаздары: «Жолымбет саған арнаған 

сыйлық қызды тартып әкетті, бұл неткен басынғандық? 

Сұмдық қой, хандық тағыңды, өзіңді көрер көзге 

сыйламағандыққа төзуге болар ма? Ессіз Жолымбеттің 

қастандығына шыдай алмай, қолында өлгіміз келді, ай-

барынан тайсалдық», – деп жеткізгесін хан әмірімен 

Жолымбет зынданға түсіп, өлім жазасына кесілмек 

еді, егер атақты би, әскербасы Жиембет қорғамағанда. 

Қыздың жансыз екенін, біздің әскери күшімізді, қандай 

әлсіздігіміздің барын қалмақ ханына жеткізетін тапсы-

рыс барын қыз мойындады демегенде, Жолымбет батыр 

ажал құшатын еді. Міне, осындай жансыздардың талайы 

ел басқаратын ерлердің әлсіз тұсын жеткізіп, опат еттірді. 

Содан осындай сөз қалмай ма? Сол сықылды Сталиннің 

де жанында жағымпазы болмады деймісің? Троцкийдің 

жанында да жансыз жүрмеді деймісің? Кейде пендеде 

ақыл адасып барып тоқтап, сан соқтырады. Сосын басқа 

қонған бақтың қалайша теріс айналғанын түсініп, «жау-

ды іздеме, өзі табады» деп бармағын тістейді. Телебей-

неде тарихи деректерді тәптіштегеніндей зәредей болса 

да Сталинде мейірім, адамдық қасиет, революциялық 

қызметті бірге атқарғандықты түсінетіндік бар болар деп 

қатты алданғаны байқалады. Төңкеріс қызметі ортақ, 

енді оны дамытуға тиістілік, шет елде де социализм ша-

руасын атқаруға қарап қалмаспын деп Троцкий ойлама-

ды деймісің. Ал Алматыға сапарында тапсырыс болған да 

шығар. «Голощекинің жұмысы онша емес, біздің ісімізге 

адалдығы қанағаттандырмайды, өзің байқап көр» деген 

Сталинмен екеуара әңгіме болды ма екен? Қағазға түскен 

дерек болмаса да Тоцкийдің шалқақтап Алматыда бұл 

жүрісі 37-жылғы Сталиннің «Арамыздағы троцкийшілерді 

құртайық!» дегеніне нақты себеп болған жоқ па? Сол 

жылдары Троцкийшіл, Рысқұловшыл, Сейфуллиншіл, 

Есқаревшыл деген сылтаумен әрбір ауылда, ауданда, түрлі 

өндіріс орындарында жиын ашылып, қатысушылардың 

21-0203


322

қолы қойылып, талай арыстарымызды түрмеде шірітіп, 

еліміз басын көтере алмай үреймен қаншама жылдар бойы 

тұншықты. Саясаттың улы қулық торынан қай заманда да 

адалмын, ақпын, кінәм жоқ деп ешкім құтылып көрмеген. 

Саясат үрейі күш алып бұрқана түседі, сыртқы көрінісі 

жылтырап, ажал қақпасын ашып тұрғанын көріпкел 

де түсінбейді. «Қамал да ішінен қирайды» деп қашан 

қирағанша үрейлі екпін толас таппай, жаныңмен қайғы 

етеді. Жақсылық пен жамандық екеуінің итсілікпе арпалы-

сы мәңгі-бақи тоқтамас, сірә. Тас қапас түнектің үрейімен 

жеңіске жету ұзағынан бола ма, жұлымы қырқыла ма, 

оны көсемдердің өздерінің де ақылы жете бермейді. Қысқа 

ғұмырда атағы қалса жетеді. Сол халық құптаған атақ-

даңқты екіншісі келіп, оны түкке тұрғысыз ғып жамандау 

арқылы ұпай жинап жатады. Даңққа итше таласатын-

дар қай заманда да болғанын тарих көрсетеді. Егер олай 

істемесең, мемлекет басқаруың қиын-ды. Осындай қоғам 

құйыны, Сталин заманында халықты зар қақтырудың 

қанды қасабы 1928 жылғы байларды тәркілеуден бас-

талса, ол жалғасып, ауыл, елді тінткілегендер байдың 

құйыршығы жоқ па деген сұрақтан жаңылған жоқ. Оңды-

солды тұтқындау, бір адам біреуге кектеніп жалған куәлік 

білдірсе, жазықсыздардың қаншамасы түрмеден бір-ақ 

шығып жатты. Ағайын-туыстар қорқақтықпен өзінің 

түбіне өздері жеткенін сезген кім болды дейсің. Бесіктегі 

балаға дейін шошынып өмір сүрді, есі кіре бастағанда бұл 

өмірге неге келдім деген сұрақпен жаны қиналды. Ондай-

да қазақтар «Өмірдегі ең бақытты адам – ананың бойынан 

түсік боп қалған шарана» деп түңіле түсіндіретінін естіп 

өстік. «Осындай зілді көтеріп тірі жүрген қазақтардың 

жүрегі темір шығар», – дейді екен Дүзелбай. Екі оттың ор-

тасы – өмір мен ажал, айырмасы қандай? Түсініп көр. 

 

 * * *



Ойылдың айтқышы Майлапес түсінбегендерің түсін-

генге айтыңдар деган ойын меңзеп, «Бөріктіге бөрікті-

ден қауіп» дегенін білсеңіздер, ендеше өзіме қатыстыны 

ашып айтайын, мейманам тасып айтайын. Молотов-



323

пен жолсапарда жүргенде әлгі қазақ мақалын алдына 

тартқаным бар. Сонда Молотов: 

 – Ойың дұрыс, менен қауіптенесің бе? – деді. 

 – Неге қауіптенбейін, өзіңде әлемге белгілі өлшеусіз 

билік бар. 

 – Ал, мен сенен неге сескенбеймін? 

 – Мен патшалық Ресейдің басқыншылығынан әбден 

жасып пыштай болғанмын. Көлеңкемнен де қорқамын. 

Қаным да, жаным да, өр мінезім де бүлініп біткенмін, соны 

жақсы білесің, қатты танисың. Оның үстіне екеуіміз талай 

жолсапарда қойдың бүтін құртын бөліп жеген дәмдеспіз. 

Қазақтың қанында адал асқа ортақ болғанды сатпайды, 

одан қорықпайды. Кеңесе келгенмен келісіп,«тамыр» деп 

төбесі тесілгенше көтеріп жүреді, әлі көтере береді,оны, 

Молотов жолдас, өзің де жазалған хаттай білесің. 

 – Өтірік айтып тұрған жоқсың ба?

 – Өтірікті үйренуге де күш керек. 

Аздап Молотов күліп алды, күлгені де қауіпсіз, жаныма 

қолайлы, беделімді арттыра түсетін еді. Майлапес «тұйық 

өмір сүргенше жұртты күлдіріп, өтірікті құйып тірлік 

етейін» дейді екен. Ойыл өңірінде айтқыштардың көбейген 

кезінде жүргізуші Қосымның кабинасында отырған ағасы 

Мәжен қарт Жетікөлден шығысымен «Бала, тоқтат, 

кіші дәрет қысып тұр» дей беріпті. Сосын Қосым «Аға, 

шыдаңыз, жол ұзақ» дейді. Сонда Мәжен оған «Інім-ау, 

бұ адам шығаратын зауыт еді, қартайғасын су шығарып 

бұзылып тұрған жоқ па? Жассың ғой, басыңа келмей-ақ 

қойсын, зауытыңның жұмысы дұрыс болсын» депті. Осын-

дай іліп шалма сөздерге ел іші өте бай еді. 

Өткенге салауат.

Қазаққа тұйық өмір сүрудің де себептері жетіп жат-

ты ғой. Ұлт ұлылығы мен даналығынан Ресей империя-

сы тұсында айырыла бастады. Бабаларымыз көкірегін 

көтере алмай бұғып, қалтырап орыс билігінен жасқануы 

шовинистерін асқақтатып жіберді. Байтақ жерді ба-

сып қалуға түрлі амалдарын айналдыра бастады. Ресей 

империясының құрамына кірген уақытта жасасқан шарт 

бойынша Ресей біздің саяси жүйемізге қол сұқпауға, қазақ 

жерінің тұтастығын сақтауға, мемлекеттік ішкі саясатқа 



324

араласпауға уәде бергені тарихтан белгілі. Солай бола тұра 

1882 жылы осы шарт бұзылып, кейін онша кідірместен 

Қазақ хандығы жойылды. «Орыс көп пе, орман көп пе, 

қалың халықты, олардың жымысқы саясатын қайтіп 

тоқтата аламыз?!» деген қасірет кеуледі. Бәрінен бұрын, 

ХVIII ғасырда Ресей империясын билеген қатын патша 

Екатерина II Орынбор генерал-губернаторына жолдаған 

нұсқауында былай деген:

1. Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші 

ру басшыларымен араз етіп, бірімен-бірін қас етіп, бірінің 

етін бірі жеуге себеп болыңыз. («Қазақ тіріде бірінің етін 

бірі жесе де, сүйегін далаға тастамайды» деген мәтел осы-

дан қалса керек. – Т.Қ.) 

2. Сұлтандарын бірімен-бірін араз қылып, бірімен-бірін 

иттей тартыстырып, бірінің етін бірі жеуге себеп болардай 

іс қылыңыз. 

3. Қырғыз-қазақтың басшы адамдарын сұлтандарымен 

араз қылып, сұлтандарын өз қоластындағы ақсақал адам-

дармен араз қылыңыз. Араларына от түскен уақытта жа-

нып кетердей көкір-сөкір дайындай беріңіз, – деп нықтап, 

мықтап тапсырды («Айқап», 1913 ж. №20). 

Ру-ру боп қырқысу, дау-дамай, сәл нәрсеге кектеніп, 

«босағада көрісеміз» деп, «қанға – қан» деп, әке кегін 

баласы қайтаруға міндетті деп, семсермен серттесіп, 

әдеттен тыс жаулық көзқарас ұлттың ұлылығына құлақ 

аспай, қорқынышты құбылысқа айналды. Үлкенді-

кішілердің өзі ақылды тыңдауды қойды. Көріңде өкіргір, 

Екатеринаның нұсқауымен орыстар қазақ жерін иелену-

ге Ресейдегі басбұзар, қанішер нетүрлі қылмыстыларына 

жағдай жасап, Орынбордағы қалың қазақты сулы, нулы 

жерден ығыстырып, тырқыратып қуа бастады. Дүзелбай 

қарт бұл кезде ел ортасында, байлығы барында шет 

елдердің біразын аралап, талай кітаптарды оқып, ой-

ұғымын жетерлік деңгейге көтерген еді. Қателескендерге 

түрлі мысалдарды айта отырып, жаңсақ қорытынды жа-

сатпай, кешірімге оралтып бітістіріп жүрді. Сөз қуаты, 

ой алғырлығы жазасын өтеп жүргендер арасында да бе-

дел әперді. Тәркілеу кезіндегі белсенділердің шаппа-шап 

қысастықтарын көзімен көргенде Екатеринаның қанға 



325

сіңірген жаулық, қатыгездік, парықсыздықтың тамыр 

тартқаны деп түсініп, іштей толқып, былай деген: 

 – Қазақ ат қойғыш, Үштікті «Үндемес» дейді. Десе 

дегендей, ізіңді бағып, сәтін ойластырады да, түрмеге үн-

түнсіз қағып әкетеді. Дұрысын айтқанда, адамдар өледі, 

көбі із-түзсіз біржола жоғалады. Бұл өмірде болғанын, 

болмағанын, бары-жоғын ешкім есіне алып жоқтап жат-

пайды. Шын ажал, шын өлік деген сол. Бұрынғы ырыс 

толы бақ, дәулетті кезді ойлау маған әбестік. Балаларым-

ды, немерелерімді ойлаймын, соларға зияным тимесе деп 

тілеймін. Мен саясатпен, саясат менімен түсінісе алмасақ, 

ол қабірге бірге түсетін өзімнің құпия пікірім. Қарапайым 

халық нені көрмес дейсің, қоғам қалай құбылмас дейсің. 

Жанымды кернеген сезім кейде өлең болып ақтарылғысы 

келеді. Айтуға татитын ойды кейінгіге қалдырғым келеді, 

жүрек сонша талпынғанмен қолдан келер дәрмен қайсы? 

Шәміл жиен, соны түсінгейсің. 



Өмірден тегін өткем жоқ,

Маңдай терді төксем деп. 

Жанымда жүрген жандарға

Жақсылық нұрын сепсем деп. 

Өмірден ізсіз өткем жоқ,

Сүргін, сойқан тірлікте

Арманға ешкім жеткен жоқ. 

Бір қолын екі ете алмай,

Көз жасын төгіп кеткен көп. 

Тірлікте қалар іздерім,

Өткіздім жазы, күздерін. 

Зұлымдықты көп көрсем де,

Үмітімді аңсап үзбедім, – 

деп Дүзелбайдың кәрі жүрегі күмбірледі ме екен. Қайрат 

кеми бастағанда адам «Бұ ажал шіркін шайдай ашық аспа-

нын, жымың қаққан жұлдызын құмарта көруді, мөлдір 

ауасын қанағатсыз жұтуды, киелі жерді аршындап басу-

ды көпсіне ме? Онсыз да тірі жүргеніме алая қарайтын, 

басқан ізіме шөп шаншитын, көре алмай көлгірситін 

ағайын арасындағы ащылар аз болған жоқ. Сонда деймін-



326

ау, кімнің хақын жеппін, кімнің бағын байлаппын, 

қайсысының соңына шырақ алып түсіп, түрмеге айдатып-

пын, тірлігіңде құтылып көрмеген сылдыр-сылдыр суық 

сөз кімнің басынан өтпес дейсің? Е, Алатауды апырып, 

Қаратауды жапырып келетіндей кердең-кердең ететін на-

дандар – Екатерина заманынан бергі қанға ұялап қалған ем 

қонуы қиын дерт. Олар ұлт даналарына аш қасқырша жа-

былып, есімін ататтырмай, шын өлуге ұйқы беріп, қайғы 

алып, қиянаттың не түрін жасады. Қазақта ойшылдардың, 

батырлардың, көш бастаған шешендері мен көсемдерінің, 

ақындары мен жазушыларының о дүниелік болса да 

есімдерін атаған сайын сауап деседі. Қазақ ойшылда-

ры «Шарапатсыз жаманнан жақсының артық моласы» 

дейді. «Моласына бар да түнеп шық, жаныңа тиер пайда-

сы» дегенді тегін айтпағанын қасиеттеп түсінетін аз кез-

де өмір өткіздік. Жылқының санын қасқыр тартса, қара 

қотырланып тыртық боп бітетіндей, саясаттың жазасын 

көтерген жүректегі тыртық та бітті. Ұрпақтың қуанышы 

емдеп жазды. Өкінішім жоқ. Сот үкімін орындап жүрген 

кезде тәулігіне жиырма сағат еңбек еткенде де көрер 

жарығым, татар дәмім таусылмай аман-есен елге келдім. 

Бай, кулактарды тәркілеп, түрмелерге Одақ бойынша 

кемінде бір миллион адамды орналастырып, тегін еңбек 

еткізіп, социалистік қоғамды өркендетуге бағытталған 

жұмысын бір кісідей атқардым. Оған да өкінбен. 1928 

жылы жұмысшы, шаруалар халық комиссарының орынба-

сары Н. Янсонның ВКП(б)-ның Бас секретарына жазған ха-

тында: «Тұтқындарды жер өңдеу, құрылыс жұмыстарына 

пайдаланып, олардың күшімен 6 миллиард рубльдің өнімін 

өндіріп, орасан мол пайда келтіретініне көз жеткіздік. 

Түрмелерге адамдарды жинауда ұсақ басбұзарлықтан бас-

тап, «Отанын сатқан», «Шет ел тыңшысы» деген саясат 

заңдылығын қатесіз пайдаландық», – деген мағынада 

жазған хатын оқымасақ та, ұзын құлақтан естіп жүріп 

тапсырысты түп-түгел орындадық. Көрместі де көрсеткен 

маңдаймызға жазған о да тірлігіміз. Жауыңа да тілемей-

тін қатыгездік, сұм заман емес, сұм-сұрқия адамдардан 

сақтануды ойландырып-толғандыратын шындық. Басқа 

түскеннен кім қашып құтылыпты деп тынасың. Кейде 



327

бәрін де жеңемін деп бойыңды сергітесің-ау. Нағашыңның 

өмір соқпағы осылай, Шәміл, – деді. Ішкі дүниесі ашық 

адам кейде ақтарыла айтатыны болады. Оның себебін 

Шәміл жақсы түсінеді. Дүзелбай туған топырағын, елдегі 

бірен-саран достарын, жазасын өтеп жүргенде де қимас 

сырластарын жоқтайды. Оның үстіне денсаулығы сыр бере 

бастады. Өткеніне кешіріммен қарап салауат еткісі келеді. 

Жастық шағындағы бір бетінен қайтпайтын қайсар мінезі 

де жұмсарған. Қайткенде де ұлтына адал болып қалуға 

бүтіндей берілген. – Қысқа ғұмырда қоғамнан басқа 

әркімнің өзіндік ерік-жігері бар, оныңыз өмір өзегінде жа-

тады. Оны түсінуді біреулер іздейді, кейбір қорықсыз ас 

ішіп, аяқ босатқанымен шектеледі. Кейде туған жерімнен 

үмітімнің үзілгенін ойлап мұңданамын. Бірақ аулақ кет-

кенде, сағына білгенде жаныңа рахат сезім қалдырады. 

Әсіресе, жастық шағың еске түскенде сөзбен айтып 

жеткізе алмайсың. Шәміл, қайратың барында елден қол 

үзбе, – дей келіп Дүзелбай, – бабалар сөзін елге барғанда 

тыңдаушыңа жеткізіп айтып жүр, жеген тоқпағымызды 

түсінсін, дұрыстап мағынасын емеурінмен ашып беру ке-

рек. Қазақ ұлтының жады алғыр, Нұрымгерей замандаста-

ры батырлар жырын бірнеше тәулік бойы жаңылмай жат-

қа айтып отырушы еді. Ақылды сөзге ешкім жайбарақат 

қарай алмайды, түйсігіне түйіп қалады. Жаны семіріп 

ұйып қалады, ақылнаманы миына жиып қалады. Талай 

айтқыштарды көзімізбен көрдік. Жүйесі бұзылмайтын 

мінсіз сөз дариядай толқитын. 



Жақсылық ұзақ тұрмайды,

Жамандық әр кез тозбайды,

Бір қайғыны қозғасаң,

Мың қайғыны қозғайды, – 

дейтін ақын сөзін ешкім өлтіре алмайды. Осындай 

ұлы сөз, өнеге қалдыратын қазақ ұлтын өлтіре ала ма? 

Зеректігін, жан тазалығын, жүрек отын сөндіре ала ма? 

Бабаларымыздың басынан өткен ғасырлары сойқан соғыс, 

қанды қырғындармен өтті. Бәрібір қазақ ұлты құдіретті 

сөзінен айырылған жоқ. Сөзі өлмеген халық қандай 


328

дүлей күшке де тойтарыс береді, берді де! Қандай да ауыр 

халін түсіне отырып Алланың сынағында тұрған пенде 

екенбіз, бәрін де ойнай, күле жүріп жеңеміз деп шешті. 

Қамыққан, мұңайғандарын жылы сөзбен тыңайта білді. 

Басы жұмыр пенденің қасірет шекпейтіні болмайды, 

бәрін де төзімділікпен жеңетінін айта білді. Аталарымыз 

аса күшті зорлық, шектен шыққан қыспақты да көрді, 

шыдамдылығын сақтады. Өмірдің кең шалқар дариясы 

бола бермейді. Еркіндік деп екпіндегенде тірлік шайқалып 

тұрады. Шайқалысты зұлымдар пайдасына құрады. Бірде 

шыбын жаныңды көзіңе көрсетіп қысады, бірде жұртқа 

істеген жақсылығың шаң болып аспанға ұшады. Тәнім 

қалжыраса да сөйлеп тыңайып қаламын, жиенжан! Жа-

залы болып үкімімді орындауда жүргендегі құдіреттей 

күшті өр мінезім ұрпақтарымды көргенде жібектей есіліп, 

жұмсарып сала береді. Алла берейін десе, пендесіне мыр-

за ғой, бергенінен жаңылмасын, Оңғарымның үш ұл, бір 

қызы бар, қызым Ермек төрт бала өсірді, Теңелімнің бес 

баласы бар, осылардың қуанышымен жасымды ұзарттым. 

Ұрпақ тірлігі қызықтырғанда ажал барын ұмытады 

екенсің. Шеккен азабым да естен шығып барады. «Өлімнің 

төсегінен ояну жоқ» деген қазақ. Ұйықтап кетсем дос-

дұшпандарым шын өлді деуге ауыздары бармас, ұрпағым 

тұрғанда, Шәміл. «Кәрілік жетіп хал білер: Жастығың 

қайда қалды дер». Сонда айтарсыздар, жастығыңның 

жалғасы бізбіз деп. Нағашыда кеңдік бар, жиенде ерлік 

бар, қазақ «Нағашысы жаманның жиені оңбайды» деп те 

айтады, Шәміл, біз екеуіміз жақсымыз ғой, – деп әзілін 

тастайтын-ды. Сосын бір қатқыл жөтеліп алып: 

 – Ұрпағым Теңел, Оңғар, қызым Тәпіш бар ғой, іргелерің 

ажырамасын,шаңырақтарыңнан өсіп келе жатқан ұрпақ 

нағашы-жиенді екенін жалғастырсын. Туыстықты зорла-

нып емес, оңғарып атқарыңдар, араларыңда шыншылдық 

жүрсін, сонда сыншылдық, міншілік пенделік кесірсіз 

мінез болмайды. Адам құндылығы есеппен өлшенбейді, 

қазақи ұлттық өнеге, тәртіп, тәрбиемен көркейеді. Нұ-

рымгерей әкеңнің қара шаңырағын ұстап отырсың, 

кісілігіңе кір шалдырма. Теңел жездесін жадынан шы-

ғармайды. Тағдырға рахмет айтар едім, Нұрымгерейдің ең 

болмаса оққа ұшқан жерін білсем. 


329

Теңел дегеннен шығады. Оның «Жезде» деген естелік 

кітабында: «Қаңтар айында Сапақкөлдегі жеті жылдық 

мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін Нұрымгерейдің 

үйіне каникулға бардым. Ол кезде мен Ақшатау мектебінде 

оқушымын. Нұрымгерейді, Қайша апамды көргенде әзер 

таныдым. Екеуі де әбден жүдеген, жақтары солығып, боп-

боз болып кеткен, есігінің сықырлауығынан, терезенің 

қағылуынан, адамның аяқ басуынан жүректері алып ұша-

тын үрейге, қорқынышқа ұшыраған. Шай ішіп отырғанда 

Нұрымгерей: 

– Теңел, анау бұрышта киімдерің салулы тұр, қай күні 

алып кетеді деп күте-күте шаршадым, – деген сөздерді 

сыбырлап қана айтты. Нұрымгерейдің қаупі орынды еді, 

әкесі Орынбасар – революциядан бұрын болыс болған, 

ел билеуге қатысқан адам. Әйелі – ірі байдың қызы, ол 

күндерде мұндай тегі бар адам қайтіп қауіптенбесін» деп 

жазуының өзі Шәмілдің тегі осал болмағанын, қызыл жен-

деттер Мәскеудің тапсырысы бойынша алдымен тектілерді 

жойып, қалың халықты үреймен басқарудың тиімділі-

гін ойластырды. Әрбір ауылдағы жатыпатарларының ті-

зімімен қара машина түн атасына зікір салып, жортып 

жүк таситын автокөлігіне тиеп жүрді. Үрейленген халық 

социализмді мәңігілік деп мақұлдамайтын амалы қайсы. 

Қызыл жағалылардың өздері бірінің ізін бірі бағып, тап-

сырыс орындалмаса аяу жоқ, ата салады. Үштіктің өз ал-

дына, екілік деген үш-төрт сөйлеммен құжат толтырады 

да атады. Осындай жазамен Одақ бойынша жиырма мың 

қызыл жағалылар атылып кеткен. Сондықтан Мәскеуден 

түсетін лимитте қанша адам атылады, қаншасы сотта-

лады міндетті түрде орындалады. Жаппай қырғынның 

басталу себептері жетерлік. Біріншіден, 1936 жылдың 

29 қыркүйегіндегі ЦК ВКП(б)-ның саяси бюросының 

«Троцкийшілер-зиновьевшілердің» революцияға қас-

тандығы» жайлы қаулысына орай СССР НКВД-ның 

№00447 бұйрығы бойынша республикалардағы УГБ НКВД 

қызметінде 3-бөлім және 4-бөлімдер арасында кім адам-

дарды көп тұтқындады, жарысты жариялап, оның қатаң 

орындалуы қажет етілді. Түрмелерде өлген 48000 адам-

ның орнына 57218 адам дереу қылмысты делініп, түр-



330

мелерді толтырып жатты. Кәне қорықпай көр, кәне үрей-

ленбей көр. Сойқандық жұмыр жерді дірілдеткендей 

көрініс еді бұл. Адамдар ақылынан айырылды, өздеріне 

өзі тіріміз бе дейтіндей есалаң күй кешті. Әкелеріміз өлі 

төсекке жатарда әйелімен «ертең тірі боламыз ба, өлі бо-

ламыз ба?!» деп күбірлеп бақиласып жатты. Кезең солай 

белгісіздікке шым батып жатты. 

Көңілде қалған. Кейінгі жылдары Дүзелбай нағашысы 

дене дертінен қажығандық емес, сана дерті, жүрегіндегі 

шемен шері ауырлатты ма, мұңайып: «Ертедегі Атыраудан 

тәркіленген, жиған дүние-мүлкі өзіне жау аталып, басымен 

қайғы боп кеткен жиырма төрт байлардың тірлігі, ұрпағы 

не күйде екен?» деп сөз тастайды. Измдердің тепкісінен 

қалай құтылды екен? Қалжыраған жан, қымбатынан 

айырылған ел, шынайылықпен күлісіп отырып қайғысыз 

көжесін іше алмаған ізгі ниеттілер мұң-зарын ұмытты ма? 

Тірліктің меңіреу тас-қараңғы түпкірі есімнен шықпайды. 

Аталарымыз айтқан:

Жаман атқа жал бітсе,

Жанына торсық байлатпас. 

Жаман адамға мал бітсе,

Ертеңін ойлап жарытпас, –

дегенді ұқпауымыз кешірімсіз үрейлі сәтсіздік. Пенде-

де ішкі қасиетті ұғыну, сыртқы пейілді түсіну қандай 

қиын. Ұғыну аз, шығандап шығыну күшейе түссе бастан 

бақ, елден береке таятынын көріп түңілсем де жұқара 

қоймаспын. Қалған ғұмырымда амандықтан басқаны 

тілемедім. Бетімен кеткендердің бетін қайтару мүмкін 

болмасын түсіндім. 

– Атыраудан хабарым жоқ, дегенмен Сарбиеден тәр-

кілеудің зұлымдығынан бас сауғалап қашып кеткен 

Мерғалиевтар әулеті Орынбор облысын паналап тамыр 

тартыпты. Қариялары өлгенінше туған жерін жадынан 

шығармапты. Солардың өмірінен білгенімді танысты-

райын. Жат жерде қанша жыл жүрсе де Сарбиенің бала-

ларына дейін жадынан шығармапты. Елді үрей кезіп, 

тыныс тарылып, тірлік етудің баянды жолынан ада-



331

сып, жаңылған кезде, туған жерін тастап босқындыққа 

ұрынды. Құбайдың жақсылығы тұқымымызды сақта-

ды, – дейтін Сақыш Мерғалиев. – Әкем, туған-туыстары 

болып мал-мүлкін тастап, бір түнде Орынборға шұбырып 

кетті де, біз анамның ағасы Қаракөлдегі Тұрсынғалиды 

паналадық. Қайғыны көтере алмай әкем өлді, нағашым 

Тұрсынғали шаруашылықты басқарып жүріп 37-жылы 

«халық жауы» атанып сотталды. Күнкөріс қиындады 

да Орынборға әкемнің туыстары Мерғалиевтер әулетіне 

көшіп кеттік. Қайдағы көшу, ешбір жүгіміз жоқ, азық-

түлік, бірсыдырғы киім-кешек қана. Сонда анам Зылипа 

туған жерін қимай көз жасын көлдетті. Жаяулап кеткенде 

Зәйіт ағам әйелімен, анам және мен. Көлік қатынасы жоқ, 

арып-ашып туыстарымызға қосылып, Орынбаорда еңбек 

еттік, оқыдық, үйлендік, – деп одан әрі Сақыш Кеңес 

Армиясы қатарында Венгрияда жүргенде бір жігітпен 

кездескенін айтты. – «Біз «Көкжар» жәрмеңкесін жақсы 

білеміз, туыс-туғандарымыз ертеде қатынасып тұрған. 

Қазақстан малы көп ел дейтін-ді. Бірақ мал өндіріс бол-

маса, байлыққа жатпайды. «Біз қазақпыз, венгрлердің 

ішіне сіңіп кеттік. Бірақ ұлттық дәстүрімізді, тілімізді, 

дінімізді сақтап келеміз. Ол – әрбір ата-ананың қасиетті 

борышы. Аталарымыз «Көкжар» жәрмеңкесінен мал 

әкеліп, оларға шай, қант, түрлі азық-түлік, киім-кешек 

апарған көрінеді. Қазақстан Ресейдің күзгі, көктемгі жәр-

меңкесіне миллиондап мал шығарып отырған десетін. 

Аталарымыздың туыс-туғандарын көріп ойын, тойын той-

лап, рахат сезіммен оралатынын, қуанышты сәттерін аңыз 

ғып айтатыны ұмытылмайды, есімізде. Құлағымызға 

сіңіп қалған». «Венгрия жерінде ертеде өндіріс болған 

ба?» «Әрине, тері ұқсату фабрикалары, мата шығару, 

құрал-жабдық, үй жиһаздарын дайындау сықылды кә-

сіпорындар жұмыс істегені мәлім. Қолөнершлік қадір-

халінше дамыған». «Жеке меншіктік жер иелену болған 

ғой». «Капиталистер өндіріс, жер қожасы атанған. Әлем-

дік ғылымға ой бөлген. Олар бәсекеге түскен. Бәсеке 

дамытқан. Сырттай бір-біріне тілеулес сықылды көрініп, 

негізінде бірінен-бірі асуды ойлап жанталаспай ма? Сонау 

жер қияны Ойыл жәрмеңкесінен сауда байланысы арқылы 



332

тауарларын таратып, шикізат әкелмей ме. Әлемнің қай 

түпкірінде қандай байлық бар, одан түсетін табыс қалай, 

бәрін де кеңірек ойланып, шаруаларын дамыту амалымен 

шектесіп сабақтасқандық емес пе? «Мал өсірумен әлемдік 

байлық алға шықпайды» дейтінім сондықтан» деген 

мардияр жігітінің әңгімесі бар-тын. Жасырын-бүкпесіз 

туысқандық сырласу елге деген сағынышын, ынтығын 

күшейтеді. 

– Сақыш, Кеңес Армиясы қатарында төрт жыл аза-

маттық міндетіңді атқардың. Бұл II дүниежүзілік соғыстан 

кейінгі жылдар, қауіп-қатер сейілген кез. Адам адамға 

жақындап ашық сырласа бастаған уақыт. Туған жерің 

Ойылды сағынған шығарсың? – дегенде ол: 

– «Әркімнің шыққан тауы биік болсын» демей ме. 

Одан соң мен Көкжарда бай жоқ еді деген венгрлік жігітке 

біртүрлі ұнатпай қарадым. Халқы сұрапыл-сұмдықтардан 

аман қалған шығар дегендей көрінді. Өйткені, тірлігіне 

бола мал өсіргендерге Кеңес үкіметінің белсенділері 

ұрынып, перініп атып-соттап жатты ғой. Ал венгрдің 

капиталистері жеке самолеттеріне мініп, әлемнің тыныш 

жеріне барып паналады. Саясаттың, тағдырдың мейірімсіз 

қаталдығынан қорғана білді. Соғыстан кейін арнаулы 

құжаттары мен мұралары, кәсіпорындарына иелігін 

жалғастырды. Аздап көрген бейнеті мен тұрмыс тарлығын 

ұмытты. Бізде бай деп тұтқындап, түрмеге шіріткендердің 

ұрпағына малы түгілі, тұтынған алтын, күміс, тағы басқа 

қымбат мүліктерін де қайтармады. Әркім қалжыраған 

жаны, есепсіз көрген азабынан жаны тірі қалуын тіледі. 

Қолдарында құжат болмағасын ешкім әкеміздің дүние-

мүлкі бар еді деп жоқтай алмады. Ұрпақтың ұрпағына 

жалғасқан үрейлі ойлар, терең уайым есті шығарды. 

Қазақ байлары киіз үйдің керегесінің көгіне дейін ал-

тын, күміс талшықтарын пайдаланған ғой. Алтын, күміс 

қай заманда да бағасын түсірмеген байлық еді. Оны ай-

тып отырғаным тәркілеудің зұлматы басталған тұста ата-

ларымыз, туған-туыстар шыбын жанын қорғау үшін үй 

жиһаздарын, мал-мүлкін ортаға тапсырып жан-жаққа бо-

сып кетті. Бес ағайынды Мерғалиевтер Орынборды пана-

лап, орыс арасына сіңіп зұлымдықтан құтылды. Ұрпағы 



333

өсті, алғырлықтары арқасында аш-жалаңаш болған жоқ. 

Туған жерге оралуға да бет моншағымыз үзілгендей немесе 

кісі өлтірген қылмыскердей қорғалақтап жүрдік. Өйткені, 

сталиндік саясаттың салқыны әркімнің басын бас, 

бақайшағын қара тас еткенінен сескендік. Болғаныңды да, 

толғаныңды да ішіңде сақтайсың. Өмір жолыңда кездескен 

қиындықты күле жүріп жеңесің. Сөйтсек те, анамыздың 

сағынышын ескеріп, туған жерін көріп мауқын бассын 

деп елуінші жылдары Ойылға келдік. Жетікөл, Жекенді, 

Құбасай, Қуырдақты, Жақсыкөл, Қаракөлдегі ағайын-

туыстардың өлісіне дұға, тірісіне сәлем арнадық. Мен 

туған жерге деген маздақтай сезімімді ештеңеге айырбас-

тамас едім, автокөлік жоқ, ауыл мен ауыл арасына жаяу-

лап қатысуды да қиынсынған жоқпыз. Неткен туған жер 

құдіреті?! Тым құрымаса, көлік дейсің ғой, оған да ешкімді 

әурелеген жоқпыз. Туған далада жаяу жүргеннің өзі 

ерекше қуат бере ме деймін. Соғыстан кейінгі ауыр жыл-

дар, сонда Жақсыкөлдің өзінде елу-алпыс үй жер қазып, 

күркеде отырып егін салады. Киіз үй некен-саяқ. Бірақ, 

халықтың туысқандығы, жан дүниесінің кеңдігі ерек-

ше еді, – дейді Сақыш. – Анам ата-бабасының қорымын 

көргеніне, халқымен жүздескеніне ерекше қуанғаны көз 

алдымда. «Ұрпақ алыстамасын, туыстық тамыр үзілмесін» 

деген сөзі көкіректе жазылған хаттай. Анам аруақты адам 

еді, көріпкел, сынықшылығы орыс елінде де құрметке 

бөледі. Бүгінде байқасам, соншалық азап-бейнетінен 

жаяулаған жолда қажымауы аруақтың дем беруі, ерек-

ше қуаттандыруы екен. Мінез-құлқы да дүние-мүлікке 

қызықпайды, қақ-соқпен жұмысы жоқ-тын. Аруақ сы-

пайылықты, тазалықты, қылдай қиянатсыздықты қажет 

ететінін бүгінде өз басыма түскесін байқап жүрмін. Ана 

батасын беріп, тапсырғасын ешқашан да адалдықтан 

ауытқымаспын. Алла бойға дарытқан қасиет, аруақтың 

алды ашық, салтанатты болуы адамдық көзқарастың мол 

мейірлігіне байланысты. Анам біреудің дене мүшесі сы-

нып, жаны қиналып жол үстінде бағыштап келе жатқанын 

алдын-ала біліп отыратын-ды. Денесі құрыстап, отқа қып-

қызыл болған көсеу темірді тілімен жалап, жан-жағына 

тесіле қарап, шеберлігін шыңдайтын қимыл көрсететін. 



334

Талай орыс дейсің бе, басқа дейсің бе, денесінің сынғанын 

қалыпқа түсіріп, құлақ естір жерге есімі аңызға айналды. 

Қазір өзім де туған елге көшіп келгелі біраз ақтөбеліктер-

дің сынған дене мүшесін салып, алғысын алғаныма аруақ 

құдіретіне басымды иемін. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса-

тын Алла берген қасиет қазақ ұлтында ерекше ғой. Туған 

жерім Сарбиені сағынсам, осындағы туысым Тілеуғали 

Дүсіповқа телефон шаламын, кейде өзі де хабарласып, 

елдің амандығына қанығып қалам, одан артық байлықты 

тілемеймін. 

Иә, адам баласынан сиқырлы дүние, әркімде әр түрлі 

жағдайда өтеді. Біреуге тұманды толқын болып көрінсе, 

біреулерге ақ самал жарық нұрымен жарылқап жатады. 

Ананың бақыты келін боп түскен шаңырағының құтты 

болып жапырағы жайқалса, нұрлы дүние, мәнді ғұмыр 

сол. Ешкім сын-мін тақпай, жұмылып үй тірлігін атқарса, 

қазақ «Тату үйге тақсірет жоламайды» деп түйген. 

Отбасының берекесін сақтау оңайға түспесі де анық. От-

басынан артық байлық, бақыт та керек емес. Сексен 

жасқа жетіп бірге жасасқан Міниса Мұхамбетқызы сөзін 

сабақтамас бұрын ата-баба қонысы Жем бойы екенін айт-

ты: «Орынбор өлкесінде әке-шешеден айырылып жетім 

қалғасын талшық іздеп, қуғын-сүргінге шыдамай кеткен 

едік. Бүгінде еркіндігіміздің арқасында елімізге ұрпақты 

жеткіздік. Өлшеусіз қуанышымыз сол», – деген кезде 

Сақыш оның сөзін бөліп:

– Біз Кеңес үкіметіне дейінгі кейбір қарау байлардың 

жағдайын да білдік қой. Алланың көзінің түзулігі шығар, 

ішіп-жемге тарыққан жоқпыз. Ал біздің өңірде бай есігінде 

күйсіз тірлік еткендер «Бәктір байдың қуын-ай, кедей-

ге қытымыр, береді көжесінің суын-ай, көжедегі дәнді де 

қызғанады, баймын деп сызданады, денесі мұзданады» 

дегенді бала кезде естуші едік. Бүгінде Ақтөбеде ойылдық 

байлар жетерлік, олар қазақ ұлтын ойлап, баланы менің 

Мінисам сықылды көп өсірсе, – деді. 

 – Әкеден үш ағайынды қыз едік, ұрпақтары бар, 

өрісіміз ғой, шүкірлік етемін, – деп Міниса сөзі қуақылау 

ері Сақышқа қарады. Ерлі-зайыптының үнсіз ұғынысатын 

жылы қабағынан кербез сұлулық, жастықты аңсайтынын 



335

сезесің. Елу төрт жыл отасқан, ұғынысқан, татулықты 

сақтаған осы шаңырақтың үш ұлы, үш қызы өсіп, өнді. 

Ал Мерғалиевтар әулетінде жүзден астам тұқым бар. Бәрі 

де қазақи тәрбиені бойына ана сүтінен сіңірді. Өйткені, 

Орынбор қазақтары ұлттық қасиеттілік, тіл мен дін, ділді 

көздің қарашығындай сақтады. «Қазақпын» деп мақтана 

білді. 


Тұңғыш ұлы Қосымбай «Патцаев» кеңшарында, өзінің 

шаруа қожалығы бар, егін салады, мал өсіреді. Орыс 

елінен атамекеніне көшіп келгендердің біразы осында. Бір 

қуанарлығы, кеңшарда бес жүздей жанұя бұрынғы егін 

көлемін, мал басын, түрлі техникаларды жекешеленудің 

қанды қасабынан сақтап қалған. 

– Басшылығымыздың іскерлігі, біреу бірдеме сұ-

раса, елдің мүлкіне мырзалығым жоқ дейді. Трактор, 

автокөлік, егін, мал шаруасында жұмыс істесе, сол орнын-

да қалдырып, арнаулы автобуспен орталыққа қатынайды. 

Өйткені, жанар-жағармай үнемдейді, техниканың пай-

далану мерзімін сақтайды. Бес-алты шаруа қожалығы 

кеңшардан техникалық көмекті тиісті қаржысын төлеп 

алады, өндірген өнімді келісімді бағамен сатады. Рынок 

тәртібі таза есепті қажет етеді, – дейді Қосымбай. «Екі 

ұлым Ақтөбе қаласында жоғарғы оқу орнында оқиды, 

атасы мен әжесінің қолында. Пайдалануына автокөлік 

әпердім. Сабақтан бос уақытында жолаушы тасып, ол-пұл 

шығынға қаржысын өздері табады. Былайша айтқанда 

ержеткесін адам өзін-өзі еңбекпен асырай алмаса ұят емес 

пе? Ақыл-санасын оятып, тәрбиелей білсе, ұрпақ ата-

ананың қуанышы болады. Солардың өмір сүруін көріп ра-

хат сезімге бөленесің. 

«Екінші қызым Тәрбие о да ағасы Қосымбайдың 

қасында кеңшарда тұрады. Жанұясы бар, тірліктері 

өздеріне жетеді. Үшінші ұлым Досымбай Ақтөбе қала-

сында өздерінің еңбектерімен пәтер алды, балаларын 

тарықтырмай өсіріп отыр. Отызға толған ұлым Толымбай 

да – «Патцаев» кеңшарында жұмысшы. Сәния қызым – 

медицина қызметкері, отбасы бар, кішкентайлары өсіп 

жатыр, қолы қалт еткенде денсаулығымызды бақылап, 

күтіп отырады. Сүт кенжем – Тимур деген немерем «ата-



336

әжелеп» тұрады. Шіркін, немере тәтті ғой», – дейді Міниса 

жай-күйін көз алдына елестетіп отырып. 

– Татулықтың себебі қандай?

– Енем Зылипаның екі ұлы – Зәйіт пен Сақыш бір 

шаңырақта отырып тірлік еттік. Енемнің бауырында 

барлық немересі өсті. Маңдайларына шаң тиген жоқ. Екі 

келінін қызым дейтін-ді. Ұрпағының тәрбиесінің бүкіл 

қиындығы да, қуанышы да енемнің мойынында болды. Көп 

баланы жақсы көретін, баласыз әйелді жақтырмайтын-

ды. Бұл қазақи ұлттық тәртіп, дала заңдылығы ғой. Енді 

өзіміз ене болдық. 

– Келіндеріңізге қалай қарайсыз?

– Енеден алған өнеге, бәрін де іштен шыққан қызымдай 

көрем. Қас-қабақтарына қарап, байқап ақыл-кеңесімді ай-

тып, ақылға шақырамын. Бәрі шаңырақ көтерді. Соларға 

барып өздерінің жеке тірлік еткеніне қуанамыз. Ата-ене 

жас жанұяға ерік беріп, оларға әйт, бұйт деп мылжыңдап 

араласпауы керек қой. Адам өмірінің көріктісі – татулық, 

оны алдымыздағы ұлттық өнегеден алсақ, ұрпақты 

жақсылық жолға бастауға тиістіміз. 

– Орынборда жастық жылдарыңыз қалды.

– Әлі бүйрегім бұрып, қатар құрбы абысындарды кей-

де сағынам. Орынбордан Қуаныштың інісі Жақсыкелді 

көшіп келді. Зәйіт те, Сақыш та қатты қуанды. Біртіндеп 

атамекенде тамыр тартып жатырмыз. Қайын ағам Зәйіт 

пен Әлима жеңгем де көшіп келді, төңірегіміз кеңіп, тұтас 

ел болып, туыстық шаңырақтарымыз қатарласты. Тірлік-

те қиындық жоқ, бірімдікі жетпесе, бірімізден аламыз. 

Зәйіттің үлкен ұлы Қуанышты енем бауырына басқан-ды. 

Әттең, немересінің үйленуін, шөбересін көре алмады. Енем 

тәрбиелеп өсірген Қуаныш Кеңес Армиясынан міндетті 

борышын өтеп келгесін Жұмабике келінімізбен шаңырақ 

көтерді. Үбірлі-шүбірлі болды. Жұмабикенің анасы, 

құдағиымызбен шай деспей, араласып тұрамыз. Туыс-

туған, жекжат-жұрағаттың татулық жарастыруы ерек-

ше ғой, – деп Міниса оның өзі Алланың шапағаты дегенді 

ұқтырды. 

– Осы біреулер келіндерімен алакөз боп жатады?

– Ол надандығы, пасықтығы, өзін өзгеден артық көріп 

билік жүргізуге орынсыз әрекеті. Үлкен келінім Роза, 


337

екіншісі Марфуға, үшіншісі Оразкүл, бірде-біреуінің бетіне 

жел боп тиген жоқпын. Неге дейсіз бе? Өмір өздерінікі, 

тірліктеріне, ұрпағына өздері қожа. Санасындағы жақ-

сылық, инабаттылыққа жүгінсін. Өмір сырын ұғын-

сын. Жаңсақ қадам баспауын үйренсін. Кейбіреудің 

«Ұрыспас ұлым болмас, керіспес келін болмас» деген 

сөзіне қарсымын. Жүз шайсып, қабақ шытысып, керісіп, 

бұлқан-талқан болу адамға жараспайды. Ата-аналары-

мыз келінді ұлт болашағы деп бағалағанын ұмытуға бола 

ма? Адамға жақсылық жолға түсуге еркіндік керек. Орыс 

жерінде дінімізді де берік сақтадық. Дін тәрбиесіне ешкім 

қарсылық көрсеткен жоқ. Дін тәрбиесі жанымызға қуат 

беріп, қанымызға сіңді, оны ұрпағымызға жалғадық. 

Қазір әулетіміздің үлкені де, кішісі де бабаларымыздың 

мекені – Жетікөл, Жекенді деп аруақтарға дұғасын ар-

нап, елге барып, келіп жүреді. Талай шырғалаңды көріп, 

туған жерім деп көз жасын төккен әкелерін, аталарын, 

аналарын ұрпақтың есіне салып, туған жерге барып аунап-

қунағанның өзі бақыт қой. Рас, сталиндік қанқұйлы сая-

сатта «Құдайсыз бесжылдық» атанып, шіркеуді, мешітті 

құртып жатқанда Орынборда үш мешіт сақталып қалса, 

Черномырдин облысты басқарған жылдарда екі мешіт 

жаңадан салынды. Бұл мұсылмандардың діни тәртіп-

тәрбиесіне оңды болды. Нақақтан жәбір-жапа шеккен 

мұсылмандар мешітке барып бірімен-бірі кездесіп көңілін 

босатып жүрді. Балаларымызды жас кезінен мешітке 

апарып, Аллаға құлшылық етуді бойына сіңіргеннен 

ешбір зиян көргеніміз жоқ. Енем Зылипа ұлдарына «Ер 

жігіт елінен кетсе, үйіріне қосылады» деп мойымау-

ды меңзеп отыратын-ды, – деді Міниса. – Қуғын-сүргін 

жылдарындағы күйініш, күйік, іштегі шемен-шер туған 

жерді бір көрсек деген арман бүгінде орындалды. 

– Дінді түсінгендер жыннан аулақ жүреді деңіз. Арақ 

«соғысын» айтам. 

– Біздің тұсымызда маскүнемдіктің қайғылы және тым 

қорқынышты тұсы өтіп жатты ғой. Арақ іштің, құрыдың 

деп отырдық. Шүкір, ұрпақ сөзімізді елеусіз қалдыр-

май, жамандыққа үйір болған жоқ. Құдай берген қайра-

тын пайдаланғандар аштан өлмейді, көштен қалмайды, 

22-0203


338

біреуден кейін, біреуден ілгері өмір сүреді, ақылды тың-

дау – өмір құндылығы. «Ағайын қадірін білмесең, 

жалғыздық берсін сазаңды» дегендей елге туыс-туғаннан 

ұрпақ жат болмасын деп көшіп келдік, – деген еді Міниса. 

 * * * 


Шәмілдің «Өмір белестері» кітабанда жеті атасы-

нан бергі, күні бүгінге дейінгі ұрпақтың өсуін тәптіштеп 

жазып, тасқа бастырып қалдыруы құптарлық та, бай-

қаларлық та қайырлы іс екені түсінікті. Бүгінгі жер ба-

сып жүргендердің бәріне де тегін білу аса қажет кезең, 

ғасыр ойландырып тұрған мезгіл. Үлкен ізденістен, жа-

лықпай зерттеуден жинаған мына бір деректерді айт-

пай кетуге болмас. «Әбілқайыр ханның немересі Нұралы 

ханның баласы Бөкей 1801 жылы Нарынқұмда Кіші Орда 

хандығын құрарда Атырау аймағын жайлаған алты аталы 

Әлім, жеті аталы Жетіру, он екі ата Байұлы руларының 

бір-бір болыстық бөлігін қарамағына көшіріп алғаны та-

рихтан белгілі. 1864 жылы Петерборда шыққан «Эпоха» 

журналының он бірінші санында жарияланған «Внутрен-

ная или Букеевская Киргизская Орда» мақаласында 1801 

жылы Кіші Орданы мекендеген шаңырақ саны көрсетіліп, 

Ысық руының 969 түтіні, Кете руластардың 411 түтіні 

болғаны, менің бабаларымның Жайықтың оң беті – Нарын 

құмына қоныс аударған жәйтті тарихи дәлелдейді. Орынба-

сар – менің атам, Нұрымгерейдің әкесі, Орынбор губерния-

сы, Орал уезі, Орал қаласында 1876 жылы өмірге келген. 

Орынборда оқып, фельдшерлік орта білім алған, орысша 

сауатты болған. Ол үш тілді – орыс, араб, қазақ тілдерін 

жетік білген. Жасынан алғыр, өз мамандығымен қатар ел 

билеуге араласып, жоғарғы әкімшіліктерге жәрдемшілік 

қызмет етеді. Әділдігімен, адалдығымен халық алдында 

үлкен беделге ие болады. 

Оған нақты мысал: Бүкіл Кіші жүздің ханы Әбіл-

қайырдан өрбіген Нұралы ханның баласы Бақытжан 

Қаратев – Петербургтағы университеттің заң факульте-

тін бітірген, Ресей мемлекеттік Думасының депутаты, 

Алашорда партиясының белгілі басшыларының және 



339

Алашорда өкіметін құрушылардың бірі. 1913 жылы шілде 

айында Орынбор қаласы, Батыс Қазақстан өңірін ара-

лап жүрген кезде Ойылға келіп зиялы қауымды жинап, 

Алашорда өкіметін құру жөнінде ақылдасып, пікірлерін 

тыңдаған. Олардың ішінде «Көкжар» жәрмеңкесінің иесі 

Меңдібай, оның баласы, Ойыл болысы Дәукен, Қайыңды 

болысы Ораз Дайырұлы, Саралжын болысы, менің атам 

Орынбасар қатысқан. Ол жоғарыда айтылғандай, 1906 

жылдан 1918 жылға дейін ел билеуге араласып, Ойыл 

өңіріндегі Саралжын болысын басқарған. 1913 жылы 

қыркүйек айында Орынбасар атамыз Романовтардың пат-

шалық құрғанына 300 жыл (1613-1913 ж.) толуына бай-

ланысты мерейтойына шақырылып, Санкт-Петербургте 

өткен сол тойға қатысқан. Тойға байланысты мерекелік 

алтын медальмен марапатталған. Сол Романовтардың ме-

рейтойына барғанда түскен сүгіреті, алтын медалін Аты-

рау облысында тұрған Орынбасар атамыздың үлкен қызы 

сақтап келді. 

Байқап отырған шығарсыздар, ата-баба тарихында 

жоғары өрмелеп, тәртіп-тәрбиесі, елге сіңірген еңбегімен 

ел жадында қалған әулеттің текті ұрпағы абыройсыз 

болуға тиісті емес. Бәрі де ұлтқа еңбек сіңіруді ғана білген, 

опасыздық жасаудан аулақ жүрген. Мұны Шәмілдің 

босағаға біткен құндылық қасиет деуі кемеліне келіп, өркен 

тартқанының дәлелі. Қазақ «Тамырына қарай бұтағы, 

тегіне қарай ұрпағы» деген асыл сөз қалдыруы тегін емес. 

Ұлтымыздың әр сөзі ерекше ғылым, әке – ата – баба – арғы 

ата – ата-баба – түп ата – тек ата дей келіп, «Жеті атасын 

білмеген – жетесіздік» деп түйіндейді. Қазақ ұлтының 

құндылығы осыдан басталады. Ата-тегіңді білмесең, өзіңді 

олқысынып, тіпті кемсініп, көңіліңде күмән тұрады. 

Құндылық.

Расында, жатбауыр атанбау – ұлт құндылығы. Шәміл 

де ұрпағына ата-баба тарихын тәптештеп түсіндірумен 

қатар қалаған білімін беріп, тіршілігін талқандайтын 

арақ-шарапқа үйір етпей, яғни бос уақытын қалдырмай 

ғылымға, спортқа арнады. Маскүнемдік дерт өршіп 

тұрды, түрлі қылмыс арақ ішуден басталып жүрді. 

Қалалық дәрігерлер арасында әңгіме өткізгенде Шәміл: 



340

«Арақтың зиянын, ем қонбайтын дерт екенін түсіндіре 

алмай жүрсіңдер. Мұны бір науқас деп аяп қарайсыздар. 

Болгар оқымыстысы Григорий Ефремов өзінің зерттеу 

еңбегінде маскүнемдік жолына түскен әрбір 23 адамның 

15-інің баласы өлі, 8-інің баласы адам кейпінен шығып, 

құбыжық боп туатынын жазады. Сіздер ондай деректі қара 

сандыққа салып жасырасыздар, өлі туу да бар, құбыжық 

боп туу да бар. Болашаққа, қоғамға жандарың ашыса 

маскүнемдіктің сұрапыл апатының шындығын айқындап 

неге көрсетіп, өзгені неге сақтандырмайсыңдар? Арақ 

дертінен жұрт шошынуы керек. Қоғамға адам қымбат. 

Ішкілікке ұрынғандар тоң-торыстанып жақсы не, жаман 

не екенін біліп жарытпайды. Олар емделіп өмірін қайта 

бастаса, халыққа істеген қызметтің қайтқаны болмай 

ма?» – деп ескертпелер жасайды, медициналық қыз-

меттерінің жай-жапсарын біледі. Сағат тілімен жылжыған 

уақытын халқына адал қызмет етуге арнайды. Осындай 

кездесулерде кейде ойына ауылдасы айтқыш Керейдің: 

«Ағып сөйлеме, ақылды тауып сөйле, билікке жағып 

сөйлеме, оның кемшілігін тауып, шаңын қағып сөйле, сұм-

сұрқияның мойнындағы шайтанның қарғыбауын алып 

сөйле, қылмыскерге статьясын тағып сөйле, ойлыдан өнеге 

алып, халқыңа жағып қал,томсарып қалма, ой салып қал», – 

дей келіп милиция Аманғалиға тіке қарап: «Сен өлсең шын 

өлесің, мен өтірік өлем» дегенде анау: «Айтқаның кекесін, 

бәрі түсінікті, адам өтірік өле ме екен?» деп көлбеңдеген 

көлеңкесіне қарайтын. Сонда Керей халыққа «Ауыздан-

ауызға тарап қалатын жақсылық істемеген адам шын 

өледі. Бір зәлімнен құтылдық па деп көмеді. Ісің үрей, 

қасіретке айналып жатса, шын өлмей қайтесің? Менің 

елге сіңірген еңбегім бар, шикібастарға айтқан ақылым 

бар, тосыннан тауып айтар әзіл-қалжыңым, ел аузында 

қалатын ұлағатты сөзім бар, жүрек сырым жүректерге 

жетіп, талай жылдарда ұмытылмайды. Қуатты үнім, ойлы 

пікірім, ақ семсердей тосқауылдардан тоқтамай өтер ащы 

сөзім ел аузында қалғанда, өтірік өлмей қайтем?» деген 

екен. Сол айтқандай, Шәміл мекемелерді басқаратын та-

лай басшыны көріп жүр. Төрткіл ат шаптырым бөлмесінде 

басын шұлғып, арақ ішіп, анарша қызарып, бармағын со-



341

рып, бос орындықта бой тасалап, түк бітірмей отырғандар 

да бар. Өзгені тәртіпке салмақ түгілі, өзі тәртіпті білмейді. 

Атқаратын істі түсінбейді. Биіктегі біреулер үйреніп 

кетесің, мекемені басқар деді. Отырды, қарауындағылары 

«кісі ақылымен жүрген кісіде ісі болмайтыны жанымызға 

жақты, иеленді бос тұрған орынтақты» деп төтесінен ай-

тып келемеждейді. Керей айтқан шын өлген басшы осын-

дайлар. Ал екінші басшы қарауындағы қызметкерлері-

нің тұрмыс-тірлігін зерттеп, қоғам жұмысындағы ал-

ғырлығын даралап көрсетіп, пайдалы іске көпті құл-

шындырып, құлашын кең сермейді. Қоғамда артық туған 

адам болады, кем қалған қырсық, қырсыз, зәлім болады. 

Ондайды қазақ «ісі мазақ адам, кімге тұтқалыққа жа-

рар дейсің» деп түңіледі. Өмір кең арнасымен жылжып 

жатқанда пенденің кім екенін жіті көзбен аңғарасың да, 

түрлі ойға берілесің. Кімнің кімнен артықтығын елге 

сіңірген еңбегі ғана бағалайды. Қазақстан Орталық Пар-

тия Комитетінің хатшысы болған Ахметжан Қойшығұлов 

Ойылға, туған жеріне сұрапыл соғыс жүріп, халық 

тарығып жатқанда аудан, шаруашылық басшыларына 

көк арба сыйлады, бір вагон үнді шайын жеткізді, ол ол 

ма Ойыл өзеніне көпір салдырды. Батыл түрде атқарған 

өлмейтін ісін ұрпақ ұмытар ма? Елге адал еңбек сіңірмеуді 

ар тұтып, намыс көрген Ақжанай Қарекенова Жоғарғы 

Кеңестің депутаты болып жүргенде соғыс жылдарында 

Жетікөл өңіріндегі елді аштықтан сақтады, талай ауру-

сырқау, мүгедек, жетім-жесірдің тарыққан өмірін қор-

ғады. Ойыл түлектері әлемдік ғылымдардың әр сала-

сында танылған Ишанбай Қарақұлов, Қуаныш Мәкіров, 

Жалел Тұрмағамбетов, Әжіғалиев, Дербісалиндер, атақты 

биші Тапалова, ойылдық балалар дәрігері Ларина, жазу-

шы Сәрсен Жұмағалиевтер дүниелік алғыр істерін тарих 

бетіне алтын әріптермен жазып кетті. Біраз жыл ауданды 

басқарып, облыстағы біріншілер қатарына қосқан Жол-

мырзаев ше? Күн-түн қатып, балалардың денсаулығын 

сақтаған Ларина ше? Еңбектері ел аузында аңызға 

айналғандарды кім өлді деп айта алады? Даңқты есімдердің 

алдыңғы қатарында ақ тары өсіруден әлемдік рекорд 

жасаған Берсиевті шын өлді деуге кімнің аузы барады? 



342

Даңқтының көлеңкесінде қиқым-сиқым көре алмаушы-

лар да кеудесін көтеріп, шалқақтап, мықтыны сүріндірсем 

ұпайым түгенделер еді деп мысықша мияулап жүреді. 

Олар алғыс алмай, қарғыс алып, шын өлгісі келетіндер 

дейікші. Өйткені, Шығанақ Берсиевті облыстық НКВД 

үштігі ертең барып, жау есебінде тұтқындауға лимит түсіп 

дайын тұрғанда, ертеңгіліктегі Бүкілодақтық радиохаба-

рында Шығанақты Сталин қабылдап, соғыста жеңіске же-

туге көмегі ретінде өз қаражатынан танк жасатуға көсемге 

уәде бергенін естіп, Шығанақтың жаны қалады. Ойылдың 

ұлттық ғасыр рухына сай Еңбек Ерлері, даңқтылары 

қаншама? Бәрінің де арман-мұраты өмір бойы ел үшін бол-

са, есімдері ешқашан да өлді деуге жатпайды. Адамның 

жан ләззаты адалдығымен ғана өлшенбек. Қайтесің, қай 

заманда да өмірде қияңқы да, сұм-сұрқия, жексұрындар 

толып жүрді. Ондайды Сталин де көрмеді деймісің. 

Қаншасын қағып-сілкісе де таусыла ма? Түлкі қулықты 

қапелімде аңғару да оңайға түспесі кәміл.

 – Сталиннің қасында да әккі, қу мұңдас, көрген түс-

тей бақас, алды-артын орағытып, шаңдатып, лаңдатып 

жүрмеді деймісің. Жазамызды өтеушілердің көбі Ста-

линге кінә тақпай, жанымыздағы сойқандардың ісі, кө-

реалмаушылардың қанжұтпа көрсоқырлардың қимылы 

дейтін, – деп Дүзелбай мезгілдің сынын да, шынын да 

өзгелерге қалдырғандай болатын еді. Расында, шындықты 

жоғарыдағы түгілі, айналаңдағының өзінен кейде таба ал-

май тәсің қайтады. Бүгінгі ауыл айтқышының жыры да, 

«дыры» да басқа:

 Сұм-сұрқияға байлығыңды алдырып,



 Жүректерін өкінішке жандырып,

 Жазғырады тәңірді де, тағдырды,

 Қалғаннан соң алданумен санды ұрып. 

 Сенгіштіктің тиген мықты шоқпары,

 Өз обалың өзіңе деп қулар жүр,

 Тонаушылық қимылдары жаңғырып.

 Уәдешіл шенеунік көбейді,

 Тілек айтқан әлсіз қайда демейді. 

 Параменен толтырып ап көмейді, 

343

 Көріне де тығылмастай қорғанды,

 Тамыры сыбайластың ажыраспай,

 Темір адам, танымайсың тұрғанды,

 Кісіліктің шекарасын бұзғанды, 

 Заң бұғауын шарт үзіп, сызданды, – 

дегенді ойына алса, Шәміл бақылау комитетінде қызмет 

атқарған жылдарда тонаушылардың небір құпиясын 

ашып, шарасыздан шашылған талай қаржыны қазына-

ның қара сандығына салдырып еді. Республикамыздағы 

халықтық бақылау комитетінің іскерлік жұмыстарын 

жазса талай роман болар еді. 

 

* * *



 – Қызыл империяның қиғылығымен елінен, жерінен 

безінген мыңға тарта байлардың қайғы-қасірет шегіп, 

өлісі өліп, тірі қалғандары елге оралды, олар некен-

саяқ еді. Ауыр азапқа төзе біліп, тірліктен үміт үзбегесін 

тіріміз, – дейтін Шәмілдің нағашысы Дүзелбай. Онысы 

отыз-қырық жыл бойы дүние біраз шайқалып, халықтың 

алаңсыз тірлігі мұң болып, елден жазалы боп кеткен туыс-

тарын, замандастарын көргісі келетін жүрек сағынышы 

еді. Шәміл елге барып, кімдер бар, кімдер жоқ, елге 

оралғандардың өмірін айтқанда Дүзелбай аздап тынышта-

лып барып: «Түрлі кезең ғой, көнбесең де көндіретін заман 

ғой, сүйегіміз елге жетсе деп өлі түске ұрынып, зіл көтерем 

зәбірге, төмпешке шыдап бақтық. Есіміз жиналғасын 

төңірекке кім тірі, кім өлі деп қарай бастадық. Ізімізді 

аңдыған алаяқтар аман жүр әлі, шаппа-шап жазалай сала-

тын залымдар алаңсыз-ау», – деп Шәмілге қарап, сақ бол 

дегендей белгі беретін-ді. 

Шәмілдің өзі де ертеден кешке дейін жұмысында та-

лай жұғымсыздықты байқап, біліп жүр. Өндіріс орында-

рында шалағай бар шатасатын, өтірікті сухитып тасада 

тұрып тас ататын. Баяғыда бір суайт сөйлегенде аспанды 

алақандай, жерді тебінгідей етіпті деседі. Қазақ ССР Село 

құрылыс министрлігі жоспарлы міндеттерін атқара ал-

май, сала бастаған құрылыстарының қабырғасы қақырап, 



344

құрылыс материалдары шашылып, кірпіштері ұрланып 

жатады. Уәделерінің басы бұлақ, аяғы теңіз дерсің. 

Құрылысшыларының етегі елпі, жеңі желпі, уақытында 

айлықтарын да ала алмайды. Басшыларына айта-айта 

заржақ болғандықты білдіретін шағымды Шәміл шұғыл 

тексеріп, жұмысты жолға қоюдың жолдарын нақтылаумен 

қатар қылмыскерлерін жауапқа тартуды ұсынады. 

Өйткені, кірпіш, ағаш, цемент сықылды құрылыс ма-

териалдарын ұрлап сату тексерісте анықталады. Та-

лай министрліктердің жергілікті жерлердегі өндіріс 

орындарының кемшіліктерін жіті тексеріп, оның 

орындалуын бақылау, сондай-ақ сауда және қоғамдық 

тамақтандыру орындарындағы жұмыстарды назардан тыс 

қалдырмайды. Қисық жолдың қиырында тап басып біліп, 

небір құпия қылмыс түрін заң қармағына іліп, қоғамның 

өркендеуіне бақылаушылардың ерекше үлесіне Шәміл 

Нұрымгереев те өзінің таза еңбегін арнағанына қалың 

жұрт шындық бар екен ғой деп ризалық танытатынын, ел-

ден алған тәртіп-тәрбие, Дүзелбай нағашысының кісілік 

жолындағы ақыл-кеңестері еді. «Тірліктегі ала-құланы 

аңғара біл, әкең адамның ұлылығы ар-намысымен көрікті 

деуші еді» дейтін нағашысының сөзі Шәмілдің жүрегіндегі 

әкені сағынған мұзды қозғайды. Көз алдына мың құбылып 

әке бейнесі келеді. Заман саясаты әр түрлі бағытта өзгерсе, 

соған ықтаған адамдар да түрліше шеберленіп жатады. 

Өл десе өледі, тіріл десе тіріледі. Шведтің белгілі сая-

си қайраткері Пьер Альмарак «Ашылған жарақаттар» 

кітабында 1917-1987 жылдар аралығында 62 миллион 

адам құрбан болыпты десе, солардың бірі Шәмілдің әкесі 

еді. 

* * *


Әке бейнесін елестеті, жоқтау қаншама жылдар өтсе 

де жадынан ажыраған жоқ еді. Оны ұлдарына да ашылып 

айтып, құлақтарына сіңірді. Осыншама уақытта соғыс 

қырғынынан тірі қалмағанына көзі жеткендей болса да, 

опат болған жерін тауып, қабіріне туған жерінің топырағын 

салса, жүрегіндегі мұз жібіп, үмітін үзгендей болар еді. 



345

Бұлтартпайтын ақиқатты күткелі қашан, амалсыздықпен 

шерменде іштен тынып жүрді. Бір сенімі Мәскеуде қызмет 

істейтін ұлы – Эмиль, өзінің есіміне ұйқастырып атаған-

ды. Соғыс тарихында жаңсақтық, түрлі бұлтарыстар бол-

май тұрмайтынын түсінеді. «Хабарсыз кетті» дегенге де 

сенеріңді, сенбесіңді білмесйің, тұтқынға түсті ме, әлде 

бомбаның астында күл боп күйіп кетті ме, шиырланған 

есепті кім нақтылап санап, қарап тұрыпты. Өйткені, опат 

болды деген «қара қағаз» келіп, соңынан өзі тірі оралған 

жауынгерлер оқиғасы да баршылық еді. Шәмілдің ой-

лайтыны ең болмағанда оққа ұшқан жері табылса, жүрек 

шері жеңілдер еді. «Алланың бір сәтті күні Эмиль телефон 

шалды. Жерленген жері анықталғанын, өзі барып көзімен 

көріп келгенін баяндады. Бауырластар зираты басындағы 

жазуды оқыды: «Орынбасаров Нуримгерей погиб 10 ноября 

1943 года в деревне Долоцы 300 метров от деревни могил, 

похоронен в братской моголя деревни Сергейцева, Пустот-

кинского района, Псковской области, Россииской Федера-

ции» деген хабарға жүрек жарылып кете жаздады. Қаза 

болған жерін 67 жыл өткенде анық біліп, Нұрымгерейдің 

ұрпақтары әкенің ел қорғау майданында ерлікпен жаны 

үзіліп, мәңгілік мекен тапқан жеріне барып бас иіп, тәжім 

етіп, анамның арманын, өзіміздің перзенттік борышымыз-

ды атқардық. Жатқан жеріне туған жердің топырағын 

табыстап, сол жерден бір қалта топырақ алып, Сарбие 

қорымындағы зайыбы Қайшаның жастанған топырағына 

қосып көңілді бірледік, көкіректегі мұзды жібітіп, немере-

шөберелерінің амандығын тіледік. Әкенің зиратының ба-

сына барып тұруымыз үшін қара мраморға: «Дорогому 

отцу Орынбасарову Нурымгерею, сыну казахского народа. 

Мы Вас помним и любим. Спасибо за жизнь (1911-1943). 

С благодарностью, сыновья и внуки» деген бірден көзге 

түсетін ғасырларға кететін ескерткіш орнатып, шағын 

топқа ас беріп, бата оқыттық». 

Елде осындай шаруалар өткізгенде бабалар сөзін 

құлағына құйып қалған бір замандасымыз: «Ертедегі бір 

аңызда жолаушы салт атпен ауыл қарасына жақындағанда 

зират басындағы адамдар тобырына жақындайды. Ал-

дынан шыққан жас жігітке «Мына жерлеп жатқандарың 

шын өлген бе, әлде өтірік өлген бе?» деген сұрақ қояды. 


346

Жігіт біртүрлі күйге түсіп, «О, не шын өлген бе дегеніңіз, 

адамды өлгесін көмеді дағы» депті де шеттеу тұрған 

қарияға барып, жолаушының сөзін ерсі көргенін ай-

тыпты. Сонда ақылгөй «Оның сөзін түсінбеген екенсің, 

шын өлді ме дегені – ұрпағы жоқтығын айтқаны, өтірік 

өлді ме деуі – ұрпағы болса мәңгіге тірі ғой дегені» 

депті. Шүкір, Нұрымгерейдің ұрпағы – Айзада, Күләш, 

Қазыбек, Шәміл, олардың немерелері тұрғанда, елге 

сіңірген еңбегі ұмытылмай, ауылдастарының жадынан 

шықпағанда әкем өлді деп айта алмайсың, айтуға аузың 

да бармайды және жаны тірі. Өзің қайда жүрсең де туған 

жердегі туыстарыңнан байланысыңды үзген жоқсың, 

ата-баба қорымына келіп жаныңдағы мұң-шерді таза-

лап, тіршілігіңді бекітіп, серпіліп тұруыңның өзі керемет 

емес пе?! Шүкірлік ет, есімдері мүлдем ұмытылғандары 

қаншама бұл өмірде. Тірлігінде үлде мен бүлдеге бөленіп, 

өзінен басқаға құстың көлеңкесіндей көлеңкесі түсіп 

қайырымы болмағандар шын өлі-тірісі аталмай жым-

жылас болғандардан сақтасын. Талайлар тірлігінде туыс-

туғанымен шоқырайысып, қырғиқабақтанып, босағада 

көріскендей өмірден өтті, шайтан ондайды шын өлтірді. 

Шайтан сыйлаған ажал тырнағының уы ұрпағын да елден 

бездірді. Ел түңілсе, жаныңа тірлік бұйырмайды. 

Шәміл замандасының сөзіне терең бойлап, әке есімінің 

ел жадында екеніне қуанғаннан толқып: «Тірі екенсің, 

әке, тірі екенсің, әке!» деп іштей күбірледі. Адамның 

тірлігіндегі жақсылық ісі мәңгілік екенін байқап, әдет-

ғұрыптарынан жаңылмаған ел адамдарының кісілік 

қабілетінің жарқырап тұрғанына қуанды. Дала даналары 

әңгіме-дүкен құрып, ұрпағына асыл ой тастап, өлмейтін 

пікірін қалдырғанының сырына қанықсаң қалайша, 

қалайша шын өлгенге жорисың?! Абай, Құрманғазы, Дина, 

Мұхтар, Сәбит, Исатай, Махамбет, Шернияз, жүздеген-

мыңдаған ұлттық тұлғалар өтірік өлген, олар мәңгі тірі, 

рухы биік, бейнесі жарқырап жадымызда жүр. Әлемдік фи-

зиктер, химиктер де адам өледі, денесіндегі түрлі қоспалар 

жерге сіңеді деп одан арғысын болжаусыз қалдырып, көп 

нүкте қояды. Жан өлмейтінін, рух мәңгілік екенін, екінші 

өмірдің шындығын жұмыр жерде бірінші боп Абай айтты. 

Абайдың:


347

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. 

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, 

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? – 

дегені әлемдік ойшылдың қыбыр-қыбыр тірлікте денесі 

көрінбесе де, үні ғасырдан ғасыр асып, жүрегіңнің 

түпкірінде сақталады. Ғылым Абай сөзі алдында еріксіз 

иіліп, иі түсіп қалды. Сабыр етіңіз, Абай сөзіне тағы ора-

ламыз. 


 

 * * *


Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,

Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара, – 

деп Абай айтқандай, елге барғанда замандастары түрлі 

сұрақтар қояды. «Қарына тартпағанның қары сынсын» 

деп туыс-туғандарыңа көмегің тигені болған шығар?

– Кісіге жақсылық жасауға бәріміз де құмармыз. Бала 

кезден ата-бабаларымыз кісіге қылдай да қиянат жаса-

ма, өміріңе залал деп жатады. Егер оның қабілет-дарыны 

өзгеден озық тұрса құрметің тіпті өзгеше болуға тиісті. 

«Жақсылық жалыны жарқырап тұрғанға қиянат жасама» 

деген бар ғой. Адам өміріне жүз жақсылық көп емес, бір 

жамандық ауыр салмақ. 

– Замандастарың, әріптестерің өзіңді қалай түсініп 

жүрді? 

– Мені түсін деп кімге айтасың, атқарған ісің дала-



ға кетпесе жетпей ме? Адамға қымбаты адал еңбегің, 

жұртқа ықылыс-ниетіңді ұқтыра білу ғой. Ана жылдары 

«Қызылордада партия комитетінің ұйымдастыру бөлімін 

басқарған Шәмілді қалай түсінуге болады?» дегенде, 

екіншісі «Оның тапқырлығын, кімнің кім екенін бетіне 

қарап байқағыштығын терең зерттей білсең жетеді» депті. 

Онысы түрлі орынтаққа шала білетіні ме, сыбырласып, сы-

байласып жүретініні ме, әйтеуір біреуді ұсынса ешкімнің 

көзіне де қарамай, майын тамыза толтырған білдірме 

сөзіне де қарамай, ашық пікірлесіп отырып білімін де, 



348

іскерлігін де тез аңғарып, түйінін шешуде кадрды таңдау 

мен талғаудың ерекшелігінде қатесіз дөп басатыны, 

әрбір басшының халыққа қызмет етуін жақындатып, 

қалың көптің ойынан шықты. Осындай іскерлік, қоғамға 

деген тазалығы бақылау комитетінің басшылығына 

тағайындатқан еді. Бәлкім, Шәмілдің замандастары оның 

бір күнгі қызметіне тең жұмысты он-жиырма жылда да 

атқара алмаған шығармыз. Өйткені, өмірдің түрлі саясат-

пен түрленген шеңберінің тарлығы немесе кеңдігі болып 

жатады. Бәрі жоғарыны тыңдауға міндеттейді, орындау-

шы оның маңызы қандай, мәні қандай алыстан ойлап, 

тергеп-тексеріп ақылға салып жатпайды, жүпелдемде 

шуылдап жүріп шұғыл орындай салуға асығады. Тапсы-

рыс қандай ниетпен атқарылды, өзгешелік байқалған жоқ 

па, көптің көңілі толық бөлінді ме, өзіңнің қабілетің жетті 

ме, әлде ойың пышырап бәрі көмескіленіп кетті ме деген 

толған сұрақ тұрады. Айтуға оңай, көздегеннің шұрайына 

жету – қиыны сол. 

 * * *


Біреу байлығын қорғаштап, олжаны көрсе іле жөнеліп, 

сатылмайтынды да сатып аламын деп еліріп, біржола 

өлімге баратын теріс бағытын оңға жорып жортып жүр. 

Екінші біреулер орынтағын, лауазымынан айырылса қара 

түн етіп, өлі түске ұрынып ажалынан бұрын өліп жүр. 

Жұмыр жердегі дүрлігіп, зұлымдықты тездете бастағанды 

да көзіміз көріп жүр. Атам заманнан байтақ даламызда-

ғы қазақтар киелілікті сақтап, қос өзеннің ортасына 

мекендеуінен жаңылмай, бүгінде кеткені келіп, өлгені 

тірілгендей аңсаған еркіндігін шындап сезіп жүр. Барыс өз 

жарасын жалап өзі емдеп жазады деседі, түкке тұрғысыз 

кейбір пенделік кемшілігімізді өзге емес, ұлттық демокра-

тиямыз дегенде айтқыштарымыздың сөзін қаперге алып, 

өзіміз түзесек дерсің. Жалпы қазақ елінің туының астын-

дамыз, бақытымыз да, байлығымыз да, өлмейтін тірлігіміз 

де осында. Бабаларымыздан қалған өзгенің шүлдірі емес, 

өзіміздің құндылығымыз болатын сөзде «Ақтың отын 

ақымақ үріп сөндірмейді» деген бар, ә?! Оны алагөздікпен 



349

арпалысқан ғасырымыздағы жұмыр жер халқы қалай 

түсінеді, өздері білсін. 

«Ессіз білмес естінің қасиетін»,

Даналар да ақыл-сөзге бас иетін. 

Әрекетсіз қалғығандар тірлікте,

Шайтан бұзып әкеткен бар ниетін. 

Жамандықтың зияны елге тиетін, 

Ата-анасы ащы сөзге күйетін. 

Ессіз адам көзге шыққан сүйелдей,

Өмір сүрудің біле алмаған жүйесін, – 

десек, Шәміл өміріндегі іскерлігін де, білім-қабілетін де 

көптің ойынан шығатындай атқаруы халық қазынасынан 

оқып-білгендерінің жемісі. Қазақ тәрбиесінде «Дауыс 

көтеріп сөйлеме, күнә» деуінің өзі де ғылым емес пе?! Еліріп 

ашуланған сайын жұлын-жүкенің әлсіз талшықтары 

үзіліп жататынын бабаларымыз қалай білген. Демек, 

қазақ ұлтының даналары, ойшылдары ғылымның әр 

саласына ерте заманнан қанық болған. Өз кеудеңе біле-

білсең бабалардың білгірлігі қонған, оған үстірт қарамай 

сезіміңді ақылмен ғана оята білу табысты ісіңнің бастауы 

деп түсінеді Шәміл ой толғағанда серпіліп. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет