Сұлтан СҮТБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Құрметті геологі,
Шет ауданының Құрметті азаматы.
КЕТБҰҚА БАБА
Ұрпақтар құрметіне лайықты тұлға
Елімізде бұрын саясаттың салқыны тиген тарихымызды жаңаша
таразылап, кем-кетігін түгендейік деген жақсы бастама көтерілді. Елбасы
тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы
Марат Тәжиннің осы жылғы 6 маусымдағы ұлттық тарихымызды зерделеу
жөніндегі ведомостаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жасаған
баяндамасы бұл тұрғыда тың міндеттер жүктеп отыр. Бұл тарихшы
ғалымдарды айтпағанда, ел арасындағы ауызша және жазбаша тарихи
оқиғаларды жетік білетін, тарихты жасаушы тұлғалар туралы әңгіме
деректерді жеткізуші зиялыдарды да елеңдетіп, серпіліс тудыруда.
Осындай тақырып толғанысын тудырған кезеңде көп уақыттар тарих
көлеңкесінде қалып, қазіргі ала бұлтты заманның күн сәулесі түсуін күтіп
жатқан тұлғалардың әр өңірден табылары күмәнсіз. Ел басына туған қатерлі
кезеңдерде жауларына қарсы қол бастағандар қатарында болып, ерлікпен
жеңістерге жеткізген, бейбіт күндерінде халқына әділеттілігімен қамқорлық
жасаған, ұлы жыршы, сазгер-күйшілер тобының бел ортасынан орын алып,
халқымыздың есінде қалған ер бабамыз бізде де бар. Мен, ХІІ-ХІІІ ғасырда
өмір сүрген, қазақтың ашық энциклопедиясынан: «жырау, күйші, аңыз
кейіпкері, қазақтың ұлы жыршысы, сазгер-күйші және халықтың тарихи
аңыздарының кейіпкері» (Википедия мәліметінен) болып орын алған Кетбұға
бабамызды айтып отырмын.
Кетбұқа жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы «Шадтжарат
әлатрак» атты «Түркі шежіресі» кітабындағы деректер және ел аузындағы
аңыздар бойынша, иісі Дешті Қыпшақты аузына қаратқан Жошы хан аңда
жүріп, мерт болғанда осынау қаралы хабарды Шыңғыс ханға естіртуге
ешкімнің батылы бармаса керек. Сонда Кетбұға жырау: «Хан ием, қайнар
көзі лайланған теңізді кім тазартар?», «Түп тамырымен қопарылған ағашты
орнына кім қондырар?», — деген сауалдар қою арқылы әміршіні қаралы
хабарға іштей дайындап алып, оның баласы Жошының өлімін «Ақсақ құлан
— Жошы хан» күйін орындау арқылы жеткізген дейді аңыз. Күй тартылып
біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұға жырауды жазалауға шешім
қабылдайды. Алайда, қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен, оның
өзегіне ыстық қорғасын құюды бұйырады. Осылайша домбыраның беткі
жағында кішкентай саңлау пайда болыпты-мыс.
Бүгінгі күні «Ақсақ құлан» күйшілердің репертуарынан берік орын
алған күйлердің бірі. Кең тарағандығы соншалық, бұл күйді орындамаған
домбырашы некен саяқ деп айтуға болады және оның бірнеше озық
варианттары бар. Қазақстанның халық әртисі, майталман домбырашы
Рүстембек Омаров пен КСРО Халық әртисі, дирижер, күйші-сазгер Нұрғиса
Тілендиевтің орындауындағы нұсқаларын айрықша айтуға болады.
Кетбұғаның «Ақсақ құланынан» басқа «Нарату», «Терісқақпай» күйлері
болғандығы жөнінде деректер бар. «Нарату» атты күй әйгілі күйші Абылда
да бар көрінеді. Бұл жөнінде академик Ахмет Жұбанов «Ғасырлар пернесі»
атты еңбегінде былай дейді:
«Нарату» күйі туралы тағы мынандай аңыз бар. Онда бұл күйді
шығарған Абыл емес Кетбұға деген күйші дейді. Нарату жаудың қолының
көптігін көріп сескенейін дегенде, Кетбұға «Нарату» күйін тартып оның
рухын көтерсе керек. Айта кетуіміз керек, Кетбұғаның «Наратуы» Абылдың
«Наратуынан» тіпті өзге күй», — дейді академик. Осыған қарағанда
Кетбұғаның «Нарату» күйі кейінгі заманға дейін тартылып келгенге ұқсайды.
Өкініштісі бүгінгі күнге жетпей қалуында.
ХV-ХVІ ғасырда өмір сүрген Доспамбет жыраудың бір толғауында:
«Кетбұғадай билерден, кеңес сұрар күн қайда», — деп жырға қосуы, оның
сөздерімен сол кезеңнің адамдары жақсы таныс екендігін білдіреді.
Жыраудың Кетбұғаны би деуі, оның даралығын мойындауы. Кетбұғаны
зерттеушілердің бірі Сауытбек Абдрахмановтың сөзімен айтсақ, «көрнекті
қаламгер, танымал зияткер Таласбек Әсемқұловтың 1988 жылы Ленинградта,
скиф патшасы Тұмар ханым мен Парсы патшасы Кирдің соғысы, жалпы
скифтер туралы, парсы мен скифтердің ара қатынасы туралы көне жәдігерлер
іздеу кезінде Л.Н.Гумилевпен кездескендегі сұхбаттарын алға тартқым келіп
отыр. Бұл Т.Әсемқұловтың 2013 жылдың қаңтар айында «Егемен Қазақстан»
газетінің қатарынан 4 нөмірінде жарияланған «Қондыгер-қаңлы» атты
көлемді зерттеуінен үзінді.
«...Мені ертіп барған Қайрат Данабаев, мені Алматыдан деп
таныстырғанда, ұлы тарихшы алдымен: — Аты-жөніңіз кім? — деп
сұрады. Жауабын алғаннан кейін, қазақсыз ба? — деді Л.Н.Гумилев. — Иә,
қазақпын, — дедім мен. — Руыңыз кім? — деді бір кезде үй иесі. Айдаладағы
Ленинградта отырған орыс ғалымының руыңды сұрағаны біртүрлі. ...Сасып
қалдым. Содан соң руымды айттым.
— Кетбұғаның руы ғой, — деді Гумилев. — Менің «Этнос және Жердің
биосферасы» деген кітабымда Кетбұға нойон жайында тұтас тарау бар.
Оқып па едіңіз? Кетбұға жайлы біраз әңгімелеп берді. Оның тамплиер
рыцарларына көмекке барғаны, рыцарлардың сатқындық істегені,
Кетбұғаның жеңілгені, өлгені, сүйегі сол Палестинада қалғаны ...жүрек
елжірететін көне шежіре.
— Кетбұғаның тұқымдары бар ма? — деп сұрады әңгімесінің соңынан
үй иесі.
— Жезқазғанның Ұлытау ауданында Бағаналы-Балталы деген
Найманның бір атасы жайлайды, Кетбұғаның елі сол, — дедім мен.
Кетбұғаның күйлері қазақта әлі тартылады. Гумилев сәл таңқалып қалды.
— Ол музыкант болған ба?
— Иә, күйші болған, «Кертолғау», «Сынған Бұғы», «Емен толқын»
деген күйлері болған, — дедім мен.
Гумилев аз үнсіз отырып барып сөзін сабақтаған.
— Әрине, оның таңқалатын ештеңесі жоқ. Ол заман ерлік заман,
ерлердің заманы ғой. Ол кезде өмір мен өлімнің арасында, ақыреттің
алдында тұрған адам кейін, өзінің басынан кешкенін тамаша музыкаға
айналдыра білген ғой. Мен басымды иіп өткен адамдардың бірі — Кетбұға»,
— деп тамәмдапты әңгімесін ұлы ғалым.
Кетбұға туралы деректерді Болатов Мәдидің «Найманның бір баласы
Бағаналы» атты шежіресінен де кездестіреміз. Бұл зерттеуде Кетбұғаның,
Алтын Орданың хан кеңесшісі, ақылгөйі болғанын, Жошының ұрпағы
Хулагудің уәзірі дәрежесіне жетіп, онымен бірге сонау теңіздің арғы
бетіндегі Мысырды жаулап алуға барғанын, сол Хулагу әскерінің құрамында
аты мен аспабына дейін жез құрсанған, жез сауытты, жез оқты Бағаналы
батырлары бөлек жүргенін де тарих шежіресі жазып кеткенін мәлімдейді.
Алғаш рет батыстағы Қоқан хандығын басып алған да Бағаналы әскері,
Кетбұға қолы екенін екінің бірі біле бермейді.
Осы деректер Кетбұға бабамыздың атақты нойон, дарынды сазгер-
күйші, белгілі жырау болғандығын, оның тарих бетінен көрнекті орын
алғандығын айқындап отыр. Жетіспейтіні — Таласбек Әсемқұловтың
Л.Н.Гумилевқа беген жауабындағы атап өткен Ұлытау өңіріндегі Бағаналы-
Балталы жұртының осы даңқты бабамызға лайықты құрметі.
«Ештен кеш жақсы» деген ұлы сөзді еске ала отырып, Кетбұға
бабамызға осы өңірдің басты қаласы Жезқазған қаласының көрнекті жерінен,
нақтылап айтқанда қаланың бас көшесінің бірі Сәтбаев көшесінің қалаға
кірер басындағы дөңгелек алаңшаға, ат үстіндегі айбынды тұлғасымен елінің
шебін қорғаумен өткізген өмірін бейнелейтін ескерткіш орнатсақ, кейінгі
ұрпақтың мол ризашылығын алар едік. Бұл болашақ ұрпақтың әрқашан
рухын көтеретін, ұлттық намысын жалындататын, өткендердің алдындағы
борыштарын еске салып тұратын орны болар еді. Осындай бүкілөңірлік істі
атқару Ұлытау-Жезқазған азаматтарының абыройлы борышы, қастерлі
парызы дер едім.
Ескерткіш орнату мәселесін шешетін Үкіметтің алдына шығу міндетін,
халықтың қолдауымен екі қаланың және Ұлытау ауданының әкімдері қолға
алса, бұл тарих шежіресіне кіргізген лайықты үлесіміз болар еді.
«Мысты өңір» газеті, 25 қазан 2013 ж.
Сұлтан СҮТБАЕВ,
Заслуженный геолог Республики Казахстан,
Почетный гражданин Шетского района.
КЕТБУГА БАБА
Личность достойная уважения поколений
В нашей стране появилось хорошее начинание – собрать воедино, по-новому
взвесить нашу историю. 6 июня нынешнего года Государственный секретарь
Республики Казахстан Марат Тажин в своем докладе на расширенном заседании
межведомственной рабочей группы по изучению национальной истории с этой
точки зрения возлагает на нас новые задачи. Это, не говоря об ученых историках,
всколыхнуло даже интеллигенцию, которая доносит до нас устные и письменные
исторические события, документальные рассказы о личностях, создающих
историю.
Несомненно, в каждом районе найдется такая личность, которая многие годы
оставалась в тени истории и ждала просвета среди туч этих времен. Есть среди
композиторов-кюйши и наш мужественный предок, великий сказитель, занявший
почетное место и оставшийся в памяти своего народа, который в трудные для
страны времена был среди тех, кто восстал против врага, героически дошел до
победы, в мирное время был справедливым покровителем для своего народа. Я
говорю о Кетбуга баба — казахском жырау, сказителе, композиторе-кюйши, герое
народных исторических легенд, который жил в ХІІ-ХІІІ веке (из источников
Википедия).
О жизни и творчестве Кетбуга-жырау известно по книге «Шаджарат аль-
атрак» («Тюркская хроника», родословная тюрков) и устной народной легенде.
Когда на охоте умер правитель Дешт-и-Кыпчака Джучи хан, никто не осмеливался
сообщить эту скорбную весть отцу, Чингисхану. Тогда эту опасную миссию взял
на свои плечи Кетбуга-жырау. Он начал с вопроса: «Кто очистит море,
помутневшее у истоков, мой хан? Кто посадит на место дерево, поваленное с
корнем?» Психологически подготовив владыку к траурной вести, жырау исполнил
кюй «Ақсақ құлан — Жошы хан» («Хромой кулан — Джучи хан»), в котором
сообщил о гибели его сына Джучи. Видимо, после исполнения кюя разгневанный
хан решил наказать Кетбугу-жырау. Но, так как горестную весть донесла домбра,
то он приказал залить ее горячим свинцом. Так на домбре появилось маленькое
отверстие.
В наши дни «Ақсақ құлан» - кюй, который прочно занял место в репертуаре
современных исполнителей кюйев. Он до того широко распространен, что нет ни
одного домбриста, который не исполнил бы этот кюй, также есть несколько
известных вариантов его исполнения. Можно особенно отметить варианты
исполнения народным артистом Казахстана, непревзойденным домбристом
Рустембеком Омаровым и народным артистом КССР, дирижером, композитором-
кюйши Нургисой Тлендиевым. Есть сведения, что кроме «Ақсақ құлан» у Кетбуги
есть кюи «Нарату», «Терісқақпай». Кюй под названием «Нарату» есть у Абыла –
известного кюйши. Вот что говорит об этом в своем труде «Струны веков»
(«Ғасырлар пернесі») академик Ахмет Жұбанов:
«Про кюй «Нарату» есть еще такая легенда. Там говорится, что этот кюй
написал не Абыл, а кюйши Кетбуга. Нарату, увидев большую силу врага,
устрашился, в этот момент Кетбуга исполнив кюй «Нарату» поднял его дух. Надо
отметить, что «Нарату» Кетбуги совсем отличается от «Нарату» Абыла. Похоже
кюй «Нарату» Кетбуги исполнялся и в последующие времена. К сожалению, не
дошел до наших дней.
В одном из сказании сказителя Доспамбета, жившего в ХV-ХVІ веке, были
строки: «Где времена, когда совет давали бии, как Кетбуга», это говорит о том, что
его слова были хорошо знакомы людям того периода. Сказитель назвал Кетбуга
бием, это тоже говорит о признании его мудрости. Говоря словами одного из
исследователей Кетбуги Сауытбека Абдрахманова, «Хочу рассказать о беседе на
встрече в Ленинграде известного писателя, высокого интеллектуала Таласбека
Асемкулова с Л.Н.Гумилевым в 1988 году во время поисков древнего наследия о
войне скифской царицы Томирис и Персидского царя Кира, в общем о скифах, о
взаимоотношениях персов и скифов». Этот
отрывок из объемного
исследовательского труда Т.Асемкулова под названием «Қондыгер-қаңлы»
опубликованного в 4-ом номере газеты «Егемен Қазақстан» в январе 2013 года.
«...Когда Кайрат Данабаев представил меня, великий историк вначале
спросил: - Как Вас зовут? Получив ответ Л.Н.Гумилев спросил: - Вы казах? – Да, я
казах, - ответил я. – Вы из какого рода? – внезапно спросил хозяин дома.
Непривычно, когда в далеком Ленинграде русский ученый спрашивает о твоем
роде. ...Я растерялся. Потом сказал из какого я рода.
-
Это же род Кетбуги, - сказал Гумилев. – В моей книге «Этнос и
биосфера земли» есть целая глава про Кетбуга нойона. Вы читали? Он довольно
долго рассказывал про Кетбуга. Про то, как он помогал рыцарям тамплиерам, как
рыцари предали его, как Кетбуга проиграл битву, как погиб, про то, что он
похоронен там в Палестине ...древняя летопись, которая заставляет
расчувстоваться.
-
У Кетбуги есть потомки? – спросил в конце разговора хозяин дома.
-
В Улытауском районе Жезказгана есть места, где проживают из
рода Найман Баганалы-Балталы, это и есть потомки Кетбуги, - сказал я. Кюйи
Кетбуги до сих пор исполняются среди казахов. Гумилев немного удивился.
-
Он был музыкантом?
-
Да, он был кюйши, у него есть кюйи «Кертолғау», «Сынған Бұғы»,
«Емен толқын», - сказал я.
Гумилев немного помолчал и продолжил свой рассказ.
-
Конечно, тут нечему удивляться. Это было временем героев. В те
времена люди находясь между жизнью и смертью, встретившись со смертью
лицом к лицу могли после всего пережитого претворить все это в прекрасную
музыку. Одним из таких людей перед которыми я преклоняюсь – Кетбуга, -
закончил свой рассказ великий ученый».
Сведения про Кетбуга можем встретить в летописи Болатова Мади под
названием «Один из потомков Наймана Баганалы». В этом исследовании говорится
о том, что в исторической летописи Кетбуга был советником хана Алтын Орды,
мудрецом, дошел до степени визиря у потомка Джучи Хулагу, вместе с ним
отправился в поход, чтобы завоевать Египет, в рядах войск того самого Хулагу
оособенно славились батыры-воины Баганалы своими медными доспехами начиная
от коней до щитов и стрел. Не каждый знает, что войско Баганалы под
предводительством Кетбуга впервые завоевало Кокандское ханство.
Эти сведения подчеркивают, что наш предок Кетбуга баба был
прославленным
нойоном,
одаренным
композитором-кюйши,
известным
сказителем, что он в истории прошлого занимал немаловажную роль. Ко всему
этому не хватает лишь должного уважения нашему прославленному предку народа
рода Баганалы-Балталы из окрестностей Улытауского региона.
Вспоминая мудрые слова «Лучше поздно, чем никогда», если бы на самом
видном месте главного города этого региона Жезказгана, вернее на кольцевой
дороге одной из главных улиц, в начале улицы Сатпаева при въезде в город
установили бы памятник изображающий нашего предка восседающим на коне, мы
получили бы много благодарностей от подрастающего поколения. Это была бы
дань уважения нашему великому предку. Я хотел бы сказать, что это долг каждого
гражданина Улытау-Жезказганского региона.
Было бы хорошо, если бы обязательство выйти к Правительству с таким
предложением, которое решает вопрос по установке памятника при поддержке
народа, акимы двух городов и Улытауского района взяли в свои руки. Это было бы
достойным вкладом в летопись нашей истории.
Мұхтархан ОРАЗБАЙ,
тарих ғылымдарының
докторы, профессор
К
ЕТБҰҒА КҮЙШІНІҢ ТАРИХИ СУРЕТІ ТАБЫЛДЫ
Қазақ даласында Кетбұғаны білетіндер көп. Оны қазақтың тарихи
аңыздарында айтылатын бір атақты күйші ретінде ғана таниды. Қазақ
аңыздарында
айтылуынша:
«тарихтағы
Шыңғысхан
дәуірінде,
Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы, аң аулап жүрген кезінде, оны айдалада
құлан теуіп өлтіріпті. Оның өлімін әкесі Шыңғысханға ешкім батылы
барып естірте алмапты. Сол кезде, атақты қазақ күйшісі Кетбұға
домбыра арқылы «Ақсақ құлан» деген күйді шертіп, Жошының өлімін
қаһарлы әке Шыңғысханға естіртіпті, сонда, Шыңғысхан айтқанымнан
қайтпаймын, баламның қайғылы хабарын естірткен домбыра болды деп,
домбыраның
шанағындағы
тесігіне
қайнап
тұрған
қорғасынды
құйдырыпты», делінеді. Бұл аңыз ғана. бірақ, осы аталған аңыздың тарихи
дерегі де барлығын ойлаған жандар көп болмады. Қазақ даласының
аңыздары ретінде қаралды да, тарих қойнауларында қала берді.
Біз қазақ тарихының сан алуан қырларын тәптіштеп зерделеуіміздің
нәтижесінде, ғасырлар қойнауына сүңгіп, заманалар өзгерісі мен ағыстары
шайып кеткен жағалаулардан, елеусіз қалған ескі көмбелерден көптеген
құнды дүниелерді шалықтырған едік. Соның бірі Кетбұғаның суреті болды.
Тарихи аңыздарда, Кетбұға тұлғасы, тек, аңызға айналған атақты күйші
ретінде ғана қазақ даласына белгілі болып келген еді. Қазақстан мен қазақ
тарихында елеулі орны бар Кетбұға жәйлі дерек аңызбен ғана аяқталады.
Оның ескі күндерде ескерусіз қалған керемет кешулері зерттелмейді.
Өкінерлігі, Қазақстан мен қазақ ұлты Кетбұғаны әлі күнге дейін толық
танымағаны белгілі болып отыр.
Кетбұға деген кім? Ол қай кезде өмір сүрген адам? Тарихи
жазбаларында ол жайында деректер бар ма? – деп сұралатын көп сұрақтарға
жауап іздейтін, оны жауаптауға болатын бір сәт туған сияқты.
Қазақстан мен қазақ ұлтынан сүйінші сұраймыз, Кетбұғаның тарихи
суреті табылды. «Қазақ әдебиеті» осы суретті басып отыр.
Біз өз тарихымызды өзіміз тәптіштеп іздейтін болсақ, осы тарихи алтын
қазынадан табарымыз өте мол екені анық. Тек іздеу саларлық ынта, тарихи
тұлғаларымызға ру ретінде емес, ұлт ретінде жасалатын заңғар құрмет
ортаймаса, ұлттық тұлғаларымыздың тарихи асқардағы тұлғасына ерекше
ілтипатпен қарауды үйренеміз. Қатал тарихи шындықтың турашыл
шырайына шыншыл көзбен қарай алатын болсақ, әділеттің алтын жолы,
қашан да, осы даламызда сара жолдай сайрап жатары даусыз. Өтпелі
дәуірлер керуенінде көмескіленіп, заманалар ауысында ұмыт болуға айналып
бара жатқан тарихты іздемеу, аталған деректердің құрып-жоғалуына апарып
соғатыны аян. Сондықтан, өз ұлтымыздың төл тарихын өз ұлтымыздың
белбаласы іздеуге, зерттеуге, зерделеуге хақылы. Қазақ ұлтының тарихы мен
Қазақстан жерінің тұтастығын жоққа шығаратын, төл тарихымызға басқаша
түсінік бергісі келетін жат жұрттық сумақы ойлы қаныпезерлер қаншама.
Олардың ойы мен сойылын соғатындарды қосып көріңіз, қазақ ұлты мен
Қазақстанды мүлдем жоққа шығарғысы келетін алапат күштің аранын ашып,
бізге дамылсыз төніп, сілекейін шұбыртып, айналадан аңдып, торып
тұрғанын көреміз. Сол себепті, ұлтымыздың келешегі мен ұрпағымыздың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, келешегімізді кемелді түрде сақтандыру
үшін, тарих ғылымын өз көзімізбен, ұлттық ойымызбен, ұлттық
көзқарасымызбен, ұлттық қанымызбен қарастыруды ерте күннен қолға
алғанымыз оң.
Ұлтымыздың керемет кешулері, Қазақстанның ғаламат тағдырлары,
Орта Азиядағы шоқтықты адамзат мәдениетінің ұлы белгілері, тарихтың
қаттаулы қалған қатпарлы беттеріндегі сырлары, соңғы үш жүз жыл бойы
отаршылдар ортаға салған көзқарастардан мүлде басқаша. Осы желіні
жінтіктей отырып қарастыратын болсақ, отаршылдар мен оларға қолғанат
болған қазақ тарихшыларының ойжота бұрмалаған немесе бір жолата
деректен алынып тасталған толып жатқан тарихи дерек көздерін көруге
болады. Бұл сөзімізді, осы айтылып отырған Кетбұға сынды қазақтың
көрнекті тұлғасына тән тарихи дерек те әйгілейді.
Кетбұға қазақ ұлтының тарихында болған адам. Ол он үшінші
ғасырдағы ірі тарихи тұлғалардың бірі ретінде танылған. Ол тарихи атақты
тұлға – Шыңғысхан дәуіріндегі ірі күйші әрі домбырашы, музыкант. Атақты
әскери қайраткер, ірі мемлекет адамы, ірі қолбасшы әрі қайтпас батыр
ретінде танылған.
Кетбұға деген ат оның есейе келе алған мемлекеттік деңгейдегі атағы
немесе шені болуы мүмкін. Олай дейтініміз, сол аталған Шыңғысхан
дәуірінде, тұтас әлемді өзіне бағындырған Моңғол империясы, өздері құрған
империялық елдегі мемлекеттік ірі қайраткерлеріне әр дәрежедегі шен мен
шекпен берген. Мысалы: хан қорғаушыларын «тұрғұт», «хоршығұт» деп
атаған. Ірі мемлекет және әскери адамын «ноян», «гүрхан», «сеңгүм»,
«күлік» деген атақтар берілген. Сол сияқты, Кетбұға аталып кеткен адамның
атағы «құт-бұғы» болуы мүмкін, кейін келе, қазақ тілінің дыбыстық
ерекшеліктеріне сәйкес Кетбұға деп аталып кеткен болуы да ғажап емес.
Олай дейтініміз, сол дәуірге дейін, моңғол және түрік тектестер, өте ерте
замандардан бері, тұтас ұлттық сенім ретінде және тотем ретінде «бұғыны»
«маралды» «борыны» ерекше қасиетті аң ретінде пір тұтқан болатын. Сол
себепті, көптеген «бұғы» жалғауы қосып айтылатын батырлар мен «бөрі»
тулы атақты адамдар есімі тарихи деректерде көп кездеседі. Сондықтан,
Кетбұғаның есімі де, сол аталған атақты адамдардың қатарында аталған
болар дейміз.
Кетбұға шамамен 1195 - жылдары қазіргі Ертіс өзені бойында дүниеге
келген. Ол 1260-жылы 9-айдың 3-і күні қайтыс болған.
1202-жылы жазда Шыңғысхан қосыны тұтас найман мемлекеті мен
хандығын жаулап алады. Найман ханы Тайханды өлтіріп, оның он мыңдаған
сарбаздарын өзіне қаратады. Осы кезде жеті жастағы Кетбұға Шыңғысхан
мемлекетіне тәуелденген наймандармен бірге моңғол империясының қол
астына өтеді. Тарихи деректердің анықтағанындай, Кетбұға Шыңғысханға
қараған найман сарбазының баласы көрінеді. Олай дейтініміз, 1223-жылы
тұтас қазақ даласы мен Орта Азия далаларын түгелдей өзіне қаратып алған
Шыңғысхан, сол жылдары Самарқанд қаласында тұрады. Үш ұлын жинап,
соңғы ақылын айтып, өзі еліне, Моңғол үстіртіне қайтып кетудің қамына
кіріседі. Сол кезде, үлкен ұлы Жошы қайтып келмей қояды. Шыңғысхан ашу
шақырып, Жошыны шақырып келуге үш дүркін шабарман жібереді.
Шабармандар ханның хаһарынан қорқып, Жошының өлімін қайтып келіп
естірте алмай дағдарады. Осы кезде, қазақтың атағы жер жарған күйші ұлы
Кетбұға, сарайбасы кептегүл әміршісіне: «мен Жошының өлгенін ұлы ханға
естіртем» дейді. Сол бойынша, қаһарлы Шыңғысханның алдына барып,
қоңыр домбырасынан сарната отырып «Ақсақ құлан» атты күйін
Шыңғысханға шертіп береді. Шыңғысхан күйді әбден естіп болып, ауыр
күрсінеді, «еһ, Жошы өлген екен-ғой!?» деп басын салбыратып, қамығады, -
деп жазады «Алтын топшы» кітабында. Көріп отырғанымыздай, жасы
жиырма сегізге енді келген жас күйші Кетбұғаның, ең алғаш рет, ел
арасындағы атағы содан бастап тұтас моңғол еліне жайылады. Кетбұға хан
ордасында өнер адамы ретінде қалады. Шыңғысханның құрметтеуіне
бөленеді.
Моңғол үстіртіне Шыңғысханмен бірге 1225-жылдары барғандығы
жазылады. Сол сапарында, қазіргі Еміл өзені бойында Төленің балаларын
тәрбиелеу, оларға күй өнерін үйрету, аталы өнерге баулу міндеті Кетбұғаға
тапсырылады. Ол жәйлі «Көкжал» атты кітапта: «Қалың қол наймандардың
бұрынғы мекеніне таяу Еміл өзенінің жағасына жеткенде, Шыңғысханды
арнайы түрде қарсы алу үшін, атамекенінен аттанып, алдыларынан
шыққан мың әскер арасында Шыңғысханның кенже ұлы Төленің баласы,
өзінің немересі, он бір жасар Құбылай, тоғыз жасар Құлағу екеуі бар еді»
деп жазады. Міне, осы немерелерді алғашқы тәрбиелегендердің бірі Кетбұға
болады.
Кетбұғаның аты тарихи деректерде, жазба естеліктерде көп жерде
кездеседі. «Дала императорлығы» деген кітапта: «Кетбұға түрік текті
найман руынан шыққан аса ірі тұлғалардың бірі. Ол Шыңғысханның сүйікті
немерелерінің бірі Құлағу ханның ең жоғары әскери қолбасшыларының бірі
болған. Шыңғысхан ұрпақтарының батысқа жасаған ұлы жорығында көзге
түскен дара әскери қолбасшы, құдіретті батыр. 1259-жылы тамыздың 11-
күні моңғолдардың ең жоғарғы қағаны Мөңке қайтыс болады. Құлағу
үшінші рет моңғол әскерлерін бастап, батыстағы соғыс шебінен шығысқа
қайтады. Сол кезде, Сурия мен Палестин жерін қорғап тұруға, қасына 20
мың әскер беріп, Кетбұғаны қолбасшы етіп қалдырады» деп жазады.
Ол жөнінде Рашиддин жазған «Тауарих» атты кітапта: «Кетбұға
астындағы тұлпарына қамшы басып, жанталаса, соғысқан жауларымен
сайыса түседі. Үзеңгілес сайыскер сардарлары оны шегінуге көндірмек болып
тырысады. Бірақ, ол айқайлап тұрып: мен өлсем де, артыма шегінбей
өлетін боламын. Егер, Құлағу ханды көре алатындарың болса, менің
өсиетімді жеткізіңдер! Кетбұға жан сауғалап шегінбеді. Жауларымен
жанталасып өлді деңдер. Осы әскерді жойып алғаныма өкінбесін, әскерде
қол бастайтын батыр туарына, биеден жауға мінер тұлпар туарына сенсін
дегін ұлы ханымызға, депті» делінеді.
«Алтын топшы» деп аталатын кітапта: «Кетбұға найман руынан
шыққан нояндардың бірі еді. Құлағудың ең ірі әскери қолбасшысы болған.
1225-жылы он екі мың әскерді бастап, батысқа Қарақорым жерінен
жорыққа аттанған. 1257-жылы оның әскерлері Парсы елін талқандады.
Келесі жылы сәуір айында Арабтардың халифасын тақтан тайдырды.
1260-жылы Сурияға шабуыл жасап, Дамашық қаласын басып алады.
Кетбұға Палестин елінің Аин-халут деген жерінде соғыста қаза болады»
деп жазады.
«Чаң-шұн-жынрын батысқа сапарым» деп жазған естелік кітапта:
«Кетбұға найман руынан шыққан атақты күйші еді. Ол Самарқанд
қаласында болған кезімде, Шыңғысханға баласы Жошының өлімін домбыра
тартып жеткізді» деп жазады. Алайда, аталған кітапта уақыты жазылмаған
еді. Біз осы аталған тәуіп шалдың, 1223-жылы Самарханд қаласына барған
уақыты мен тарихи деректерді саралай отырып, осы оқиғаның шамамен
1223-жылдары болғанын дәлелдедік. Қазақтың атақты күйі «Ақсақ құлан»
сол жылы орындалған деп қараймыз.
Біз, осы тектес жазба деректерді жан-жақтылы зерттей отырып,
ұлтымыздың аса көрнекті ұлы, қазақтың атақты күйшісі, тарихи тұлғасы, ірі
қоғам қайраткері, әскери қолбасшы болған шоқтықты тұлғаның өмірін, оның
кейбір тарихи дерегін біршама аша түскендей болдық деп айта аламыз.
Осы мақалаға қосып «Найман мемлекеті» атты тарихи кітапқа енген,
тұңғыш рет осы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланып отырған «Кетбұға
күйші суретін» Теһрән қаласынан табылғандығын күллі қазақ қауымына
сүйіншілейміз!
Бұл сурет, тарихи жазбалар қорын ақтарып жүрген кезімде, ұзақ уақыт
Иран мұражайларын ақтара зерттеп жүргенімде, кездейсоқ көзге шалықты.
Тарихи жазбаларды көне парсы тілдерімен салыстыра зерттеу барысында,
1990-жылдары ойламаған жерден тарихи қордан табылды. Тарихи
мұрағаттар ішінде «ресім Кетбұға найман» деген көне парсы жазулы
папкада сақталған жерінен таптым.
Кетбұғаның сол мұражайда сақталған көп суреттері ішінде, қазақ
ұлтының тарихи домбырасын қолына ұстаған, қазақтың қаптал қара
шапанымен түсірілген мына суретінің орыны айырықша еді. Басындағы сол
кезге, тарихи дәуірге тән, тарихи ерекшелігі бар, асыл аң терісінен жасалған
дөңгелек тарихи найман бөркі, қолындағы тоғыз пернелі үкілі қазақ
домбырасы, кімді болса да өзіне баурап әкетеді. Оң қолының домбыраны
кеудесіне киелеп мінгізіп, қастерлеп қамтып ұстауы, сол қолының пернелерді
дөп басып, қос шектерді қуалай безілдете мәнерімен басуы, осы суретте өте
нанымды түрде бейнеленген деуімізге болады.
Жас мөлшері де, тарихи деректерге сәйкес келеді. Осы суреттің
салынған кезі, парсылардың Кетбұға әскеріне қараған кезі деп есептейтін
болсақ, шамамен 1257-жылдарға тура келетіні анық. Кетбұғаның сол кезде
алпысты алқымдаған тұсы деуге болады. Салынған сурет те соны
айғақтайды. Міне, бұл, Кетбұға сынды тарихи заңғар тұлғаның бізге жете
алған нақтылы бейнесі деуімізге болады. Алғаш рет, осы суретті көрген
көрнекті мәдениет қайраткеріміз Жүрсін Ерман мырза: «Мұхтархан інім,
мына суретің Кетбұға тұлғасына өте жақын, тарихи қазақ домбырасы да
дұрыс бейнеленіпті...» деп қуанған болатын. Мұндай қуаныш күллі қазаққа
ортақ деп білеміз. Осы газеттің бас редакторы Ұлықбек Есдәулет бастаған
қаламгерлері де суретті көрген жерден, қазақ ұлтынан «сүйінші» сұрауға
асыққанын жасыра алмаймыз.
Кетбұға қазақтың ұлы күйшісі болып қалумен бірге, тарихи кезең
өмірге әкелген, ірі тарихи дәуірлердің бірі болған Шыңғысхан кезеңі
тудырған халықаралық әлемдік деңгейдегі ірі батыр, әлемдік деңгейдегі
әскери қолбасшы, әлемдік деңгейдегі ержүрек сардар екені де белгілі.
1260-жылдың тамыз айының бас кезінде, Мысырдың мәмлүк сұлтаны
Құдыс, тұтас еліне жарлық шашып, 120 мың әскерді жинап, моңғол
әскерлеріне қарсы соғысуға бұйрық береді. Ол Қаһиреден жолға шығады.
Соғысты Суриядағы моңғол әскерлеріне қарсы тұрудан бастамақ болады.
Оның басты себебі, Құдыс алдын ала моңғолдың ханы Құлағудың
шығыстағы моңғол еліне қайтып кеткенінен хабар табады. Қалған әскеріне
қарсы ірі әскери күшпен қарсы тұрсам, ислам діні үшін «шеит болу» соғысын
жүргіземін, жаудың бетін қайтаратын шешуші соғыс жасаймын деп жар
салады.
Құдыстың осы реткі моңғолдарға қарсы бағыттаған соғысы, аса сәтті
бір тарихи кезеңге дөп келді. Бұл соғыс, мәмлүктер үшін өте оңтайлы кез
болды. Олай болатыны, моңғолдардың ірі ханы Мөңке өледі. Оның тағына
талас басталады. Шыңғысхан ұрпақтары арасындағы билік таласы үдей
түседі. Сол себепті, батыс шепте соғыс салып жүрген Құлағу, өз ағасы
Құбылайдың таққа шығуына көмектесу мақсатымен, қасына жүз мыңдаған
әскери күшін алып, басқа туыстарына сес көрсетемін деп моңғол жеріне
қайтады. Ал, Араб жеріне өзінің ұзақ жыл сынақтан өткен, сақа қолбасшысы
Кетбұғаны қалдырады. Кетбұға 20 мың әскермен Дамашық қаласындағы
бекінісінде қалады.
Құдыс болса, осы хабарды ести сала, моңғолдармен соғыс жасаудың ең
ұрымтал сәті түскенін аңдайды. Сонымен, моңғол елінен келіссөзге келген
елшілерді түгелдей қырып тастап, соғысқа ерекше дайындалады. Осылайша,
Құдыс Сурияға барып, Кетбұғамен өліспей беріспейтін қиян-кескі ұрыс
салудың қамына кіріседі.
Құлағу ханның әскери күші өте мығым еді. Кетбұға бастаған әскери
қолбасшыларының арқасында, Иран үстіртінен тартып, шығыс Анадолыны
түгелімен өздеріне қаратып алған болатын. Бағдатты талқандап, ислам
әлемінің даңқы жер жарған билеушісі Айбасит Қайпатты тағынан
тайдырады. Ислам әлемінің сол кездегі ірі рухани көсеміне айналған әл-
Мұстасимды де моңғол әскерлері жер құштырған еді. Сондай-ақ, сол тұстағы
арабтардың ең ірі қалаларының бірі болған Дамашық қаласын да моңғол
әскерлері тартып алған болатын. Сол себепті, Мысырдағы мәмлүктердің де
билігі шайқалудың қауіпіне душар бола бастаған еді. Сондықтан, сол кездегі
мәмлүктердің сұлтаны Құдыс, осы реткі жасалатын соғысты ислам әлемі
үшін ең соңғы өлім мен өмірдің шешуші шайқасы «қасиетті шеит болу»
соғысы ретінде қарайды.
Соғысқа аттанудан бұрын, Құдыс Палестин жеріндегі батыстың крест
ұстаушы әскерлерінен көмек сұрайды, бірақ, Кетбұға әскерінен ауыр жеңіліс
тапқан крест әскери қолбасылары оған келіспейді. Тек, Құдыс әскерлерінің
Палестин жерінен солтүстікке қарай жорық жасап, елді кесіп өтуіне
келісімдерін береді.
Қысқаша шегініс бере отырып, Құдыстың кім екенін түсіндіре кететін
болсақ,
оның
тарихын
былайша
баяндауымызға
тура
келеді.
Он үшінші ғасырда Мысырдың Айюут хандығы құрылады. Оны 1174-
жылы Салахеддин деген адам билейді. Сол кезде, хандыққа қарасты
мәмлүктердің әскери қосыны құрылады. 1250-жылы сұлтан Ас-Салих қайтыс
болады. Осы кезде, түрік текті рулардан құралған әскердің бірі Мәмлүк
Айбек деген адам, Ас-Салихтың тағына отыратын жас баланы өлтіріп,
ханнан қалған жесірді өзі алып, хан тағына өзі отырады. Мәмлүктердің
мемлекеттік билігін құрады. Алайда, Бағдат халифасы оларды мойындамай
қояды. 1258-жылы Бағдатты моңғолдар талқандағаннан кейін, мәмлүктердің
билігі жүретін ел, сол кездегі мұсылман әлемінің ең күшті тірегіне айналады.
Мысыр мәмлүктерінің жұлдызы жанады.
«Мәмлүк» деген сөздің мәні араб тілінде «құл» дегенді білдіреді. Айбас
империясының халифалары, тоғызыншы ғасырдан бастап, Анадолия, Кіші
Азия, Кафказ, Орта Азия өңірлерінен өте көп сандағы құлдарды сатып ала
бастаған. Осы кезде, Каф-сақтары, немесе қыпшақтардан көптеген құл Араб
еліне апарылған. Кейін келе, сол құлдардан әскери қосын жасақталып,
мәмлүктер қосыны деп аталған болатын. Солардың ішінен ел билеген
адамдар да шыққан. Солардың бірі қыпшақ руынан шыққан атақты Бейбарыс
сұлтан болатын.
Мәмлүктердің көбі Орта Азиялықтардан құралады. Сол кезде Орта
Азиялық түрік тектестерден жылына 20 мың бала алдап әкетіліп, Араб еліне
сатылып отырғандығы тарихи деректерде баяндалады. Осы мәмлүктердің
әскери күші, олардың ат үстінде айбаттана шайқасатын ерекшеліктері, найза
мен садақ өнеріне ерекше қабілеттілігі, күллі Араб әлемін қаймықтырады.
Мәмлүк әскерлерінің қаруы: садақ, қорамсақ толы жебе, ұзын сапты найза,
аса өткір Дамашық қылышы, үлкен қалқаны және жүйрік аты болған.
Мәмлүк әскерлері ат үстінде шауып келе жатып, жалғыз тал құрманы
қылышпен шауып тастайтын өнерге ие болған. Құдыс осындай айбатты
әскери күш арқылы моңғол әскеріне қарсы жорыққа аттанады.
Соғыс Палестин жерінің солтүстігіндегі Айын-Жалут деген жерінде,
1260-жылы қыркүйек айының үші күні басталады.
Осының алдында, Кетбұға әскерлері крест ұстаушылардың
әскерлерімен соғысады. Сол соғыста Кетбұғаның ағасының баласы қаза
табады. Соған ашуланған Кетбұға, Сидон қаласына шабуыл жасап, крест
әскерлерін тас-талқан етеді. Құдыстың жорығына, крест әскерлерінің қорқып
қатынаса алмауы да осыдан болатын. Алайда, осы реткі соғыс, мұсылмандар
әлемі үшін, қасиетті ислам діні үшін «шеит болу» соғысы ретінде қаралды,
соғысқа қатынасуға ынталы адамдар да көп болды. Соның нәтижесінде,
Құдыс 120 әскер жинайды. Ал, оған Кетбұға 25 мың әскерімен қарсы тұрады.
Айын-Жалут қаласының маңында, ені алты-жеті шақырымдай келетін
үлкен бір сай аңғары, осы реткі соғыс жасалатын жер болып белгіленеді.
Мәмлүк әскерлері ол жерді алдын-ала таңдап алады. Мәмлүктердің Кетбұға
әскерлеріне қарсы соққы беретін негізгі күшін, сайдың ең түбіне жасырып,
сайдың екі қырқасына атқыш мергендерді орналастырады. Сайдың кіре
берісіне шегінуге оңтайлы, жасыл тулы жасақтарын қояды. Осылайша,
Кетбұға әскерлерін доға тәрізді шеңбер ішіне кіргізіп алып, қамалап жою
тактикасын қолдануды көздейді.
Ешбір жаудан беті қайтып көрмеген Кетбұғаның атты жасағы, өз
күштеріне өздері сеніп, қанды шабуылға аттанып кетеді. Қарсыласқан
мәмлүктер қосыны Кетбұға әскерімен ә дегеннен шегіне соғысады.
Кетбұғаның әскерлері қуа соққылайды. Ең соңында, Кетбұға өзінің алып
қоршаудың ішіне қалай түскенін сезе алмай қалады.
Осы кезде, Суриядан жасақталған, моңғолға қараған он мың адамдық
жаяу әскерлер қосыны шепті тастап қашады. Кетбұға қалған он мың атты
әскерді өзі бастап, мәмлүктермен қиян-кескі ұрысқа кіреді. Екі жақтың
садағынан бораған оқтан аспандағы күннің көзі тұтылады. Кетбұғаның
әскерлері ат үстінде қылыш ойнатып, алға қарай ұмтыла береді. Мәмлүк
әскерлерінің ортасын жара отырып, екі қанатын сындыра ілгерілей береді.
Осылайша, Кетбұға қосыны алғашында, мәмлүктердің зәре-құтын қашырып
жібереді. Мәмлүктер соғыса алмай, қалтырап, дағдара бастайды. Осы кезде,
Құдыс өзі атқа қонып, «Ислам діні жолында шеит болайық!» деп ұран
салып, Кетбұға әскеріне атойлап тұра шабады. Бір талай әскерді жер
құштырып, қарсы келгенін ажал қылышымен жайпап тастайды. Мұны көрген
мәмлүктерге жігер бітіп, олар тұтас шеп бойынша лап қояды. Осыдан бастап,
саны аз Кетбұға әскерлері әлсірей береді. Осы кезде көмекші сардарларының
бірі «Қолбасшым, шегініп кетейік» деп кеңес береді. Алайда, Кетбұға оған
көнбейді.
Кетбұға өзінің сардар туын қолына ұстап, өзі соғысқа кіреді. Көп
жерінен оқ тиеді. Кетбұға денесіне қадалған оқтарды өзі жұлып тастап
соғыса береді. Соңында кеуде айнасын талқандап барып, кеуде шеміршегіне
қадалған оқтан атынан құлайды. Палестиннің Бейсен деген жерінде жау
қолына түседі.
Рашиддин жазған «Тауарих» атты кітапта: «Кетбұға тұлпарына
қамшы басып, жауларына қарсы ұмтылады. Соңында аттан жығылып,
жау қолына түседі. Екі қолы байлаулы, Құдыстың алдына келтіріледі.
Құдыс оған: «қаншама жанның басын алсаң да, бүгін менің тұтқыным
болдың», - деп мысқылдап кекейді. Сонда Кетбұға айқайлап тұрып: «Сенің
қолыңнан өлсем, бұл, ұлы Тәңірдің жазғаны. Ол, сенің қалауың емес. Бір
мезеттік жеңісіңе масаттанба. Менің өлген хабарым Құлағу ханның
құлағына тисе, Әзірбайжаннан тартып, Мысырға дейінгі топырақ моңғол
әскерінің тұяғының астында тапталады. Мен өмір бойы көктің
тұқымымын, сендер болсаңдар, билеушісін өлтірген жауызсыңдар», дейді.
Осы сөзге бола ашу шақырған Құдыс, Кетбұғаны қылышпен шауып өлтіреді.
Кейін, Бейбарыс келіп, Кетбұғаны өлтіріп тастағаны үшін Құдысты
өлтіріп, өзі сұлтан болады» деп жазады. Осыдан кейінгі кезде, Бейбарыс
сұлтан арнаулы елші жіберіп, өз қандасы Кетбұғаның Құдыстың қолынан
жазатайым қаза тапқанына өкініп, оның жазықсыз өлгенін айтып, Құлағу
ханнан кешірім сұрайды.
Шыңғысхандай әлемді дүр сілкінткен ұлы қолбасшы құрған ірі
империяда қызмет еткен, сол ортада әлемдік ең жоғары дәрежелі мәртебеге
жеткен, өзінің бойына біткен аса дара талантымен өз дәуірін таңғалдырған
ұлылардың бірі, тарихтағы қазақтың найман руынан шыққан Кетбұға еді.
Бір дәуірді, жалпақ әлемнің жартысын қайталанбас дара тұлғалы
өнерімен, ешкімге ұқсамайтын теңдессіз батырлығымен, өзгеше кемеңгер
көсемдігімен, ұлы жауынгерлік қаһарман қасиетімен, қазақ ұлтына тән
керемет мінезімен көзге түскен тарихи тұлға, Кетбұға күйші, өзінің даңқтарға
толы өмірі мен тіршіліктегі аласапыран сапарын аяқтаған болатын.
Қорыта келгенде, қазақ ұлтының тарихи тұлғалары, Қазақстанның
мемлекеттік елеулі мақтаныш тұғырында ұрпақтан-ұрпаққа жететін алтын
әріптермен жазылатын күні туса, нұр үстіне нұр болар еді. Өзімізді өзгелер
таныған соң, танудан гөрі, өз ұлымызды өзіміз қадірлеуді үйренетін уақыт
жеткен секілді. Аталар рухы өлмесе, ұрпақтың мерейі аспандай береді. Елдік
пен мемлекеттік өре, ауыл мен ру деңгейінде қалмауына кепілдік еткенде
ғана, тарихымыз қайтадан алтын нұрын әлемге шаша алады. Өз
ұрпағымызды өз қанымыздағы тасқындаған ерліктермен, теңдессіз тарихи
ерекшелігімізбен, кешегі керемет кешулерімізбен, ұлттық тарихи
тұлғаларымызбен баулуды ұмытпайық ағайын. Басқаларға, Батысқа
табынудан гөрі, өз ұлымызға өзіміз сүйінуді үйрене берейік. Қазақшыл болу -
бақыт. Батысшыл болу – сор боларын ертеден ескерейік.
«Қазақ әдебиеті» газеті, №45, 9-15-қараша, 2007 жыл.
|