Ұлт тұЛҒасы – Ұлы жырау кетбұҚА



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата03.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#7572
1   2   3   4   5   6   7   8   9

III 

 

Ұлы  құрылтай  1253  жылы  Онон  өзенінің  жағасында  өтетінін,  сонда 

қаған  сайланатынын  естіген  Батый  ата  мекенге  жол  жүруге  шұғыл 

дайындалды.  Ол  орыс  кінәзі  Александр  (Невскийді)  мен  ұлы  Сартақты 

анттастырып  дос  етіп,  өкіл  баласы  ретінде  бауырына  басты  да,  екеуіне 

Неврюй  ноянды  кеңесші  сайлап,  сапарға  шықты.  Жолай  қыпшақ  даласын 



кесіп өтіп, Ұлытаудағы әкесі Жошы ханның күмбезіне мінәжат қып, Ұлығ би 

Кетбұқа  ноянды  өзімен  бірге  құрылтайға  ертіп  әкетті.  Батыйдың  күшімен 

оның жақтасы Мөңке ұлы қағандыққа сайланды. Сол құрылтайда Қытай мен 

Иерусалимдегі соғысты аяқтау туралы шешім қабылданды. Шын-машынға — 

Құбылай,  Палестинаға  —  Құлағу  аттанатын  боп  бекітілді.  Шаман  дінін  пір 

тұтатын  Құлағудың  қасына  сол  елдің  салтын,  дәстүрін,  ислам  шариғатын 

білетін  ғұлама,  тәжірибелі  әрі  сенімді  кеңесші  іздестірді.  Батый  бұл 

лауазымға  мұсылмандықтың  шартын  жатқа  айтатын  және  жасақ 

құрамындағы керей, найман, қыпшақ, қоңырат, жалайыр, қаңлы әскерлерінің 

табынатын  көсемі  Кетбұқа  ноянды  ұсынды.  Алпысты  алқымдаған, 

қызбалығы жоқ, мәмігерлік тәжірибесі мол, Шыңғыс ханды  да, Жошыны да 

көзі  көрген  бұдан  артық  адам  табыла  қоймайтын.  Құрылтай  бекітті,  ал  ол 

шешімге қағанның өзі де қарсы тұра алмайтын. Кетбұқа ноян бұған амалсыз 

көнді.  Бас  тартса:  “Е,  ұлы  әкеміз  ұстатқан  алтын  тізгінді  үзгің  келе  ме? 

Еркінсіген  екенсіндер,  ендеше,  ұмытқандарыңды  есіңе  са-  лайық”,  деп 

халықты  тағы  да  жаппай  жазаға  тартатыны  анық.  Тағдырдың  жазғанына 

көнгеннен басқа лажы жоқ. 

Иерусалимге жасалатын жорық ұзақ әрі сондай тиянақты дайындалды. 

Құлағудың  қасына  пұтқа  табынатын  ұйғырлар,  тибеттіктер,  қытайлар 

шақырылды.  Сенімді  лауазымдарға  керейлер  мен  наймандар  қойылды. 

Өйткені “Құлағудың әйелі Тоғыз хатун христиан ағымындағы керей қызы еді 

де, штаб бастығы найман Кетбұқа ноян несториандық бағытты пір тұтатын, 

сондықтан  да  олар  өзінің  дініндегілерді  маңайына  топтастырды”,  дейді 

ғұлама  Лев  Гумилев.  Оған  қоса,  дәл  сол  кезде  Мөңке  қағанның  ордасына 

Кіші  Арменияның  патшасы  Гетум-І  келіп,  жеті  түрлі  шарт  бойынша 

уағдаласып, мұсылмандарға қарсы одақ құруды ұсынғанын айта келіп,  “бұл 

жорық қасиетті жерді исламнан азат ету үшін” жасалған деп тұжырымдайды. 

Гетум-І  Мөңке  қағанға:  1.  Барлық  халықты  шоқындыруды;  2.  Христиандар 

мен  монғолдарды  татуластыруды;  3.  Дінбасыларын  салықтан  құтқаруды;  4. 

Христиандардың  қасиетті  жерін  қайтаруды;  5.  Бағдат  халифін  құртуды;  6. 

Барлық  әскер  басыларының  мұның  жарлығын  орындауға  жарлық  етуін;  7. 

Мұсылмандар  тартып  алған  армян  жерін  қайтарып  беруді  шарт  қып  қояды. 

Ол  келмей-ақ  Иерусалимге  аттануға  шешім  қабылдаған  Мөңке  қағанға 

Гетум-І-дің бұл  ақылының қажеті жоқ болатын.  Зады, құрылтайдың кесімін 

естісімен  оның  алдын  алуға  ұмтылған  армянның  айласы  болу  керек.  Бірақ 

одақ құруды Мөңке мақұлдады. 

Алайда  бұдан  Құлағу  мен  Кетбұқа  христиан  дінін  ғазауаттан  құтқару 

үшін  Палестинаға аттанды деу  әбестік.  Өйткені  христиан  дінін  уағыздаушы 

Марко  Полодан  бастап,  қаншама  “крест  жорығының”  тақуалары  керей  мен 

найман ішінен шоқынған елді, шіркеуді іздесе де таппаған. Тек ел аузындағы 

лақапты  жиып  алып,  соны  жалғанға  жайған.  Ондай  мемлекеттік  діннің 

болмағанын,  тек  Жібек  жолымен  келген  көпестерге  арналған  шағын 

орынның  болғанын,  ол  мақсаты  өмірде  “Болмаған  патшалықты  іздеу” 

(кітаптың аты) екенін Лев Гумилевтің өзі де мойындайды. Ал бір адамның не 

болмашы  топтың  сенімі  төрткүл  дүниедегі  діннің  барлығын  дәргейінде 


ұстаған  қағанаттың  мемлекеттік  саясаты  болмайды.  Оған,  өзгені  былай 

қойғанда,  Орта  Азия,  Иран,  Әзірбайжан,  ұйғыр,  қыпшақ  мұсылмандарының 

қарсы көтерілетіні аян және Шыңғыс ханның өзі діни бостандық жариялады 

емес пе? Тоғыз хатун несториандық сенімде болған шығар, бірақ Кетбұқаны 

дәл  сол  кезде  оған  жатқызуға  болмайтын.  Өйткені  Жошы  хан  дәргейіндегі 

ұлысын  мұсылмандардың одағы деп  жариялап, өзі  де  сол дінді  қабылдаған. 

Оның  Ұлығ  биі  Кетбұқаның  одан  сырт  қалуы  мүмкін  емес.  Дешті  қыпшақ 

дерліктей  Мұхаммедтің  үмбетіне  көшкен.  Оған  Қожахмет  Иассауидің 

сопылық мектебі де дәлел. Демек, ғұлама Гумилев дәл осы арада өзі тұңғыш 

рет  ғылыми  айналымға  түсірген  Кетбұқаның  бұрынғы  өмірін  ескермей, 

ғылыми “ет қызулық” жасаған. Батый да, Мөңке де, Құлағу да Кетбұқаны сол 

ислам  дінінің  шариғатын  білгені  үшін,  жергілікті  мұсылмандармен  тіл 

табысуы үшін таңдап алған. 

Жорықтың  өте  жауапты  екенін  білген  Құлағу  Кетбұқаның  кеңесі 

бойынша  оған  үш  жыл  дайындалды.  Мұндай  тиянақты  дайындық  бұрын-

сонды жүргізілмеген еді. “Мал өрісін қалың әскердің ат тұяғы таптамас үшін 

алдын ала жасақтың жүретін жолы белгіленіп, ел-жұрт көшірілді. Өзендерге 

көпір  салынып,  бекет-бекетке  азық-түлік  қоймасын  ашты.  Қытайдан  қамал 

бұзатын қару-жарақ жасайтын қолөнершілер шақырылды. Асықпай қозғалған 

әскер 1256 жылы ақпанда ғана Әмударияның сол жақ жағалауына өтті. Оның 

есесіне,  1257  жылы  Ирандағы  исмаил  әулетінің  барлық  қамалын  жермен-

жексен етіп, 1258 жылы қаңтарда Бағдатты алды” (Л. Гумилев). 

Сонда  Мөңке  қағанның  осыншама  шығын  жұмсап,  Құлағуды  тек 

Иерусалимге  аттандыруына  не  себеп  болды?  Тек  дін  ғана  ма?  Жоқ.  Кез 

келген соғыстың мақсаты, өктемдікпен қоса, олжаға да негізделеді. Ендеше, 

Шор-  маған  хоршы  Бағдат  еліне  алғаш  жорық  жасағанда,  “олардың  жері 

жақсы, бұйымы асыл” екендігін білген Үгедей қаған: “Шормаған хоршы, сол 

жерге әмірші (мөрші) болып,  асыл алтын, аптаған бұйым, парша зер, жібек, 

меруерт, маржан, бойы сұңғақ, аяғы ұзын арғымақ, жүк артатын түйе, қашыр 

тәрізділерді  жыл  сайын  жіберіп  тұрсын”  деп  әмір  береді  ("Құпия  шежіре", 

274-бет), деген сөздің 1241 жылы Гүйік қағанның өліміне байланысты толық 

жүзеге  аспай  қалғанын  ескерсек,  сонда  бұл  жорықтың  мәнісі  ашылады. 

Монғолдар  басталған  жорықты  аяқтамай  қоймаған.  Оған  Батый  мен 

Құбылайды  қайтадан  бірін  —  Еуропаға,  бірін  —  Қытайға  шабуыл  жасауға 

жұмсағанынан-ақ байқауға болады. 

Бір  жылдың  ішінде  мұсылман  елдерін  таптап  өткенін  көрген 

христиандар ата жауын  құртқан Құлағудың  әскерімен  одақ  жасасты.  Армян 

патшасы  Гетум-І  мен  Антиох  кінәзі  Боэмунд-IV  монғолдарға  қосылды. 

Соның  нәтижесінде  1259  жылы  күзде  Египетке  бір-ақ  жетті.  Ең  соңғы 

мұсылман  мемлекетінің  мойнына  семсер  төніп  тұрғанына  қуанған  Батыс 

Еуропадағы христиандар Құлағу мен Тоғыз хатунды Константин мен Еленаға 

теңеп, “егерде монғол әскері шекараға ілінсе-ақ, Христостың қызметшілерін 

соғыс майданынан көреді”, деді. Кетбұқа ноянның кеңес ордасы Иерусалимге 

ту тігіп, Тир, Сидон, Акра қамалына орналасты. Ал өз еркімен берілген жауға 



Шыңғыс  дәстүрінде  барынша  құрмет  көрсетіледі.  Сондықтан  да  Иерусалим 

королінің әскері монғолдың оң қанаттағы қолы боп бекітілді. 

Міне,  дәл  осы  кезде  Құлағудың  ең  соңғы  шешуші  майданға  шығуына 

екі  үлкен  кедергі  кездесті.  Жаз  айында  монғол  қызына  үйленген  грузиннің 

Ұлы  Давид  пен  Кіші  Давид  патшалары  көтеріліске  шықты.  Құлағу  соларға 

аттанды. Екі патша да халқын қырғынға тастап, қашып кетті. Лев Гумилевтің 

пайымдауынша: “Патшалардың ақымақтығы Грузияны қызыл қанға бөктірді, 

ал христиандардың мүддесі мүрдеге айналды. Өйткені монғолдар Грузияның 

әскерінен  сүйеніш  тауып,  Палестинадағы  әрбір  жауынгерді  аман  сақтаудың 

орнына,  бар  күшін  олардың  өзін  талқандауға  жұмсады.  Жағдайдың  дәл 

осындай  боп  қалыптасуы  жаужүрек  мамлүктердің  пайдасына  шешілді”. 

Біздің  қосарымыз,  дәл  осы  деректен  Құлағудың  да,  Тоғыз  хатунның  да 

христиан  діні  үшін  күреспегені  көрінеді.  Әйтпесе,  мұсылманның  езгісіндегі 

грузиндер  оларға  діни  бостандық  әперуге  келген  адамға  қарсы  шыға  ма? 

Кетбұқа ноян бұл жазалау жорығына қатыспады. Ол Иерусалимде қалды. 

Күзге  қарай  Құлағу  қыпшақ  мамлүгі Құтіз  билеген  Египетке  жорыққа 

аттанғалы жатқанда, Мөңке қағанның қазасы туралы хабарды естіді. Мұндай 

қаралы мезетте барлық іс-әрекет тоқталып, Шыңғыс тұқымының бірі қалмай, 

құрылтайға қатысуы тиіс еді. Оның үстіне, жаңа қағанның кім боп сайлануы 

Құлағу үшін шешуші мәселе еді. Сондықтан да Құлағу илхан әскерін Иранға 

әкетті  де,  тек  Кетбұқа  ноянға  қарасты  20  мың  жасақты  Палестинада 

қалдырды. Құлағу ордаға аттанарда: 

—  Мөңке  қағанның  жаны  Көк  Тәңірімнің  қасына  қонақтаған  екен. 

Бірақ  алтын  бұғауының  кілтін  маған  беріп  кетті.  Сол  кісеннің  кілтін  әкем 

Шыңғыстың, ағам Жошының, Мөңке қағанның алтын айдарын көрген саған 

тастаймын. Жыл өтпей қайырылғанда қолыма тапсыр. Қамалдарды қадағала. 

Құтіз бен Бейбарыс қыпшақтан шыққан. Солармен мәмілеге келе тұр,— деді. 

Кетбұқа  ноян  Илханға  қарсы  уәж  қайырмады.  Ол  өзіне  осыншама 

шексіз билік әперген Мөңке қағанның әмірлік пайзісі — “алтын шынжыры” 

сол  Мөңкенің  өлімімен  бірге  үзіліп  түсетінін  білген  жоқ.  Өйткені  бір  кезде 

осыдан отыз жыл бұрын бұлардың мойнына қамыт кигізіп, құлдыққа сатқан 

монғолдардың  қорлығын  мамлүктер  ұмыта  қойған  жоқ  болатын.  Туған 

жерден айырғанына кектенген олар өліспей беріспеуге серттесті. 

Бұл  арада  сәл  тарихи  шолу  жасауға  тура  келеді.  Себебі:  Құлағу 

бастаған әскерлердің дені қыпшақтар еді. Ал мамлүктер де түркі тұқымынан 

болатын.  Қандары  бір  адамдар  неге  сонау  алыс  жерде  бір-біріне  қарама-

қарсы  тұрып,  қан  майданда  бірін-бірі  жер  жастандырды  деген  сұрақтың 

қойылуы  орынды.  Оның  астары  өте  теренде  және  дербес  әңгіменің  арқауы. 

Алайда бұл арада қысқаша ғана тоқталып өтеміз. 

Дүние  тарихындағы  ең  бір  қанқұйлы  дәуір  атанған  X-XIII  ғасыр 

адамзат  баласы  бұрын  естіп-білмеген  тосын  оқиғаларға  толы  болды.  Таяу 

Шығыстағы мұсылман мен христиандардың арасындағы жанкешті шайқастар 

үздіксіз  жалғасып  отырғандықтан  да  “қасиетті  жер”  әбден  қанға  бөгіп  еді. 

Иерусалим шаһары біресе мұсылмандарға, біресе христиандарға қарады. Ал 

Египет  мемлекеті  өзінің  үстемдігінен  айырылды  және  де  сауда-саттықты, 


көпестікті  кәсіп  еткен  фаллахтар  қазынаға  салық  төлеуді  ғана  білді.  Олар 

ешқандай әскери іске араласқысы келмеді. Соның салдарынан ежелгі Египет 

басыбайлы  мемлекетке  айналмас  үшін  Салах  ад-диннің  тұқымдары 

жалдамалы  жасақ  ұстауға  мәжбүр  болды.  Оларды  мамлүктер,  яғни, 

мемлекеттік  жасақтар  деп  атады.  Мамлүктердің  дені  тұтқынга  түскен  не 

құлдыққа  сатылған  түркілер  еді.  Әсіресе  монғол  шапқыншылығы  тұсында 

олардың саны күрт өсті. Өздерінің қол күшіне сенген мамлүктер бірте-бірте 

мемлекеттің билігін өз қолдарына алды. Мұсылман дініне кірген мамлүктер 

өте ұйымшыл,  ержүрек,  әскери іске өте  қабілетті  еді.  Иерусалимге  бекінген 

Кетбұқаның  әскері  өзінің  қандастарының  мүмкіндігін  бағаламады  және 

олардың христиандар үшін жаны неге күйетінін түсінбеді. Еш қауіп күтпеді. 

Сондықтан  да:  “Сириядағы  монғол  әскерінің  қолбасшысы  Кетбұқа  ноян 

өзінің шағын қолымен (Киракостың есебінше 2 000, ал Гайтонның есебінше 

100 000 мың) Баалбектің түбінде қаннен-қаперсіз тұрды. Шығысында оларды 

шөл қорғаса, батысында христиандардың қамалдары қоршаған еді. Өкінішке 

қарай  Кетбұқа  шөлдің  жағдайын  жақсы  білгенімен,  христиан  серілерін 

білмейтін. Бұларға шабуыл жасаған монғолдар сияқты мамлүктер де даланың 

еркін ұлы еді, ал әскери талантқа келсек, қыпшақ Құтіз бен Бейбарыс найман 

Кетбұқадан кем түспейтін” (Л. Гумилев) . 

Кетбұқаның  қазасына  себепкер  болған  оқиға  оқыстан  және  ханзада 

басымен  қарақшылық  жасап  жүрген  Сидонның  әміршісі  Жюльеннің 

арандатуы  арқылы басталды.  Ол  кезде  Кетбұқа  Баалбек  шаһарында  қаннен-

қаперсіз  әскерін  тынықтырып  жатқан  болатын.  Өшіккен  екі  діннің  өршіген 

қақ  ортасында  қалған  қарт  әскери  қолбасшы  шағын  жасағын  қамалға 

орналастырды  да,  тек  қала  тәртібін  қадағалайтын  сақшыларды  ғана  сақ 

ұстады. Құлағу келгенше қалай да тыныштықты сақтауға тырысты. Кенеттен 

христиандардың  қамалы  Сидоннан  суық  хабар  жетті.  “Сидонның  әміршісі 

Жюльен  билікті  атасы  мен  әкесінен  мұрагерлікке  алып  еді,  алғашқысы 

мұсылмандарға,  екіншісі  —  империялықтарға  қарсы  шайқасқан  болатын. 

Аяқ-қолы  батпандай,  алып  денелі  Жюльен  қанша  батыр  болса  да,  әбден 

бұзылған адам еді. Құмар ойыны мен зинақорлық жолға түскен ол қарыздан 

құтыла алмайтын, тіпті, өзінің бибісі Сидонды да ұттырып жіберді. Р. Груссе 

оны  ”ауыр  денелі,  жел  басты"  деп  ата-  ды.  Ол  өзінің  қарызынан  тонаудан 

түскен  олжа  арқылы  құтылып  отырды.  Өзінің  ағасы  билік  ететін  Тир 

аймағын  торуылдап  қайтып  келе  жатқан  жортуылында  ...Кетбұқаның 

немересі  шағын  жасақпен  сидондық  қарақшының  соңынан  қуа  жөнелді.  Ол 

жағдайды  реттеп,  тұтқындарды  босатып,  тоналған  заттарды  қайырып  алмақ 

болды. Монғол жасақтарының аз екенін көрген қарақ- шылар атының басын 

кері  бұрып,  оларға  қарсы  жүрді  де...  барлығын  қырып  салды.  Алғашқы 

сатқындық осылай басталды". 

Лев Гумилевтің пайымдауынша, ұрпағы үшін ғұмыр бойы арпалысқан 

Кетбұқаға  немересінің  өлімі  Мөңке  қағанның  қазасынан  кем  әсер  етпеді. 

Қарт  жүректің  басына  запыран  толып,  өз  баласын  өзі  ажал  аузына  бастап 

әкелгеніне  назаланған  Ұлығ  кеңесшінің  ашуға  ерік  беруі  табиғи.  Бұл  оқиға 

Кетбұқаның  христиандарды  қорғау  үшін  Иерусалимге  келмегенін 


дәлелдейді.  Әйтпесе,  азат-  тық  әперген  әскерге  Сидон  әміршісі  неге  қол 

көтереді?  Олар  мұсылмандармен  неге  одақтасты?  Бұл  ұзын  сонар  мәселені 

ойлап, оқиғаның аңысын аңдамады. Себебі: “Кетбұқа  француз емес, найман 

еді.  Ол  соғыстағы  еркін  қимылы  үшін  жазғыруға  болмайтынын,  ал 

сатқындықпен  кісі  өлтіргенді  кешіруге  болмайтынын  білді.  Сидон 

тұрғындары  мол  олжаны  бөлісіп  үлгермей  жатып-ақ,  қала  қамалын  монғол 

әскері  қоршап  алды.  Сир  Жюльен  франктерге  тән  қайсарлық  танытты.  Ол 

тұрғындар  аралға  көшіп  кеткенше  Сидонды  қорғай  тұрды,  ал  монғолдар 

кемесі  жоқ  болғандықтан  шарасыз  күй  кешті.  Соңынан  оның  өзі  генуялық 

кемеге  отырып,  тайып  тұрды.  Қаланың  құрлықтағы  бөлігі  қиратылып, 

қамалдың  қабырғалары  жермен-жексен  болды.  Сидонның  құлауын 

дүниеқоңыздыққа жатқызуға бола ма? Жоқ! Адамдардың арасындағы қарым-

қатынасқа қарақшылық көпір бола алмайды. Қылмыстың аты — қылмыс, ол 

сөзсіз  жазалануға  тиісті.  Сидонның  құлаганы  өкінішті,  бірақ  та 

монғолдардың  Жюльенді  ұстай  алмағаны  одан  да  өкінішті.  Оның  қайын 

атасы,  армян  патшасы  Гетум-І:  “Менің  күйеу  баламды  ағашы  ұзын,  тұзағы 

қысқа  дар  ағашына  асып  қою  керек  еді  деді”  (JI.  Гумилев).  Қалай  болған 

күннің  өзінде,  екі  жақтың  да  беті  ашылып,  ашық  майданға  ұмтылды.  Ал 

христиандардың  өзі  мұсылман-  дарға  есік  ашып  берді.  Құтіз  бастатқан 

мамлүктерге екінші бір әскердің билік құрып тұруы ұнамады. Сондықтан да 

жауының  жауына  аттанды.  Монғол  нояны  Байдар  ол  туралы  Кетбұқага 

хабарлап үлгерді: 

“1260  жылы  26  шілде  күні  мамлүктердің  екпінді  жасагы,  ешқандай 

азық-түлік  алмастан,  Египеттен  суыт  аттанып,  Синай  шөлін  желе  жортып 

айналып  өтті  де,  Газыдағы  монғолдардың  шағын  шебін  жойды...  Бұл  кезде 

Кетбұқа Баалбек шаһарында тұр еді. Тосыннан басталған соғыстың хабарын 

естісімен  ол  өзінің  әскерімен  оңтүстікке,  Назаретке  қарай  жылжып, 

қарсыласының  ша-  буылына  тойтарыс  беруге  ұмтылды.  Ұзақ  сапардан 

зорыққан  мамлүктердің  аттары  әлсіз  еді,  ал  ол  кезде  соғыстың  тағдырын 

көлік  шешетін,  зорыққан  ат—  бүгінгі  жанармайсыз  қалған  машина  сияқты 

еді,  Кетбұқаның  бұл  ойы  өте  дұрыс  болатын.  Несін  айтасыз,  Кетбұқаның 

есебі  дұрыс-ақ  еді,  бірақ  та  ол  аса  маңызды  ұсақ-түйекті  ескермеді”  (Лев 

Гумилев). 

Шындығына келгенде, Кетбұқаның ескермегені “ұсақ- түйек” емес еді. 

Иерусалимдіктер Құлағуды және ол орнына тастап кеткен Кетбұқаны өздерін 

мұсылмандардан  қорғайтын  “құтқарушы”  деп  бағалағанымен  де,  оларға 

іштері  жылымайтын  еді.  Бекзадалар  мен  көпестер  сәл  пайда үшін кімнің де 

болсын  мүддесін  сатып  жіберетін.  Олардың  бұл  сыры  мамлүк  жасағының 

қолбасшысы  Құтізге  мәлім  болатын.  Сондықтан  да  “мемлекеттік  жасақтар” 

еш  нәрседен  тайсалмады.  Емін-еркін  билеп-төстеп  Аккраға  жетіп  келді. 

Ойлағанындай... 

“...олар тез тіл табысты: мамлүктерді құдайы қонақ ретінде қабылдап, 

әскерлерін азық-түлікпен, аттарын жем-шөппен қамтамасыз етті. Аккранның 

қорғаны  ішінде  тынығуға  рұқсат  берді,  оны  былай  қойып,  мамлүктердің 

көсемін  қамалдың  ішіне  жіберіп,  жақсылап  тұрып  сыйлады.  Мұны  көрген 


Құтіз  Аккра  қамалын  жаулап  алуды  да  ойластырды,  бірақ  та  қала 

тұрғындары  мамлүктердің  жауынгерлерін  бірде  сыпайы  түрде,  бірде 

ашықтан-ашық  жаулық  ниетпен  шет  қақпайлай  берді.  Сондықтан  да 

қамалдың  ішіне  көп  әскер  кіргізудің  мүмкіндігі  болмады.  Өзгені  былай 

қойғанда Аккраның селтеңбай жауынгер серілері мамлүктермен саудаласуға 

дейін барды: мамлүктер монғолдардан олжаға түсірген аттарын оларға арзан 

бағаға  сатпақ болды.  Әрине,  бұған мамлүктер келісім беруін  берді, бірақ  та 

кейін  уәделерінен  тайқып  шыға  келді.  Өйткені  дала  тарландарына  ақсүйек 

саудагерлер сондай жеккөрінішті көрінсе керек”. 

Міне,  Кетбұқа  ноянның  қателігі  осында  еді.  “Жат  жарылқамайды”. 

Бірақ  мынау  тілі,  діні,  қаны  бөлек  елде  тағдырдың  жазмышымен  өз 

қандастары  “өзекке  теуіп”  тұр  еді.  Жалпы  алғанда,  иерусалимдіктер  үшін 

дүниені.  тітіренткен  түркілердің  бір-бірін  қылыштап  құртқаны  әлдеқайда 

тиімді  болатын.  Сондықтан  да  Кетбұқа  сияқты  “одақтасты”  сатқаны  үшін 

өздерін Иса пайғамбардың алдында ар-ожданым күнәға батты деп ойламады 

да. Ал Құтіз бастаған мамлүктер өздерінің құлдыққа сатылуының бір себебін 

монғолдардан  көрді.  Елінен,  жерінен,  ата-анасынан  айырған  зауалды  күш 

осылар  деп  ұқты.  Өмірдің  тауқыметін  тартып,  шынжырлы  иттің  күнін 

кешкен  дала  көкжалдарының  бұл  өшпенділігін  де  түсінуге  болатын.  Олар 

кектеніп  өскен  құлдар  еді.  Сонымен,  даланың  Ұлығ  Жырауы  Кетбұқа  ноян 

кіндігін  сол  далада  кескен  қыпшақ  Құтіз  бен  беріш  Бейбарыстың  әскеріне 

қарсы  аттанды.  Бұл  кезде  Кетбұқа  әбден  ашынып  алып  еді.  Бұдан  кейінгі 

оқиғаны Лев Гумилев былай суреттейді: 

“Әскері  мен  аттарын  әбден  тынықтырып  алған  Құтіз  франктердің 

иелігіндегі Галилейді басып өтті, сөйтіп Дамаскіге төтелей шабуыл жасауды 

ұйғарды.  Өзінің  қарамағындағы  монғол  салт  аттыларымен  және  армяндар 

мен  грузиндерден  құралған  қосалқы  жасақтармен  аттанған  Кетбұқа  1260 

жылы  3  қыркүйек  күні  Айн-Жалудтің  (Назареттің  маңы)  түбінде  жау 

әскеріне  тосқауыл  қойды.  Монғолдардың  аттары  жорықтан  кейін  бұрлығып 

қалып еді, бірақ  та олар ешқашанда жеңілістің дәмін татып көрмегендіктен, 

көңілдеріне күдік алмады. Өздерінің құдіреті мен ер жүректігінге сенген олар 

қандары қыза алға ұмтылды. 

Құтіз әскер санының басымдылығын пайдаланып қос қанаттағы қолды 

тасаға жасырып қойды да, досы Бейбарыс қолбасшылық ететін негізгі күшті 

Кетбұқаға  қарсы  шығарды.  Монғолдар  шабуылға  шығып,  тағы  да 

қыпшақтармен  қылыш  түйістірді.  Бейбарыс  шабуылды  тойтарып  тастады. 

Сол  кезде  қос  қанаттағы  әскерлер  тасадан  шығып,  монғолдарды  қоршап 

алды. Кетбұқа қалайда туды жаудың қолына түсірмес үшін шайқас алаңында 

ойқастай  шауып  жүрді,  бірақ  та  оның  астындағы  атын  мертіктірген 

мамлүктер  ол  жерге  құлағанда  жапа-тармағай  бас  салып  ұстап,  қолын 

қайырып  тұтқынға  алды.  Әскерінің  тас-талқаны  шықты.  Майдан  даласынан 

қашқандар  да  аман-есен  құтылмады.  Олардың  зорығып  кеткен  аттары 

мамлүктердің  тың  аттарынан  қара  үзіп  кете  алмады.  Сарылардың  жорығы 

қаралы  аяқталды.  Қолы  байланған  Кетбұқаны  Құтіз  сұлтанның  дәргейіне 

әкелді.  Тұтқынға  түскен  найман  жеңіске  жеткен  құман-қыпшақтың  бетіне 


тура қарап тұрып: “Құлағу хан Египеттің қақпасын қақ айыратын қалың салт 

атты  әскермен  келіп  сенің  сазайынды  тартқызады  әлі.  Мен  өз  ханыма  адал 

қызмет  еттім  және  ешқашан  да  ханымның  қанына  ортақтасқан  жоқпын”,— 

деді де ана тілінде сөйлей жөнелді: 

— Сен, Құтіз, қаның қыпшақ болса да, қарғы баулы төбетсің. Затың құл 

болмаса  да,  атың  құл,  мамлүксің  —  мемлекет  құлысың.  Кімнің  жоғын 

жоқтайсың? Шаджарат сұлтаншының етегіне жабысып, Тұран шахтың, одан 

Айбектің  көзін  құрттың.  Шаджаратты  зынданға  салдың.  Бүгін,  міне,  ата-

тегіңнің  аруағына  сыйынып  келген  өз  еліңнің  азаматын  қырып  отырсың. 

Сонда  сенің  жоқтағаның  кімнің,  қай  елдің  намысы?  Сен  одан  да  есің  барда 

еліңді  тауып,  жалдамалы  құлдықтан  құтыл.  Өлсең,  мыналар  сияқты 

жоқтайтын  елің  қалсын  артыңда.  Мен  исі  Дешті  қыпшақтың  Ұлығ  биімін. 

Төрелігім мынау: «қарғыс, қарғыс саған!»— деп бетіне түкіріп жіберді. 

Мұндай қорлыққа шыдамаған қандыкөз, қатыгез Құтіз қайқы қылышты 

суырып  алды...  Ілезде  Кетбұқаның  аппақ  сақалын  қан  жауып,  абыз  денесі 

етпетінен  сұлап  түсті.  Мына  сұмдықты  көрген  Бейбарыс  Құтізге  кектене 

қарап,  теріс  бұрылып  кетті.  Сөйтіп,  Дешті  қыпшақтың  Ұлығ  биі  Кетбұқа 

жырау  Палестинадағы  Айн-Жалуд  қамалында,  жас  кезінде  Отырардың 

түбінде  Шығыс  ханның  тұтқынына  түсіп,  одан  құлдыққа  сатылып,  ақыры 

Египеттің сұлтаны болған қыпшақ Құтіздің қолынан қаза тапты. 

Екеуінің де тағдырын тәлкекке сап, Айн-Жалуд қырғынына тап қылған 

Шыңғыс  ханның  шапқыншылық  жорығы  еді.  Кетбұқаның  басын  алған 

қатыгез  Құтіз  де  жеңістің  дәмін  ұзақ  татқан  жоқ,  қыпшақтың  Ұлығ  биінің 

қазасына  кектенген  беріш  руынан  шыққан  мамлүк  Бейбарыстың  қадалған 

кездігінен  қазан  айында  о  дүниеге  аттанды.  Бірақ  бұл  Бейбарыстың 

Құлағудың дәргейін мойындағаны емес, қайта, қылышын қайрағаны еді. 

Алтайда  туып,  Айн-Жалудте  қаза  тапқан  Ұлығ  би,  әскери  кеңесші, 

түмен-нояны  Кетбұқаның  аты  кейінгі  ұрпаққа  ұлы  жорығымен  емес,  ұлы 

жырымен жетті. 

Алайда Ұлы Жырау, Аталық Жырау атанған Кетбұқа өзінің жорықтары 

арқылы әлем тарихына із қалдырды. “Кетбұқаның және оның сарбаздарының 

қазасы жай ғана қазалы оқиға емес, тарихқа бетбұрыс әкелген ұлы кезең еді, 

содан  бастап  заман  екпіні  басқа  арнамен  дамыды...  Ал  600  жылдық 

құлдырауды  тудырған  сол  бір  сұм  заман  тарихтың  ешқандай  даму 

зандылығына  жатпайтын.  Түп  тамырына  үңілсек,  оны  тудырған  тарихтың 

кездейсоқ  қасіреті  —  Айн-Жалуд  жазығындағы  шайқаста  сұлтан  Құтіздің 

Кетбұқа ноянды жеңіп кетуі еді”.— дейді Лев Гумилев ғұлама. 

Аңызға  айналған  Кетбұқа  жыраудың  қазақ  халқының  тарихында  ғана 

емес, дүние тарихындағы алатын орнын бұдан асырып бағалау мүмкін емес. 

Сондықтан  да,  Азаулы  (Азов  теңізі)  мен  Ыстамболдың  арасын  аузына 

қаратқан Доспанбет жыраудың: 

Кетбұқадай билерден,  

Кеңес сұрар күн қайда! - деп, даланың Ұлы Жырауын пір тұтуы негізсіз 

емес және орынды. 

Тәуелсіз Ұлты мен Ұрпағы барда Ұлы Жыраудың аты өшпейді!

 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет