фи джибал”) [143], 1967 жылы Орта Азия мен Қазақстан жазушыларының
шығармалар жинағы “Солнце над барханами” (Әш-шәмсу фауқа-л-кусбан) [144],
Ә.Нүрпейісовтың “Қан мен тер” трилогиясының “Ы мырт” кітабы (әл-Ғафш)
1969 жылы Мәскеудің “Прогресс” баспасынан жарыққа шығады [145].
93
Сондай-ақ, “Степные звезды” ( “Нуджуму-с-саһби”) деген атпен Қазақстан
жазушылары
әңгімелерінің жинағы 1979 жылы Ташкентте “Прогресс”
баспасынан араб тіліне орыс тіліндегі нұсқалары арқылы аударылып
жарияланды [146]. Бұл жинаққа М.Әуезовтің “ Қорғансыздың күні” ( “Қисмату-
д-дағфа”) , С.Мұқановтың “Алтынды аймақ” ( “Әл -минтақату-з-заһабияту”) ,
Ғ.Мүсіреповтың “Ақлима”
( “Ақлима”)
және З.Шашкин,
Ә.Әлімжанов,
Т.Ахтанов, С.Мұратбек ов, Ә.Кекілбаев секілді жазушылардың әңгімелері енген .
О.Бөкеевтің орыс тіліндегі “След молний” шығармалар жинағы [ 147] және
С.Мұратбековтің “Запах полыни” атты әңгімелері мен повестерінің жинағы
жеке кітап болып,
араб тілінде
жарық
көрді
[148].
Аталған
қазақ
қаламгерлерінің көркем шығармалары
араб тіліне орыс тіліндегі аударма
нұсқалары арқылы тәржімаланған.
1973 жылы Алматыда
өткен
Азия, Африка ақын-жазушыларының
конференциясы қарсаңында қазақ -араб әдеби байланыстары мен оны дамыту
жайында мерзімді баспасөз беттерінде көптеген мақалалар жарияланып, белгілі
араб ақын, жазушыларының өлеңдері мен әңгімелері қазақ тіліне көпте п
аударыла бастауының екінші үл кен толқыны басталды. Бұл аудармалар да орыс
тіліндегі нұсқалары арқылы жасалды. Бұл аударылған шығармал ардың ішінде,
белгілі арабтанушы ғалым Ә.Дербіс әлиевтің М арокко ақынының өлеңінен
жасаған аудармасы ғана таза араб тілінен аударылды.
Қазақ -араб әдеби байланыстарының тарихын зерделей келе, бұл процестің
жекеден жалпыға қарай жүргенін байқадық. Бұған екі х алықтың ертеден
үзілмей келе жатқан рухани қарым -қатынасы куә болады. Мәселен, әдеби
байланыстардың алғашқы белгілерін Ислам дінінің қазақ даласына келуімен
және дінмен бірге араб халқының “Мың бір түн”, “Ләйлі -Мәжнүн”, “Калила
мен Димна” секілді әдеби классикалық туындыларының таныла бастауымен
дәйектеуге болады. Сондықтан да з ерттеу нысаны ретінде араб халқының
классикалық
үлгілері:
“Мың
бір
түн”
мен
“Калила
мен
Димна”
шығармаларының
араб
тілінен
қазақ
тіліне
аударыл у тарихы мен
тәржімалардың ерекшеліктер і мен ұқсастықтарын, көркемдігін және қазақ
тіліндегі аудармалардың түпнұсқамен үйлесімдігін саралауды мақсат етіп
алдық.
Арабтың классикалық үлгісі саналып, ертегі, әңгіме, мысал, анекдот,
тұрмыстық новеллалар, сияқты әдеби жанрларды біріктірген жинақ ХІ
ғасырдан бастап, “Мың бір түн” деген атпен белгілі бола бастады. Енді осы
кітаптың генезисіне үңіліп, зерделер болсақ, оның жоғарыда көрсетілген
кезеңге дейін Таяу Шығыс, Үндістан, Грекия және Мысыр секілді өркениеті
дамыған елдердегі халықтың ауыз әдебие ті мен жазба кітаптарында сөз
болатын ғибратты әңгімелерді, тарихи хикаяларды, аңы з-әфсаналарды өз
бойына сіңіріп, әр түрлі даму , өзгеру, ықпалдасу сатыларынан өтіп барып
арабтық түр алғанын көреміз. Араб халифаты империяға айналғаннан кейін,
шамасы жеткен жердің бәрінде исламдандыру, арабтандыру процесінің
нәтижесінде сол территорияның барлық аймағында араб тілі әлемдік мәдениет
94
тілі деңгейіне көтерілді. Атақты шығыстанушы А.Е.Крымскийдің пікірінше
Халифаттың барлық халықтары үшін араб тілі рухани өмірдің
негізі
болғандықтан, бұл мәдениетті араб мәдениеті деп атайды. “Араб әдебиеті”,
“араб мәдениеті” деген тіркестердің тіл қолданысына түсуі де сондықтан [149,
Б. 25-26]. Халифаттың гүлденген кезінде ежелгі өркениет ошақтарының
ғалымдары, философтары мемлекеттің мәдени орталықтарына ағыла бастады.
Себебі халифалар ғылым мен білімге кең жол ашқаны тарихтан белгілі. Соның
бір жарқын көрі нісі ретінде Отырар қаласынан шыққан Әл -Фарабидің сол араб
жеріне барып, ғылым, білім жинап, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз
дәрежесіне жеткенін айтуға болады.
Халифат құрамына енген халықпен бірге, олардың рухани құндылықтары
да қоса келді. Халифат үнді мен иран ертегі-аңыздары мен дидактикалық
шығармаларының, Таурат пен Інжілдідегі өсиеттер мен тарихи хикаяларының,
Вавилон мен көне Мысырдың ауыз әдебиетінің және Аравия түбегіндегі
жергілікті халықтың әдеби дәстүрлерінің синтезделген орталығына айналды.
Мұндай пікірді араб әдебиеті тарихын зерттеген ғалымдар да айтқан болатын.
“Мың бір түн” жинағының генезисі жөнінде әлем ғалы мдарының пікірлері
әр түрлі, тіпті, бір-біріне кереғар тұжырымдар да жасалды. Олардың бәрі дерлік
орта ғасырлық араб зерттеушілері Әл -Мас‛уди мен Ән-Надимнің деректеріне
сүйене отырып, кітаптың пайда болу, қалыптасу тарихын ашуға тырысқан.
Араб тарихы мен әдебиетін зерттеуші А.Е.Крымский мен “Мың бір түн”
ертегісін орыс тіліне алғаш аударған М.Салье [150] және басқа да ғалымдардың
айтуынша кітаптың түзілу жолы көп ғасырға созылған. ХІХ ғасырдан бастап
бұл жинақты зерттеу белсенді түрде жүрді. Соңғы екі ғ асыр аралығында “Мың
бір түнге” қатысты көптеген зерттеу жұмыстары мен ғылыми мақалалар
жарияланды. Соның ішінде ең маңызды зерттеулер жасаған ғалымдардың
қатарына: Иосиф Фон Хаммер, Сильвестр де Саси, А.Мюллер, К.Броккельман,
И.Эструп, А.Крымский, С.Ольденбург, Д.Макдональд, И.Ю.Крачковский,
И.М.Фильштинский,
Ә.Дербісәлиев,
Х.Миннегулов
сияқты
көрнекті
шығыстанушыларды жатқызуға болады. Олар аталған жинақ жайында көптеген
құнды ғылыми еңбектер мен зерттеу мақалаларын жазып, түрлі -түрлі түйінді
мәселелердің шешімін табуға өз үлестерін қосты.
Х.Миннегулов “Мың бір түн ді” әрі жазба әдебиет, әрі ауыз әдебиеті
ретінде қарастырады. Ғалымның пікірінше бұл екі дәстүрдің байланысы
кітаптың өзіндік ерекшелігі болып табылады [114, 73 б]. Біздің ойымызша бұл
өте құнды пікір. “Мың бір түн” ертегілерін саралай келе, оның поэтикасында
болсын, стилінде болсын
жазба
әдебиетке тән ерекшеліктердің
анық
байқалатынына көз жеткіздік.
Қ.Мұхамеджановтың аударған нұсқасында ғы “Һаммал мен үш қыз жәйлі
хикая” атты бөлімінде қыздар “Баяғы өткен ибн Ас -Сумамның жазып кеткенін
бізде оқығанбыз, – деп мына бәйтті айтады:
Құпияңды сенбе адамға, сыр шашпа,
95
Сенсең біттің, күйіп кеттің құр босқа.
Құпияңды өзің сақтай алмаған,
Өзге біреу қалай сақтар аңдаған? [ 151, 74 б.]
“Мың бір түнд і” түзуші ғалым с ыр сақта маудың адамға тигізер зияны
жайында айтылған, арабтың әйгілі ақындарының бірі Әбу Нуастың мына бәйтін
әңгіме арқауына өреді.
Сырын шашқан жақсы емес басқаға,
Маңдайдағы сорың ғой ол масқара. [151, 74 б.]
Жинақта сөз бола тын хикаяттардың көпшілігінің стилі кәсіби қаламгердің
қаламынан шыққандай әсер қалдырады.
И.М.Фильштинский Х ғасырда өмір сүрген Мас‛удид ен мынадай ғылыми
негіздеме келтіреді: “Ежелгі халықтардың аңыздарымен таныс адамдар, сол
әңгімелерді ойдан шығарып, көркемдеп баяндаған деп мәлімдей отырып, әдеби
құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен. Сондай жәдігердің бірі
– “Хезар эфсане”. Бұл парсы тілінен араб тіліне аударғанда “Әлфу хурафа”
(Мың аңыз -әңгіме) деген мғына береді. Бұл кітапта Ширазада мен Динарзада
есімді күң қыздардың хикаясы, Джиллиад пен Шимас атты үнді патшасы мен
уәзірі жайында ғы әңігмелер және Синдбадтың саяхаттары туралы аңыздар бар
[152,502 б.]. Ал, “Мың бір түнді” араб тілінен орыс тіліне алғаш ауд арушы
М.А.Салье француз арабтанушысы Сильвестр де Сасидің “Мың бір түннің”
парсылық тегіне мүлде қарсы пікір де болғандығын айтады. Ол “Мың бір түнді ”
мұсылмандық
рухпен,
араб
әдет-ғұрыптарымен суарылғанын, болған
оқиғалардың Бағдат, Дамаск, Мысыр сияқты араб жерлерінде өткенін баянд ай
отырып, оның тілі
мен стилі
қарапайым,
кейінгі дәуірлердегі Сирия
диалектісіне жақындығын , “Хезар эфсанеден” тек рамкасы мен сыртқы
безендірілуін ғана алғандығын және оны сириялық бір адамның жазғандығын
айтады. [150, 26 б.]. Сонымен қатар, жинақтың түп нұсқасына кірмеген
әңгімелердің “Мың бір түннен” көрініс табуын, олардың араб ертегі -
аңыздарының кейіннен кіріктірілген әңгімелері: Синдбадтың саяхаттары, Омар
ибн Нуғман жайлы халықтық романды кіргізуге болады.
И.Ю.Крачковский “Мың бір түннің” шығу тарихы
жөнінде ағылшын
ғалымы Э. Лэннің айтқан ойын қолдайды. Э.Лен де Сильвестр де Саси секілді
жинақты бір немесе екі адам топтастырған деген тоқтамға келіп, к ітап
Мысырда пайда болған деп санайды [113, 345 б.]. Зерттеуші бұл пікірін
бірқатар тұрмыстық
жағдайл армен
байланыстыра отырып, сол кездегі
халықтың тілдік ерекшеліктеріне , әңгіменің сипаты мен стиліне басты назар
аударады.
Белгілі татар
ғалымы Х.Миннегулов
неміс
шығыстанушысы
Фон
Хаммердің “Мың бір түннің” түп негізі жөнінде өзіндік тұжырым ұсынғанын
96
атап көрсете отырып, ол “Мың бір түннің” бастапқы негізі парсы жинағы
“Хезар эфсане” болғандығын алға тартады. Кейін парсы нұсқалар өңделіп,
немесе кейбір
әңгімелерін араб аңыздары ығыстыруының нәтижесінде
парсылық негізінен ажыраған деген тақтамға келеді. Ф он Хаммердің пікірінше
кітап Х ғасырдың ортасына таман Бағдат қаласында парсы тілінен аударылады
[114, Б. 74-75]. Екі жүзден аса әңгіме -хикаяларды қамтитын “Хезар Әфсана”
көшіріле-көшіріле
түпнұсқа мазмұны әлсіреп,
оның көптеген материалдары
алынады да, орнына жаңа әңгімелер енгізіліп, мың бір түнге жеткізілген. “Мың
бір түннің” соңғы редакциясы Х ҮІ ғасырдың басына қарай аяқталған. Сонымен
бірге, үлкен арабтанушы ғалымның бірі И.Эструптың “Мың бі р түннің”
генезисіне байланысты мынадай маңызды пікірін дұрыс негізге алады: “Мың
бір түн” біршама бөлігі Бағдаттық, біразы Кайрлық саналатын арабтық негіздегі
үнді-иран элементтерінің қоспасы. Бұған басында “Мың бір түнге” кірмеген,
көлемді материал
Бағдатта қосылға сияқты.
Осындай сатылардан өткен
жинақтың қалыпт асу кезеңі ХІҮ ғасырдың екінші жартысына дейін созылған
[114, 75 б.]. Х.Миннегуловтың өзі “Мың бір түннің” қазіргі бізге жеткен
нұсқасы ХІ Ү-ХҮ ғасырлар дейді [114, 77 б.]. Ғалым жинақта сөз болатын
кейбір кейіпкерлердің өмір сүрген уақыты мен аталған кітаптың бір көшірме
нұсқасының Парижде сақтаулы тұрғанын, оның Х Ү ғасырға жатқызылғаны,
Ватиканда сақталған екінші Шаһризад хикаялары туралы көшірменің ХІ Ү
ғасырдың соңында редакцияланғаны сөз болады.
Ал, “Мың бір түн” кітабының түзілуіне негіз болған “Хез ар Әфсананың”
түпнұсқасы мен араб тіліне аударылған нұсқасы әзірге белгісіз. Сол себепті де
ол екі нұсқаны салыстырып зерделеу мүмкіндігі жоқ. Зерттеуші ғалымдардың
айтуынша түпнұсқаның жоқ болу себебі, ол Иран жерінде Зороаст ризм дінінің
негізінде жазылға н, кейін ел Ислам дінін қабылдағаннан соң, оның шариғатқа
қайшы тұстары қысқартыла -қысқартыла мүлдем өзгеріп кетуі де табиғи нәрсе.
“Мың бір түн” ертегісінің алғашқы бөлімдерін А.Галлан (1946 -1715)
француз тіліне аударады да, қалған бөліктерін 1788-1792 жылдары Казотт пен
Шавис аударып шығады .
“Мың бір түн” ертегісін орыс тіліне француз, неміс, ағылшын тілдерінен
аудару ХУІІІ ғасырдың аяғына таман басталады. Ал, араб тілінен орыс тіліне
алғаш рет 1929-1939 жылдар аралығында атақты шығыстанушы, академик
И.Ю.Крачковскийдің редакторлығымен М.А.Салье аударып шығады.
Қазақ
ауыз
әдебиетінде “Мың
бір түн”
әңгімелерімен сарындас
ертегілердің жеткілікті екені мәлім. “Мың бір түн” оқиғаларының сюжеті,
алғашында, жекелеген әңгіме түрінде таралған. Сол уақыттан бері а талған
жәдігер қазақ топырағында тамырын тереңге жайып, қазақ әдебиетіндегі
шығыстық үлгінің нәрі мен сәніне айналды. Таңнан таңға тоқтамай ертегі мен
жыр айтатын қазақ ертегішілері мен жыршыларының тек қана “Мың бір түн”
емес, “Ләйлі-Мәжнүн”, “Калила мен Димна” секілді әлемдік мәдениеттің
биігінен орын алатын шығыстық әдеби мұралардың да кең таралуына зор үлес
қосқаны тарихтан белгілі. Сондай -ақ, бұл жәдігерлер қазақ ақындары мен
97
жазушыларының шығармашылығына да үл кен ықпал етті. Абайдан бастап
көптеген қазақ қаламгерлерінің шығармаларында шығыстық сюжетке құрылған
туындылар молынан кездеседі.
Ұлы ғалым М.Әуезов “Ертегілер” атты ғылыми еңбегінде: “Дүние жүзі
халықтарының бәрінің де айтып жүрген ертегілері, жалғыз сол халықтың өзі
ғана тудырған тума ертегі лер емес, қайта өзге де көптеген халықтарға ортақ
мүлік болып шығатын жайы бар. Ол келген ертегілерге айқын мысал Дүние
жүзі білетін “Мың бір түн”, “Ескендір Зұлқарнайын” жайындағы ертегілер!” –
деп анықтама берген [102, 10 б.].
Әлемдік мәдениеттің жауһарл арының бірегейі саналатын “Мың бір түн”
хикаяларының аударылмаған тілі қалмаған деуге болады. Соның ішінде қазақ
тіліне де аударылған бірнеше нұсқалары бар. ХХ ғасырға дейін “Мың бір
түнді” қазақ халқының тек арабша сауаты барлары ғана оқыды. Енді жалпы
халық ұлттық тілінде оқи алатын деңгейге жетті деген пікірлер бар. Десек те,
ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген “Түркістан уалаятының
газеті” мен “Дала уалаятының газеті” сияқты басылымдарда “Мың бір түннің”
қазақша аудармалары басылып шықты. Мысалы , “Түркістан уалаятының
газетінде” “Араб жұртының “Мың бір түн” деп аталған ертегісі” деген атпен
1872 жылдың 18 қазанындағы №19 санынан бастап шыға бастаған “Мың бір
түн” хикаялары, 1873 жылдың 17 қыркүйегіндегі №1 7 санына дейін
жарияланып тұрды . 1895 жылы “Мың бір түннің хикаясы” деген атпен
М.Жанайдаровтың аудармасы жарық көрді. Автор мұнда “Мың бір түндегі ”
адамның итке айналуын баяндайтын оқиғаны
жазады. Бұл аударманы
Ү.Сұбханбердина құрастырған еңбекте орыс тіліндегі нұсқадан тәржімаланған
болуы керек деген пікір айтылады. Дей тұрғанмен, ХІХ ғасырда қазақ арасында
арабша еркін сөйлейтін сауатты адамдар жеткілікті болғаны баршамызға аян.
Орыс тілінен гөрі араб тілін жетік меңгерген уақытта бұл аударманың
арабшадан аударылуы да мүмкін деген ой айтуға бол ар еді.
“Мың
бір түн” ертегісінің Қалмахан
Әбдіқадыров пен
Қалтай
Мұхамеджанов жасаған аудармалары елімізде кеңінен танымал . Қ.Әбдіқадыров
аударған “Мың бір түннің” бірінші кітабы 1949 жылы, екінші кітабы 1950
жылы, үшінші кітабы 1954 жылы, төртінші кітабы 1955 жылы жарық көреді.
Автор өз аудармасын бұрыннан қазақтар арасында ауызша тараған “Мың бір
түн” жайындағы аңыз -әңгімелерге сүйене отырып, шығыс тілдерінен аударған.
Мұны тәржімашының кітап соңындағы аудармашыдан деген мына өлең
жолдарынан:
Қош айттым Шаһаризадаға елу бесте,
Шыдадым не айтса да мың бір кешке,
Персі, араб, түрік, маңғол түрлі тілден
Жібін ап қазақшалап тіктім кесте. –
98
көруге болады [153, 405 б.]. Аудармада жәдігердің жалпы желісі сақталғанымен
аудармашы тарапынан ел ішінде айтылып жүрген ертегілердің ыңғайына
бейімдеген тұстары да жоқ емес. Әйтсе де, бұл еңбек нәзирагөйлік дәстүрдің
жалғасы емес, таза аудармаға жатады.
Екінші аударманы көрнекті қаламгер Қ.Мұхамеджанов “Мың бір түннің”
М.Салье аударған орысша нұсқасынан жасағ ан. Орыс тіліндегі А.Филатьева,
И.Б.Мандельштам және басқа да орыс аудармашылары аударған нұсқаларға
қарағанда алғашқы сы әрі көркемі осы М.Сальенің аудармасы болып саналады.
Аударма орыс тіліндегі мазмұнмен тығыз сабақтастықта, мейлінше жатық,
түсінікті тілде жазылғандығы байқалады.
М.Салье мен Қ.Мұхамеджанов аудармаларының жалпы мәтінін салыстыра
зердерлер болсақ, олардың тәржімалаған әңгімелерінде бірдей ортақтық,
текстологиялық жақындықтар анық байқала тынын көреміз. Әр қаламгердің
танымына сәйкес өзіндік ерекшеліктер де жеткілікті. М.Салье аудармасымен
Қ.Мұхамеджанов пен Қ.Әбдіқадыровтың аудармасын өзара салысты ра келе,
М.Салье мен Қ.Мұхамеджанов аудармаларының оқиғаны баяндауы мен
диологтарында, мәтіндегі
өлең құрылысы мен мазмұн сабақтастығы
Қ.Әбдіқадыр ов нұсқасына
қарағанда бір -біріне жақындығы н байқадық.
Дегенмен, үш нұсқа да да аудармашылар жалпы оқиғаны әңгімелеу барысында
түпнұсқа мазмұнынан алшақ кетпеген.
Кітаптың қазақ аудармашылар ының жасаған нұсқасын араб және орыс
тіліндегі мәтіндермен салыст ырып, негізгі айырмашылықтарын таразылап
көрейік. Біріншіден, “Мың бір түннің” түпнұсқасында болсын, аудармаларында
болсын, кейбір әдепсіз, имандылыққа сай келмейтін оқиғалар мен
анайы
элементтер жиі ұшырасады [154, 38 б.]. Түпнұсқадағы мұндай жағдайлар
орысша аудармасында
мейлінше толық
беріліп отырады, ал
қазақша
нұсқаларында ондай қылықтардың тігісін жатқыза, жұқалап қана аударған [151,
63 б.]. Мұндай жұмыстардың кейбір аударма мәселесімен айналысқан ғалымдар
тарапынан сыналатыны да жасырын емес.
“Мың бір түннің” қазақ тіліндегі нұсқасын түпнұсқамен салыстыра
зерделей келе, кітап мазмұнында
кездесіп отыратын өлең жолдарының да
көлемі жағынан
біркелкі еместігі көрініс беретінін байқадық. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: |