Ұлт тұЛҒасы – Ұлы жырау кетбұҚА



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата03.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#7572
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

 



 

ҰЛТ ТҰЛҒАСЫ – ҰЛЫ 

ЖЫРАУ КЕТБҰҚА                

                       АТАЛЫҚ БИ 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰЛТ ТҰЛҒАСЫ – ҰЛЫ ЖЫРАУ 

КЕТБҰҚА АТАЛЫҚ БИ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Жезқазған, 2013жыл.



 

 

 



 

 

Редакция алқасы: К.Балкенов, Т.Бүкіров.  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Бұл  кітапқа  тарихи  тұлға,  күйші,  жырау,  мемлекет  қайраткері,  алты 

Алаштың  абызы    Кетбұқа  бабамыз  туралы  Қ.И.  Сәтбаев  атындағы  тарихи-

өндірістік  мұражай  қорында  жинақталған  тарихи  құжаттар  мен  аңыз-

әңгімелер топтамасы кіріп отыр. Шыңғыс хан тарихи  заманында от ауызды 

шешен, ел бастаған көсем, қол бастаған батыр Кетбұқа бабамыздың бейнесін 

толық болмаса да осы кітаптан оқуға болады.  

 

Кітап  Ұлы  бабамыз  Кетбұқа  Аталық  бидің  830  жылдық  мерейтойы 



қарсаңында шығарылып отыр.  

 

 



  

 

 



«Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің Қ.И.Сәтбаев 

атындағы тарихи-өндірістік мұражайы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

МАЗМҰНЫ 

 

 

Тұрсын Жұртбаев. Кетбұқа.................................................................................4 

Қуаныш Ахметов.  Кетбұғы – кемеңгер бабамыз .............................................34 

Мұрат Әбуғазы. Күй атасы – Кетбұқа ...............................................................42 

Қайрат Сәки. Айн Джалут шайқасы ..................................................................46 

Сұлтан Сүтбаев. Кетбұқа баба...........................................................................49 

Султан Сутбаев. Кетбука баба ...........................................................................52 

Мұхтархан Оразбай.  Кетбұқа күйшінің тарихи суреті табылды ...................55 

Балкенова Г.Х.  Ұлт тұлғасы – Кетбұқа...............................................................63 

Аталык жырау – Кетбука......................................................................................65 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Тұрсын ЖҰРТБАЕВ 

 

КЕТБҰҚА 

Тарихи әфсана 

 

Әлқиса,  сөз  атасы    -  аңыз  емес  пе. 



Ендеше,  біз  де  әңгімемізді  аңыздан  бастайық. 

Бұл  оқиға  тым  есте  жоқ  ескі  заманда  да  емес, 

жадымызда жаңғырығы қалған бергі заманда да 

емес,  жадымызда  жаңғырығы  қалған  бергі 

заманда  да  емес,  тарихта  аты  мен  жазған  хаты 

қалған Шыңғыс хан мен Жошы ханның тұсында 

өтсе керек.  

Қазақта  «қырық  жыл  қырғын  болса  да, 

ажалды  өледі»  деген  қанатты  сөз  бар  ғой. 

Қаншама шапқыншылыққа толы қилы кезеңнің 

арасында  да  бір  толас  тапқан  мамыражай  шақ 

туып,  сайын  дала  еркін  тыныс  алған  сондай 

күннің  бірінде  екі  жолаушы  жолға  шығыпты. 

Бұл  екеуі  жай  жолаушы  емес  өнерімен  елді 

таңдандырған  күйші  екен.  Аңызға  сенсек,  бұл 

тұс жаугершілік заманы болатын. Бірақ сол жылы қыста қар қалың, күн аяз, 

көктем ұзақ болғандықтан елдің малы жұтқа ұшырап, жұрт қатты күйзеліске 

түсіпті.  Үйірлі  жылқыдан  мінерге  ат,  келелі  түйеден  сауынға  інген,  қоралы 

қойдан тігерге тұяқ қана қалса керек. «Күн күркіреп, жаз шығар өлмегенге», 

деп  аталарымыздың  өлеңге  қосқанындай,  жер  қарайып,  көк  шығып,  елдің 

аузы аққа ілініпті. Жаугершілік заманы болса да, ағайын жұрттың амандығын 

білу  үшін  алысқа  аттанған  екі  күйші  жапан  далада  жортып  келе  жатыпты. 

