Ж.Дәдебаев –
филология ғылымдарының докторы, профессор,
әл-Фараби атындағыҚазҰУ-нің филология факультетінің
Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы
кафедрасының меңгерушісі
ҚАЗАҚ СӨЗ ӨНЕРІНІҢ ІЛКІ ӨРНЕКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ТАҒЫЛЫМДЫҚ МӘНІ
Қазақ сөз өнерінің қалыптасу, даму
мәселелері қазақ көркем сөзі тура-
лы ғылым аясында едәуір зерттелді,
бірқатар
еңбектерде
монографиялық
деңгейде арнайы қарастырылды. Алай-
да, қазақ шешендік өнерінің, жалпы
түркі халықтарының шешендік өнерінің
көне бастау көзі, туу, шығу тарихының
ежелгі тегі, оны жасаушылардың байырғы
өкілдерінің елдік, елдің егемендігі,
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы идеялары
Орта Азия мен Қазақстанның ғылыми та-
нымында бүгінге дейін тара¬зыға түспеген,
пайымдау пәні болып көрмеген қалпында
қалып отыр. Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының шешендік өнерінің туу
тарихын, оны жасаушылардың байырғы
өкілдерінің өмірі мен өнегесін зерттеудің
мұншалық кешеуілдеуі оның ғылыми
мәселе ретіндегі қажеттілігінің, мәдени-
әлеуметтік маңыздылығының төмендігінен
емес, ұлттық мәдениеттің түп тамырын
зерттеуге, оған терең бойлауға еркін жол
ашпаған одақтық саясаттың салқынымен
байланысты. Ел жаңарып, ел билеу
тәртібі өзгеріп, ұлттық мемлекет ұлттық
егемендігін алған шақта, қазақ халқының
дәстүрлі мәдениеті мен өнерінің, оның
ішінде шешендік өнерінің шығу көздерін,
қалыптасу, даму арналарын әлемдік
өркениетпен өзектес, Шығыс пен Батыс
мәдениетінің өзара байланысы аясында
пайымдаудың ғылыми маңызы өлшеусіз
зор. Бұл ретте, Орта Азия мен Қазақстан
жерін ежелден мекендеген скифтердің
батысқа ауып, Қара теңіздің солтүстік
өңіріне барып қоныс тепкен бір ұлысынан
шыққан ғұлама Анахарсистің шешендік
сөздері айрықша бағалы. Оның сөздері
бүгінде көне дәуір авторларының грек, ла-
тын тілдерінде жазылған, одан орыс тіліне
аударылған еңбектері арқылы белгілі
болғанымен, олардан Скиф даласының
тыныс-лебі есіп тұрады. Ал, скифтердің
Орта Азия мен Қазақстан халықтарының,
олардың ішінде қазақ халқының да
қалыптасу процесінде үлкен орны бар [1. 22
б.] ұлыстардың бірі болғанын ескергенде,
скиф Анахарсистің шешендік толғамдары
мен қанатты сөздерінің қазақ сөз өнеріне
қатысы туралы ғылыми мәселе бой көтеріп
шыға келеді.
Анахарсис Скиф даласынан Элла-
да еліне біздің заманымызға дейінгі 594
жылы келеді [2. 95-96 б.]. Оның шыққан
ортасы, өмірі туралы алғашқы дерек-
тер Геродоттың «Тарихында» жазылған.
«Ариапифаның сенімді кісісі, тыңшы Тим-
нен естуім бойынша, – деп жазады Геро-
дот, – Анахарсис әке жағынан Скиф пат-
шасы Идантирстің ағасы болып келеді.
Сапаргапифтен – Лик, Ликтен – Гнур, одан
Анахарсис туған» [3. 76 б.]. Геродоттың
мәліметіне қарағанда, Анахарсистің Элла-
да еліне барып, мемлекет ісіне, даналыққа
үйренуі Скиф патшасының тікелей тап-
сырмасы бойынша болған іс. Анахарсис
туралы көне дәуірдің Геродоттан кейінгі
ғұламалары да ой айтқан. Олардың жал-
пы саны жетпіске жуықтайды [4. 3-13 б.].
59
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Олардың ішінде Эфор, Страбон, Диоген,
Плутарх, Платон секілді телегей-теңіз білім
иелері бар. Аталған ғұламалар Анахарсисті
көне дәуірдің атақты данышпаны, сөз май-
талманы деп көрсетеді. Әсіресе, оның Со-
лонмен достығы кең көлемде баяндалған,
көне грек сөзшеңі, атақты мысалшы Эзоп-
пен бір дастархан басында бір табақтан
дәм татып, тіпті, бірге шарап ішкені де
хатқа түскен. Эфор Анахарсистің текті
ортада туып, өскенін, әлемдегі атағы жер
жарған жеті данышпанның бірі болғанын
айта отырып, оның екі тісті якорь, ұста
көрігін ойлап тауып, оларды алғаш жасап
шығарғанын айтса, Страбон оның өз елінің
кішіпейілділік, қарапайымдылық, әділдік
сияқты жақсы қасиеттерін бойына терең
сіңіргендіктен, эллиндер ортасында үлкен
құрметке иеленіп, даңққа бөленгенін жа-
зады [5. §8]. Диоген Лаэртский Анахарсис
туралы жазбаларында оны Скиф елінің
патшасы Гнурдың ұлы деп, шешесінің
элладалық грек қызы екендігін көрсетеді.
Анахарсис өз Отанында тамаша тәрбие
алып, ана тілінде сөздің майын тамызып
сөйлейтін сөз шебері деңгейіне көтеріледі.
Сонымен бірге, ол шешесінің үйретуімен
грек тілінде жап-жақсы сөйлей білген [2.
95-97 б.]. Анахарсистің ата-анасы жайында,
өзінің жастайынан екі тілде сөйлеп өскені,
Солонмен бірге жүріп, бірге тұрғандығы
туралы Платон да осындай пікірде болған
[6. 63 б.].
Диоген
Лаэртский
«Атақты
философтардың өмірі, ілімі және сөздері
туралы» деп аталатын еңбегінде көне грек
философтарының данышпандар туралы
пікірін талдай келіп, Пифагордың даныш-
пан мен данышпандық жайындағы ойла-
рына үлкен мән береді. Пифагордың айтуы
бойынша, данышпан болу оңай нәрсе емес,
данышпан болу құдайдың ғана қолынан
келмек, данышпандық та тек соның болмы-
сына ғана лайықты. Диоген Пифагордың
осы пікірін сараптай отырып, өзінше
тұжырым жасайды. Құдай болмағанмен,
құдай берген қасиеттің арқасында даныш-
пан қатарында саналған көне заманның
жеті ойшылының ішінде скиф Анахарсисті
алғашқылардың бірі ретінде атайды [2. 95-
96 б.]. Ал, Лидия патшасы Крез Анахарсисті
өз айналасындағы данышпандардың ең
ұлысы деп білген екен [7. §2-5]. Шешен
сөздің байырғы көсемдерінің бірі М.Т. Ци-
церон да Анахарсистің ақыл-ойын, ғылым
мен білімге, өнерге деген көзқарасын өте
жоғары бағалаған [8].
Анахарсистану саласында еңбектеніп
жүрген ғалымдардың болжауынша, Ана-
харсис скиф және эллин халықтарының
өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы,
кәсібі туралы 800-ден астам шешендік сөз,
толғау қалдырған [2. 95 б.]. Сондай-ақ,
антикалық дәуір әдебиеті нұсқаларында
оның түрлі жағдайда, түрлі тақырыпта
жазған 10 хаты сақталған [9. 109 б.; 10. 131
б.]. Дала данышпанының аталған еңбектері
Евразияның бірқатар ғалымдарының наза-
рына ілігіп, тиісті бағытта қарастырылды,
сарапқа салынды. И.В. Куклина, М.И.
Ростовцев, А.М. Хазанов, А.И. Дова-
тур, М.В. Агбунов сияқты ғалымдар
Анахарсистің өмірі мен шығармашылық
мұрасын тарих, мәдениеттану ғылымдары
тұрғысынан пайымдағанына қарамастан,
олардың ізденістері мен қол жеткен
нәтижелері дала данышпанының өмірін,
ортасын, көзқарасын, танымын танудағы
елеулі ғылыми табыстар еді. Акаде-
мик Ғ.Есімнің, белгілі философ, про-
фессор А.Қасабековтің, әдебиеттанушы
Т.Жұртбаевтың
ойлары
Қазақстан
ғылымының анахарсистану саласындағы
жаңа серпіні болды.
Ел аузында сақталған аңыз мәліметтері,
халықтық таным қазақ шешендік өнерінің
түпкі негізін, қайнар-бастауын ноғайлы
дәуірінде өмір сүрген Майқы биден тара-
тады. Бұл пікірдің бірден-бір басты негізі –
халық жадында ғасырлар бойы сақталып,
бүгінгі күнге жеткен «Түгел сөздің түбі
бір, түп атасы – Майқы би» деген қанатты
сөз. Халық танымында хатталып қалған
бұл ұғымды бүгінде сөз өнері туралы
60
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
ғылым да жоққа шығармайды. Алайда,
қазақ шешендік өнерінің қайнар-бастауын,
оны жасаушылардың байырғы өкілдерін
анықтау барысында, Майқы биден арғы
заманға көз салып, біздің заманымызға
дейінгі VІ ғасырда жасаған скиф ханзада-
сы Анахарсистің сөз өрнегіне, өмірі мен
өнеріне көңіл аудармайтын болсақ, онда
бұл қазақ шешендік өнерінің тарихы үшін
де, оның байырғы өкілдерінің рухани
мұрасы алдында да үлкен айып болар еді.
Қазақтың белгілі билері мен шешендері
секілді Анахарсис те сөздің қадір-қасиетін
ондағы
ой-пікірдің
қадір-қасиетімен
өлшеген. Данышпанның танымында сөз өз
бетімен тұрып жақсы да, жаман да бола ал-
майды, ой, ойдың жүйесі жаман болса, оны
жеткізіп тұрған сөз де жақсы емес, егер сөз
жүйесіндегі ой жақсы болса, онда сөздің
өзі де жақсы. Сұлу айтылған сөздің мәні
мен мағынасы таяз болса, бұл ақылдың,
ойдың мешеулілігінің белгісі, ал сөздің
мәні мен мағынасы терең келіп, оның ай-
тылу реті бұзылып жатса, бұл – шешеннің
сөйлеу өнеріне тән кемшілік.
Берілген ойлардың қазақ билері мен
шешендерінің
ойларынан
ешқандай
бөтендігі жоқ, тіпті скиф ханзадасының
сөз сөйлеу, сөз саптау мәнері де қазақ
билері мен шешендерінің сөз жұптау
машығымен үндес келіп жатады. Көне
дәуір
ғұламаларының
еңбектерінде
Анахарсистің бірқатар шешендік сөздері
сақталған. Солардың бәрінде де оның
шешендік сөздерінің қазақ шешендік
өнеріне қатысы анық көзге түсіп, көңілге
қонып тұрады.
Лукиан Самосатский Анахарсис тура-
лы жазған еңбектерінде оны Солонның
досы, пікірлесі қатарында танытады. Ой-
ларын екі данышпанның алма-кезек пікір
алмасқан диалогы тәртібіне бағындыра
баяндай отырып, Лукиан эллиндер мен
скифтердің салт-дәстүрі жайында мол
мағлұмат береді. Әңгіме үстінде Солон
Анахарсистің афиналықтардың салты мен
дәстүріне, заңы мен мемлекет құрылысына,
адамгершілік әлеміне өте үлкен мән
беріп, солардың бәрін білуге, үйренуге
қатты ықылас қойғанын нағыз ерге, ойлы
азаматқа тән қасиет деп бағалайды. Өзінің
осы орайдағы ойларын ол Анахарсиске бы-
лай жеткізеді: «Осындай ізгі қасиеттерің
үшін барлық афиналықтар саған алғыс
айтуға әзір. Өйткені, сен мені қандай да бір
пайдалы іске үйретсең немесе маған қандай
да бір жақсы үлгі көрсетсең, онда біздің
еліміз бен мемлекетімізге сенің үлкен пай-
да әкелгенің. Бұл жақсылығыңды мен ел-
ден жасырып қала алмаймын, қайта мұны
қазір-ақ көпшілікке жария етем. Мінбеге
көтеріліп, былай деп айтатын боламын:
«Афиналықтар, мен сендер үшін әділетті
заң жасадым, оны өздерің үшін де, мемле-
кет үшін де өте пайдалы деп есептеймін.
Ал мына жат елдік азамат, Анахарсис
скиф бола тұра ақылға бай, әрі дана. Ол
менің көзімді ашып, ойымды байытты,
көптеген пікірлерімді басқаша байымдауға
көмектесті, толып жатқан кеңес беріп, білім
мен пайдалы іске үйретті. Сондықтан да
бұл азаматты ел үшін де, мемлекет үшін де
құтты, қайырлы деп санап, оның мүсінін
мыстан құйып, ең бір құрметті жерге
халық қалаулыларымен қатар қойыңдар!»
[11. 194 б.].
Солонның бұл сөзінде шындық, тек қана
шындық жатыр. Солон Анахарсистен Скиф
даласының әдеті мен салтына, дәстүріне,
тарихына қатысты мол мағлұмат алады,
Анахарсис Солоннан афиналықтардың
өмірі, мемлекет құрылысы, заңы туралы
көп нәрсеге үйренеді. Солон мен Анахарсис
арасындағы мұндай өзара түсіністік, сый-
құрмет олардың арасын жақындастыра
түседі. Солон афиналық данышпандардың
бас қосқан сейіл-серуенінен Анахарсисті
қалдырмауды дағдыға айналдырады.
Солон мен Анахарсис арасындағы
достық қарым-қатынастың кейбір қырлары
Диодор Сицилийскийдің еңбектерінде
де кең көрініс тапқан. Ол Крез патшаның
қабылдауында болып, онымен әңгіме-
дүкен құру құрметіне ие болған төрт
61
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
данышпанның қатарында Анахарсистің,
Солонның орнын ерекше бөліп көрсетеді.
Диодордың «Кітапхана» деп аталатын
еңбегінде Крез патшаның алдында болған
әңгіменің ұзын-ырғасы берілген. Әңгіме
жүйесінде Анахарсистің Крез патшаға
айтқан сөздерінің ойлылығы, ойларының
мәнділігі мен әсерлілігі, айқындығы мен
дәлелділігі бірден көзге ұрып, көңілді бау-
рап алады. Бір ғажабы, соның бәрі қазақ
шешендік өнеріне тән басты поэтикалық-
логикалық жүйе табиғатымен мейлінше
тектес, туыстас.
Анахарсистің ойлау жүйесі мен сөйлеу
әдебі дала мәдениетінің өлшемдеріне
негізделген. Туған жері мен туған еліне
қатысты көлеңкелі мағынада айтылған
сөздерді ол жаны ауырып, жүрегі сыздап
қабылдап, қайтарар жауабын тебірене, тер-
беле отырып айтады. Оның: «Менің сорым
– Отаным, ал сен – Отаныңның сорысың»,
– деп афиналық біреуге айтқан сөзінен
туған жерін, туған елін жанындай сүйген,
ал сол елі мен жерінің мәдени-әлеуметтік
жағынан артта екендігін сезіп, білгенде,
жаны күйген кісінің күйзелісті күйі, Отаны
үшін жаны ауырған жайы белгілі болады.
Анахарсистің даналық сөздерінің болмыс-
бітімі мен қазақтың белгілі шешендері мен
билерінің сөздері арасындағы туыстық пен
тектестіктің айқындығы сонша, оларды
бір-бірінен даралайтын ерекше белгілерді
табудың өзі қиын.
Анахарсистің
әлеуметтік-этикалық
көзқарастарын
аңғартатын
бірқатар
ойлардың желісі оның хаттарында
сақталған. «Афиналықтарға» хатында ол
өзінің грекше жатық сөйлей алмайтынына
эллиндіктердің күле қарайтынына көңілі
толмайтынын айта келіп, былай деп жа-
зады: «Мен афиналықтардың ортасында
сөйлеген сөзімде қате жіберсем, скифтердің
ортасында сөйлегенде, афиналықтар қате
жібереді. Кісі кісіден сөйлеген сөзімен дара-
ланбайды, сөзімен даңқын да шығармайды,
бір тілде сөйлейтін эллиндердің де бір-
бірінен айырмашылықтары бар секілді,
кісі бір-бірінен ойымен ерекшеленеді.
Спартиат аттика тілінде таза сөйлей
білмейді, бірақ оның ісі қандай даңқ пен
мадаққа да лайықты. Скифтер істің мәнін
жете түсіндірген сөздердің қандайын да
мансұқ етпейді, ал діттеген жеріне жетпе-
ген, көздеген нысанасына дарымаған, ойды
жеткізуге жарамсыз, ойсыз, мәнсіз лақпа
сөзді мақтамайды. Егер, сөз мағыналы
айтылып, мағыналы іске ұласатын болса,
онда ол жаман бола алмайды. Скифтер
мағынасыз сөзді ғана бос сөз деп біледі».
«Медокке»
хатында
Анахарсис
қызғаншақтық пен қорқақтық туралы
ойларын афиналықтар мен скифтердің
тұрмыс-салтына байланыстырып баян-
дайды. «Қызғаншақтық пен қорқақтық
оңбағандықтың басты көрінісі, – дейді ол.
– Өйткені, қызғаншақтық дос-жаран мен
өзге жұрттың артықшылығын көре алмау-
дан туатын дертке ұласады, ал қорқыныш
бос сөзден үміт күттіретін бейшаралыққа
ұшыратады. Скифтер мұндай адамдар-
ды ұнатпайды, өзгенің артықшылығына
сүйсініп, өзі де соған, сондай болуға
ұмтылады. Ал қызғаныш, жек көру және
басқа осындай оңбаған қылықтарды орта-
ларынан жауды қуғандай айдап шығады».
Анахарсис екі хатында да скифтердің
сөз, қызғаныш, қорқақтық туралы ұғым-
түсініктерін барынша әділетті, орынды
деп бағалап, оны эллиндердің түсінігіне
белгілі дәрежеде қарсы қояды, сөз туралы
эллиндердің ұғымынан скифтердің ұғымы
әлдеқайда биік тұрғаны жайындағы
пікіріне эмоциялық бай мазмұн дарытып
сөйлейді.
Анахарсис «Аннонға», «Патша ба-
ласына», «Крезге» сияқты хаттарында
байлықты, қамсыз тіршілікті мансұқ етеді.
Өзі эллин жеріндегі жағдайы, тұрмыс-
тіршілігі туралы жазғанда, қара жерді
төсек, табан терісін етік, шекпенін көрпе
етіп жүргенін, тамағы сүт пен ірімшік,
отқа қақталған ет, ал сусыны қара су екенін
көрсетеді. Мұндай тіршілік кешуінің
сырын ол патша баласына жолдаған ха-
62
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
тында былай баяндайды: «Сенде флейта
мен әмиян болса, менде садақ пен жебе.
Сондықтан, өзінен-өзі көрініп тұрғандай,
сен – құлсың, ал мен – еріктімін. Сенде
дұшпан көп, ал менде оның біреуі де жоқ.
Егер күміс теңгелеріңді лақтырып тастап,
садақ пен қорамсақ асынатын болсаң, сен
де азат азамат боласың» [9. 110 б.].
Анахарсис,
осылайша,
адамның
жанының еркіндігін оның дүние-
мүліктен, байлықтан азат болуымен
тығыз байланыстырады. Әмиянын ақшаға
толтырған адамның ойы мен сезімінде,
ісі мен әрекетінде, тіпті сөзінде де
құлдық, кіріптарлық таңбасы болатыны,
қолындағы дүние-мүліктен, байлықтан
оның жаны ешқашан бостандық ала ал-
майтыны жайында ой толғайды. Қол
астында мың сан қызметшісі, қалтасында
мың сан теңгесі бар, төрт құбыласы
түгел кісінің де дүниеден, байлықтан бо-
стан бола алмайтыны туралы ойды баса
айта отырып, мұндай құлдыққа ойдың,
ақылдың еркіндігін, жанның азаттығын
қарсы қояды, әрі скифтердің ешнәрсеге,
ешкімге тәуелсіз тұрмыс-тіршілігін, кәсібін
адамның еркіндігінің, бас бостандығының,
жан азаттығының басты шарты, кепілі
бейнесінде зор сүйіспеншілікпен, ыстық
ықыласпен еске алады.
Анахарсистің
сөздері
түгелдей
ақиқатқа, ой мен сезімнің тазалығына,
ізгілікке негізделеді. Ғұламаның ақиқат ой
мен сезім тазалығына байланысты ізгілік
туралы ұғымдары мен түсініктері өзара
сабақтаса, байланыса келе, адам жаны,
ар тазалығы туралы таным тұтастығына
ұласады. Ол жан тәуелсіздігі, ой мен сезім
азаттығы жоқ жерде ар-ождан тазалығы
да болмайтындығын аңғартады. Өмірде
адамның азат жанының ұлылығымен
теңесе алатын ешқандай құдірет-күш жоқ,
сондықтан адам жанының азаттығына
қызмет ететін құбылыстардың бәрі де
маңызды, ал тұрмыстың қалған қызықтары
мен қуаныштарында баян болмайды –
Анахарсистің сөздерінің асыл арқауы
осындай ойдан тартылған.
Дала данышпаны өз еліне, туған жеріне
деген құрметін «Крезге» хатында бар-
ша жұртқа ғибрат болатындай түрде
жинақтайды. Хатта ол өз көзімен көрген
бір оқиғаны баяндай отырып, одан үлкен
ой түйіндейді. Болған оқиғаның қысқаша
мазмұны мынадай: Скиф жеріндегі ең үлкен
өзендердің бірі Истра бойымен жүзіп келе
жатқан көпестердің кемесі қисапсыз мол
тиелген дүние-мүлік салмағынан шөгіп,
қайырлап қалады. Қайырға отырып қалған
кемені орнынан жылжыта алмай, амалы
таусылған көпестер жағаға шығып, бет-
бетімен кетуге мәжбүр болады. Көпестердің
жағдайын көріп білген қарақшылар кемеге
келіп, ондағы дүние-мүлікті тией бастай-
ды. Дүниеге көзі тоймаған қарақшылар
қайықтарына тиеген балық, зат, мүлік
салмағының мөлшерден асып кеткенін
байқамай қалады. Ақырында қарақшылық
жолмен табылған қисапсыз мол дүниенің
ауыр салмағы қарақшыларды қайық-
майығымен өзен түбіне тартып кетеді. Ал,
жүктен босаған кеме бауырын қайырдан
көтеріп, өзен айдынына шығып, жүзіп кете
барады. Бұл оқиға бай біткеннің бәрінің ба-
сынан өтуі мүмкін. Скифтер үшін мұндай
қауіп жоқ. Олардың бәрі де жер еміп
күн көреді. Жер ана қандай ризықты өз
еркімен берсе, олар соны алады, не нәрсені
бермей, қойнында жасырып қалса, оған
тиіспейді. Мал өсіріп, оны жыртқыш хайу-
андардан қорғай жүріп, скифтер тамаққа
сүт пен ірімшік алады. Қару-жарақты да
олар біреуге қарсы пайдалану үшін емес,
қажет болған жағдайда өздерін өзгелердің
қысастығынан қорғау үшін асынады...[9.
110 б.].
Толғау түрінде жазылған бұл хатты
шешендік ғибрат сөздің елдік туралы
теңдесі жоқ тамаша үлгісі деген дұрыс.
Ойын ойнап емес, ойлап, ойланып толғай
отырып, Анахарсис скифтердің өмірдің
мәні, байлық туралы қалыптасқан дәстүрлі
елдік,
халықтық
ұғым-түсініктерін
асқақтата дәріптейді. Мұндай сөздерден
63
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Анахарсистің туған Отанына, туған дала-
сына деген сүйіспеншілігі мен сағынышы
сағымдай бұлдырап, шетсіз, шексіз, таза
болмысымен мөлдіреп тұрып алады.
Көне заманның ұлы ғұламаларының
бірі Плутарх Анахарсистің даналық
толғамдарында эллиндердің тұрмыс-
салтын сынап қана қоймай, олардың
тіршілігі мен кәсібіндегі бірқатар дағдылы
істер мен әдеттерді сүйсіне мақтағанын
көрсетеді. Анахарсистің сондай сүйініп,
әрі таңғалып айтқан сөздерінің бірі
эллиндердің ағаштан көмір алу кәсібіне бай-
ланысты. Эллиндердің далада ағаш жағып,
оның шоғынан көмір жасағанын, көмірді
үйге әкеліп отын ретінде пайдаланғанын
көргенде, Анахарсис: «Эллиндердің бір
ғажап жері – олар отынның түтінін далада
қалдырып, отың үйге әкеледі» [12. 106 б.],
– деп айтқан екен. Скиф даласында туып-
өскен Анахарсис үшін эллиндердің мұнысы
таңғажайып, тамаша іс, асқан тапқырлық
болып көрінсе керек. Эллиндердің көп
қылығына сын көзімен қарағанмен, дала
ғұламасы олардың жақсылығын жасыр-
май, ашық айтып, сүйінішін де ірікпей
білдіріп отырған.
Эллиндер елінде Анахарсис ұлы даныш-
пандармен бірге толып жатқан пікірталасқа
ой жарыстырған, ақыл салыстырған
әңгімелерге қатысқан. Анахарсис қатысқан
осындай әңгімелердің бірін Плутарх
«Жеті данышпанның сауығы» деген атпен
баяндаған.
Жеті данышпанның сауық-сайраны
үстінде әңгіме желісі бірнеше рет ауысады.
Әңгіме бағыты патшаның атақ-даңқы мен
абыройын асыратын қасиеттер жайына
ойысқанда, жеті данышпанның әрқайсысы
бір-бірден пікір айтады.
Анахарсистің
сөзі
қалған
алты
данышпанның ешқайсысының да сөзінен
кем түсіп жатқан жоқ, қайта өзінен басқа
алты дананың алты ауыз сөзіне ажар беріп,
терең мағына дарытып тұр. Шынында
да, билеген жұртының ішіндегі жалғыз
ақылды адам патшаның өзі ғана болса, онда
оның атақ-даңқы мен абыройын, ақыл-
парасатын кім танып, кім бағаламақшы...
Мемлекет, әділетті мемлекет туралы
пікір жарысында да Анахарсистің ойы
ерекше дараланады.
Анахарсис бұл жерде де кісілік,
адамгершілік тұрғысының биіктігімен
көзге түседі. Ізгілік туралы ұғымы да сал-
дарлы. Өзегін зұлымдық жайлаған мемле-
кетте әділеттің болмайтыны жайындағы
пікірдің әлеуметтік, философиялық мәні
өте терең. Ал ізгілікті әділетті мемлекеттің
негізі деп тану данышпанның өмір сүрген
дәуірінің әлеуметтік, философиялық ойы
мен ойлау деңгейі үшін бұлттан шыққан
күндей әсерлі, жарығы да, қызуы да аса
күшті көзқарастың көрінісі еді.
Көне дәуір авторларының еңбектерінде
сақталған сөздеріне қарағанда, Анахарсис
даналық деңгейінде сөз сөйлеп, сол биікте
ой ойлап тұрса да, өте әсершіл, сезімтал
болғанға ұқсайды. Әсіресе, ол өзінің
шыққан тегіне, еліне қатысты айтылған
көлденең сөздерге қайтарған жауабында
қатты ширыққан күй аңғартады. Оның
Крез патшаға жауап ретінде айтылған
жоғарыдағы сөзінде психологиялық ахуал,
эмоциялық мазмұн барынша анық көрініс
тапқан. Бұл ерекшелік Анахарсис пен грек
мысалшысы Эзоп арасындағы әңгімеде
жаңа бір қырынан ашылады.
Анахарсистің
сөзінен
оның
жан
шындығы,
сезім
бұлқынысы
аңғарылуымен бірге, скифтердің күн ту-
ралы ұғым-түсінігі, сол арқылы олардың
дүниетанымының ерекшелігі де көзге
көрініп, көңілге жарығын түсіреді. Бір
ғажабы, Анахарсис өзінің күн туралы
ұғымымен де қазақ халқының байырғы
дүниетанымына, дәстүрлі мәдениетіне
жақын тұр. Анахарсиспен қатар пікір айтып
отырған данышпандардың сөздерінде де
ойлылық, тапқырлық, даналық іздері сай-
рап тұрғанында сөз жоқ. Бірақ, олар айтқан
пікірлер мазмұн, мағына аясы, жалпылық,
жинақтаушылық
деңгейі
жағынан
Анахарсистің пікірінің мағыналық аясына
64
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
енетіні, Анахарсистің пікірімен бүтіннің
бөлшегі дәрежесіндегі қатынаста тұрғаны
аңғарылады.
Данышпандардың ортасында пікір
жарыстыруға қатысып, мұндай терең,
белгілі бір қасиеті бойынша әріптестерінен
озық, кең ой толғау Скиф ғұламасының
даналық биік тұлғасын даралай түседі.
Оның шарап ішу жөні, жан мен тәннің
құдайға қатысы туралы айтқан ойлары
ажарлы, айшықты түрімен, өткірлігімен,
қазіргі қазақ сөзіндей ұғымға жеңілдігімен,
әрі көп мағыналылығымен ерекшеленеді.
Дала
данышпанының
аузынан
шыққан бір қанатты сөз оның өз мүсініне
қашалып жазылған екен. Онда: «Тіліңе,
құлқыныңа, нәпсіңе ие бол» [2. 96 б.], –
дейді ол. Анахарсистің өзін қазақ қылу
қиын екені рас. Ал мына сөзін қазақтың
сөзі емес деп дәлелдеу одан да қиын.
Онда қазақ халқының ұлттық рухани
құндылықтарының ілкі өрнектері бар.
Анахарсис әр сөзін шын жүректен
толғаған. Ол ойын қозғамаған, сезімін
тербемеген
құбылыстар
жайындағы
әңгімелерге араласпаған. Ғұламаның
шешендік сөздері мен даналық ойла-
ры оның жанын толқытқан шындықтан
туып, айтпауға болмайтын, тіл қатпаудың
мүмкіншілігі мүлде қалмаған шақтарда
айтылған.
Скиф данышпанының сөздері мен
толғаулары өзінің ішкі жүйесі жағынан
да, сыртқы ажар-көркі жағынан да
мейлінше келісті. Оларда ой тереңдігі
сезім шынайылығымен, сезім тазалығы
ой алғырлығымен тығыз байланысты.
Ғұламаның өзі мен сөзін байырғы ата
жұртына алып ұшып келген қос қанат –
оның осындай ойы мен осындай сезімі, жан
шуағы. Ойды ойнатып, сезімді мөлдіретіп
толғауда қазақ сөз өнерінің ертеден келе
жатқан ескі нұсқаларының, солардың
ішінде шешендік сөз үлгілерінің де өз
ерекшеліктері бар. Сондай ерекшеліктерден
түзілген мәнер мен машық Анахарсистің
сөйлеу, сөз толғау өнерінің өз өрнегіндей,
асыл өзегіндей жарқырап, көз қарықтырып
тұрады. Мұндай тектес құбылыстар қазақ
шешендік өнерінің байырғы өкілдерінің
қатарында қазақ даласынан Кіші Азия да-
ласына ауып барған скиф ұлыстарының
ортасынан шыққан Анахарсистің де өз
орны барын көрсетеді. Қазақ шешендік
өнерінің түп төркінін, шығу тари-
хын, сондай-ақ қазақ шешендік өнерін
жасаушылардың байырғы өкілдерінің ел
мен елдік, мемлекеттік, тәуелсіздік туралы
ұстанымдарының болмыс-бітімін анықтау
ісінде Анахарсистің шешендік сөздері мен
толғамдарының маңызы мен мәні жоғары.
Сондықтан, қазақ сөз өнерінің түп төркіні,
ежелгі тарихы жайлы сөз бастағанда,
Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық
идеямыздың ілкі бастаулары туралы ой
қозғағанда, Анахарсистің шешендік өнерін
айналып өтуге болмайды.
Анахарсис өлер алдында мына сөздерді
айтқан екен деседі: «Қызыл тілімнің
арқасында жат елден аман кетіп едім,
отаныма келіп көре алмаушылардың
қызғанышынан мерт болдым» [6]. Бір
ауыз сөз. Сол бір ауыз сөзде өкініш пен
күйініш тұнып тұр. Өз халқының, елінің
игілігіне жұмсамақ оймен Элладаға ба-
рып білім алып, өнер үйреніп, ақырында
сол елдің атақты жеті данышпанының бірі
дәрежесіне жеткен, сөйтіп, атақ пен даңққа
бөленген дала перзентінің соңғы сөзін
тебіреніссіз қабылдау мүмкін емес.
Анахарсистің трагедиялық өлімінің
себебін
Геродот
скифтердің
әдет-
ғұрпымен, салт дәстүрімен байланысты-
рады. Геродоттың баяндауына қарағанда,
Анахарсис Эллада елінде оқып, білім алып,
мемлекет ісіне үйреніп, еліне қайтады.
Еліне келе жатқан жолында Анахарсис Ки-
зик деген ауыл адамдарының Құдай-Ана
құрметіне құрбандық шалып, дүрілдетіп
той жасап, ас беріп жатқанының үстінен
шығады. Той рәсімінен Анахарсис те
тыс қалмайды: Құдай-Анаға құлшылық
білдіре тұрып, егер отанына аман-есен же-
тер болса, Құдай-Анаға арнап құрбандық
65
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
шалып, дәл осындай қараңғы күнді жарық
қылғандай, тамаша той жасайтыны тура-
лы іштей уәде етеді.
Скифияға келген соң, қалың орман-
ды Гилей алқабында Анахарсис Құдай-
Анаға берген уәдесін орындауға кіріседі.
Анахарсистің Құдай-Анаға көрсеткен
құрметі аясында жасаған істерін, ғұрып-
тәртіптеріне сай атқарған қызметтерін
скифтердің біреуі көреді де, көргенін
сол қалпында скиф патшасы Савлийге
жеткізеді. Савлий болып жатқан жайды
өз көзімен көрмек үшін, Гилей орманына
келеді. Анахарсистің Құдайға құрмет жа-
сап, онымен тілдескендей күйде тұрғанын
көргенде, Савлий қатты шошынады. Пат-
ша үрейленген күйде садағына оқ сала-
ды. Еліне, жеріне аман-есен жеткені үшін
құдайына құлшылық етіп тұрған Анахар-
сис, осылайша, ойда жоқта өзінің туған
бауырының қолынан атылған оқтан өлім
табады.
Анахарсис
туған
Отанына
жат
жердің салтын алып келгені үшін емес,
өзінің соңғы сөзінде айтылғандай, көре
алмаушылардың қызғанышы, күншілдігі
салдарынан мерт болады [13. 176-177
б.]. Тірісінде туған Отанын жалындап
сүйіп, оның қараңғылығына жаны күйіп
арланған, күншілдікке, қызғанышқа,
байлық пен билікке қарсы жалпыадамзатқа
үлгі болғандай ұстаным ұсынған, нешеме
қанатты сөздер айтқан сөз атасы жарық
дүниеден біздің заманымызға дейінгі VІ
ғасырдың соңында осылай өтеді.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы, 1985.
2. Диоген Лаэртский. О жизни, учениях и изречениях знаменитных философов. –
М., 1979.
3. Геродот. История в девяти книгах//Перевод и примеч. Г.А.Стратановского. –
Л., 1972. – ІV кн.
4. Куклина И.В. Анахарсис//Вестник древней истории. – 1971. Вып.3.
5. Страбон. География. – Л., 1964. – Гл. 3.
6. Платон. Сочинения: В 3-х томах. – Т.2. – М., 1968.
7. Латышев В.В. Известия древных писателей греческих и латинских о Скифии и Кавказе. – Т.
1-2. – СПб., 1893-1906. – Кн. ІХ, гл. 26.
8. Цицерон М.Т. Три трактата об ораторским искусстве. – М., 1972.
9. Агбунов М.В. Путешествие в загадочную Скифию. – М., 1989.
10. Нахов И.М. Киническая литература. – М., 1981.
11. Лукиан. Сочинения. – Т. 2. – Философия. Быт. – М., 1920.
12. Плутарх. Застольные беседы. – Л., 1990.
13. Хазанов А.М. Социальная история скифов. Основные проблемы развития древных кочевни-
ков евразийских степей. – М., 1975.
Резюме
В статье рассмотрены древние образцы искусства слова казахского народа. Осмыслены значе-
ния, смысл и художественное своеобразие ораторской речи Анахарсиса, отношения его литератур-
ного наследия к истокам казахской литературы.
Summary
In the article the ancient samples of art - words of the Kazakh people are considered. Values, sense and
an art originality of oratorical speech of Anaharsisa, the relation of its literary heritage to sources of the
Kazakh literature are comprehended.
66
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
Әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан халқына қадірлі, еліне сыйлы
болған, ұлт жазушысы, оқырманының мағынасы терең, жанына жақын туынды-
ларымен жадымызда мәңгілікке сақталып қалған Баққожа Мұқайдың бұл жалған
өмірден озғанына да үш жылдан асты...
Достарыңызбен бөлісу: |