“Калила мен Димна” кітабының өзге тіл дерге аударылу тарихы
санскрит
фәһлауи (560 ж.) тибет
сирия І (570 ж.)
араб (750ж.)
сирия ІІ грек испан иврит І иврит ІІ малқа ағылшын фарси орыс түркі
1080ж. 1251ж
.
1819 ж. 1120ж. 1889ж.
1889ж.
итальян славян латын латын
ғазнауи (парсылық)
1583ж.
1313ж. 1270ж.
неміс испан итальян
парсы (әнуар саһили)
дат голанд итальян ағылшын
1618ж. 1623ж.
француз
тәшкенди (түркі) казуин (түрк і)
һумаюн наме (түрік)
ғиар данеш
(парсылық)
Аталған шығарманың қазақ тіліне аударылуының тарихы мен мезгіліне қатысты
сызбасын жеке көрсетуді жөн санадық.
Абдулла ибн Муқаффа аударған арабша нұсқасы (750ж.)
Қазақ тілінде
Орыс тілінде
(1948 ж.)
(1923 ж.)
І
Қазақ тілінде
(1962 ж.)
122
ҚОРЫТЫНДЫ
Әлемдік
әдебиеттану
ғылымын
өркендетуде
салыстырмалы
әдебиеттанудың өзіндік рөлі мен маңызы бар. Әдеби байланыстың дамуы мен
таралу идеясы ұлттардың бірін -бірі түсінуі үшін, ұлтаралық қарым -қатынастың
орнығуы үшінде ерекше мәнді. Әдеби шығармалардың шығу төркінін анықтау
сөз өнеріндегі
компаративистиканың басталуындағы маң ызды жайттарды
аңғаруға мүмкіндік береді. Қазақ -араб әдеби байланысының басталуы мәңгілік
махаббат тақырыбын жырлаған поэтикалық шығармалардың нәзира шылдық
бағытымен тікелей байланысты. Орта ғасырдағы араб мәдениетінің
қазақ
даласына келуімен бірге ұлттық әдебиетте, өнерде, білімде жаңаша бағыт пайда
болды. Бұл, ең алдымен, Ислам дінімен астасып жататын, орта ғасыр дағы
ғылым мен білімді, дүниені танудың мұсылмандық жолын ұсынған бағыт еді.
Сонымен бірге классикалық араб әдебиетінің үлгілері қазақ әдебиетіне ауызша
және жазбаша түрде ене бастады. Қазақ -араб әдебиетінің байланысы екі
әдебиеттің де көркемдік -идеялық жағынан баюына ықпал етті.
ХХ ғасырдағы қазақ -араб әдеби байланысын зерттеу барысында екі елдің
әдеби қарым -қатынасы тамырының тереңде жатқандығы ғылыми тұрғыда
пайымдалды. Қазақ халқының мұсылман әлемімен байланысу нысандары жан -
жақты әрі әр түрлі. Атап айтқанда, екі ел ғалымдары мен қаламгерлерінің
мәдени
қарым-қатынасы,
діні
бір,
тағдырлас
елдердің
таңдамалы
шығармаларының Қазақстанда да, араб елдерінде де тәржімаланып, өзара
ықпалдастықта өркендеп дамуына үлкен үлес қосты . Араб халқының дүние
жүзіне тараған “Мың бір түн”, “Ләйлі -Мәжнүн”, “Калила мен Димна” т.б. әдеби
жәдігерлерінің сарындары ның қазақ әдебиетіне де еніп, оның даму процесіндегі
көкжиегін кеңейтуге ықпал етті және қисса, мысал жанрларының қалыптасуына
негіз болды.
ХХ ғасырдағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын араб әдебиетімен
салыстыра зерделей отырып, “Мың бір түн”, “Калила мен Димна” секілді әдеби
ескерткіштердің қаза қ халқының рухани өміріне әсер етуі ұлттық мәдениетіміз
бен әдебиетімізде қалыптасқан бай тәжірибе м ен дәстүрге де байланысты екені
пайымдалды. Оны “Мың бір түн”, “Калила мен Димна” жинақтарындағы
әңгімелер мен мысалдардың қазақ ауыз әдебиетінде көрініс бе руінен, сол
классикалық үлгілердің сюжетіне құрылған ертегі, мысалдардан көруге болады.
Көне араб
әдеби жәдігерлері ерте замандарда -ақ қазақ фольклорына
енгендіктен, онымен біте қайнасып, мазмұны мен мәні, идеясы мен рухы
жағынан үйлесіп ажырамастай болып
кеткен. ХХ ғасыр басында қазақ
ақындарының Ислам дінінің кеңінен таралған уақытында дүниеге келген араб
жырлары мен “Мың бір түнге”, “Калила мен Димнаға” жаппай ден қоюынан да
байқауға болады. Мұндай құбылыстың ерекше қарқын алуының әр түрлі себебі
болды. Ең алдымен, біздің пайымдауымызша, халықтардың рухани болмысқа
көзқарасы
мен
дүниетаным
түсінігінің
ортақтығы
көркем
әдеби
байланыстардың негізі болған. Жақсылық пен жамандыққа, махаббат пен
123
ғадауатқа , имандылық пен зұлымдыққа, адамгершілік пен жауыздыққа деген
көзқарас, ой -пікір қай халықта да танымдық тұрғыда н жақын
келеді.
Имандылықты мұрат тұтатын халық әр алуан көркем образдар арқылы болашақ
ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге ұмтылыс ж асайды. Осы орайда “Мың бір түндегі”,
“Калила мен Димнадағы” сюжеттік оқиғал ардың қазақша жырлануы халықтық
дүниетанымға негізделген қажеттіліктен туындаған деп есептейміз.
Қазақ -араб әдеби байланысының негізін құрайтын тақырып – имандылық.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының рухани
үндестігі олардың нег ізгі идеяларының ислам ның қасиетті кітабы Құран
Кәріммен астасып, астарласып жатуымен байланысты. Абай ойшылдығын үлгі
тұтқан Шәкәрімнің жас кезінен бастап -ақ, араб әдебиетіндегі рубаи, бәйіт, ғазал
жанрларының нәрінен сусындап, оларды өз туындыларына арқа у етеді және
Ислам дініне қатысты “нәпсі” мотиві ақын шығармаларынан үлкен орын алады.
Олар араб әдебиетіндегі имандылыққа үндеу идеясын, ондағы рухани дүниеге
деген көзқарасты, Алланың бірлігін мойындау қажеттігін, Алланың қасиеттерін
халық арасына насихаттауға көп көңіл бөлген.
Ақындар шығармаларындағы тек тақырыптық қана емес, көркемдік
үлгілерден де классикалық араб әдебиетінің ықпалын анық аңғаруға болады.
Алланың нұр сипаты мен сұлудың пәк келбетін, айдай жүзін жырлаудан бастап,
көркем шығармалард ағы сөз саптауларда, образ жасауда аңғарылатын
ерекшеліктер мен соны сипатты ашып көрсетуге ұмтылдық.
Тамырлас, туысқан халықтарға түгел ортақ түркі әдебиетін де терең
таныған ақындардың айрықша қадір тұтқан шайырлары Хафиз, Сағди, Физули,
Низамилер
екені тағы күмәнсіз. Мұнан
қазақ
ақын -жазушыларының
Шығыстың классикалық үлгілері “Мың бір түн”, “Ләйлі -Мәжнүн”, “Фархат -
Шырын”, “Адам ата-Хауа ана хикаялары” тәрізді кәусар бұлақтан нәр алғанын
көреміз.
ХХ ғасыр басындағы Шәкәрім, Мәшһүр сияқты ақындар
шығармаларының
негізгі лейтмотиві қазақ халқына имандылық жолын таныту деп түсінсек,
түптеп келгенде, мұның өзі Құран кәрім мен Мұхаммед пайғамбардың қасиетті
хадистерінің негізінде шыққанын, сондағы нығыметтік мәні бар мәселелерді
зерделеп пайымдағанын, қазақ халқының таным -түсінігіне сәйкес келетіндей
етіп түсіндіргенін, қазақ ұғымына тән эпикалық сипатқа көшіріп бере алғанын
ешкім де жоққа шығара алмайды. Демек, бұл кезеңдегі ақындардың ақиқат
жолындағы таным-түсініктерінің негізінде жатқан ортақ тағыл ымды екі әдебиет
арасындағы сабақтастық, байланыс деп түсінеміз.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Молда Мұса, Сәбит
Дөнентаев, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуов, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты
қазақ ағартушы демократтарының шығармашылығындағы негіз гі қазақ -араб
байланысын көрсететін фактордың бірі – мысал жанрының негізі араб
әдебиетіндегі классикалық үлгілермен тығыз байланысты. Ортақ образдар,
ортақ сарындар, ортақ тақырыптар – қазақ және араб әдебиеті байланысының
негізгі бір бөлігін құрайды. Қ азақ ақындарының араб әдебиетін терең білгені,
124
жақсы меңгергені анық, өйткені сол кезеңдегі саяси -мәдени жағдайларға
байланысты аталған ақын -жазушылардың барлығы негізгі білімді орысша емес,
арабша алып, араб мәдениетінің қайнар бұлағынан нәр алған.
Қазақ және араб әдебиеті байланыстарының негізгі көз дерінің бірі, қайнар
бұлағы – көркем аудармалар. Қазақ әдебиетіндегі аударма жасаудың өзіндік
тарихы мен өзіндік ерекшелігі бар. Алғашқы жарияланған аудармаларды
зерделей қарағанда, тәржіманың түпнұсқадағы сти льдік ерекшелікті сақтауға
тырысқанын
байқадық.
Аударылған
ертегілер,
көбінесе,
адамдардың
дүниетанымы мен мінез-құлқын, тыныс -тіршілігін, олардың қоршаған ортамен
және жануарлар әлемімен қарым -қатынасын көрсетуге бағытталады.
Қазақ пен араб халқының әдет -ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігінің, өмір сүрген
ортасының, табиғатының айырмашылығына қарамастан, екі елдің қоғамдық
даму жағдайында және олардың әдебиеттеріндегі кейіпкерлердің образын
сомдауда ортақ ұқсастықтар мол . Сондай-ақ, “Мың бір түн”, “Ләйлі -Мәжнүн”
және “Калила мен Димна” шығармаларының қазақ қаламгерлерінің
кей
туындыларына негіз болды деп айтуға болады. Олар осы араб әдеби үлгілерінің
желісін пайдаланғанымен, түпнұсқадағы қалпын өңдеп , өзінше жаңа мәнерде,
ұлттық дүниетаным мен дәстүрге бейімдеп жаз ған.
Аудармашылар,
негізінен,
әңгіменің
сөзбе-сөз
немесе
дәлме-дәл
аудармасын бермей, негізгі мазмұнынан ауытқымай -ақ өз сөзімен беріп
отырған. Түпнұсқадағы оқиғаның негізі сақталғанымен, оның берілу үлгісі,
сипаты өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Тақыры п пен мазмұнның үйлесім
табуына қарап, аударма түпнұсқада н тартымдырақ деген тұжырым айтуға
болады. Авторлық шеберлік пен аудармашының қара сөзді өлең жолдарымен
беруі, оның тәржімалау шеберлігін көрсетеді, әрі әңгіменің а жарын ашып,
айшықтап, көркемдей түседі.
Қазақ -араб әдеби байланысын анықтау
арқылы күні бүгінге дейін
шығыстық байланыс деп жалпы айтылып келген көптеген мәселелердің басы
ашылады. Яғни, тек қазақ-араб әдебиеттері арасындағы тікелей байланыс
анықталып, екі әдебиет арасындағы өзара ықпалд астық нақты шығармалардағы
деректер арқылы дәлелденеді.
Қазақ салыстырмалы әдебиетану ғылымының алдында әлі де көптеген
келелі жұмыстар бар. Біз, негізінен, қазақ әдебиетіне араб әдебиетінің тигізген
әсері мен ықпалын саралап көрсеттік. Сонымен бірге қазақ әдебиетінің де араб
әдебиетіне тигізген әсері мол. Бірақ қазақша шығармалар орыс тілі арқылы
аударылғандықтан, бұл біздің зерттеу нысанымызға
алынбады. Демек, бұл
болашақтағы зерттеудің басты материалы бола алатын іргелі мәселе деп
пайымдауға болады .
125
Достарыңызбен бөлісу: |