Жортып келе жатып, көз ұшында қарайған бір отауды көзі шалып, ат басын 

солай қарай бұрыпты.  

Әлгі екі жолаушының көзі шалған үйдің іші де, сырты да, үй иелері де 

жүдеу еді. Себебі, отағасының жалғыз ұлы дүниеден ерте кетіп, әкесін қайғы-

қасіретте қалдырыпты. Қысқы жұттан бар малы қырылып, жалғыз інген ғана 

аман  шығыпты.  Сол  інген  көктемде  боталап,  әлгі  үйді  қуанышқа  кенеліпті. 

Төрт түліктің ең күштісі болса да, түйенің ботасы нәзік келеді. Әлдебіреудің 

көзінің сұғы тиіп, ойнақтап жүрген бота аяқ астынан өліп қалады. Ботасынан 

айырылған  інген  ен  даланы  ащы  зарға  толтырып,  күнұзақ  боздап,  ботасын 

жоқтаумен  болады.  Өркешін  шайқап,  шудасын  желкілдетіп  әр  төбенің 

басына бір шығады да, өзегіне толған өксігін баса алмай, қайтадан үйге келіп, 

өлген  ботасының  тұлыбын  иіскеп,  екі  көзінен  жас  парлап,  шөгіп  жатып 

алады  екен.  Баласынан  айырылған  адамдардың:  «Ботасы  өлген  інгендей 

боздап  қалдым»,  деп  жоқтау  айтып  жылауы  тегін  емес.  Інгеннің  зарындай 

зарлы  үн  болмаса  керек-ті.  Мына  жануардың  шерлене  боздаған  дауысын 

естіп  өзінің  жалғыз  ұлының  қазасын  есіне  алған  отағасы  сыртта  күрсінеді. 



Ботасынан  айырылған  інгеннің  боздауы  мен  жалғызынан  айырылған 

қарияның  ішінен  жалын  атып  сыртқа  шыққан  өксігін  естіген  есті  қыз,  бір 

аңызда әлгі шалдың келіні деп те айтылады, үйде отырып күрсінеді.  

Күрсінеді  де,  күбісін  қолына  алып,  інгенді  саууға  барады.  Хайуан  да 

болса  өзекті  жан  иесі  ғой,  қан  тамырына  өкініштің  уыты  тараған  інгеннің 

емшегінен  сүт  шықпай  қойыпты.  Ботасының  тұлыбын  иіскеп  барып  иитін 

жануар енді оның тірілмесіне көзі жетіп, әбден күдерін үзген екен. Кірпігіне 

жас  үйірілген  қыз  уайымын  әкесіне  білдірмейді.  Қалайда  қартың  көңілін 

жұбатып,  інгеннің  боздауына  тыйым  салып,  жануарды  иітудің  амалын 

ойлайды. Қызының да қиналғанын көрген қария: 

- Үшеумізді  бірдей боздатып қойған, тәңір-ай, - деп налиды.  

Сонда ақылды да зерделі қыз әкесін жұбатып: 

          -  Әке,  өзегіңді  өксікке  толтырып,  қайғылана  беріп  қайтесіз.  Құдайдың 

да  бір  жақсылығы  бар  шығар.  Жұтатқан  тәңірім  жұбата  да  біледі.  «Таңғы 

нәсіп – тәңірден» деуші еді ғой. Шыдай тұрайық, - депті.  

Қызының  не  ойлағанын  қарт  адам  қайдан  білсін.  Уайымының  уыты 

ішін  өртегені  аздай,  енді  қорек  етіп  отырған  шұбаттан  қағылған  әкесінің 

өзегін жалғау үшін әлгі қыз тосын бір шешімге бекінеді. Өлген ағасын тірілте 

алмасын  біледі,  бірақ  мына  інгенді  иітіп  алпыс  екі  тамырды  зар  қақсатқан 

боздауын  тыйдырып,  әкесін  жан  азабынан  құтқаруды  ойлайды.  Сол  ойға 

бекінген қыз бір күні:  

-  Әке,  боз  інгенге  қосылып  боздап  отыра  береміз  бе.  Тірі  тіршілігін 

жасау  керек.  Өзекке  ілінген  уайым  өлтірмей  қоймайды.  Мына  боз  інгенді 

иітіп,  боздауын  қойдырайын.  Күні-түні  құлақ  етіңді  жеп,  жүрегіңді  кеміріп 

сенің  де  жұлын-жүйкеңді  жүйкелетті.  Маған  ақ  батаңды  бер.  Сайын  далаға 

сауын  айтайын.  Кімде  кім  батасы  өлген  боз  інгеннің  боздауын  тоқтатып, 

емшегін иітіп берсе, мені соған қосыңыз, - дейді.  

Шерлі  әке  аңғарлы қызының  уәжіне  тоқтап,  тілеген  тілегіне рұқсатын 

беріпті.  Әдепті  де  әдемі  қыздың  елге  айтқан  сауынын  естіген  не  бір 

бекзадалар  мен  мырзалар,  күйшілер  мен  әншілер,  қобызшы  мен 

сыбызғышылар  жан-жақтан  ат  сабылтып  келеді.  Бойындағы  өнерін  аямай 

сарқа  көрсетіп,  сан  түрлі  күй  шертсе  де  боз  інген  міз  бақпапты.  Сол  баяғы 

қалпын  сақтап,  екі  көзі  мөлдіреп,  ботасының  тұлыбын  иіскеумен  болыпты. 

Амалы таусылып, сағы сынған өнерпаздардың басы салбырап, қайтайын десе 

–  әдемі  қызды  қимай,  қайтпайын  десе  –  қыздың  қойған  шартын  орындай 

алмай,  жұрт  аяғы  да  сирейді.  Боз  інген  боздауын  қоймайды.  Қайғысы 

сейілмеген қарт бірде: 

- Боз інген боздауынан жазбады. Мен сорлыны не алмады, не қоймады. 

Бұл Жаратқанның несін алдым соншама! – деп назаланыпты.  

Сонда ақылды қыз тағы да баяғыдағы сөзін айтып: 

-  Жаратқанның  бізге  де  бір  жақсылығы  бар  шығар.  Шыдай  тұрайық, 

әке, - дейді.  

Қыздың  сол  айтқан  сөзін  естігендей,  сәске  көтеріле  екі  жолаушы  әлгі 

үйге  қарай  беттейді.  Мұны  көрген  қыздың  оң  қабағы  тарта  бастайды. 

Жолаушылар  үйге  таянғанда  қыздың  көзі  екеуінің  қанжығасындағы 


домбыраға  түседі.  Жүрегі  әлденені  сезгендей  лүпілдеп  сала  береді.  Кеуіп 

қалған  күбінің  ішін  шәйіп,  білегін  сыбанып,  бетіне  шырай  кіре  бастайды. 

Жолаушылар  аттарынан  түсіп  үйге  қарай  аяңдайды.  Келген  адамның  біреуі 

сондай  еңселі,  ақ  сақалы  кеудесін  жапқан,  көзі  ойлы,  саусақтары  салалы, 

көкірегі күйдің көрігіндей үні гуілдеп шығатын ақ қанат қыран сияқты бірден 

қасиетті адам екен. Есті қыз бұл жолаушыны бірден тұспалдап білді. Ол иісі 

ел-жұрт  Аталық  жырау  –  Ұлығ  би  атап  кеткен  Кетбұқа  еді.  Ал  жанындағы 

серігі  қыр  мінезді,  қияқ  мұрт,  аршын  бойлы,  апайтөс,  саусағы  шыбықтай 

солқылдаған,  сіңірі  қатпаған  жігіт  екен.  Қыздың  көңіліне  шоқ  түскендей 

болып,  алабұртып  қоя  береді.  Өзі  ылғи  да  әкесіне  қайталап  айта  беретін: 

«Бізге  де  құдайдың  бір  жақсылығы  бар  шығар.  Күте  тұрайық»,  -  деген 

тілегінің дәл осы жолы қабыл болатынын іші сезгендей еді.  

Қамкөңіл  қария  өзінің  қамкөңіл  тіршілігін  айтып,  сөзінің  аяғын  боз 

інгенге тіреп: 

- Е, бұл екеуіміздің шеменімізді ерітетін пенде де шықпай қойды. Өнер 

азып,  құлаққа  кірмейтін  болғаны  ма,  жоқ,  қайғы  біздің  саңылауымызды 

сартап  қылған  ба,  білмеймін.  Боз  інгеннің  боздауын  қойдырып,  емшегін 

иіткен адамға  «мені  қосыңыз»  деген  соң,  қызыма берген  ақ  батам  да  қабыл 

болмады, қайтейін, - деп күрсініп жіберді де, төмен қарап отырып қалды.  

Мынау  қарияның  көкірегіне  толған  запыранды  осы  отырған  екеуінің 

бірі  сейілтіп  кетуі  керек  екенін  Ұлығ  би-Кетбұқа  да,  жас  оғлан  да  түсінді. 

Түсінді  де,  үнсіз  отырып  қалды.  Не  істемек  керек?  Аталық  жырау  – 

тәжірибесіне,  тұла  бойындағы  ұлы  қасиетіне  сенеді.  Жас  серігі  талантына 

сенеді. Ата салтын аттап, бірінші боп күй тартудан бас тартса – жеңілгенінің 

белгісі.  Кетбұқа  қызға  қарады.  Қыз  төмен  қарады.  Қабағы  дір  ете  түсті. 

Мұның  мағынасы  не?  Күнің  өтті  дегені  ме?    Күнің  өтті...  Кетбұқа 

шамырқанып кетті де: 

-  Өзімнің  күнім  өтсе  де,  күйімнің  күні  өткен  жоқ!  Көнегіңді  алып 

ботаның  тұлыбының  қасына  бар,  қарағым,  -  деді  де,  өзі  атының 

қанжығасындағы домбырасын алып келуге кетті.  

Қызының қабағындағы дірілді байқаған әке: 

- Қызым, сауға сұрап, ниетінен қайырсам қайтеді, - деді. Сонда қыз әлі 

орнынан қозғалмаған жас күйшіге қарап қойып: 

-  Әке,  Ұлы  жыраудың  бетінен  қақпаңыз.  Киелі  жанның  жанын 

жасытпа.  Әуелі  нарды  идірсін.  Қалғанын  көре  жатармыз,  -  деді  де,  көнегін 

алып інгенге қарай беттеді.  

Үмітсіз дүние бола ма? Тамырлары суалып, тарамыс тартқан боз інген 

ботасының  тулаққа  айналған  терісін  көргенде  ойнақтап  жүрген  ботасы  көз 

алдына  елестеп  кетті  ме,  кім  білсін,  ентелей  келіп  тұлыпты  иіскеп-иіскеп 

жіберді. Ерінмен екі-үш түртіп-түртіп қалып, көні қатқан тулақ екеніне енді 

сенгендей  қалыппен  меңірейіп  ұзақ  тұрды  да,  боздап  қоя  берді.  Қарияның 

айтқаны  рас  екен,  мына  ащы  үн  тұла  бойыңды  шымырлатып,  сай-сүйегіңді 

сырқыратады  екен.  Жүйкесі  бар  адамның  егілмеуі  мүмкін  емес.  Қамкөңіл 

қыздың әкесі де төмен қарап, уайымның тереңіне батып кетіпті. Ботасының 

қайтып келмесіне, енді тірі көрмесіне иланған інген де бар қасіретін бойына 


жиып,  қан  тамырлары  сіңір  боп  кеуіп  қалыпты.  Ұлығ  жыраудың,  Аталық 

жыраудың,  атақты  Кетбұқаның  да  көкірегі  шерге  толы  еді.  Елінің  зары, 

жерінің  зары,  қыршынынан  қиылған  боздақтардың  асыл  арманы    оның  да 

көкейінде  өксік  боп  тығылып,  жүрегі  егіліп  жүрген  болатын.  Мынау 

мұңлықтардың  мұңы  Кетбұқаның  да  жанын  тебірентіп  жіберді.  Шабыты 

қысқан  жырау  шамырқана  басып,  ботасының  тулақ  терісіне  түңіле  қараған 

інгеннің алдына келіп малдас құрып отыра кетті де, домбырасының құлағын 

бұрап,  күйге  келтірді  де,  қос  ішекті  шанақты  қағып-қағып  жіберіп,  әлдебір 

азалы әуенді тарта жөнелді. Әуен барған сайын тыңдаған адамның да, шерлі 

жануардың  жа  жүрек  тамырын  солқылдатып,  шымырлата  сыңсып,  тереңге 

шым-шым батыра берді.  

Домбыраның көмейінен күй емес – күйік, әуен емес – өксік, ызың емес 

– зар төгіледі. Тереңнен шымырлап жоғары көтерілген теңіздің толқынындай 

күй әуені кеудені керіп барады. Лықси-лықси арнасын керген шер толқыны 

шарасынан асып барып, қайта кері қайтып, сәл саябырсып алады да, тағы да 

лықси  жөнеледі.  Домбыраның  мынау  солқылдатқан  қоңыр  үні  жүйке-

жүйкеңді,  тамыр-тамырыңды  қуалап, шемен  боп  қатқан  сезім  түйіршіктерін 

ерітіп,  өкініштің  уытын  өзегіңді  өртеген  ыстық  жалынға  айналдырып 

жібергендей.  Қамкөңіл  қарт  та,  тамыры  суалған  інген  де,  қиылған  қыз  да, 

қияқ  мұрт  жас  күйші  де  демдерін  ішіне  тартып  бір  сәтке  тынши  қалыпты. 

Күй  әуені  сол  сарынмен  сәл  ғана  саябырсып  барып  кенеттен  енесіне 

еркелеген  ботаның ойнақтағанын  еске салатын ырғаққа  көшкенде, о, ғажап, 

боз інгеннің жүйкесі босап, ыңыранып қоя беріпті. Күй одан да әрмен екілене 

екпін алып, ботасыз қалған нардың алпыс екі тамырын қуалай ерітеді. Үкідей 

үлпілдеген  ерке  ботасының  еркелей  ойнақтағаны,  жып-жылы  ернінің 

емшегін  қытықтағаны,  тәтті  тілімен  тамсана  емшегін  сорғаны  есіне  түсіп, 

інген  қайта-қайта  ыңыранып,  емірене  түседі.  Бір  кезде  әлгі  әуен  інгеннің 

жүрек  тамырын  суарып  алғандай  солқылдата  келіп,  ілме  қағысқа  ауысып, 

арлы-берлі  лықсып  тұрып,  ботаның  емшекті  емірене  сорпылдата  сорғанын 

елестетіп, домбыра шанағынан төгілген күй: 

 - Көс-көс! Көс-көс! Көс-көс! – деп сөйлеп қоя береді. 

О, жасаған! Сол кезде боз інген ыңыранып барып, екі бұтын талтайтып 

жіберіп  иіп  сала  беріпті.  Кеуіп  қалған  желініне  нәр  жүгіріп,  бірте-бірте 

емшекті  сүт  кере  бастайды.  Інген  ыңыранған  сайын  көзінен  жасы  боталап, 

жанарын  жуа  беріпті.  Кетбұқа  да  домбырасының  қағысын  мың  құбылтып, 

бірде  баяулатып,    бірде  төпеп-төпеп  жіберіп,  ара-арасында  ілме  қағыспен 

солқылдата  шертіп,  нарды  идіріпті.  Табиғаттың  мына  құдіретті  күшіне  таң 

қалған  қарт  пен  жас  күйші  де  күймен  бірге  егіліпті.  Тас  емшегі  жібіген 

нардың  ешкіммен  жұмысы  жоқ,  күйдің  әуеніне  балқып,  ботасының  тулақ 

терісін иіскеп қойып ии беріпті, ии беріпті... 

Тек  осынау  шапағатты  шақта,  күйдің  әрбір  үні  жүрегіне  шаншудай 

қадалған  бір  адам  бар  болатын.  Ол  шалдың  қызы  еді.  Оның  да  жүрегін 

шымшыған  бір  мұңы  бар  еді.  Ұлы  жыраудың  алғашқы  домбыра  қағысын 

естігенде-ақ боз інгенді иітпей қоймайтынын білген. Інген ыңыранған кезден 

бастап-ақ  көнегін  жоғары  көтеріп,  түйенің  емшегін  көлегейлей  берген. 


Желінді  сүт  керней  бастаған  сәтте  нәзік  те  тегеуірінді  саусақтарымен 

емшекті  мықтап  қысып  ұстап,  сүт  шығармай  отыр  еді.  Күй  үстемелеген 

сайын інгеннің емшегі жарылып кете жаздай сыздап барады. Бағана әкесінің 

дегеніне көнбей: «Қалғанын көре жатармыз» дегендегі амалы осы еді. Бірақ 

мынау Ұлы күй жануар түгіл мұның өзінің де тамыр-тамырын иітіп барады. 

Желіні сыздаған інген енді тезірек сауса екен деп ыңырана бастады. Емшекті 

қыса-қыса  саусағы  қарысқан  қыздан  да  дәрмен  кетті.  Сол  кезде  інгеннің 

желінін  көнегімен  көлегейлеген  қызға  қараған  Кетбұқа  жырау  ақырын  ғана 

қасын  қағып:  «Қалай,  иіді  ме?»  дегендей  ишара  танытады.  Саусағының 

арасынан сыздықтап шыға бастаған сүтті көрсетпей, барынша емшекті қыса 

түсіп: «Жоқ, әлі иіген жоқ», деп басын шайқайды. Шынымен күйінің құдіреті 

кете  бастағандай  сезінген  Кетбұқа  домбыраны  бұрынғыдан  бетер  зарлатып, 

біресе мамырлата, біресе қоңырлата, біресе төкпелете тартады. Әуенге әбден 

елтіген  боз  інгеннің  тұла  бойы  тұтас  сүт  боп  еріп,  желінін  жарып  жібере 

жаздардай  боп  ииді.  Дәрмені  кетіп  бара  жатқан  қыз  бұдан  әрі  шыдай 

алмайтынын  біліп,  күйші  жігітке  қарағанда,  көзінен  жасы  ыршып-ыршып 

кетіпті.  Мұны  жігіт  те,  Кетбұқа  жырау  да  байқай  қалыпты.  Жануарды 

қинамас үшін Кетбұқа жорта күйін баяулатып: 

-  Паһ,  шіркін,  күйім  келіскенмен  күнім  өтіп  кетіпті  ғой,  -  деп,  жас 

күйшіге кезегін беріпті.  

Жас  күйші  де  қыздың  ықыласынан  шығу  үшін  барын  салып 

домбыраны  шабыта  тартады.  Жігіт  шанақты  бір-екі  қағып  қалғанда-ақ  қыз 

сыздап  тұрған  емшекті  қысып  отырған  саусағын  жазып  жібереді.  Сол  сәтте 

ағыл-тегіл  иіген  нардың  сүті  көнектің  түбін  тесіп  кете  жаздай  жөнеліпті. 

Жігіттің де, қыздың әкесінің де қабағы жадырап сала беріпті. Әдепті қыздың 

ықыласына  риза  болған  жігіттің  ыстық  сезімге  толы  бұл  күйінің  аты  – 

«Күйдім-жандым»  екен.  Ал  Ұлығ  жыраудың  күйінің  атын  халық  –  «Нар 

идірген»  деп  атап  кетіпті.  Уәде  бойынша  қарт  өзінің  қызын  жас  жігітке 

қосыпты.  

Бірақ та ботасы өлген боз інгенді иіткен Кетбұқа жыраудың күйі екенін 

білген қария Ұлы күйшінің көңілінде кірбің, өкпе-наз қалмасын деп: 

- Ұлығ жырау, көні қатқан тулақты тірілткендей боп боз інгеннің алпыс 

екі  тамырын  иіткен  сіздің  күйіңіз.  Бірақ  жастың  тілегі  жаста  ғой.  Қызым 

емшекке иіп келген сүтті іркіп қалды. Әуелгі төрелік өзіңізде, - деген екен.  

Сонда Ұлығ жырау кеудесін кере демін ап, бір күрсініпті де: 

-  Өзім  қартайсамда,  күйімнің  қартаймағанын  көріп  бір  жасап  қалдым. 

Елімнің  жарасына  ем  іздеп  жүріп,  жастарының  жүрегіне  жара  салып 

қайтейін.  Тек  өнерде  «неғылайын»  деген  сыпайылық  болмайды. 

Домбырамның меселі қайтпасын, күйімнің құты қашпасын, - деп тағы бір күй 

тартыпты.  

Кетбұқаның  бұл  тартқан  күйі  әкесіне  айтқан  сырын  білдіреді  екен. 

Сондықтан да кейін ол күй – «Ақсақал» деп аталыпты.  

Күй  тартып  болған  соң,  Ұлығ  жырау  –  Кетбұқа  домбырасын  қолына 

алып,  кермедегі  атына  қарай  аяңдай  жүргенде,  боз  інген  боздап  жіберіп, 

күйшінің  артынан  ере  жөнеліпті.  Сонда  намысқа  тырысқан  жас  күйші 


Кетбұқаның  соңынан  ерген  інгенді  өзінің  күйімен  кері  қайырып  алыпты 

деседі.  

Міне, «Нар идірген», «Күйдім-жандым», «Ақсақал» атты үш бөлімнен 

тұратын  күй  осылай  дүниеге  келген  екен,  деп  аңыз  етеді  еліміз.  Оны 

шығарған  сонау  Шыңғыс  хан,  Жошы  хан  заманында  өмір  сүрген  Ұлығ 

жырау, Аталық жырау – Кетбұқа.  

Қазақ халқының тарихын зерттеген ғұлама ғалымның бірі Мұхамеджан 

Тынышбаевтың  «Қазақ  халқының  тарихына  қатысты  деректер»  атты 

кітабының  түсіндірмесінде:  «Кетбұқа  –  аңыз  бойынша  көне  замандағы 

қазақтың  ең  ұлы  абызы,  сыйынатын  пірі,  бақсылар  осы  күнге  дейін  оның 

атын атап, аруағын шақырады», - деп баға беретін ұлы абыз – осы Кетбұқа.  

Сондай-ақ,  атақты  тарихшы  Әлкей  Марғұланның:  «...ХІІІ  ғасырда 

жасаған  атақты  жырау  –  «Ақсақ  құлан»,  «Жошы  хан»  күйін  орасан  көп 

халықтың  ортасында  тартып  беріп,  музыка  үнінің  кереметін  танытқан 

Аталық  жырау  (шын  аты  –  Кетбұқа,  кейбір  жерде  Кербұқа)  еді,  деп 

тамсанатын жырауы да осы Кетбұқа. 

Адамның  бағын  көтеріп,  даңқын  шығаратын,  содан  кейін  уақыт  өте 

келе  аңызға  айналып,  шындығы  өтірікке,  өтірігі  шындыққа  бергісіз 

хикаяларға  ұласатын  таңғажайып  бір  оқиғалар  сері  көңілді  көшпелілердің 

өмірінде көп кездескен. Бара-бара өмірдегі нақты тұлға қиялдың құдіретімен 

аруақтанып,  оның  жер  басып  жүрген  пенде  болғандығын  ұмыттырып 

жібереді.  Түркі  халқының  ұзақ-сонар  тарих    көшінде  оларды  басқа 

жұрағаттарға сіңіп кетуден сақтаған да сол рухани жыр күші.  

Қазақ  елінің  сондай  қасиетті  дегдарларының  бірі  –  ұлы  абыз,  ұлы 

жыршы,  ұлы  ноян  Кетбұқа.  Ол  туралы  аңыздардың  әрқайсысында  тек  қана 

елдің  мүддесі  қозғалады.  Соған  қарағанда,  жердің  бетіне  ойран  сала  келген 

он  үшінші  ғасырдағы  «сұм  заманның»  тұсында  ғұмыр  кешкен  Кетбұқаның 

тағдыры  да  тістескен  тамыр  сияқты  Шығыс  пен  Батыстың  арасындағы 

ондаған  халықтың  бақталайымен  байланысып  жатыр.  Бірақ  қай  жұрттың 

шежіресінде қандай кейіпте суреттелсе де, қазақ үшін ол – сол бір елі үшін 

аңырата  қобыз  тартып,  домбырамен  күй  шертіп,  көкірегі  қарс  айырылған 

абыз;  қабағынан  қар  жауған  Шыңғыс  ханның  өзіне  елі  үшін  басын  тігіп, 

ұлының  өлімін  естірткен  дана  жырау,  ең  соңында,  үрім-бұтағын  құртып 

жібермес  үшін  Иерусалимге  жорыққа  аттанған  Хұлағу  ханзаданың  саяси 

кеңесшісі болған әскербасы.  

Мүмкін,  соңғы  сөйлем  нанымсыз  көрінер.  Бірақ  қалай  дегенмен  де, 

ақиқатты  аңыздан  ажыратып  алуға  хақылымыз.  Индияны  іздеп  шыққан 

Христофор Колумб үндіс еліне тап болды. Шлиман Троя қаласының орынын 

тапты. Күтпеген жерден жер қазушылардың адалдығының арқасында Кемел 

Ақышев «алтын адамға» жолықты. Осы кездейсоқ үш оқиғаның жолын беріп

сәтін келтірсе, несі бар. Сонымен Кетбұқа жыраудың өзі өмірде кім болған, 

соған үңіліп көрейікші.  

Әңгімені аңыздан өрбітейік.  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет