Ұлттық болмыс – ҚазақЫ Қалып indd



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#14642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ұлттық болмыс

тарау.  

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ, КІШІГЕ – ІЗЕТ»

Адам – ұлы тұлға, ал адамгершілік оның жоғары, саналы адамдық қа-

сиеті.

«Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілесің»  деген  халық  даналығы  адам-



гершілік қасиеттерін қалыптастыру ісінің отбасынан басталатындығын көр-

сетеді.  Бұл  туралы  белгілі  ғалым  Ә.  Табылды:  «адамгершілік  қасиеттерді 

(имандылық,  қайырымдылық,  мейірімділік,  ізеттілік,  инабаттылық,  т.б.) 

тәрбиеленушінің бойына дарыту үшін әуелі үйрету, содан кейін дағдылан-

дыру, талап ету, мәжбүр ету тәсілдері қолданылады», – деп пікір қосады [1].

Классик жазушы Ғабиден Мұстафин: «Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана 

емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, орын беру, жол 

беру, кимелеп баса-көктеп өтпеу, үлкен кісінің алдынан кесіп өтпеу, үйіне 

келген кісінің атын байлап, есік ашып, төрге шығарып, жақсы қабақпен ат-

тандырып салу, мейманға, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты дәстүр-

лер өмір бойы ескірмейтін, адамнан адам іштей әмән дәметіп тұратын таби-

ғи құлық-мінездер. Бұл мінездерді қорлау – алдымен өзін-өзі қорлау, сыйлау 

– алдымен өзін-өзі сыйлау», – деп тәрбиелік мәні зор пікір қалдырған [2].

Өскелең  ұрпақты  ұлттық  рухта  тәрбиелеуге  қойылатын  мақсаттардың 

бірі сыпайы, мәдениетті, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола бі-

летін қоғамның белді тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте 

халқымыздың ғасырлар бойына қалыптасқан ұлттық өнегеге арқа сүйеу қа-

жет.


Ата-бабадан жалғасып келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиелік мұрамызға 

үңіліп қарайтын болсақ, халқымыздың әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау, 

кішіге құрмет көрсету ұлттық дәстүрге айналғанын байқаймыз. Бүгінгі таң-

да осы дәстүрді бұзбау және оны қастерлеп бойға сіңіру әрбір жас тұлға-

ның парызы болып табылады. Қазақ халқының әдебін, бар дәстүрін бойына 

сіңірген Бөлтірік шешен бұл жайлы:



Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді.

Сызылып сөйлегеннен сөзің үгілмейді, - 

дейді [27, 39]. «Ұлық болсаң, кішік бол!» деген қағидатты өміріне арқау ет-

кен қазақ жұрты қашанда әдепті, сыпайы жанды ардақ тұтқан. Ал керісінше, 

әдепсіз,  тәрбиесіз  жандарды  жек  көріп,  оларды  ащы  тілмен  аясыз  түйреп 

отырған. Оның айқын мысалы мына бір қанатты сөзден көрінеді:



5

Әдепсіз өскен баладан,

Тәртіппен өскен тал артық.

Жөн білмейтін жаманнан,

Жайылып жүрген мал артық.

Сөз түсінетін адамға бұдан артық енді не айтуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет