Статикалықтұрақтылық. Бастапқы қозғалтқыш пен генератор- дан тұратын агрегаттың статикалықтұрақтылығыдеп тепе-теңдік күйінде шамалы ауытқу кезінде оның бастапқы жұмыс режимін өздігінен қалпына келтіру қабілетін атайды. Қуатты желімен па-раллель жұмыс істейтін полюсі анық емес генераторға қатыстыстатикалықтұрақтылықмәселесін қарастырайық. Рэмгенераторы- ның электрмагнитті қуаты ((12.3) теңдігін қараңыз) бұл жағдайда ро- тор мен статордың магнитті өрістерінің осьтері арасындағы (немесе Е0 генераторының ЭҚК векторы мен оның Uгқысқыштарындағы кернеу векторының бағыты арасындағы) θ бұрышында ғана анықта- лады. (12.3) теңдігіне кіретін өзге шамалар 12.3-бөлімде айтылып кеткендей параллель жұмыс кезінде өзгеріссіз қалады.
309
М тежегіш электрмагнитті иінкүші М1 айналдыру иінкүшіне тең болған кезде ротор θ бұрышын өзгеріссіз сақтай отырып, тұрақты жиілікпен айналады.
Егер қандай да бір себептермен М1 айналдыру иінкүші бірша- ма артып, содан кейін алдыңғы мәнге дейін азаятын болса, ротор айналу бағыты бойынша алға қарай ығысатын, яғни θ бұрышы біршама Δθ өсім алады. Қуатты желімен жұмыс істейтін полюсі анық емес генератордың бұрыштық сипаттамасынан (12.4-сурет-
ті қараңыз) θ артқан кезде θ = 90 эл. град. мәнге дейін Рэмэлектр- магнитті қуатының, сонымен қатар Мтежегіш электрмагнитті иінкүшінің артуын көруге болады. Осылайша, бастапқы қозғалтқыш
– генератор агрегатын бастапқы қалыпқа қайтаруға ықпал тигізетін ΔМ = ΔРэм/Ωс асқын тежегіш иінкүші пайда болады. Бұл үдеріс то- лығырақ әрі қарай қаралады.
Егер айналдыру иінкүші біршама азайып, сонан соң алдыңғы мәнге дейін азаятын болса, ротор теріс жылдамдық алады және θ бұрышы азаяды. Бірақ бұл ретте М тежегіш иінкүші де азаяды: ол айналдыру иінкүшінен кем болып, қорытқы оң иінкүш жүйесін қал- пына келтіреді.
Осылайша, θ бұрышы 0-ден 90 эл. градусқа дейін өзгерген шек- терде желімен қатар жұмысқа қосылған генератордың жұмысы тұрақты болады.
Егер θ бұрышы 90 эл. градустан асатын болса, айналдыру иінкүшінің артуы тежегіш иінкүшінің азаюына әкеп соғады, θ бұрышы артып, генератор синхронизмнен шығып кетеді.
Сонымен, полюсі анық емес генератор үшін артқан кезде баста- пқы қозғалтқыш - генератор агрегатының тұрақты жұмысы мүмкін болмайтын θкрсыни бұрыш 90 эл. град. құрайды.
Электрмагнитті қуаттың полюсіанықемесгенератордыңθ
бұрышына тәуелділігі (12.6) теңдігімен анықталады. Бұл тәуелділік электрмагнитті иінкүштің θ бұрышына тәуелділігі ( (12.7) теңді- гі) секілді синусоидалық болып табылмайды. Ол екі синусоидтың жиынтығы болып келеді; сонымен бірге екінші синусоидтың бірінші синусоидқа қарағанда кезеңі 2 есе кем (екінші қосылғышта синус аргументі екінші қосылғышқа қарағанда 2 есе көп). Бірінші синусо- ид 0-ден 90 эл. градусқа дейінгі θ интервалында өседі, ал әрқашан амплитудасы кем болатын екінші синусоид θ бұрышы 0-ден 45 эл. градусқа дейін өзгерген кезде өседі, одан әрі 9 = 90 эл. град. кезінде нөлге айнала отырып кемиді. 90-нан 180 эл. градусқа дейінгі интер-