Ұлт тұЛҒасы – Ұлы жырау кетбұҚА



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата03.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#7572
1   2   3   4   5   6   7   8   9

І 

Кетбұқаның бүкіл саналы ғұмыры халықты қансыратқан «сұм заманда» 

өтті.  Есін  білгеннен  ел  ішінің  азалы  қазасын  көріп,  көкірегі  қасіреттен  қарс 

айырылып,  өксіп  жүріп  ер  жетті.  Жүрегі  жаралы  жан  дертінің  дауасын 

Қорқыттың қобызынан тапты. Күні кеше ғана толған айдай толықсып, айдын 

көлде  жүзген  қаздай  мамырлап,  берекесі  тасып,  алтын  алтайдың  қос 

қапталына  аударылып-төңкеріле  төгілген  Инал-Білгі  ханның  тұсындағы 

найман  мемлекетінің  өзара  қырқыстан  қасірет  теңізін  кешіп,  қайғыға 

қамалған  қам  көңілін  қобыздың  төбе  құйқаңды  шымырлатар  зарлы  үніне 

қосыла толғай жырлады.  

Таян  хан  да,  Күшлік  хан  да  Шыңғыстан  қансырай  жеңілген  соң, 

Алтайдың  Арай  асуын,  Тарбағатайдың  Етікші  биігін  асып,  азып-тозған 

қарттарды,  жесір  қалған  әйелдерді,  жетім  қалған  балаларды,  жаралы 

жауынгерлерді  бастап,  Көкшіл  теңіздің  (Балқаш)  батысына  қарай  шұбады.  

Босқан ел осыдан екі жүз-екі жүз елу  жыл бұрын іргесі айырылған қыпшақ 

Құнан  абыздың  еліне  ілікті.  Көрші  қаңлы  мен  қарлықтар  да  етегін  жиып, 

орталарынан орын берді. Ағайынды Кетбұқа мен Келбұқа жаралы жұртының 

жабыққан  жанын  жұбатып,  тозған  елінің  жыртығын  бүтіндеуге  кірісті.  Сол 

кезде Шыңғыстың шеңгелінен құтылған Күшлік хан Талас – Баласұғындағы 

кедендердің гүрханымен тіл табысты. Іле өзі таққа отырды. Жетім ұл - жетім, 

жетім  –  қыз  бойжеткен  атанды.  Ұрпақ  жаңарып,  үйлі  жан  –  руға,  рулы  ел- 

ұлысқа айналып, Сарыарқаны кеулей жайлады.  

Жерінен  босқан  елдің  ата-мекенінен  артық  сағынышы  бола  ма? 

Кетбұқа да қобызын күңірентіп, Алтай мен Тарбағатайдың салқын төсін зар 

күйіне қосты. Ел оны: «Кете ата», «Кете абыз», «Кете жырау» деп атады. Інісі 

Келбұқаға  төрт  түлік  малды  аманатқа  тапсырып,  ұлыс  пен  ұлыс,  тайпа  мен 

тайпа,  ел  мен  ел  арасындағы  татулық  мәмілесіне  өзі  араласты.  Жауырыны 

құныстанып,  шамқос  күймен  шамырқанып,  күжірейе  отырып,  толғай  қобыз 

тартып,  күңірене  сөйлегеніне  қарап,  бөрі,  бұқа,  қыран,  тұйғын,  құнан,  тай 

сияқты  киелі  хайуанаттың  атын  кісінің  есіміне  қосып  айтатын  ежелгі  түркі 

дәстүрі бойынша «Кет-бұқа» атанды. Бұл Кете би, Кете ер, Кете – ел көсемі 

деген  мағынаны  білдіреді.  Ал  енді  осы  Кетбұқаның  өмірін  аңыздан  аршып 

алып,  нақты  деректік  сипат  беру  үшін  әңгімені  қазақтың  шежіресінен 

бастайық.  

Аңызда да, ауызекі әңгімеде де Кетбұқаның найман елінен шыққанына 

ешқандай  күмән  келтірмейді.  Ал  Кетбұқаның  өмірі  де  сол  найман  руының 

шежіресімен қатар өрледі.  Әрине,  шежіре  – нақты  тарихи дерек  емес.  Бірақ 

онда айтылған мәмілелерді назардан тыс қалдыруға да болмайды. Дегенмен 

де,  әр  шежіредегі  адам  аттары  өзгеше  болғанымен  де,  ондағы  баяндалатын 

оқиғалар бір сарындас келеді. Соның бірнешеуіне тоқталайық. Мұхамеджан 

Тынышбаевтың  «Қазақ  халқының  тарихына  қатысты  деректер»  атты 

кітабында  Кетбұқаның  найманнан  шыққан  ең  ұлы  абыз  екенін  айта  келіп, 

«Кетбұқа,  одан  –  Мәмбет  пен  Рысқұл,  Мәмбеттен  –  Ақтана  мен  Ақтаза, 

Ақтанадан – Боқбасар, Боқбасардан – Шоқай, Шоқайдан – Күшік, Күшіктен – 

Қожагелді, Қожагелдіден – Есіркеп, Жарылқап, Айтқұл, Сарықұл, Жайылмас 


тарайды.  Осы  Жарылқап  Сарықұл,  Айтқұл,  Қожагелділер...  1738  жылы 

Ресейдің бодандығын қабылдап ант бергендігін» жазады. Демек, Кетбұқаның 

тұқымы қазір де арамызда жүр деген сөз.  

Жалпы  аңызға  сенсек,  Кетбұқа  найман  руының  бастауынан  нәр  алған 

бұтақ  болып  саналады.  Халық  шежіресінің  бәрін  салыстырып  шығу  мүмкін 

емес.  Дегенмен  де,  жазушы-ғалым  Ақселеу  Сейдімбековтың  найман  елінің 

шежіресін  бағамдаған  «Балталы,  бағаналы  ел  аман  бол»  атты  кітабындағы 

деректерді  «Ақтайлақ  би»  атты  жинақтағы  шежіремен  салыстыра  отырып, 

Кетбұқаның тегі жөнінен мәлімет береміз. Сонымен... 

Қазақтың  арғы  атасы  –  Алаш.  Алаштан  –  Ақарыс,  Жанарыс,  Бекарыс 

тарайды.  Арғын,  найман,  қоңырат,  қыпшақ,  керей,  уақты  алты  арыс  деп 

атайды. Сол алты арыстың бірі – Найман, «Балталы, бағаналы ел аман бол» 

атты шежіреде Найман екі әйел алады. Қырғауыл деген әйелінен – Ақсақал, 

Үйелші,  Күйелші;  Шүңірекей  деген  әйелінен  –  Тоқпан  атты  ұл  туады. 

Жаугершілік  заманның  кесірінен  Найманның  төрт  ұл  бірдей  қаза  табады. 

Тоқпанның  келіншегі  Әлпеш  жесір  қалады.  «Ақтайлақ  би»  жинағында 

баласының  аты  –  Тоқмақ,  келінінің  аты  –  Ақсұлу  делінеді.  Және  Тоқмақ  – 

Найманның жалғыз ұлы екен. Одан әрі әңгіме былай өрбиді.  

...Найманның Тоқмақ деген жалғыз ұлы өліп, Ақсұлу 18 жасында жесір 

қалады.  Найман  ол  кезде  83  жаста  екен.  Найман  Бұқардан  оқыған  молда, 

ғалым кісі болыпты. Киімді ақ матадан киген, атты қылаңнан мінген, өзінің 

де  өңі  аққұба  кісі  екен.  Сопы  молда  болған  соң  Ақсопы  атанған.  Кейбір 

тарихи  шежіреде  Ақсопыдан  Найман  туған  дейді.  Ол  дұрыс  емес.  Бұл 

уақытта  арғынның  алты  ауыл  болған  екен.  Найманның  жесір  қалған  келіні 

Ақсұлудың Арғынның кіші баласы Сүйіндік деген әмеңгерлікке аламын деп 

маза бермеген соң Ақсұлу: «Атам тұқымсыз кетіп, түтіні өшіп қалмасын»,  - 

деп  атасына  қыз  айттырып  беруді  ойластырады.  Арғынның  кенжесі 

Сүйіндікті  шақырып  алып:  «Мен  саған  тимеймін.  Найман  да  сенің  бір  әкең 

ғой.  Оны  тұқымсыз  қалдыра  алмаймын»,  -  деп  оған  әмеңгерліктің  жолын 

беріп, сый-сияпатымен еліне қайтарады.  

Содан  кейін  өзінің  әкесі  Алшын  Адай  биге  (екінші  шежіреде  – 

үйсіннің,  үшінші  деректе  керей  руының  қызы  делінеді)  келіп,  барлық  мән-

жайды  білдіріп:  «Әке,  атама  бір  қыз  айттырып  берсем  бе  деген  оймен  сізге 

ақылдаса келдім. Артында тұқым қалса деймін. Шауқатын шамаласам, әлі де 

ұрпақ  қалдыратындай  қауқары  бар  көрінеді.  Не  уәж  айтасыз?»  -  деп  жөн 

сұрайды. Қызының бұл тілегін мақұл көрген Алшын Адай би: «Балам, ниетің 

дұрыс екен. Тілегің қабыл болсын!»  - деп батасын береді. Ауылына қайтып 

келген  соң  Ақсұлу  қыз  айттыру  үшін  үйсін  еліне  (екінші  шежіреде  керей 

еліне) аттанып, сол елден атасына қалыңдық таңдап алып, қалың малын сол 

арада беріп, жасау-жабдығымен еліне алып келеді. Көпшіліктің арасына кең 

тараған  аңыз  бойынша  Ақсұлу  өзінің  Момын  не  Гүлше  деген  сіңілісін 

айттырды-мыс делінеді.  

Ақсұлу әлгі қызды ертіп келгенде Найман атасы: - Балам, мынау ертіп 

әкелген қызың кім? – деп сұрапты. Сонда :  

- Бұл қыз менің әрі енем, әрі қызым, - деп жауап беріпті.  


Ақылды келінінің ойын сөзінің астарынан түсінген 83 жастағы Найман 

қарт некесін  қидырыпты.  Содан  бастап  жас  қызды  елдің бәрі  «Қызене»  деп 

атап  кетіпті.  Ақсұлу  тоқтының  нәрлі  сүтінен  сүзілген  құрт  езіп,  оған  тұмса 

туған  түйенің  сүтін  қосып  қымыз  етіп  ашытып  береді.  Қуат-күші  бойына 

жиналған  Найман  қарттың  жас  әйелі  ұзамай  екіқабат  болады  да,  өзі  көз 

жұмады.  Қайын  атасына  осындай  қамқорлық  жасаған  Ақсұлудың  ел-жұрты 

қадірлеп «Әулие келін» деп атап кетеді. Қызене тоғыз ай, тоғыз күн толғанда 

бір  ұл  туады.  Атамның  соңында  қалған  белгі  ғой»,  деп  ол  баланың  атын 

Ақсұлу  келін  «Белгібай»  қояды.  Белгібайды  өз  бауырына  басып  тәрбиелеп 

өсіреді.  Қызенені  өзі  қолынан  ұзатып,  одан  туған  баланың  барлығын 

атасының атына еншілетеді.  

Арада  18  жыл  уақыт  өтеді.  Белгібай  он  сегізге,  Ақсұлу  отыз  алтыға 

келеді.  Әулие  келін  Белгібайға  неке  қосады.  Одан  Сүйінші  деген  ұл  туады. 

Кей  шежіреде  ол  баланың  атын  Сүйініш  еді  деп  айтады.  Сүйініштен  – 

Төлегетай, Төлегетайдан  -  Қытай, одан Қаракерей, Садыр, Матай, Төртуыл 

тарайды.  Кейін  Ақсұлу  тағы  да  жүкті  болып,  Сүгірші  атты  бала  өмірге 

келіпті.  Алайда  «Әулие  келін»  атасының  тұқымын  жалғастырамын  деген 

уәдесіне  жеткен  соң,  Белгібайға:  «Мен  атамның  аруағына,  орнын  сыйлап, 

Тоқпанның  тұқымын  жалғастыру  үшін  сен  ер  жеткенше  тостым.  Жеңгелей 

қосылып,  кейінгіге  ұрпақ  қалдырдым.  Атам  мен  әкеме  берген  сертімді 

орындадым. Енді сен өзің таңдап қыздай қосақ ал»,- дейді. Сөйтіп, Белгібайға 

өзінің  Тоқсұлу  есімді  сіңілісін  айттырып  береді.  Одан  Өтеген  деген  ұл 

дүниеге  келеді.  Екінші  қалыңдықтың  атын  Таңсұлу,  Момынсұлу  деп  те 

атайды.    Исі  найман  жұртының  түп  тамыры  осы  Әулие  келіннің  тұсынан 

бастап бұтақтаныпты-мыс.  

«Әулие  келін»  -  Ақсұлудың  әулиелігі  сонда, ол  өзінің  Қызенесінен де 

тұқым  өсіріп,  Найман  атасының  ұрпағын  көбейтіпті.  Ақселей  Сейдімбеков 

өзінің  шежіресінде  оны  былай  таратады:  «Қызенені...  Найман  өліп,  оның 

асын берген соң, Найманның ұлы атасы Сарымен бірге туысқан Шолмақтың 

немересі  Елтайға  Гүлшені  «Қызенені»  қосады.  Ұлытау  төңірегінің 

шежіресінде  Найманның  інісі  Наймантайдан  Елата  тауып  еді  дейді.  Сол 

Елтайды Әлпеш (Ақсұлу): Атамның орынына ата болды», деп «Елата» атап 

кетеді.  Кейін  Елата  мен  Гүлшенің  арасынан  бір  ұл  туады.  Оны  Белгібайға 

серік  болсын  деп  Серікбай  қояды.  Кейбір  шежіре  бойынша  Серікбайдан 

Келбұға,  Кетбұға  атты  екі  ұл  туады.  Келбұғадан  -  Балталы,  Кетбұғадан  – 

Бағаналы тарайды» дейді. Серікбайды «Әулие келін» өзінің бауырына салып 

алады.  Қашан  ұрпақтары  өсіп-өнгенше  Найманнан  тараған  балалардың 

ешқайсысына  енші  бермей,  өз  қарауында  ұстайды.  Ұрпақтары  жиырма 

ауылдан асқанша «Әулие келіннің»: «Байдың малы ортақ болсын, батырдың 

күші  ортақ  болсын,  шебердің  қолы  ортақ  болсын,  шешеннің  тілі  ортақ 

болсын,  палуанның  білегі  ортақ  болсын.  Біріңнен-бірің  ажырамаңдар, 

бөлінбеңдер»,  деген  өсиетін  бұлжытпай  орындапты.  Әулие  ана  көз 

жұмарында  Найман  атасының  тұқымы  енді  құрымасына  көзі  жеткен  соң, 

еншілерін  бөліп  береді.  Еншіні  Елатаның  ұрпағы,  Ұлығ  жыршы,  дана  абыз 

Кетбұқа  бөледі.  Сол  кезде  Найманнан  тараған  ру  саны  тоғыз  тарауға 


бөлініпті.  Малға  таңба  салғанда,  Кетбұқаның  өзіне  тиесілі  еншіге  таңба 

жетпей  қалыпты  да,  оны  теріс  басыпты.  Содан  бастап  Кетбұқаның  елі 

«терістаңбалы»  деп  аталып  кетіпті.  Әрі  исі  найманның  «ноқта  ағасы»  деп 

танылады.  

Міне, қазақ шежіресіндегі деректер бойынша, Кетбұқаның арғы атасы 

туралы  «далалық  ауызша  тарихнама»  (Ақселеу  Сейдімбеков)  осылай  сыр 

шертеді.  Адам  аттары  мен  олардың  орын  ауыстырып  айтылатыны  болмаса, 

жалпы  оқиғаның  ұзын-ырғасы  барлығында  бірдей  қайталанып  отырады. 

Егерде  шежірелерді  сұрыптай  келіп,  Кетбұқаның  тегін  бір  ізге  түсірсек, 

Ақселеу  Сейдімбековтың  саралауынша  былай  болып  келеді.  Жанарыстан  – 

Қарашор батыр, Қарашордан – Тұлпар батыр, одан Алшын, одан Семізбұқа, 

Семізбұқадан  –  Жұмыр,  Жұмырдан  –  Жұртбай,  Жұртбайдан  –  Жүндібай, 

Жүндібайдан – Кененбай, одан, Сармантай (Сары), одан – Шал, Шалдан – Ер 

Қаптағай,  Ер  Қаптағайдан  –  Найман  мен  Наймантайдан  (Найманбай) 

тарайды.  Сонда  Жанарыстың  он  екінші  баласы  Найман  мен  Наймантай 

(Найманбай)  болып  шығады.  «Әулие  келіннің»  даналығының  арқасында 

өшкен  ұрпақ  өніп,  тозған  тұқым  жасарып,  қазақтың  қабырғасын  жапқан 

қалың  елге  айналыпты.  Шорманның  Мұсасы  хатқа  түсірген  қаркесек 

Кемпірбай мен найман Қалжан ақынның айтысында Қалжан ақынның: 

Көзіңді аш, ауыр жатқан Найман елмін,  

Көз жібер ауданыма, кіммен кеммін.  

Жүз елу болыс болған Найман заты,  

Қаз қонып, үйрек ұшқан шалқар көлмін.  

Балталы, Бағаналы, Терістаңбалы,  

Арынды тау суындай қалың селмін.  

Өрдегі тоқсан болыс елді қоссаң,  

Алдыңда асу бермес сары белмін, -  

деп  шалқи  сөйлеуіне  себепкер  болған  ел  анасы  –  Әулие  келіннің  даналығы 

еді деседі.  

 

Сөздің  басы  аңыздан  өрбісе  де  соңы  ақиқатқа  айналған  тарихи 



шындықтың бір үлгісі, міне, осындай. «Ата күшімен ер өседі, ана тілеуімен 

ел өседі», деген сол. «Тілеу  - анадан, тіреу - атадан» деген сөз бар. Әйтеуір, 

үзіліп  бара  жатқан  ұрпақты  жалғаған  тұста  Кетбұқа  сияқты  дана  өмірге 

келгені тарихи шындық.  

Енді көп шежіренің тоғыстар түйінін «Балталы, Бағаналы ел аман бол» 

деген  Ақселеу  Сейдімбеков  құрастырған  кітаптағы  нұсқамен  баяндаймыз. 

Әрине,  бұл  да  нақты  тарихи  тұжырым  емес.  Бірақ  ұзына  жүлгесі  өзге 

шежірелердегі барлық уәжбен сарындасып отырады. Сонымен: 

«Найманнан  –  Ақсақал,  Үйелші,  Күйелші,  Тоқпан,  Белгібай  туған. 

Бұлардың  алғашқы  төртеуінен  ұрпақ  жоқ.  Ал  –  Белгібайдан  –  Сүйінші, 

Сүгірші,  Өтеген  туады.  Осылардың  Сүйіншісінен  –  Төлеген,  одан  Қытай 

туады.  Қытайдың  бәйбішесінен  –  Қаракерей,  Матай,  Садыр,  Төртуыл; 

тоқалынан  –  Кетбұқа,  Келбұқа  туады.  Қытайдың  бәйбішесі  ертерек  қайтыс 

болып, одан туған Қаракерей, Матай Төртуыл, Садыр деген балалары атасы 

Төлегетайдың бауырында өседі. Сондықтан бұлар «Төрт Төлегетай» атанып 


кеткен.  «Төрт  Төлегетайдың»  ұрпақтары,  қазір  Семей,  Жетісу  өңірінде.  Ал, 

Келбұқа  мен  Кетбұқа,  біріншіден  –  тоқалдан  туылғандықтан,  екіншіден  – 

бәйбішеден  балаларынанбөлек  шаңырақта  өскендіктен,  кейін  еншілері  де 

бөлек  болып,  «Төрт  Төлегетай»  ұрпақтары  Шығыс  пен  Оңтүстіктен  қоныс 

іздеп көшкенде, оларға ілеспей Арқада қалып қойған.  

Сөйтіп,  Келбұқа  мен  Кетбұқа  ұрпақтары  Ұлытау  мен  Шу  өзенінің 

арасын  ертеден  қоныс  етіп  келеді.  Осы  күнгі  Қаражал  қаласының  түбіндегі 

Қытай  деп  аталатын  жер  –  Келбұқа  мен  Кетбұқаның  әкесі  Қытайдың 

құрметіне  аталған  атау.  Сүйінші  мен  Сүгірші  ұрпақтарының  Жоңғар 

шапқыншылығына  дейін  осы  Қытай  маңындағы  Ақтау,  Қызылтау  өңірін, 

Атасу  өзенінің  бойын  қоныстанғаны  жөнінде  тарихи  деректері  де  бар 

(«Қазақтардың жерді пайдалану туралы деректер» С.Петербург. 1905. 9-том), 

- дейді аталған кітапта.  

Міне,  тоғыз  таңбалы  найман  елі  осылай  тарап  еді  дейді  аңыз.  Әрине, 

шежірелерде  сәйкессіздік  болғанымен,  аңыздың  ұйығын  мәйегі  шындық 

екені анық. Ал оның барлығын бір ізге түсіріп, нақты тарихи шындық мынау 

еді  деп  кесіп-пішіп  айту  мүмкін  емес.  Тарихтың  шаңы  батпандап  тұрып 

көміптастаған  бір  құпия  боп  қала  береді.  Кім  қай  нұсқаны  қабылдаса  да  өз 

еркі.  Дау  тудырмайтын  бір  нәрсе  –  Кетбұқаның  Шыңғыс  хан  мен  Жошы 

ханның  тұсында  өмір  сүргендігі.  Мұны  шежіре  де,  тарихи  құжаттар  да 

растайды.  Бір  кілтипан:  Ұлығ  Жыршы  –  Кетбұқаның  атының  дұрыс  аталуы 

жөнінде ғана көзқарас алшақтықтары бар. Абыздың аты Кетбұқа ма, Кетбұғы 

ма,  жоқ  Кетбұға  ма?  Қазақ  тілінің  дыбыстық  өзгеру  заңына  байланысты 

Кетбұқа  бірте-бірте  Кетбұғаға  айналып  кеткен  деген  пікірді  ұстанамыз. 

Өйткені,  сол  тұста  Тәңірге  сиынуға  байланысты  әрбір  адамның  бір  пірі 

болған.  Ал  Кетбұқаның  да  аты  сол  үрдіспен  қойылған.  Отырардың  атақты 

ханы  Қайыр  ханның  аты  да  Алып  Терек  Бұқа  хан  болатын.  Бұқа  –  киелі, 

күшті  деген  ұғымды  білдіреді.  Біз  әңгімені  Жыраудың  үрім-бұтағымын  деп 

есептейтін Әз-Мұхаммед ақсақалдың сөзімен түйіндейміз. «Әулие келіннің» 

батасынан кейін... 

Кетбұқа  мен  Келбұқаның  елі  өсіп-өнді.  Тұқымы  құруға  айналған 

ұрпағын ұлыс дәрежесіне жеткізді. Шежіреге сүйенсек, қалай да халық санын 

қалпына  келтіру  үшін  Кетбұқа  жетпістегі  шалды  да,  он  үш  жасар  ұлды  да 

жесірлерге үйлендірген. Шежіреші қарт Әз Мұхаммед Набиев:  

-  Найман  шалдың  бір  тұқымы  Тоқпан  24  жасында  қаза  табады.  Келіні 

керей қызы Ақсұлу жесір қалады. Оған арғынның алты ұлы әмеңгерлік етеді. 

Ақсұлу,  қалай  да  ұрпақ  қалу  үшін,  атасына  сіңілісі  Момын  сұлуды  алып 

береді де, сіңілісіне,  белінен  қатты  қысып  құшақтап,  тамырын иіт  деп  ақыл 

айтады.  Сөйтіп  Момынның  бойына  бала  бітеді,  үш  айдан  соң  Ақсұлудың 

атасы қайтыс болады. Туған ұлдың атын Белгібай қояды, одан Сүгірші, одан 

Төлегетай,  Төлегетайдың  төрт  ұлы  –  Қаракерей,  Төртуыл,  Садыр,  Матай... 

Наймандардың  «кереймен  енеміз  бір,  арғынмен  атамыз  бір»  дейтіні 

сондықтан. Сөйтіп, Ақсұлу әулие келін атанған. Дәл осы кезде Елатаның ұлы 

Серікбайдың балалары Кетбұқа мен Келбұқа ел билеген. Тозған елді тірілтіп, 

«Тоғыз таңбалы найман» дәрежесіне жеткізген. Жиырма ауылдан соң Ақсұлу 


келін  Кетбұқаға  кісі  салып,  енді  әрқайсысына  енші  үлестірсін  деген: 

Төлегетайдың  төрт  ұлы,  Саржомартпен  –  бес,  Балталымен  –  алты, 

Көкжарлымен  – жеті, Бурамен  – сегіз, Бағаналымен  –  тоғыз. Кетбұқа – осы 

Бағаналыдан. Тоғызыншы, белгі жетпей қалғандықтан, таңбаны теріс салып, 

содан  бағаналы  «терістаңбалы»  атанып  кетті.  Кетбұқа  –терістаңбалы 

найманның  ноқта  ағасы.  Оның  еншісі  тоғыз  ұлға  ортақ.  Өзіміз  осы  күнге 

дейін олардың шаңырағына сәлем бермей өтпейміз, - дейді. 

Қарияның 

бұл 

таратуы 


Мұхамеджан 

Тынышбаевтың 

Н. 

Мыңжанұлының  шежіресімен  дәлме  –дәл  келеді.  Ол  да  Кетбұқадан  –  теріс 



таңбалы  бағаналы,  одан  Мәмбет  пен  Рысқұлды  кесте  арқылы  көрсеткен. 

Мәселе  найманның  шежіресінде  емес,  Кетбұқаның  өмір  сүрген  тұсын  және 

оның  көшкен  қонысын  анықтауда.  Анық  дәлелденген  шындық:  Кетбұқа  – 

найманның ел көсемі, «ел атасы» және Байбұқа мен Бұйрық (Бүйрек), Күшлік 

ханның  әкесі  Инанғ-Білге-Бұқа  қағанның  тұсында  өмір  сүрген  «әйгілі  Құба 

тегін  жыраудың»  (Н.Мыңжанұлы)  шәкірті.  Ал  Құба  тегін  Қорқыттың 

қобызын  ұлы  күйші  Алтайда  жүргенде  мұра  еткен  адам  деген  аңыз  бар 

(Ш.Әбденов.  «Қорқыттың  аңызы»).  Қазақы  шежіренің  барлығы  да  Кетбұқа 

мен  Келбұқаны  найманның  мәйегін  ұйытқан  «ел  аталары»  екенін  тегіс 

мойындайды.  Күшлік  ханның  әскерінің  құрамында  Памир  тауында  Жебе 

ноянмен соғысып, хан қаза тапқан соң Арай алқабына тұрақтап қалды. Қазір 

қырғыздың ішіндегі найман тобы солар және Кетбұқа туралы аңыз дастандар 

да сақталған.  

Сонымен,  осы  мағлұматтардың  барлығының  шындығы  ретінде: 

«Кетбұқа – орта жүз найман тайпасының руы. Ол көбінесе «бағаналы» деген 

атпен  мәлім,  өйткені  Кетбұқаның  рулық  таңбасы  бақан  болған.  Сондай-ақ, 

қарақалпақтардың қоңырат тайпасының құрамында Бақаңлы деген Кетбұқаға 

жақын  ру  бар.  Тарихи  деректерге  қарағанда  Шыңғыс  хан  наймандарды 

талқандағаннан кейін, Кетбұқа жоғарғы Ертіс пен Алтайдағы өз қоныстарын 

тастап, батысқа қарай жылжыған. Кетбұқалар қыста Сарысу, Шу өзендерінің 

төменгі  сағасын,  Қаратаудың  батыс  бөктері  мен  Сырдария  жағасын 

мекендеп,  жазда  Ұлытау,  Арғанаты  таулары  мен  Қаракеңгір,  Сарыкеңгір, 

Жезді 

өзендерінің 



алқаптарын 

жайлаған" 

деген 

("Қазақ 


совет 

энциклопедиясы”,  5-т.,  406-бет.)  ғылыми  пайымдауға  жүгінеміз.  Енді 

Кетбұқаның жыраулық өнеріне көшеміз. 

Дүниені  тітіренткен  Шыңғыс  қағанның  алдында  қобыз  сарнатып,  сөз 

толғап,  қаралы  хабарды  естіртетіндей  Кетбұқаға  бұл  өнер  қайдан  қонды, 

ондай жыраулық қасиет үрім-бұтағында бар ма еді?  Бар еді және мақалдап, 

мәтелдеп,  ишарамен  сөйлеу  дәстүрі  сонау  Тоныкөк  абыздан  қалған 

Кетбұқаның  ата  мүрасы  еді.  Түркі  қағанатының  данагөй  абызы  Тоныкөктің 

он алтыншы ұрпағы Тата-тұнға Таян ханның ақылгөй бас уәзірі әрі хатшысы 

болған ғой. “Монғолдың құпия шежіресінде” де анық айтылған. Найманның 

ХІІ-ғасырдың аяғында өмір сүрген ақыны Құба тегін “наймандар осы Инанғ-

Білге  билік  еткен  кезде  гүлденіп  өсті,  қарақытайлардан  бостандықты  жеңіп 

алды”,  (ҚСЭ,  8  т.)  деп  жырлаған.  Демек,  ол  кезде  үлкен  жыраулық  дәстүр 

қалыптасқан  және  ақын-абыздарды  ел  билігіне  қойған.  Кетбұқа  сол  көне 



түркі  толғауларының  уызын  бойына  сіңіре  сусындаған  адам.  “Шыңғыс 

ханның байлаулы төрт қасқырының бірі”— Хасардың өзі Кетбұқаның ұстазы 

Тата-тұнғаны  сыйлап,  кешірім  сұраған.  Демек,  ақынның  қадірі  де,  оның 

өзінің  жеке  басының  қасиеті  де  қазіргіден  жоғары  бағаланған.  Ал  қашқан 

елдің  басын  қосқан  ел  атасы  Кетбұқаға  сый,  құрмет  те  өзгеше  әрі  бүгінгі 

қазақ  халқының  бір  керегесіне  тұтастай  уық  боп  қадалып,  шаңырағын 

көтеріп  тұрған  ұлысты  қайта  тірілткені  үшін  де  ұрпақтар  оған  қарыздар. 

“Найман”—  монғолша  “сегіз  тайпа”  деген  мағына  білдірсе,  “Кетбұға  —  ел 

ата  —  бағаналы  —  теріс  таңбалы”  табы  XIII  ғасыр  басында  “ноқта  ағасы”, 

тоғызыншы жұрт боп қалыптасқан. 

Бұл  парызды  бізден  бұрын  “Азаулының  Ыстамболдан  несі  кем, 

Азаулының  Аймадет  ер  Доспанбет  ағаның...  би  үлынан  несі  кем?  Тәңірінің 

өзі берген күнінде хан ұлынан артық еді несібем!”— деп, Донның жағасының 

жапырағын жамылып, Ыстамбол мен Бақшасарайда ”май қаңбақта ағалардың 

аты  жусап  жатыр  деп,  ақ  шаңдақты  қүрып  қойған  шатыр"  деп  жүрген 

марқасқа  Доспанбет  жырау  өтеген.  Ол  кезде  Кетбұқаның  бейнесі  өшпеген, 

сөзі өлмеген, қобызының үні құлақтан кетпеген.  Сондықтан да: 

Күдерімен бау тағып, 

Кіреуке киер күн қайда?! 

Күмбір-күмбір кісінетіп, 

Күреңді мінер күн қайда?! 

Толғамалы ақ балта

Толғап ұстар күн қайда?! 

Алты құлаш ақ найза

Садақ толған сайгез оқ

Масағынан өткеріп, 

Басын қолға жеткеріп, 

Созып тартар күн қайда?! 

Кетбұғадай билерден  

Кеңес сұрар күн қайда?! 

Еділдің бойын ен жайлап, 

Шалғыныңа бие біз байлап

Орындықтай қара сабадан, 

Бозбаламен күліп-ойнап, 

Қымыз ішер күн қайда?!— 

деп  ел  атасы  Кетбұқаның  әрі  жырау,  әрі  жауынгер  шағын  шамырқана 

жырлап,  көкірегі  қарс  айырылады.  Өзінің  құдіреті  хан  үлынан  асып  тұрған 

Доспанбеттің Кетбұқаның алдында табынуы ұлы жыраудың көшпелі өмірдегі 

рухани орнын білдіреді. Өкінішке қарай, Доспанбет тамсанған асыл мұраны 

біз  білмейміз.  Естігеннің  жарғағында,  көргеннің  жанарында,  жаттағанның 

зердесінде  кетті.  Тек  біз  Доспанбетке  бас  иеміз,  ал  Доспанбет  Кетбұқаға, 

Кетбұқа  Құба  тегінге,  Құба  тегін  Қорқытқа  табынады.  Бұл  да  өлең  өзегінің 

үзілмейтін алтын шылбыры. Ал енді осы Кетбұқа қай жылдары өмір сүрді? 

Бұл  туралы  осы  уақытқа  дейін  нақты  жорамал  не  деректі  дәйек 

айтылып  көрген  жоқ.  Бірақ  заманы  белгілі.  Ол  —  XIII  ғасырдың  бірінші 


жартысы. 1227 жылы Шыңғыстың ұлы Жошы өлгенде Кетбұқа бар адам. Ел 

атасы  атанған  дер  шағындағы  уақыты.  Ал  ол  кезде  неше  жаста  еді?  Ұлы 

жыраудың  ғұмыры  мен  өнеріне  қатысты  жалғыз  ғана  нақты  дерек  Қазақ 

энциклопедиясында  ұшырасты.  Онда:  “Кетбұға  (шамамен  1150-1225)  — 

жырау,  күйші,  композитор,  аңыз  кейіпкері.  Руы  —  найман,  оның  ішінде 

Балталы  (?).  14-ғасырда  жазылған  ’’Шаджарат  әл-атрак  ("Түрік  шежіресі") 

атты кітаптағы деректер мен ел аузындағы аңыздар бойынша, Дешті қыпшақ 

әмірі  Жошы  хан  аң  аулап  жүріп  қаза  тапқанда,  Шыңғыс  ханға  қаралы 

хабарды  жеткізді",  делінген.  Біздіңше,  осы  өмірлік  деректе  екі  түрлі 

сәйкессіздік бар. Бірінші, Кетбұқаның туған жылы қақында ешкім де нақты 

жылды  сеніммен  көрсете  алмайды.  Оны,  тіпті,  дәлірек  екшегенде,  бес  жыл 

айырмашылықпен  болжауға  болар.  Мәселен,  Кетбұқаның  дүниеден  қайтқан 

жылы. Егер ол 1225 жылы жетпіс бес жасында өлсе, онда 1227 жылы өлген 

Жошының  қазасын  Шыңғыс  қағанға  қалай  естіртеді?  Барлық  шежіреде  бүл 

адамның тек Кетбұқа екенін растайды. Екінші, жыраудың руы Балталы емес, 

Бағаналы.  Мұны  дәл  сол  беттегі  “Кетбұқа”  тайпасын  таратқан  мақала 

дәйектейді.  Қатар  түрған  екі  деректің  бір-бірін  жоққа  шығаруы  өкінішті-ақ. 

“Алайда ұрпақ аузынан Ұлығ (ұлы) жыршы деген атақ алған Кетбұқаның өз 

кезінде  шығармалары  халық  арасына  кең  тараған,  көшпелілер  арасында  сөз 

өнерінің  дамуына  ерекше  ықпал  еткен  көрнекті  түлға  болғандығы 

байқалады”, деген пікірі орынды. 

Бір  пікірді  жоққа  шығарған  соң,  оған  қарсы  уәж  айту  керек.  Онсыз 

пікіріңнің  құны  қалмайды.  Біз  аталмыш  деректі  шартты  түрде  ойымыздың 

қазығы  етіп  аламыз  да,  өз  жорамалымызды  дәлелдеу  үшін  Мұхтар 

Мағауиннің  “Қобыз  сарыны”  атты  еңбегіндегі:  “Әрине,  осы  мәліметтердің 

бәрін  кездейсоқ  деп  қарауға  болмайды.  Шыңғыс  заманында,  XII  ғасырда 

найманда  Кетбұға  атты  ұлы  жыраудың  жасауы  анық.  Өз  кезінде  Кетбүға 

жырлары  халық  арасына  кең  тараған  болуға  тиіс.  XV  ғасырдың  аяғы,  XVI 

ғасырдың  бас  кезінде  жасаған  Доспанбет  жырау  ’’Кетбұға  биді"  аузына 

алады,  оның  сөздерімен  өзінің  таныс-  тығын  білдіреді.  Бірақ  біздің 

заманымызға  Кетбұғаның  аңызға  айналған  есімі  ғана  жетіп  отыр",  деген 

пікіріне жүгінеміз. 

Ұлығ  жырау,  аңызға  айналған  абыз  туралы  деректер  арғы-бергі 

зерттеушілердің  еңбектерінде  аз  кездеспейді.  Соның  бірі  —  В.  Г. 

Тизенгаузеннің  “Алтын  орда  тарихына  қатысты  деректер  жинағы”  атты 

еңбегінде  пайдаланған  аңыз.  Тарихшы  бүл  аңызды  “Түркі  шежіресінен” 

("Шад-  жарат  әл-отрак")  алғанын  куәландырады.  Қазақ  зиялыларының 

арасында  Кетбұқа  туралы  және  оның  күйлерінің  шығу  тарихы  жөніндегі 

аңыздарды  қағазға  түсіріп,  пікір  білдіргендер  —  Әлкей  Марғұлан,  Ахмет 

Жұбанов, Мұхтар Мағауин, Ақселеу Сейдімбеков, Дүйсенбек Қанатбаев. Ал 

орыстың ғұлама ғалымы Лев Николаевич Гумилевтің тарихи қүжаттары мен 

пайымдауларына кейінірек арнайы тоқталамыз. Ілгеріде баяндалатын “Ақсақ 

құлан”,  “Жошы  хан”  күйлерінің  шығу  оқиғасы  түсында  Кетбұқа  әлемді 

алақанына  ұстаған  Шыңғыс  ханның  өзімен  сөз  жарыстырады.  Жошының 

қазасын естіртуге келген... Ұлы Жырау сөз бастағаннан-ақ көзінің жасына ие 


бола  алмайды.  Сонда  Шыңғыс  хан  былай  деп  түркі  тілінде  тақпақтай 

жөнеледі. 

Көзің жасың жүгірді — дүр, 

Көңілің тұлды болмай ма? 

Жырың көңіл үркітеді — дүр, 

Жошы өлді болмай ма? 

Шыңғыс  ханның  бұл  уәжіне  Жырау  да  түркі  тілінде  толғай  жырлап 

жауап береді: 

Сөйлемеске еркім жоқ — дүр, 

Сен сөйледің, а, ханым! 

Өз жарлығың өзіңе жау, 

Не ойладың, а, ханым!— 

деп жауап береді. 

Ұлы қағанға Ұлы Жырау ғана осылай  тура қарап тұрып тіктеп сөйлей 

алады. Қаралы ханның тілін орамға келтіріп, тіс жарғызу үшін де ол адамның 

өзі  Дана  болуы  шарт.  Демек,Ұлы  Жырау  —  Аталық  Жырау  Кетбұқаның 

мысын Шыңғыс хан да баса алмаған. Сол бір азалы жылы, яғни... 

...1227 жылы Кетбұқа ел ағасы. Ханның алдында еркін отыратын беделі 

бар. Қобыз шалып, күңірене қуатты жыр толғайтын, қолы дірілдемеген, күші 

қайтпаған кезі. Бетпақ даладан Алтай мен Тарбағатайды асып, Тибет жерінің 

шекарасында  тұрған  Шыңғыс  ханға  қыс  кезінде  баруға  75  жастағы  қария 

жарай  ма,  жоқ  па?  Екі  жарым-үш  мың  шақырымға  қанша  күнде  жетуге 

болады? Аңыз бойынша бір апта ғой. Демек, Кетбұқа 1150 жылы емес, одан 

кем дегенде жиырма-отыз жыл кейін туған. Бұған екінші дәлел: “Найманның 

Инанғ-Білге  қағаны  тұсында  мемлекет  гүлдеп,  жайнап  түрды”,  деп 

жырлайтын Құба тегін жырау — Шыңғыс пен Таян ханның замандасы. Құба 

тегін  аласапыран  кезеңді  көріп,  оның  алдындағы  бейбіт  тіршілікті  мегзеп 

отыр.  Ал  Кетбүқа  Құба  тегіннің  тұсында  жас,  Күшлік,  Жошы  ханмен 

орайлас.  Егерде  1150  жылы  туса,  1180-1206  жылдардың  аралығындағы 

қарбаласта  ел  атасының  бір  рет  аты  аталар  еді  ғой.  Мұндай  ұлы  түлғаның 

“Құпия шежіреден”, “Алтын дәптерден” есімі тыс қалуы мүмкін емес. Демек, 

Кетбүқа  1185—1190  жылдары  туған.  Монғол  мен  найман  арасындағы 

шапқыншылықтың  тұсында  бұғанасы  қатып,  жаңа  таныла  бастаған.  Босқан 

елмен  Бетпақдалаға  бет  алған...  Құба  тегіннің  жолын  қуып,  қобызын 

күңіренткен. 

Сонда, 1227 жылы ел ақсақалы (1198—1218 жылдарғы қырғыннан аман 

қалған ересек аз ғой) Кетбұқа қырық-қырық бес жаста, мүмкін бес жас ілгері 

не кейін болуы. Міне, бүл “Кетбұқа, Палестинада қаза тапты” деуге себепші 

боп отырған деректің растығына сендіреді. 

Қырық-қырық  бес  жас!  Он  бесінде  ұрын  барып,  он  алтысында  жауға 

аттанатын көшпелі халық үшін немере сүйіп, ел ағасы атанатын-ақ сәт. Абыз, 

жырау  жасына  қарамайды  және  үзақ  жасаған  адамның  кейінгі  кезі  есте 

қалады.  Ал  біздің  есебімізше,  Кетбұқа  жетпіс-жетпіс  беске  келгенде  қаза 

тапқан.  М.  Мағауин  айтқандай,  “қарашының  жаны  ханның  қылышының 

жүзінде.  Халық  ішіне  аса  танымал  екі  адамның  бір  атты  қатар  тандауы 


мүмкін  емес.  Кет-қүнан,  Кет-қыран,  Кет-инал,  Кет-  Алып-Дерек,  Кет-бөрі, 

Кет-шора,  т.б.  толып  жатқан  түркі  пірлерінің  бірінің  атын  қабылдайды.  Әр 

адам  өзін  өзгеден  ерекшелеу  үшін  әдейі  қосалқы  есімді  тандап  алған". 

Сияуыштың  ақ  маралды  туына  салдыруын  еске  алыңыз.  Демек,  Кетбұқа  да 

Шыңғыстың,  жоқ,  оның  ұлы  Жошының  биі  әрі  кеңесшісі,  Лев  Гумилевше 

айтқанда, “штаб бастығы” болған. Қашан? Қайда? Қалай? 

Енді тарихтың астарына үңілейік. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет